Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Атом құрылысы. Элементар электр заряды"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық сабақ 7-ші сыныптағы "Заттың құрылысы" тақырыбын пысықтау мақсатында және 8-ші сыныптағы "Атом құрылысы" туралы білімдерін нығайту мақсатында өтілді. Бұл тақырыпта атомның протон (+) және нейтрон (заряды жоқ) бейтарап бөлшектен тұратынын және оны теріс заряд электрон айналып жүретінін түсіндіру. Сонымен қатар Атомның планетааралық моделін Резерфордтың жасағаны туралы мәлімет беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 7.12.17. Пән мұғалімі: Бултбаева А

Сыныбы: 8 Оқушылар саны: _______ cабаққа қатыспағаны_________

Сабақтың тақырыбы

§31 Атом құрылысы. Элементар электр заряды

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары ( оқу бағдарламасына сілтеме)

Атомның және атом ядросының құрылысы, элементар электр

заряды, электрон жөнінде түсінік беру, заттың құрылысы жөніндегі білімдерін кеңейту. Электрон заряды және химиялық элементтердің протон сандарын пайдалана отырып есептер шығаруға үйрету. Оқушылардың өзін-өзі бағалауға баулу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Атом құрылысы. Элементар электр заряды жайлы мағлұмат алады

Көптеген оқушылар:

  • Атомның құрамын қандай зарядталған бөлшектер құратынын меңгереді

Кейбір оқушылар:

  • Протон саны электрон санына тең екенін ескеріп Менделеев кестесін пайдаланып есептер шығара білуді үйренеді

Жетістік

критерийлері

Терминдер мен түсініктер жиынтығын түсіндіре білуі

Тілдік мақсаттар


Тілдік мақсаттар, лексика мен тіркес мысалдар:

Пәнге тән лексика мен терминология:

Атом - Атом (көне грекше: ἄτομος - Химиялық элементтерді құрайтын, олардың өзіне тән ерекшеліктерін сақтайтын ең кішкене бөлшек..


Құндылықтарды дамыту

Топтық және жұмыс барысында өзара көмектесуге, бірін-бірі тыңдай білуге, физикалық шамалар туралы білімдерін жүйелеуге үйренеді.

(ҚОҒАМЫМЫЗДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІРЛІК, БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ: Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік,

құрмет, ынтымақтастық, ашықтық. «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы)

Пән аралық байланыс

Химия, математика


АКТ қолдану дағдылары

Интер тақта, видео жазба

Бастапқы білім

Денелердің электрленуі. Электроскоп

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

І. Ұйымдастыру кезеңі 5м

Сәлемдесу ,сыныпты түгелдеу, құрал жабдықтарын тексеру Топқа бөлу : Р И К әріптері арқылы арқылы топқа бөлу. Бүгін қасиетті жұма күні. Резерфод Иоффе және Кулон топтары болып бөліну

««Шаттық шеңбер» ұйымдастыру. Оқушылар бір-біріне тілектерін айтып, сыныптың ахуалын жақсартамыз

Таратпа

қағаздар

Сабақтың ортасы

ІІ. Үй тапсырмасы 7м (ЛОТО) әдісі

1. Электр заряды деген не? Денелердің немесе бөлшектердің өзара әрекеттесу қабілетіне ие болуын сипаттайтын физикалық шама.

2. Электрлену деген не? Денелер өзара электрленеді де, олардың арасында электрлік тартылыс күштері пайда болады. Бұл ұбылыс үйкеліс арқылы электрлену деп аталады.

3. Үйкеліс деген не? Денелердің жанасу, ажырау процесі

4. зарядтың неше түрі бар: оң және теріс

5. Электроскоп дегеніміз не? Денелердің электрленуін анықтайтын құрал

6.Денелердің электр зарядын тәжірибе жүзінде қалай байқауға болады?

7. майқоңыз түншырақ қоңыз , жыланбалық, медуза өздерінен электр тогын сақтану үшін шығарады.

8. Қандай табиғат құбылысын білеміз? Найзағай

8. АДАСҚАН ӘРІПТЕР

ТАОМЫҚРҰЫЫСЛ. ЛЭМЕРАТНЕ РТКЕЛЭ ЗАРДЯЫ

ІІІ. Жаңа сабақ

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Атом құрылысы. Элементар электр заряды. Оқушыларға тақырып бойынша видео көрсетіп, постер қорғату. Әр атом үш элементар бөлшектерден тұрады Олар протондар, нейтрондар және электрондар. Атом көп бөлігі бос кеңістік.Оның ортасында шағын ғана шар болады. Оны ядро дейміз. Протондар мен нейтрондар ядроның ішінде орналасады. Протондар әрдайым оң заряд болады.Ал нейторндардың заряды жоқ. Электрондар атомды айнала қозғалады.Электрондар саны протондар санына тең. Атомдарды бір-бірінен ерекшелейтін протондар саны. Ол атомдық нөмір деп аталады.Протондар саны - атомдық нөмірді анықтайды.

Протон заряды 1,6*10-19Кл тең, электронның заряды да дәл осы мәнге ие.Алйда таңбасы теріс болады.Бұл элементар электр заряды деп аталады.Себебі:Нақты денелердің заряды осы зарядтардың еселігі болып келеді. Менделеев кестесінде неше элемент бар? 110 элемент бар Мыс Альюмений атомдық нөмірі 13 ке тең. Яғни АL-дің 13 протоны, 13 электроны бар деген сөз. Ал неитрондарын табу үшін Сол элемент массасынан 27 ге тең атомдық нөмірді аламыз. Сонда 14 нейтрон бар. Физикаға келсек В (бор) атомдық нөмірі N=5, ал электрон саны 1,6*10-19Кл тең берілсе ондағы зарядты q=e*N формуласымен анықталады, яғни 8*10-19Кл.

Оқулық

А4 форматы,

маркер,


Сабақтың соңы

Тақтада Есептер шығару Мg, P Fe элементтердің зарядын есептейді.


Саралау - оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау. Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қою керек.

Тапсырма тәсілі

Топпен жұмыс

  1. Резерфорд тобына:Белгісіз бір элементтің заряды 20,8*10-19Кл . белгісіз элементтің протон саны, яғни қай реттік номердегі элемент? N= q/e 20,8*10-19Кл /1,6*10-19Кл = 13 (АL)

  2. Кулон тобына Белгісіз бір элементтің заряды 40*10-19Кл . белгісіз элементтің протон саны, яғни қай реттік номердегі элемент? N (Mn) 40*10-19Кл /1.6*10-19Кл = 25

  3. Иоффе тобына Белгісіз элементтің заряды 32*10-19Кл . белгісіз элементтің протон саны, яғни қай реттік номердегі элемент? Са N= q/e 32*10-19Кл /1,6*10-19Кл = 20 (Са)


Шығармашылық тапсырма


Қалыптастырушы бағалау.(5 мин)


Сабақ бойынша кері байланыс

  1. Сабақ ұнады

  2. Әлі де ізденуім керек

  3. Маған қиын болды

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойларыңыз?)


1._____________________________________________________________________________________

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойларыңыз?)

1._____________________________________________________________________________________


2 Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік, қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақта неге көңіл бөлу қажет?




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.01.2018
670
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі