Ашық сабақ Ә.Тәжібаев "Толағай" ертегісі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Ә.Тәжібаев "Толағай" ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

6-сынып


Тақырыбы: Ә.Тәжібаев «Толағай » ертегісі


Мақсаты: 1.Оқушыларға автор туралы қысқаша мағлұмат беру,ертегінің мазмұны мен тақырыбын,идеясын ашу,әдеби ертегі туралы түсінік беру,ертегіден айырмашылығын ажырату.

2.Өзіндік ойын дәлелдей,тұжырымдай білуге,мәнерлеп оқуға машықтандыру,рухани құндылықтарын дамыту,ойлау,тілін,шығармашылықпен жұмыс істеу дағдысын дамыту,

3.Елге,Отанға деген патриоттық сезімдерін оятып,сүйіспеншілігін арттыру,ел азаматтарын құрметтеуге тәрбиелеу.



Көрнекілік: Оқулық,Толағай суреті,хат,геометриялық фигуралар,салыстыру картасы,


ТСО: электронды оқулық,интерактивті тақта.


Әдіс – тәсілдер:баяндау,талдау,көрнекілік,топтық салыстыру,ойын,проблемалық,тестік,ой қозғау,түсіндіру рольдік,топтастыру.


Түрі:Аралас сабақ


Кезеңдер

Стратегия

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ұйымдастыру





Қызығушылы-

ғын ояту





Үй тапсырмасын тексеру









Ойын






Тест




Оқушылармен амандасу,түгендеу,спикер сайлау,үш топқа бөлу,бағалау парағын тарату.


Сыныпқа хат әкелінеді,оқылады,тапсыр-

маны орындау сұралады.

1- топ – талап

2 - топ – еңбек

3 – топ – білім

Діни әңгімелер тақырыбын қайталау тест арқылы жүргізіледі,бір-бірін тексеру ұсынылады.

Өткен тақырып қорытындыланады.

Кезекші есебі тыңдалады,сабаққа даярланады.



Тыңдайды,

орындайды,

өз ойларын айтады




Интерактивті тақтадан тест шешеді,бір-бірін тексереді,бағалайды

Мағынаны ажырату










Ой қозғау



Түсіндіру


Электронды оқулықтан тыңдау


Ертегі дегеніміз не?

Неше түрі бар,қандай ертегілер оқыдық?

Әдеби ертегі туралы түсінік беріледі.

Ертегінің бірінші бөлімін электронды оқулықтан тыңдау,екінші бөлімін кезекпен балаларға оқытады.

Мазмұнын сұрайды.

Интерактивті тақтада ертегі түрлерін жазады.

Тыңдайды,есте сақтайды,жазады.


Тыңдайды,кезекпен оқиды,түзетеді.



Мазмұндайды

Ой - толғаныс














Жаңа сабақты бекіту












Үйге тапсырма






Бағалау



Рольдік ойын


Талдау – интервью






Салыстыру




Топтастыру









Ой қозғау

(аймақтық компонент)


Деңгейлік


Әуен ойналады,«Толағай мен анасы » тақырыбына инцинировка қойылады.

3 топқа сұрақтар таратылады

1- топ –Толағай портретіне талдау жасау.

2 - топ – Жолбарыспен кездесу.

3 – топ – Толағай – ел мақтанышы.

.

Толағай мен Керқұла атты Кендебайды салыстыру



Толағай бойындағы қасиеттерді топтау





Ертегінің тақырыбы,

идеясы не?


Толағай сияқты халықтың жүгін көтеретіндер бар ма?

Зайсаннан кімдерді атар едіңдер?

1.Жоспар құру,ат қою

2.Ерлік, батырлық туралы мақал-мәтелдер жазу.

3.Ел басына ауыр күн туса,мен не істер едім?» ойтолғау жазу.


Мұғалім топ спикерінің бағалау парағы арқылы толықтырды,бағалады.

Көреді,тыңдайды



Сұрақтарға жауап береді,өз ойларын айтады,толықтырады.





Салыстырады,үзінді келтіреді,өз ойын айтады,толықтырады.

Прямая соединительная линия 1


Прямая соединительная линия 2 Прямая соединительная линия 7 Толағай

Прямая соединительная линия 8



Ерлік,ел азаматтарының ерліктерін дәріптеу


Өз ойларын мысалдар арқылы дәлелдейді



Деңгейлеп берілген тапсырманы

жазып алады




Әр топтың спикері топ мүшелерін бағалайды










Сабақтың тақырыбы:  Халық  ауыз  әдебиеті  туралы  түсінік

Сабақтың мақсаты:

1.     Білімділік: Оқушылардың  халық  ауыз  әдебиеті   туралы білімдерін кеңейту.

2.     Тәрбиелік: Оқушыларды  халық  ауыз  әдебиет  туындыларын  қастерлеуге, елжандылыққа тәрбиелеу.

3.     Дамытушылық: Оқушылардың қосымша деректер арқылы әдеби дүниетанымдарын кеңейту.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті»   энциклопедиялары.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

                                                 2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                 3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

   1 . Әдебиет - өнердің  бір  саласы  туралы  түсінік.

ІІІ. Білім  тексеру:

1.  Әдебиет  не  туралы  ғылым?

2.  Әдебиеттің  өнердің  басқа  түлерінен  айырмашылығы  неде?

3.  Көркем  әдебиет  туралы  А.Құнанбаев  не деген?

4.  Көркем  әдебиет  бізді  неге  үйретеді?

5.  6- сыныпта  біз  көркем  әдебиеттің  қандай  түрлерімен  танысамыз?

6.  Бізге  көркем  әдебиеттің  қандай  пайдасы  бар?

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Қазақ  әдебиеті  екіге  бөлінеді: біріншісі – ауыз  әдебиеті,  екіншісі – жазба  әдебиет.  Ауыз  әдебиеті  елдің  жазу  өнерін  білмей  жүрген  кезінде  шыққан  сөз  өнері. Жазу  өнері  болмаған  соң,  елдің  тарихы,  өмірі,  тұрмысы,  салты,  туған  жері,  өнері,  арманы  әдемі  мәнді  әңгімелерімен  айтылған. Ауыз  әдебиетінің  шығарушыларының  аты – жөні  бізге  белгісіз.  Олар басында  ауызша  шығарылған  және  бір  ауыздан  екінші  ауызға  көшіп,  ауызша  айтумен  сақталған. Ескіліктен  қалған  ондай  сұлу,  дәмді  сөздерді  жалғыз  адам  ғана  біліп  қоймайды,  жалпақ  ел  болып  үйреніп,   түгелімен  есінде  сақтайды. Ел  болып  кейінгілерге  көркемдеп,  әсерлі  етіп  айтып  беріп  отырады.  Ауыз  әдебиеті  осылай  пайда  болады. Ауыз  әдебиетінен  елдің  даналығын,  танымын,  тәлімін,  мінез- құлқын  түгел  білеміз.

 VІ. Түсінік  тексеру:

1.    Қазақ  әдебиеті  нешеге  бөлінеді?

2.    Ауыз  әдебиеті  деген  не?

3.    Жазба  әдебиет  деген не?

4.    Ауыз  әдебиетінің  үлгілері  бізге  қалай  жеткен?

5.    Ауыз  әдебиеті  қалай  пайда  болды?

6.    Ауыз  әдебиетінің  бізге  берері не?

    VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

       Халық  ауыз  әдебиетінің  түрлері:

1.   Тұмыс – салт  жырлары

2.   Ертегілер

3.   Мақал – мәтелдер

4.   Жұмбақтар

5.   Шешендік  сөздер

6.   Аңыз – әңгімелер

7.   Батырлар  жыры

8.   Ғашықтық  жыры

9.   Ақындар  айтысы.    

 

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.    Бағалау

2.     Үй тапсырмасын беру. 1. Халық  ауыз  әдебиеті  туралы  түсінік

                                               2.Ертегілер оқу

 

Тақырыбы: «Халық ауыз әдебиеті – асыл қазынамыз»

Мақсаты: халық ауыз әдебиетін, өрнекті сөз бен асыл ойдың мәнін терең ұғындыру; халқымыздың әдет-ғұрып, салт-санасын меңгерту; өзіндік пайымдауға, қорытынды жасай білуге дағдыландыру;оқушылардың тіл мәдениеті мен сөйлеу мәдениетін дамыту, адал махаббатқа, бауырмалдыққа, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу

Көрнекілік: сызбалар, сөзжұмбақ, «Қыж Жібек» кинофильмі, интерактивті тақта.

Сабақтың түрі: білімдерін жүйелеу, жинақтау сабағы.

Әдісі: ой қозғау, шығармашылық ізденіс.

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру.

1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Сабақ жоспарымен таныстыру.


Жоспар

І. Халық ауыз әдебиеті.

«Жүйрік болсаң, шауып көр»

ІІ. Мақал –мәтелдер.

«Мықты болсаң, тауып көр»

ІІІ. Лиро-эпостық жыр.

«Сөз сыры»

Кинофильмнен үзінді

ІҮ. Жұмбақ.

«Құпия сөздің құлпын аш»


Өнеге сабағымыз жарыс-сабақ түрінде өтеді.

Жаңа сабақ.

Тақырып хабарланып, сабақтың мақсатымен таныстыру.

І. Кезең. Халық ауыз әдебиеті (оқушылар тақырып бойынша білетін білік, білімдеріне шолу жасайды)

ІІ кезең. «Жүйрік болсаң, шауып көр»

(халық ауыз әдебиетібойынша сұрақтар)

1. Халық ауыз әдебиетінің түрлерін ата

2. «Наурыз жыры» қандай өлең?

3. Қандай әңгімені аңыз дейміз?

4.Төрт түліктің пірін ата. 5. «Қарлығаш әулие» атанған қай би?

6. «Шырағым, бір қолың ұрысшы болса,екінші қолың арашашы болсын. Ашу – дұшпан, ақыл –дос, ақылыңа ақыл қос.» Қай бидің сөзі?

7. «Біржан – Сара» айтысы айтыстың қай түріне жатады?

8. Баланы неше жаста атқа мінгізеді?

9. «Қазақтар... мүдірмей, кідірмей,ерекше екпінмен сөйлейді. Ойындәл, айқын ұғындырады.» Бұл сөзді айтқан кім?

10.Көңіл-күйді білдіретін өлең-жырды ата.

11. «Ер Тарғын» жырының басты кейіпкерлерін ата.

12. Ер Тарғын, Алпамыс батыр, Қамбар батыр, Қобыланды батыр, Ер төстіктің сүйікті жарын атап шық.

13.Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің арасындағы айырмашылықтарды ата.

ІІІ Кезең. «Мықты болсаң, тауып көр. (мақал құрастыру)

ІҮ Кезең. Лиро-эпостық жыр.

  1. «Сөз сыры» (сөзжұмбақ)



1.

ж

а

й

ы

қ









2.

т

о

ғ

ы

з







3.

б

а

й

ғ

а

з

ы








4.

ж

о

қ

т

а

у




5.

е

р

у

л

і

к









6

б

а

с

т

а

ң

ғ

ы


7.

б

е

т

а

ш

а

р



8.

т

ұ

с

а

у

к

е

с

е

р





Саудагер шал Төлегенді қай жердің қыздарына ынтық етті?

Төлеген Базарбайдың нешінші перзенті?

Балаларға, жастардың жаңа киімдеріне берілетін сый қалай аталады?

Қайтыс болған адамның жақсылығын, елге істеген қызметін паш ететін тұрмыс-салт жыры, зарлы өлең.

Басқа жерден көшіп келген көршілерді сол жерде бұрыннан тұратын тұрғындар қонаққа шақырады. Оны не деп атайды?

Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары бір үйге жиналып ойын-сауық құрады. Оны не деп атайды?

Жаңа түскен жас келінге айтатын жыр.

Қаз тұрып енді жүре бастаған балаға жасалатын рәсім.

  1. « Қыз Жібек» кинофильмінен үзінді.


Пысықтау сұрақтары.

1.Кинофильм қай жылы түсірілді? Қай киностудия түсірді?

2.Режиссері кім?

3. Кинофильмдегі басты рөлдерді сомдаған кімдер?

4.Жырда кездескен әдет-ғұрыптарды атап шық.

« Қыз Жібек» жырының маңызы халқымыз үшін ерекше. Жырдың басты маңызы – адал махаббат, шынайы сүйіспеншілік, сертке беріктілік. Ұмтыла бастаған көп әдет-ғұрыптарды осы жырдан кездестіреміз.

Бұл жыр – халқымыздың асыл қазынасы, әдет-ғұрыптар энциклопедиясы тәрізді, маңызы зор құндылық. Сондай-ақ Қыз Жібек» жыры құнын жоймаған да, жоймайтын да жыр.

Ү Кезең.

Ойтолғау. «Ата салтым – асыл қазынам»


ІҮ Кезең. Жұмбақ.

«Құпия сөздің құлпын аш»


Қорытынды.

Ауыз әдебиетімізде халқымыздың түсінік, пайымы, тәлім-тәрбиесі бар. Осыдан үлгі-өнеге алып, ата-бабамыздың аманаттап кеткен асыл қазынасын жоғалтпай, мына жаһандану заманында құндылығын арттыра берейік.








Сынып: 6  --------------------------
Тақарап: Аңыз-әңгімелер, «Жиренше мен хан»
 
Сабақтың мақсаты:
 
Білімділік:
 
Оқушыларға аңыз-әңгімелер жайлы мәлімет беріп, меңгерту. «Жиренше мен хан» әңгімесінің мазмұнын, онда не жайлы айтылған оқушыларға түсіндіру. Сөздіктегі сөзді дұрыс айтуға, жазуға баулу. Сөздік қорын молайту;
 
Тәрбиелік :
 
Өмірдегі түрлі қиын жағдайлардан , дау-дамайлардан шыға білу үшін ақылды, тапқыр, сөзге шешен, өнерлі болу керектігіне тәрбиелеу;
 
Дамытушылық:
 
Өткен сабақта алған білімдерін ұштастырып, білімдерін байытып, дамыту. Сөздік қорларын толықтыру. Актерлік қабілеттерін жетілдіру. Есту және көру қабілеттерін дамыту.
 
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
 
Сабақтың түр: Дәстүрлі
 
Көрнекілігі:
 
Сабақтың жоспары:
 
І. Ұйымдастыру кезеңі
 
ІІ. Үй жұмысын сұрау
 
ІІІ. Жаңа сабақ. Сөздікпен жұмыс
 
ІҮ. Бекіту кезеңі
 
Ү. Қорытындылау
 
ҮІ. Бағалау
 
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі.
 
