Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ "Атом құрылысы" 7 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың тақырыбы:Атомның құрамы мен құрылысы. Изотоптар |
Мұғалімнің аты-жөні: Суйналиева М. Күні: 28.11.2018 |
|
Сынып: 7 |
Қатысқан оқушылар
саны: |
Қатыспаған оқушылар саны: |
Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
7.1.2.5 -протон, электрон, нейтронды және олардың атомдағы орналасу тәртібін, массасын зарядын білу7.1.2.6 -алғашқы 20 элементтің атом құрылысы (p+, n0, e-) мен атом ядросының құрамын білу;7.1.2.7 -изотоп түсінігін білу |
|
Сабақ нәтижесі: |
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
|
Бағалау критерийі |
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. |
|
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
|
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. |
|
Пәнаралық байланыс |
Жаратылыстану |
|
Алдыңғы оқу |
Химиялық элементтер және олардың таңбалары |
|
Жоспарланғануақыт |
Сабақ барысы : |
Ресурстар |
Басталуы |
Топтарға бөлу. Бағалау парақшасымен
таныстыру |
|
Жаңа білім |
Білу және түсінуД. И. Менделеев атомдық
массаларының өсу ретімен орналасқан химиялық элементтер
қасиеттерінің периодты өзгеруінің себептерін айқындап бере алмады.
Элементтердің қасиеттері не себепті олардың салыстырмалы атомдық
массаларына периодты түрде тәуелді болатыны белгісіз еді. Бірақ Д.
И. Менделеев элементтердің атом құрылысы айқындалған сайын бұл
сұраққа жауап беруге болатынын алдын ала болжады. ХХ ғасырда
атом құрылысы айқындалып, оның құрылыс теориясы ұсынылды. Ғалымдар
атомның ядродан және оның айналасында қозғалып жүретін
электрондардан тұратынын анықтады. 1911 жылы ағылшын ғалымы Э.
Резерфорд атом құрылысының «планеталық» моделін ұсынды. Бұл модель
бойынша атомның ортасында оң зарядталған ядро бар, ал оны
электрондар айналып жүреді. Электрон теріс зарядталған ең кіші
бөлшек, оның заряды өлшем бірлігі ретінде қабылданған.Жалпы
алғанда, атом электрбейтарап, яғни зарядсыз бөлшек болып саналады,
себебі ядроның (оның) оң заряды электрондардың теріс зарядына тең.
Мысалы, егер атом ядросының заряды +4 болса, оның айналасында
әрқайсысы - 1 теріс зарядталған 4 электрон қозғалып жүреді.Кейіннен
химиялық элемент атомдарының ядро зарядтарының сандық мөлшері сол
элементтердің периодтық кестедегі реттік нөмірлеріне тең
болатындығы анықталған. Мысалы, сутек элементінің реттік нөмірі 1,
оның атомының заряды +1, ядросын сыртынан заряды - 1 болатын бір
электрон айналып жүреді.Теллур атомы ядросының оң заряды +52, ал
иодтікі +53, сондықтан олар периодтық жүйеде 52 және 53 нөмірде
орналасқан. (Әрине, бұларды атомдық массаларының осу реті басқаша:
). Аргонның оң заряды +18, ал калийдікі +19, сондықтан калий
аргоннан кейін тұр. Қазіргі кезде периодтық заңның
тұжырымдамасы былайша оқылады: Химиялық элементтер, олар түзетін
жай және күрделі заттардың қасиеттері сол элементтердің атом
ядроларының зарядтарына периодты түрде тәуелді болады.Атомның ядро
заряды химиялық элементтің қасиеттерін сипаттайтын маңызды шама.
Атом құрылысы одан әрі зерттеу кезінде, оның ядросының құрамына
протондар мен нейтрондар деп аталатын бөлшектер кіретіні
анықталды.Әр түрлі атомндардың құрамындағы протондар мен
нейтрондардың сандары да әр түрлі, бірақ атомдағы протондар мен
нейтрондардың массаларының қосындысы сол элементтердің атомдық
массасына тең:Ar – элементтің салыстырмалы атомдық массасы.Z – оның
реттік саны.N – нейтрондар саны.Салыстырмалы атомдық массасы және
реттік нөмірі бойынша нейтрондар санын есептеуге болады:мысалы,
хлордың ядросындағы нейтрондар саны.Ядродағы протондар саны
элементтің реттік (атомдық) нөміріне Z тең. Мысалы оттек
элементінің реттік нөмірін Z =8, протон саны 8 ядро заряды 8.Протон
зарядының абсолютті шамасы электрон зарядының мәніне тең.Хлор мен
оттек атомдарының құрылысы қысқа түрде былай жазылады:Сендер
белгілі бір элемент атомы ядросының протондар саны бірдей, соған
орай олардың заряды да бірдей болатынын білесіңдер. Мысалы, магний
атомына 12 протон бар, заряды +12. Бірақ осы элемент атомдарының
ядроларында нейтрондар саны әр түрлі болуы мүмкін.Тәжірибе арқылы
табиғи магнийде массасы 24 тең, атомдардан басқа массалары 25 және
26 болатын атомдар бар екені анықталған. Массасы 25 тең
магний атомының ядросында 12 протон, 25 - 12=13 нейтрон,
ал массасы 26 тең атом ядросында 12 протон 26 -
12= 14 нейтрон бар.Ядроларындапротон
саны бірдей бірақ массалары әр түрлі, белгілі бір элементтіқұрайтын атомдар – изотоптар деп атайды.
(Изотоп грекше «Бірорынға орналасушы» деген мағнаны білдіреді).
Жоғарыда келтірілгенмассалары 24, 25 және
26 болатын бірақ ядро зарядтары бірдеймагний
атомдарының түрлері
магнийдің изотоптарыделінеді.Берілген элемент изотопының
ядро зарядтары бірдейболғандықтан
оның электрондар саны да өзгермейді, сондықтан химиялық
қасиеттері де бірдей.
Осыған орай химиялық элементкемынадай анықтама беруге болады:Химиялық
элемент дегеніміз –
ядро зарядтары бірдей атомдардың белгілі бір түрі. Мысалы
табиғатта кездесетін хлордың 75, 53% - і изотопта және 24, 47% - і
изотоптан тұрады. Олай болса хлордың орташа атомдық
массасы. |
|
Ортасы |
Білу, түсіну (жеке жұмыс) Берілген суретті зерделей отырып, қандай
элементтердің атом құрылысы көрсетілгенін анықтап, химиялық
элементтердің таңбаларын және бөлшектердің атын және белгіленуін
жазыңыз. Жұптық жұмысЭлементтердің атомдарындағы электрон,
протон, нейтрон сандарын, салыстырмалы атомдық массасын, аталуын
анықтаңыз: а) B b) F c) Ald)
S. Топтық жұмыс Оттектің изотоптары үшін атомдық массасы мен
құрамын көрсетіңіз: Түсініктер мен анықтамалары арасындағы сәйкестікті анықтаңыз. |
Оқулық, қабырғаға ілінген
ватмандар, |
Аяқталуы Сабақты
бекіту |
«Аквариум» әдісі |
|
Бағалау |
Бағалау |
|
Қосымша ақпарат |
|
|
Саралау – Сіз қосымшакөмек көрсетудіқалайжоспарлайсыз?Сізқабілеті жоғарыоқушыларғатапсырманыкүрделендіруді қалайжоспарлайсыз? |
Бағалау - Оқушылардыңүйренгенін тексерудіқалай жоспарлайсыз? |
Пəнаралық байланысҚауіпсіздік жəне еңбектіқорғау ережелеріАКТ-менбайланысҚұндылықтардағыбайланыс |
РефлексияСабақ / оқумақсаттарышынайы ма?Бүгін оқушылар не білді?Сыныптағы ахуал қандайболды?Мен жоспарлағансаралау шаралары тиімдіболды ма?Мен берілгенуақыт ішіндеүлгердім бе?Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəненеліктен? |
|
|
Қорытынды бағамдауҚандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1:2:Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1:2:Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымдыжетілдіругекөмектесетін не білдім? |
|
|
Пәні: химия
Сыныбы: 9
«А»
Сабақ
жоспары:
Сабақтың тақырыбы: Фосфор және оның
қосылыстары.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға фосфордың аллотропиялық түр өзгерістері, табиғаттағы
маңызы мен химиялық қасиеттері туралы түсінік беру. Оқушыларды
ізденуге, тез ойлануға, алғырлыққа, тапқырлыққа,
есептер шығаруға үйрету Логикалық ойлау, ой шақыра білу, жеке,
топтасып жұмыс істеуге дағдыландыру.
Оқушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамыту мақсатында PISA бағдарламасы тапсырмаларын орындай отырып, фосфор мен оның қосылыстары туралы мағлұмат беру
Табыс критерийлері:
-
Оқушылардың жалпы фосфор элементі туралы түсініктері бар. -
Фосфордың адам өміріндегі және табиғаттағы маңызы туралы түсініктері бар.
Ресурстар:
электрондық оқулық, вертуалды зертхана, фосфордың түрлері,
зертханалық тәжірибеге қажетті құралдар, постер,
маркерлер.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру
кезеңі
- сабаққа психологиялық әзірлік;
- сабаққа сәттілік
тілейміз;
Жаңа тақырып
түсіндіру.
Фосфор және оның
қосылыстары.
Химиялық
таңбасы-Р
Реттік
нөмірі-15
Салыстырмалы атомдық
массасы-31.
Атом құрылысының электрондық
формуласы:
1s2s2p3s3p.
Фосфор периодтық жүйеде азотпен бір топта орналасқан.Сондықтан атомдарының электрондық құрылысында ортақ қасиеттер бар. Ең алдымен, олардың сыртқы электрондық қабатындағы электрондар саны бірдей.Осыған байланысты олар бірдей тотығу дәрежелерін көрсетеді: төменгісі-3., жоғарғысы +5, т.б. Көптеген қосылыстарының формулалары да ұқсас.
Мысалы:
Азот: NH N O HNO
Фосфор: PH P O HPO
Бірақ фосфор атомының радиусы азот атомының радиусынан екі есеге жуық үлкен. Бұл олардың қасиеттеріндегі біраз айырмашылықтарды түсіндіреді: фосфор молекуласы азот молекуласындай тұрақты екі атомды болмайды, себебі атомның өлшемі үлкен болғандықтан, бірнеше атомның электрон бұлттарының қаптасу мүмкіндігі бар, яғни көп атомды молекула түзіледі. Демек, фосфор кәдімгі жағдайда азот тәрізді газ емес, қатты күйде болады.
Жаңа тақырыпты оқушылар коллаборативті шешу арқылы әрі қарай өз
беттерінше талдап түсіндіреді.
(Оқушыларды қатырма қағаздың түсі арқылы топқа бөлінеді)
Әр топ өздерінің ережелерін құрып, топ
ішіндегі міндеттерін тағайындайды.
-көшбасшы
-хатшы
-уақыт есептеуші (таймер).
Топтарға берілетін тапсырмалар:
І-топ «Фосфордың аллотропиялық түрөзгерістері»
Ресурстары- аллотропиялық
түр өзгерістер,
постер, кейс.
ІІ-топ «Табиғатта кездесуі және
маңызы»
Ресурстары-тыңайтқыштардың жиынтығы, дәрі- дәрмектер, сіріңке қорабы, постер,кейс.
ІІІ-топ «Химиялық
қасиеттері»
Ресурстары-фосфор, спирт шам, шыны қалпақша және тығын, постер, кейс.
Топтардың жұмысына «кейс» технологиясы қолданылады.
Топтық жұмысына көшбасшылары баға береді және бағалау қағаздарына қойылады.
Тақырыпты бекіту мақсатында бейна жазба
ұсынылады (5 минут).
PISA халықаралық зерттеу аясында «фосфор оның
қосылыстары» тақырыптарын қолдана отырып, оқушылардың
ғылыми-жаратылыстану функционалдық
сауаттылығын дамыту
Әр топқа фосфор тақырыбына байланысты тапсырмалар
беріледі.
І-тапсырма:
Ойлан
тап.
Ерте заманда Менделеев
деген
үлкен қалада фосфор
деген
бір тентек бала болыпты. Ол
көп
қабатты үйдің 2-қатарында тұрады
екен.Ол басқа көршілерімен
жақындасса, жана бастайды. Ол бір күні ерігіп отырып
“мен күштімін бе, әлде әлсізбін бе” деп өзін сынамақ болып, төменгі
қабаттан бастап, жоғарғы қабатқа дейін көтеріліп, аралап шықпақшы
болады.Ол бірінші қабаттағы үйдің есігін қағып үйге енеді. Үйдегі
сутегімен қосылып одан да тентек, тұрақсыз балаға
айналады.