- Сәлеметсіңдер ме оқушылар!Сыныпта кім кезекші? Кім жоқ? Рахмет, отыра ғой.
 
ІІ. Үй жұмысын сұрау.
 
- Оқушылар сендерге үйге не беріліп еді? Үй жұмысын кім айтады?
 
ІІІ. Жаңа сабақ.
 
Ал, енді бүгінгі біздің өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы аңыз- әңгімелер. «Жиренше мен хан» әңгімесі.
 
Аңыз-әңгімелер өте ертеден басталады. Мұнда көбінесе өмірде болған оқиғалар суреттелініп, оларға қызықты, жағдайлар қосылып айтылады.
 
Аңыз-әңгімелердің кейіпкерлері ақылды, тапқыр ойлы, ержүрек, және еліне мейірімді адамдар. Аңыз-әңгімелердің үлкен бір тобы Алдар көсе, Қожанасыр, Қорқыт, Жиренше шешен, Асанқайғы туралы. Олар түрлі қиын жағдайларда, шешендігімен, өнерімен танылып, қарсыластарын жеңіп отырған.
 
Сөдікпен жұмыс:
 

Аңыз-әңгімелер-легенды
 
Көбінесе - в большинстве
 
Ғажайып – чудо, чудесное
 
Кейіпкерлері –герои, персонажи
 
Тапқыр- находчивый
 
тапқырлық-находчивость
 
мейірімді- добрый
 
жауларын- врагов
 
сөзге шешен – красноречивый
 
әр алуан- различный
 
жауап- ответ
 
қаздың еті – гусиное мясо
 
бөлу – делить
 
бөл- подели
 
кем-меньше
 
артық- больше
 
өйткені- так как
 
бұйрық-приказ
 
ханым –ханум, жена хана
 
құс- птица
 
мойын-шея
 
мойынсыз-без шеи
 
қанат-крылья
 
орта- средний
 
орта дене –середина туловища
 
таратып беріпті – раздал
 

«Жиренше мен хан» әңгімесінің мазмұнын айтып беремін.
 
ІҮ. Бекіту кезеңі. 
Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1.
Аңыз-әңгімелерде қандай оқиғалар суреттелінеді? 
2.
Аңыз- әңгімелердің кейіпкері кімдер? 
3.
Жиренше қандай адам болған? 
4.
Хан Жиреншені үйіне не үшін шақырды? 
5.
Жиреншенің ханның бұйрығын қалай орындағанын аңыздан тауып оқындар. 
6.
Жиренше ханды не себепті жеңіп отырған деп ойлайсындар? 
7.
Әңгімені рөлге бөліп оқуға дайындалыңдар. 
8. «
Бас» және «Орта» деген сөдердің тура және ауыспалы мағынасында айтылуын тауып оқып түсіндіріңдер. 
Ү. Қорытындылау. 


Аңыз-әңгімелердің кейіпкерлері қандай адамдар? 
шешен 
ақылды 
тапқыр ойлы 
батыл 
өнерлі 
ержүрек 
еліне мейірімді 


Аңыз әңгімелердің үлкен топтары 
Асаңқайғы 
Алдар көсе 
Қожанасыр 
Жиренше шешен 
Қорқыт 

ҮІІ. Бағалау.






Сынып: 6  --------------------------

Сабақтың тақырыбы: Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт 
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сегізінші ғасырда өмір сүрген түркі халықтарының атақты ақыны, күйші Қорқыт туралы білім беру
Оқушылардың тілдерін дамыту, Қорқыт баба туралы аңыздарды, деректерді өз бетінше оқып, танысу арқылы зерттеушілік, шығармашылық дағдыларын арттыру
Өз елінің тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру
Сабақтың көрнекілігі: Қорқыт ата портреті, Қорқыт атаның кесенесі жайлы бейнефильм, Power Рoint бағдарламасында жасалған презентация, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс:тарих, география
Сабақтың түрі: таным сабақ.

 

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды үш топқа бөліп, сабақтың мақсатымен таныстыру: - Құрметті оқушылар, өткен сабақта сіздер қазақ халқының ежелгі дәуір әдебиетімен таныстыңыздар. Осы сабақта біз ежелгі дәуір әдебиеті туралы білімімізді толықтырамып, тереңдете түсеміз. Сегізінші ғасырда өмір сүрген атақты ақын, күйші Қорқыт ата туралы әңгіме қозғаймыз
ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау. 
. Ежелгі дәуір әдебиетінің басты-басты әдеби мұраларын есімізге түсіріп өтейік. (Интерактивті тақтадан ежелгі құлпытастар туралы оқушылардың өздері жасап әкелген презентациясы көрсетіледі): 
- Орхон-Енисей ескерткіштері (VІІ ғ.): «Күлтегін» жыры (Монғолиядағы Орхон және Енисей өзендерінің бойында табылған). 
- «Қорқыт ата кітабы» (VІІІ ғ.). Осы күнге дейін Германияда 12 жырдан тұратын қолжазба күйінде және Италияда 6 жырдан тұратын қолжазба күйінде сақталған. 
- «Оғыз-нама» (ІХ ғ.). Оғыздар мен олардың ханы Оғыз қағанның әскери жорықтары, ерлік істері жырланады. 
- Әл-Фараби, М.Қашқари, Қ.А.Йасауи, Ж.Баласағұни сияқты ұлы ойшылдар, ғұлама ғалымдар, ақындардың еңбектері.
ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту. 
Қызығушылықты ояту: (Тақтадан қобыздың суреті көрсетіледі) 
- Тақтадан не көріп тұрсыңдар? 
- Музыкалық аспап. 
- Қандай музыкалық аспап? 
- Қазақ халқының ұлттық аспабы – қобыз. 
- Қобыз туралы не білесіңдер? Қандай аңыз білдіңдер? 
(Балалар өздері қобыз туралы не білетіндерін, қандай аңыз оқып келгендері туралы айтып береді). 
Мұғалімнің сөзі:Жақсы, осы қобыз деген музыкалық аспапты алғаш рет жасаған Қорқыт атамыз туралы әңгімелесеміз. (Тақтадан Қорқыт ата портреті және жерленген кесенесі туралы бейнефильм көрсетіледі). 
- Қорқыт ата – VIII ғасырда Сырдария өзенінің бойында бұрынғы Жанкент қаласы маңында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші. Ол туралы көптеген аңыздар сақталған. Ел аузындағы аңыздарда Қорқыт ата мәңгі өлмейтін өмір іздеуші, мәңгілік өмір үшін күрескер ретінде айтылады. Бірақ ол өмірінің соңында өлмейтін нәрсе жоқ екен деген пікірге келеді. Енді Қорқыт ата мәңгілік өмірді қобыз сарынынан іздейді екен. Ұлы күйшіге өзі іздеген мәңгілік өмір оның өнерінде сияқты көрінеді. Ол күйлерін толласыз тартып, дүниеден өтеді. Өзі өлгенмен артында күйлері, ұлғатты сөздері қалады. Ал әдебиет тарихында деректі түрде Қорқыт ата кітабы бар. Қорқыт ата кітабы осы күнге дейін Дрезден қаласында он екі жырдан тұратын қолжазба күйінде және Италияда алты жырдан тұратын қолжазба күйінде сақталып келеді. Қорқыт ата кітабын VIII ғасырларда және одан да бұрын туған аңыздардың жинағы деуге болады. Оларды жыр түрінде жазған – Қорқыт ата. Кітапта қазақ халқының құрылуына тікелей қатысы бар, тарихта белгілі оғыз тайпаларының тағдырына байланысты оқиғалар баяндалады. Қорқыт ата кітабы мынадай жырлардан тұрады: 
- - Дерсехан ұлы Бұқаш туралы жыр, 
- - Қазан бектің ауылын жау шапқаны туралы жыр, 
- - Оғыз қаған жыры т.б. 
Келесі сабағымызда осы Қорқыт атаның «Дерсехан ұлы Бұқашжан туралы жырымен» танысамыз.