2-тапсырма:
Мағынаны
тану
Фосфор суға малынып жүріп қатты
тоңады. Жылыну үшін екінші қабаттағы №6 пәтердің есігін қағады.
фосфор осы пәтердің иесімен қосылып
жылынып,жанып, жарық
бөледі
3-тапсырма:
Қатты шатырлаған дауыстан
шошып,ол үшінші қатарға қашады. Алдында №15 пәтердің есігі ашық тұр
екен фосфор осында енеді. Бөлме іші көз қаратпайтын жарық болып,
ашық жалынмен жана бастайды, бөлме қабырғалары ақ түтінге
толады.
Жұмыстары бағаланады.
Сергіту сәті (2
минут)
Тақырыпты қорытындылауға арналған
тапсырмалар:
Бағалау.
Үйге тапсырма
беру.
Кері байланыс.
Рефлексия.
Тақырыбы: Фосфор және оның қосылыстары |
|
Күні: 19.04.2017ж |
Мұғалім: Б. Уалихан |
Сынып: 10 |
Қатысқан. Қатыспағандар. |
Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары |
Білімділік : Оқушыларға Vнегізгі топшаныңмаңызды бейметалы-фосфордың элемент және жай ретіндегі қасиеттерін .құрамын,табиғатта таралуы ,фосфордың маңызды қосылыстары туралы жалпы түсінік беру. Дамытушылық: Оқушылардың химиялықбілімін одан әрі дамыту,тез ойлауға,шапшаңдыққа,өз бетімен ізденуге үйрету. Тәрбиелік: Өздігінен талпынып,жауапкершілікті сезінетін саналы,өнегелі ұрпақ тәрбиелеу. |
Табыс критерийлері |
Барлық оқушылар білуге тиісті:Тапсырмалардың өзгергенін түсінеді |
Оқушылардың көпшілігі Тапсырмаларды орындауға арналған нұсқаулықтарды қолданады |
|
|
Кейбір оқушылар. Жалпы сипаттамасы,ерекшеліктері,пайдасы мен зияны туралы толық мәлімет алады. |
Тілдік мақсат |
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: Сабақта диалог/ жазылымға қажетті тіркестер. |
Бұрыннан бар білімдері |
|
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған уақыт
Ресурстар
Басы
0-5 мин
6-10 мин
Сендер мына тұжырымдамалармен келісесіңдер ме?
Азот қышқылы күшті тотықтырғыш болып саналады.(ИӘ)
2. Азот қышқылы еритін негіздермен ғана әрекеттеседі. (Жоқ)
3. Азот қышқылы жарықта ыдырайды. .(ИӘ)
4. Азот қышқылының тұздарын нитриттер деп атайды. . (Жоқ)
5. Азот қышқылы металдардың электрохимиялық қатарында сутегіне дейінгі металдармен әрекеттеседі. . (Жоқ)
6. Азот қышқылы алюминийді пассивтейді. .(ИӘ)
7. Азот қышқылы өндірісте аммиактан алады. .(ИӘ)
8. Азот қышқылы металдармен әрекеттескенде сутегі бөлінбейді. .(ИӘ)
Суретті қағаздар
Флипчарт, Ғаламтор
Балама тест
Бөлме өсімдіктері
Ортасы
11-20мин
21-35мин
Оқушыларды топтастыру.(Топпен жұмыс) Оқушыларға үш түрлі фигуралар беріледі,сол бойынша оқушылар сыңарын табады.(оқушылар бүгінгі сабақты өз ойларымен топпен бірлесе отырып,талдап,түсіндіру керек)
1.Анықтамасы 2. Периодтық жүйедегі орны. 3.Формуласы 4. Кездесуі.
5. Таралуы 6. Қасиеттері 7. Қолданылуы. 8.Алынуы.9. Биологиялық маңызы10. Есептер шығару
Сергіту сәті (Қимыл-қозғалыс арқылы ой-жинақтау.)
1669ж Фосфорды неміс ғалымы Г.Бранд ашты.