Мәтінмен жұмыс: 
А) сөздік жұмысы: 
Желмая – верблюдица 
Ажал – смерть 
Әуен – музыка, мелодия 
Зират – могила 
Үздіксіз – непрерывно

Ә) мәтінді мұғалімнің мәнерлеп оқуы 
Б) мәтінді оқушылардың өздерінің оқып шығуы 
В) мәтін бойынша әр топқа тапсырма беру. Әрбір топ өз тапсырмалары бойынша мәтіннен керекті үзінділерді тауып, өз сөздерімен әңгімелеп айтып береді 
І топ – Қорқыт – ақын 
ІІ топ – Қорқыт – күйші 
ІІІ топ – Қорқыт – мәңгілік өмірді іздеуші.

Интерактивті тақтамен жұмыс: 
Символ-сөздердің астын сыз: 
а) өлімді білдіретін сөздерді қара сызықпен; 
ә) өмірді білдіретін сөздерді жасыл сызықпен;

Оқушылар сөздерді дәптерлеріне көшіріп жазып, астын сызады.

Интерактивті тақтаның көмегімен кроссворд шешу:


Қ о р қ ы т 




6

Кроссвордты дұрыс шешсеңдер, боялған бөліктерден «Қорқыт ата кітабы» қазіргі кезде қай қалада сақталғанын оқисыңдар. 

1. Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы. (домбыра) 
2. Қорқыт атаның түйесі. (Желмая) 
3. Миф, легенда сөздерінің аудармасы. (аңыз) 
4. Қорқыт ата қай өзеннің жағасында туып-өскен? (Сырдария) 
6. Музыка, мелодия сөздерінің аудармасы (әуен) 
7. Қорқыт ата ненің уынан қайтыс болды? (жылан) 
(жасырын сөз – «Дрезден»).

Дәптермен жұмыс: оқушылар Қорқыт атаның ұнаған нақыл сөздерін дәптерлеріне көшіріп жазады. 
Қорқыт атаның нақыл сөздерінен 
Ана үшін бала – екі көздің сыңары. Ұлың өсіп жетілсе – от басының мерейі, бас-көзі. 
Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді. 
Атаның атын былғаған ақылсыз баланың тумағаны артық. 
Өтірік сөз өрге баспайды. Өтірікші болғаннан, жарық көріп, өмір сүрмеген көп артық. Сөзіне берік, шыншыл адамға бұл дүниеде отыз жылды үшке кобейтіп өмір сүрген де аз. 
ІV. Сабақты қорытындылау. Балалар, бүгінгі сабағымызда Қорқыт ата туралы білімімізді толықтырдық. Қорқыт бабамыз туралы не білдік? 
(Балалардың жауаптары) V. Үй жұмысы, бағалау.

 

Комментарии   
















































Қазақ әдебиеті. 6-сынып №18 -----------------------------


Сабақтың тақырыбы: Шоқан Уәлиханов тұңғыш ғалым

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушылардың қазақтың тұңғыш әскери ғалымы, белгілі қайраткері

Ш. Уәлиханов туралы білімдерін толықтыру, оның өмірі мен шығармашылық жолына, ғылыми еңбектері мен зерттеу жұмыстарына шолу жасау.
2. Оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту, сөздік қоюын молайту, ой - өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, ойларын еркін жеткізе білуге қалыптастыру.
3. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ғалымның өнегесі мен еңбектері арқылы оқушыларды білімді, дарынды, өнегелі болуға тәрбиелеу, отансүйгіштік сезімдерін арттыру. Мемлекеттік тілге деген құрмет сезімдерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: топтық жұмыс.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, ойландыру, салыстыру, іздендіру, пікір алмасу.
Сабақтың көрнекілігі: Ш.Уәлихановтың портреті, ғалымның өмір жолы мен шығармашылығына арналған буклет, интерактивті тақта,слайдтар,тест, карточкалар, сөз жұмбақ.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдебиет, тарих.
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сыныпты сабаққа даярлау.
2.
Үй жұмысын тексеру.
Оқушылар екі топқа бөлінеді, интерактивті тақтаны пайдалана отырып, ғалымның өмірі мен шығармашылығына шолу жасайды.
3.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
-
Балалар, қай заманда, қай ғасырда болмасын мәңгі өлмес тұлғалар болады. 19 ғасырдың 2- жартысында өмір сүрген , қазақтың дана да дара тұлғасы, артына өшпес мұра қалдырған ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов. Олай болса, Ш.Уәлиханов Кім? Деген сұраққа жауап жазайық. Берілген диаграмманы толтыру.
Шоқан (тұңғыш әскери ғалымы, ұлы саяхатшы, суретші, археолог, тарихшы, публицист, әдебиетші,зерттеуші, географ, ойшыл, ағартушы демократ, Европаға қазақ әдебиеті мен мәдениетін алғаш танытушы.)

4. Сөз жұмбақ шешу.

5. Аударма жұмысы.
Үлестірмелі карточкалар бойынша жұмыс.
Ш. Уалиханов родился в 1835 году в нынешней Кокшетауской области. Он рос умным, понятливым мальчиком.
Настоящее его имя – Мухаммедханафия. Шокан – это ласкательное имя, данное ему родителями. Он обучался арабской грамоте, знал чагатайский и другие тюркские языки..
В 12 лет он поступил в Омски» кадетский корпус. Он учился очень хорошо. Он побывал во многих местах, собирал образцы устного народного творчества и материалы, связанные с историей и этнографией не только казахского народа, но и уйгурского, киргизского, дунганского, китайского народов,
Он впервые записал эпос киргизского народа «Манас» В 1857 году он стал членом русского Географического общества.
 

6. «Дұрыс аудармасын тап»
- Балалар, сендердің алдыға қойған мақсаттарың, болашақтағы армандарың не?
Ең бірінші адамға не керек?
- Әрине, денсаулық керек, сондықтан да жас кездеріңнен денсаулықтарыңды күтіп, шымыр да мықты болып өсу үшін салауатты өмір салтын ұстап, жаман әдеттерден аулақ болуларың керек. Келесі сайысымыз «Дұрыс аудармасын тап» деп аталады.
Интерактивтік тақтада денсаулық туралы мақал – мәтелдер жазылған. Аудармаларының орындары ауыстырылып берілген. Екі топтағы оқушылар кезекпен шығып, дұрыс аудармасын сызықшамен көрсетеді.

7. Сабақты бекіту.
5 жолдық тұжырымдама:
1. Кім? (Шоқан)
2. Қандай? (Алғыр, ақылды, білімді, өнерлі, зерек)
3. Не істеді? (зерттеді, саяхат жасады, аралады)
4. Синоним. (зерттеуші – ғалым, алғашқы – тұңғыш, атақты – белгілі, танымал –әйгілі)
5. Бір сөйлем. (Ш. Уәлиханов – қазақтың тұңғыш әскери ғалымы)

8. Рефлексия . Ой толғаныс.
– Ал, балалар, көңіл – күйлерің қалай? Сонымен бүгінгі сабақта кім туралы
айттық? Нені ойға тоқып, жадымызға сақтауға тиіспіз? 
9. Сабақты қорытындылау. Білімдерін бағалау.

1
0. Үйге тапсырма: «Егер мен ғалым болсам...» тақырыбына эссе жазу.
Мұғалімнің қорытынды сөзі.
 
- Балалар, бүгін барлықтарың сабақта тамаша жұмыс істедіңдер. Сендерге үлкен рахмет! Шығыста «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір» деген нақыл сөз бар екен . Сол айтқандай, дені сау, құрыш білекті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын тұратын ұрпақ болып өсіңдер! Білімдерің шыңдала түсуіне тілектеспін!Сабақ аяқталды.




Қазақ әдебиеті. 6-сынып №19 -----------------------------


Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба»

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларды қазақ халқының ұлы ақыны Абаймен таныстыру, адам бойында кездесетін 5 асыл қасиет пен 5 дұшпан қылықтарды ұғындыру, ақын шығармаларын оқып үйренуге баулу;

ә) дамытушылық: мәнерлеп, шапшаң оқу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын байыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету;

б) тәрбиелік: адамгершілікке, ғылым, білімге бейімдеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, топпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары

Сабақтың көрнекіліктері: А.Құнанбаевтың портреті, тірек сызбалар, семантикалық карта.

Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

а) «Мәтін бөліктері» ойыны бойынша әңгімелеу.


1-топ. «Кіріспе»

Асан – бай баласы мен Үсен – жарлы баласы ел көшкенде ауылда қалып қояды. Асан жылайды, Үсен қалай ауылды табуды ойластырады.


2-топ. «Негізгі бөлім»

Үсеннің ақылдылығымен олар үйректі тұзаққа түсіріп, қармақ жасап, балық аулап, тамақ ішеді.


3-топ. «Қорытынды»

«Далада жүріп адассаң, молалы жерде су болады, сулы жерде ел болады» деген әкесінің сөзін тыңдап жүретін Үсен ауылға апаратын жолды тауып, аман-есен үйлеріне келеді.


4-топ. «Толықтыру» - әр топтан кейін сөз алып, толықтырады.

ә) Әңгіме кейіпкерлеріне мінездеме беру үшін кестені толтыру.


Әңгіме кейіпкерлері

Қандай?





3. Жаңа сабақ.
1. Абай өміріне қысқаша тоқталу


аудармалары Ибраһим 1845-1904ж

Shape2 Shape3


Shape4 8 мыңға жуық өлеңдері әкесі Құнанбай

Shape5 Shape6

45 қарасөзі Шешесі Ұлжан

Shape8 Shape7

Ахмет-Риза медресесі әжесі Зере


2 . Әдебиет теориясы.

Өлең – поэзиялық жанр түріне жатады. Онда ұйқас /рифма/, ырғақ /ритм/ болады.

Мысалы:

Ғылым таппай/ мақтанба, -а

Орын таппай/ баптанба, -а

Құмарланып/ шаттанба, -а

Ойнап/ босқа күлуге. -б

Өлеңнің құрылымдық жүйесі /структурная система/

  1. 1- шумақ /четверостишие/

  2. 4 тармақ /строка/

  3. 2 бунақ /строфа/

  4. ұйқас – 1-а, 2-а, 3-а, 4-б. /рифма/


3. Оқулықпен жұмыс.

Абайдың көп өлеңдері мәдениет пен білімге арналған. Бүгін біз Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңімен танысамыз.

А.Өлеңді мәнерлеп оқу

Ә.Сөздік жұмысын жүргізу. (nүртіп алу жүйесі бойынша)
Ғылым – оқу, білім
Ғалым – оқымысты адам.

Б.Өлеңді оқушыларға шумақ бойынша тізбектеп оқыту, мазмұнын ашу.


4. Семантикалық картаны толтыру.


Тақырыбы

Авторы

Жанры

Түйінді ой

Негізгі идеясы

Ғылым таппай мақтанба

Абай Құнанбаев

поэзия

Жас уақытта оқып, білім алуға шақырады

Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.

5. Мағынаны тану стратегиясы.

Shape9 Shape10

Бес асыл іс




Бес дұшпан

Shape17 Shape18



6.Сабақты бекіту.


Қоғамға

қандай адамдар

Shape22 Shape21 қажет?




- Мына қасиеттерді оқып, қажеттісін белгілеңдер. (параққа жазылған қасиеттер, таза парақ «Топтастыру» үшін).

Қасиеттері:

  • Еңбекқор

  • Әдепсіз

  • Мейірімді

  • Ақылсыз

  • Надан

  • Дарынды

  • Залым

  • Өз Отанын сүйетін патриот

  • Еріншек

  • Сауатты

  • Білімді

- Сендерден де осы қасиеттерді көремін деп ойлаймын.


7.Үйге тапсырма.

Өлеңнен үзінді жаттау. 3-тапсырма 100-бет /жазбаша/

Өз таңдаулары бойынша өлең шумағын талдау.


8. Бағалау.



Қазақ әдебиеті. 6-сынып №20 -----------------------------


Сабақтың тақырыбы: Тест (Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев бойынша)
Сабақтың мақсаты:

1. Ш. Уәлиханов, А.Құнанбаев туралы еске түсіру.
2. Оқушылардың пәндік білімдерін қалыптастыру.
3. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, оқушыларды білімді, дарынды, өнегелі болуға тәрбиелеу, отансүйгіштік сезімдерін арттыру. Мемлекеттік тілге деген құрмет сезімдерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Қорытындылау, білімді тексеру.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, ойландыру, іздендіру.
Сабақтың көрнекілігі: тест тапсырмалары.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдебиет, тарих.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Сыныпты сабаққа даярлау.
II. Үй жұмысын тексеру.
III. Тест сұрақтарынат жауап беру.
1.Шоқанның шын аты кім?
а) Ибраһим
ә) Мұхаммедханафия
б) Садуақас
2. Шоқан қай жылы дүниеге келді?
а) 1835
ә)1845
б)1865
3. Шоқанның туған жері.
а) Қостанай облысы , Қызылту ауданы
ә) Алматы облысы, Ақсу ауданы
б) Қостанай облысы, Құсмұрын бекеті
4. «Жалпы жолдастарының, соның ішінде маған, ол «Еуропаға ашқан терезе іспеттес», - деп кім айтты?
а) Г.И.Потанин
ә) В.В.Григорьев
б) Н.И: Ильминский
5. Шоқанның балалық шағы қай жерде өткен?
а) Сырымбет
ә) Сандықтас
б) Шыңғыстау
6. Шоқанның әжесінің аты.
а) Ұлжан
ә) Зейнеп
б) Айғаным
7. Шоқанның арғы атасы
а) Абылай
ә) Шыңғыс
б) Уәли
8. Ш.Уәлихановтың кадет корпусына оқуға түскен жылы.
а) 1852
ә) 1847
б) 1858


9. Шоқанның кадет корпусын бітірген жылы.
А) 1852
ә) 1853
б) 1854
10. Семейде Шоқанмен оның орыс досы ... ескерткіш орнатылған.
а) И.И. Березинге
ә) Ф. Достоевскийге
б) М. Хоментовскийге
11. Шоқан Қашқарияға қашан саяхат жасады?
а) 1858-1859
ә) 1854-1857
б) 1847-1853
12. Шоқан қай жырды қағазға түсірді?
а) «Алпамыс»
ә) «Қобыланды»
б) «Манас»
13. Шоқан қай жылы Орыс География мүшелігіне сайланды?
а) 1861
ә) 1858
б) 1857
14. Абайдың шын аты қалай аталады.
 