Қасиеттері
Ақ фосфор-Ақ түсті кристал, қараңғыда жарқырайды, өте улы, от алғыш, су астында сақтайды
Қызыл фосфор -Аморфты, кристалды емес, қараңғыда жарқырамайды, улы емес. Түсі қоңыр қызыл.
Қара фосфор-Түсі графитке ұқсайды, улы емес, от алғыш. Жартылай өткізгіш, от алады.
Табиғаттағы фосфор
Фосфор табиғатта химиялық белсенділігіне байланысты тек қосылыс
күйінде кездеседі.
Фосфор мына заттардың құрамына енеді:
фосфорит және апатит минералы,кальций фосфатының құрамында Ca3 (PO4)2;
Қазақстанда фосфорға өте бай ірі кен орындары бар.Олар:Ақтөбе,Оңтүстік Қазақстан,Жамбыл облыстары.
өсімдіктердің генеративті мүшелеріндегі нәруыздың құрамына кіреді;
адам және жануарлардың ағзасындағы жүйке жүйесі мен жұлында болады
Ми жасушаларында болады.
ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТІ
Металдармен:
3Ca +2 P = Са3 Р2
Бейметалдармен:
4 P + 5O2 = 2Р2 О5
2P + 3S = Р2 S3
Фосфордың азот қышқылымен әрекеттесу реакциясы
P(қатты.) + 5HNO3 (конц.) = 2H3PO4 + 5NO2 ↑ + H2O
Фосфордыңалынуы:Ca3 (PO4)2 + 5C + 3SiO2 = 3CaSiO3 + 2P + 5CO↑
ФОСФОРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Тыңайтқыштар .Жуғыш заттар.Улы химикаттар.Шырпы өндірісінде.
Суды жұмсартуда.Бояу өндірісінде.Жемірілуден қорғайды.Бу шығаруда
ФОСФОРДЫҢҚОСЫЛЫСТАРЫ
HPO3 метафосфор қышқылы ГИДРОФОСФАТ CaНPO4
H3PO4 Ортофосфор қышқылы ФОСФАТТАРCa3(PO4)2
H4P2O7 пирофосфор қышқылы ДИГИДРОФОСФАТCa(Н2PO4)2
Химиялыққасиеттері P2O5
Суменәрекеттеседі:
P2O5 + H2O 2HPO3
P2O5 + 3H2O t 2H3PO4
2) Негіздік оксидтермен әрекеттеседі:
P2O5 + 3К2O 2К3РО4
3) Сілтілермен әрекеттеседі:
P2O5 + 6NaOH 2Na3РО4 + 3H2O
Соңы
36-45 мин
Бекіту сұрақтары:
1.Сенесің бе,сенбейсің бе?Фосфордың таңбасы «ПЭ» (ИӘ)
2. Сенесің бе,сенбейсің бе?«Фосфор»сөзі «жарық шығарушы»ұғымын білдіреді (ИӘ)
3. Сенесің бе,сенбейсің бе? Ақ фосфордан сіріңке жасайды (ЖОҚ)
4. Сенесің бе,сенбейсің бе?Р-бес аллотропиялық түр өзгерісі бар.(ЖОҚ)
5. Сенесің бе,сенбейсің бе?Р-атом масса 31,реттік нөмері 15 (ИӘ)
6. Сенесің бе,сенбейсің бе? Р-валенттілігі 2.4 (ЖОҚ)
7. Сенесің бе,сенбейсің бе? Р-ұшқыш сутек қосылысы фосфин деп аталады. (ИӘ)
8. Сенесің бе,сенбейсің бе? Ақ фосфорды қараңғыда су астында сақтайды (ИӘ)
Қорытындылау. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңіз.(Смайлингке өз ойларын қалдыру.)
Бағалау.
Үйге тапсырма §20. Фосфор №6.№8. 95- бет “Адамға фосфор керек пе?”
Қосымша мәліметтер
Саралау
(Дифференциация) –оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
-Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай күрделендіресіз?
Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Екі жұлдыз, бір тілек. Бағалау парағы арқылы бағалау
Пән-аралық байланыс
Дүниетану, география
- қабілеті төмен оқушылар үшін
Дарынды және талантты балаларға кеңейтілген тапсырма беру
Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен табыс критерийлері орындалды ма?
Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым?
Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?
Қорытынды бағалау:
Ең жақсы өткен екі нәрсені көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)
1.
2.
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?
1.
2.