а) Ибрагим
 
ә) Мұхаммедханафия
 
б) Әбілмансұр
 
15. Абай Құнанбаевтың туған жерін белгілеңіз.
а) Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Ақ жайлау өңірі;
ә) Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыстау бауырындағы Қасқабұлақта;*
б) Ақмола облысындағы Қоскөл деген жерде;
16. «Кел,балалар, оқылық» өлеңінің авторы кім. 
а) Шоқан Уәлиханов
 
ә) Абай Құнанбаев
 
б) Сәкен Сейфуллин
 
в) Ыбырай Алтынсарин
 
17. Алғашқы қазақ мектебін ашқан тұңғыш педагог кім?
 
а) Ыбырай Алтынсарин
 
ә) Абай Құнанбаев
 
б) Сәкен Сейфуллин
 
18. Абай Құнанбаев орыс ақыны М.Лермонтовтың неше шығармасын аударған.
 
а) 15 шығармасын
 
ә) 27 шығармасын
 
б) 30 шығармасын
 
в) 26 шығармасын
 
19. Абайдың мәдениет пен білімге арналған өлеңдері қатарын табыңдар.
 
а) « Әсемпаз болма әрнеге», « Жазғұтырым»
 
ә) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба»
 
б) «Құлақтан кіріп бойды алар», « Қараңғы түнде тау қалғып»
 
20. Абайдың әжесінің атын анықтаңдар.
 
а) Зере
 
ә) Ұлжан
 
б) Әйгерім
 

IV. Сабақты қорытындылау. Білімдерін бағалау.

V. Үйге тапсырма: Өткенді қайталау


Қазақ әдебиеті. 6-сынып №21 -----------------------------


Сабақтың тақырыбы:  Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың»
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың  Шәкәрім  шығармашылығы  бойынша
білімдерін кеңейту. «Борыш» ұғымына  талдау арқылы  жете  түсінік беру. Өлеңнің негізгі  тақырыбы мен идеясын ашу.
Дамытушылық: Балалардың өз ойын нақты, көркем сөздерді  қолданып жеткізе білу дағдыларын  қалыптастыру.  Есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік. Нағыз адамға тән міндеттерді дәріптей отырып,
оқушылардың  бойына сіңіру. Өз елінің, жерінің қамын ойлайтын ,өз ісіне жауап бере алатын,адал қызмет атқаратын бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Ашық ойлар.
Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер: Ойтолғау, салыстыру, әңгімелесу, сұрақ-жауап, оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: Шәкәрім портреті, хронологиялық карта, ҚР картасы, көрме, техникалық құрал, қима қағаздар.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, тарих, география, орыс әдебиеті пәндерімен, өмірмен байланыс.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын сұрау.
Әдебиетшілер. Шәкәрім кім? сұрағы бойынша Шәкәрім Құдайбердіұлын жан-жақты таныта отырып дәлелдейді.
(Шәкәрім — Абайдың немере інісі. Ұлы Абайдың жеті ағайынды болғаны белгілі. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді сол жетеудің үлкені. Шәкәрімнің жеті жасында әкесі қайтыс болады. Бұдан соңғы жерде ерекше зеректігін аңғарған Абай Шәкәрімді өз қамқорлығына алады.
Шәкәрім-ақын.Шәкәрімнің ақын жүрегі өзінің айналасындағы құбылыстарды сырттаай ғана саралап құрғақ беәнелеуші болып қалған жоқ. Ол құбылыстар мен заттардың әрқайсысына терең мән берді. Жақсылығына қуанып,кемшілігіне езілді. Осыдан келіп Шәкәрімнің ақындық болмыс бітімі, азаматтық үні қалыптасты. Халық тағдыры — Шәкәрімнің жырындағы көкейтесті тақырып. Өз өлеңдерінде ол әрдайым халық басындағы жағдайларды баяндады.
Шәкәрім батыс әдебиетінен көп мағұлмат алған.
Шәкәрім шығармашылығы туралы көрмемен танысу (кітапханашы).
Жаңа сабақ . Шәкәрім шығармаларының тақырыбы — адамгершілік. «Борыш» сөзіне түсінік (міндет, парыз, қарыз). Әрбір адамның Отан алдында, халық алдында, ата-ана алдындағы борышы туралы түсінік.
«Адамдық борышың» өлеңі мәнерлеп оқылады.
«Адамдық борышың»
Адамдық борышың-
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай
Ар сақта оны біл.
Талаптан да білім мен өнер үйрен,
Білімсіз, өнерсіз,
Болады ақын –тұл.
Мақтанға салынба
Мансаптың тағы үшін,
Нәпсіңе билетпе
Басыңның бағы үшін.
Өміріңді сарп қыл

Өлгеніңше,
Жоба тап ,

Жол көрсет,
Келешек қамы үшін.
Қайтадан қайырылып ,
Қауымға келмейсің,
Барыңды,

Нәріңді
Тірлікте бергейсің.
Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң,
Шын бақыт-осыны ұқ,
Мәңгілік өлмейсің!
Негізгі тақырыбы-адамзат міндеті.

Идеясы-артына үлгі аларлықтай іс қалдыру.
Түсіндірме сөздік.
Мансап-атақ
Нәпсі-жаман іс
Тұл-ешнәрсесі жоқ
Ғибрат-үлгі
Өлең мазмұнын түсіндіремін. Адамның борышы-халыққа адал еңбек ету, білім мен өнер үйрену, келешекке жол көрсету, үлгі алатындай із қалдыру. Жаман қылықтардан аулақ болу-мансап үшін мақтанға салынбау, бақ үшін арсыз қылықтарданаулақ болу.
Өлеңді тізбекпен оқимыз.

Өлеңді құрылысына талдау.

Авторы- Ш. Құдайбердіұлы

Негізгі тақырыбы- адамзат міндеті

Идеясы-артына үлгі аларлықтай іс қалдыру.

Жанрлық түрі-поэзия

Шумақ-6 шумақ

Тармақ-24

Бунақ-63

Буын-1 шумақ-6 буыннан
Дәптермен жұмыс.

Адамдық борыштарды жазамыз.
1.адал еңбек ету
2.білім мен өнер үйрену
3.келешекке жол көрсету
4.үлгі болатын іс қалдыру

Тақтада сөздер берілген. Білімді, мақтаншақ, арлы, білімсіз, еңбекқор, мансапқор, айлакер, жалқау, өсекші, шыншыл, өнерлі, өтірікші, жомарт, сараң, қайырымсыз, ата-ананы сыйлайды.

Балалар, адамға тән жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді бөліп жазайықшы.

Адамның жақсы қасиеттері / Адамның жаман қасиеттері
Білімді                                                         мақтаншақ
арлы                                                             білімсіз
еңбекқор                                                      мансапқор
шыншыл                                                      айлакер
өнерлі                                                           жалқау
жомарт                                                         өсекші
ата ананы сыйлайды                                  өтірікші
сараң

 

                                                 Кестемен  жұмыс

Абай

Шәкәрім

«Әсемпаз болма әрнеге»

«Адамдық борышың»

Пайда көрсең бас ұрып,

Мақтанды іздеп қайғы алма.

Мақтанға салынба,

Мансаптың тағы үшін.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан.

Жоба тап, жол көрсет,

Келешек қамы үшін.

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң,
Шын бақыт-осыны ұқ,
Мәңгілік өлмейсің!

Өзіңде бармен көзге ұрып,

Артылам деме өзгеден.

Ақ жолдан айнымай,

Ар сақта, оны біл.

Мініңді ұрлап жасырып,

Майданға түспей бәйге алма.

Білімсіз, өнерсіз,
Болады ақын –тұл.

Сабақты бекіту

Деңгейлік сұрақтар

Жоғары деңгей сұрақтары
1. «Адамдық борышың » өлеңі туралы өз пікірің?
2. «Менің борышым» өлең жазу

Орта деңгей сұрақтары
1. «Ақ жолдан айныма»сөз тіркесінің мағынасы қандай?

2.Ақын «шын бақыт» деп нені көрсетті?
Төмен деңгейдің сұрақтары
1.Адамдық борыштарды ата.
2.Қандай істерден аулақ болу керек?
Қорытындылау.

1.Үйге тапсырма. «Адамдық борышың» өлеңін жаттау.
«Менің борышым»тақырыбына шығарма жазу.

Қазақ әдебиеті. 6-сынып №22 -----------------------------


Сабақтың тақырыбы: А. Байтұрсынұлы «Аққу, шортан, һәм шаян» 
Сабақтың мақсаты: -«Аққу, шортан, һәм шаян» мысалын оқыта отырып, шығармадағы басты идеяны, тақырыпты ажырата білуге үйрету, мысал жанры туралы ұғым қалыптастыру;
 
- Мысалдың өзіне тән мақамдық күшін сақтай отырып, көркем оқыту дағдыларын дамыту, топтық жұмыстар арқылы өзіндік ой – тұжырымдарын айта және оны дәлелдей білу дағдысын жетілдіру;
 
- Бірлікке, достыққа, адамгершілік қасиетке үйрету.
 
Сабақта қолданылатын әдістер мен іс - әрекет түрлері:- мәнерлеп оқу, түсініп оқу, баяндау, ой қорыту, түйін жасай білу, топтық жұмыс.
 
Көрнекіліктер: -И.А. Крыловтың шығармалар жинағы
 
- А. Байтұрсынұлының портреті
 
- Мысалдың иллюстрациясы
 
- Тапсырмалар парақтары
 
- Қақпалар ( тас, күміс, алтын, алтын сандық)
 
Сабақ түрі: ойын - сабақ
 
Сабақ барысы:
 
I Ұйымдастыру кезеңі.
 
Бүгін сабақта А. Байтұрсынұлының «Аққу, шортан, һәм шаян» деген мысалымен жұмыс істейміз. Шығарманың басты идеясын, мысалдан қандай қорытынды жасауға болатынын біз ойын ойнап табамыз. Ойын –сабақтың аты «Алтын қақпа». Сынып екі топқа бөлінеді де, әр топ тапсырмалар орындайды.
 
II «Тас қақпа»Үй тапсырмасын тексеру.
 
1. Сұрақ –жауап
 
-А. Байтұрсынұлы кім?
 
- Ол қай жылдары өмір сүрген?
 
- А. Байтұрсынұлы қайда дүниеге келген?
 
- А. Байтұрсынұлының шығармаларын атап бер.
 
III «Күміс қақпа»
 
I топ Мысал туралы мәлімет (бір оқушы дайындап келеді).
 
Қазақ әдебиетінде мысал жанры Абай Құнанбаевтан басталады. Ахмет Байтұрсынұлы, Сәбит Дөнентаев, Ыбырай Алтынсарин секілді ақындар Абай дәстүрін жалғастырушылар.
 
- Орыс әдебиетінде мысал шебері кім?
 
II топ И. А. Крыловтың « Лебедь, щука и рак» мысалын оқып шығады (бір оқушы жатқа оқып береді).
 
Мұғалім А. Байтұрсынұлының «Аққу, шортан, һәм шаян» деген мысалын жатқа оқып береді.
 
-Бұл шығарманың авторы кім?
 
-И. Крыловтың мысалын қазақ тіліне кім аударған?
 
- «Аққу, шортан, һәм шаян» мысалы не туралы? 

IV «Алтын қақпа» 
I топ 1. Мысалды мәнерлеп оқыңдар. 
2. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қой.
 
Аққу ... тартады. 
Шортан ... жұлқиды.
 
Жүк ... .
 
Бірыңғай тартпаған ... .
 
3. Мысал кейіпкерлері не істемек болды?
 
4. Олардың істері неліктен нәтижесіз болды?
 
II топ 1. Мысалды мәнерлеп оқыңдар.
 
2. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қой.
 
Шаян ... тартады.
 
Әуелі ... керек.
 
Біріңнің айтқаныңа ... .
 
Істеген ... .
 
3. Мысалдан қандай қорытынды жасауға болады?
 
4. «Бірлік», «ынтымақ» дегенді қалай түсінесіңдер?
 
V «Алтын сандық» 1 Мақалдың жалғасын тап.
 
1. Бірлігі жоқтың ... .
 
2. Күш ... .
 
3. Ерлік түбі ... .
 
4. Бірлік бар жерде – ... .
 
5. Ынтымақтың түбі – игілік,
 
Тірлік түбі – ... .
 
6. Ырыс алды – ... ..
 
7. Ынтымақ түбі – ... .
 
8. Бірлік болмай, тірлік ... .
 
2. Мына сөздердің мағыналас қатарын тауып жазыңдар.
 
I топ II топ
 
Ғибрат Ынтымақ
 
өнеге бірлік
 
нақыл сөз татулық
 
үлгі біртұтас
 
тәлім ауызбірлік
 
тағылым келісу
 
тәлім – тәрбие ықтияр
 
насихат достық
 

VI Қорытындылау
 
- Балалар, бүгін қандай шығармамен таныстыңдар?
 
- Оның авторы кім?
 
- Қазақ тіліне кім аударған?
 
- Сонымен мысалдан қандай қорытынды жасауға болады?
 
Жұмылып істеген жұмыс – жақсылыққа бастайды.
 
VII Бағалау. Үйге тапсырма.
 
Мәнерлеп оқу, мысалдың соңғы шумағын жаттау.
 

Топтық тапсырмалар.
 
Сабақтың тақырыбы: А. Байтұрсынұлы «Аққу, шортан, һәм шаян»
 

III «Күміс қақпа»
 

I топ Мысал туралы мәлімет (бір оқушы дайындап келеді).
 
Қазақ әдебиетінде мысал жанры Абай Құнанбаевтан басталады. Ахмет Байтұрсынұлы, Сәбит Дөнентаев, Ыбырай Алтынсарин секілді ақындар Абай дәстүрін жалғастырушылар.
 
- Орыс әдебиетінде мысал шебері кім?
 

IV «Алтын қақпа»
 

I топ 1. Мысалды мәнерлеп оқыңдар.
 
2. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қой.
 
Аққу ... тартады.
 
Шортан ... жұлқиды.
 
Жүк ... .
 
Бірыңғай тартпаған ... .
 
3. Мысал кейіпкерлері не істемек болды?
 
4. Олардың істері неліктен нәтижесіз болды?
 

V «Алтын сандық»
 
1 Мақалдың жалғасын тап.
 
2. Ғибрат деген сөздің мағыналас қатарын тауып жазыңдар.
 

I топ
 
Ғибрат
 
өнеге
 
нақыл сөз
 
үлгі
 
тәлім
 
тағылым
 
тәлім – тәрбие
 
насихат
 

Топтық тапсырмалар.
 
Сабақтың тақырыбы: А. Байтұрсынұлы «Аққу, шортан, һәм шаян»
 

III «Күміс қақпа»
 

II топ И. А. Крыловтың « Лебедь, щука и рак» мысалын оқып шығады (бір оқушы жатқа оқып береді).
 
Мұғалім А. Байтұрсынұлының «Аққу, шортан, һәм шаян» деген мысалын жатқа оқып береді.
 
- Бұл шығарманың авторы кім?
 
-И. Крыловтың мысалын қазақ тіліне кім аударған?
 
- «Аққу, шортан, һәм шаян» мысалы не туралы?
 

IV «Алтын қақпа»
 

II топ 1. Мысалды мәнерлеп оқыңдар.
 
2. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қой.
 
Шаян ... тартады.
 
Әуелі ... керек.
 
Біріңнің айтқаныңа ... .
 
Істеген ... .
 
3. Мысалдан қандай қорытынды жасауға болады?
 
4. «Бірлік», «ынтымақ» дегенді қалай түсінесіңдер?
 

V «Алтын сандық»
 

1 Мақалдың жалғасын тап.
 
2. Ынтымақ дегн сөздің мағыналас қатарын тауып жазыңдар.
 
II топ
 
Ынтымақ
 
бірлік
 
татулық
 
біртұтас
 
ауызбірлік
 
келісу
 
ықтияр
 
достық



















Қазақ әдебиеті. 6-сынып №23 -----------------------------


Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев Алатау өлеңі.

Сабақтың мақсаты :

1) Өлең мазмұнын дұрыс түсіндіріп оқу, жүйелі сөйлесе, өз ойларынан         

қорытынды жасай білуге дағдыландыру.

2) Оқу мен жазу арқылы ойлау қабілеттерін, тіл белсенділігін, сөйлеу, жазу мәдениетін, логикалық ойлау дағдысын түйіндей, сараптай білуге дамыту.

3) Ақынның ұлылығын, кемеңгерлілігін дәріптеп, елім, жерім деп табиғатын сүюге тәрбиелеу.                      

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, суреттер, мақал-мәтел, топтастыру, сөзжұмбақ.

Сабақтың  әдісі: Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

                                              

I.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

II. Қонақтармен сәлемдесу.

Үй тапсырмасын тексеру:( сурет салу) 

Жаңа сабақ

Ой толғау. Топтастыру стратегиясы. 

Сөзжұмбақ шешу

 

Осы табиғаттың әсемдігін, көркем етіп суреттеген ұлы ақын жазушымыз Жамбыл Жабаев атамыз.  (слайд Жамбыл Жабаев (1846-1945))


Оқушылардың Жамбыл Жабаев жөнінде жинаған мәліметтері: кезектесіп оқиды.

1) Екі ғасырдың куәсі атанған Ж.Жабаев 1846 жылы ақпанның 28-де Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген.

2) Әкесі Жапа қарапайым мал бағатын кедей шопан болған.

3)12-13 жасынан бастап әкесінің інісінен домбыра үйренген. Кішкентай кезінен бастап ән айтып, домбыра тартуға құмар болған. Ұстазы Сүйінбайдан бата алған.

Енді осы ақын атамыздың бізге Алатау жайында жақсы өлеңімен сабағымызды ары қарай жалғастрыамыз.

(слайд «Алатау» -тауы)

Оқулықпен жұмыс.(мұғалім мәнерлеп оқу)

                                         

                                              АЛАТАУ. Ж.Жабаев

Тізілген таулары бар Жетісудың,

Ішінде орман, тоғай біткен нудың.

Дариядай сол таулардан тулап тасып,

Көресің тамашасын аққан судың.

Есепсіз тау суреті көз жетпейтін,

Жырлауға қазынасы көп тіл жетпейтін.

Өрік пен алма, алмұрт, жемістер көп,

Бір татсаң, ауызыңнан дәм кетпейтін.

Қарлы тау басы биік мұнар кетпес,

Сырласып, бұлттарменен болған кептес.

Тұрлі аңдар мекен етіп, өніп- өсіп,

Жұреді бір-бірімен боп тілектес.

Арыстан, аю, қасқыр, түлкі, борсық,

Сілеусін, жолбарыстар түнде жортып.

Тулаған аққан бұлақ тасқынында

Асаудай ойнақ салар балық шоршып.

Өлеңнің мағнасын ашу.

(Оқушылармен дабдырлап оқыту әдісі)

Дәптермен жұмыс.

Ну - қалың

Мұнар - бұлыңғыр

Кептес - тілдесу, сөйлесу

Кесте толтыру: өлеңдегі ақын ойын және сөзін пайдаланып, толтыру.

                Берілген сөз

 Осы сөзге қатысты көркем сөз

Таудан аққан су

Таудағы жемістер:

Өрік,алма,алмұрт

Таудағы аңдар:

Арыстан, аю, қасқыр, түлкі, борсық,

Сілеусін, жолбарыстар

Тау суындағы жәндік:

балық

Дыбысы, қимылы:Дариядай тулап тасып.

Олардың дәмі

Ауызыңнан дәм кетпейді

Олардың қимыл-қозғалысы

мекен етіп, өніп- өсіп, түнде жортып

 

Оның қимылы: Асаудай ойнақ салар

 

Суретпен жұмыс:

-          Суреттен не көріп тұрсыңдар?

-          Тауда су қалай ағады?

-          Тау етегінде қандай жеміс ағаштары өскен?

-          Жемістің дәмі қандай?

-          Таудан аққан бұлақта не кездеседі?

-          Оның қимылы туралы не айтар едің?

 

Егер де табиат көрікті болса, онда біздің көңіл-күйіміз қандай болады? Осы көңіл-күйімен сабағымызды ары қарай табиға туралы мақал мәтелдермен жалғастырамыз.

-Жерге еккен жақслық жерде қалмайды.

-Құс қонбаған көл жетім,

Ел қонбаған жер жетім.

-Алтын тағынң болғанша,

 Алақандай жерің болсын.

- Көктем гүлмен көркем.

-Көлдің көркі –құрақ,

Таудың көркі- бұлақ.

- Бүгінгі қар – ертеңгі нәр.

Сұрақ – жауап әдісі:

Тірі табиатқа не  жатады?(өсімдік, жануар, адам)

Өлі табиғатқа не жатады?(жер,су,күн,жүлдыз,ауа) 

Табиғат құбылытарына не жатады?(жел,жауын,қар,қырау, боран)

Сабақты қорыту:

Жамбыл Жабаев Алатауды қала суреттеді?

«Алатау» өлеңі не жайлы?

Табиғат адамға не береді?

Табиғатты қалай қорғаймыз?

-Сабағымды былай аяқтағым келеді. «Құс ұшуға, балық суда тіршілік етуге жаратылған, ал адам осы табиғат ортасында өмір сүріп, мәңгілік қарым-қатынас жасауға жаралған».

Үйге тапсырма: Берілген суретке тақырып ойлап, сурет бойынша әңгіме құрастыр және «Алатау» өлеңін жаттау.

Бағалау.

 








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.06.2018
1834
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі