Ашық сабақ "АВТОБУС"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "АВТОБУС"

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімділік: Балаларды көлік туралы және олардың түрлерімен таныстыра отырып, автобус туралы мағлұмат беру. Дамытушылық: Үлгіге қарай отырып, автобустың бөлшектерін құрастыра білуге дағдыландыру. Тәрбиелік: Бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге тәрбиелеу. Көрнекіліктері: Көліктердің суреті, желім, түрлі- түсті қағаз, видео бейне. Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап,ойын, кіріктірілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Құрастыру.

Тақырыбы: «Автобус»

Мақсаты:

Білімділік: Балаларды көлік туралы және олардың түрлерімен таныстыра отырып, автобус туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Үлгіге қарай отырып, автобустың бөлшектерін құрастыра білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Көліктердің суреті, желім, түрлі- түсті қағаз, видео бейне.

Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап,ойын, кіріктірілген.



-Балалар бүгін біз оқу қызметіне автобуспен барамыз.

Сәлеметсіңдерме балалар!

-Балалар, бүгін біз оқу орынымызға көлікпен барамыз.

Бип-бип..... Ал балалар тобымызға да келдік, барлығымыз орнымызға жайғасайық.

-Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Қараңдаршы, бізге көп қонақтар, апайлар келіпті. Қане барлығымыз орнымыздан тұрып сәлемдесейік.

Сәлеметсіздерме! Здравствуйте! Good morning!



Шаттық шеңбері:

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.



-Жарайсыңдар, балалар қане орындарымызға жайғасайық.

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілі.

-Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады?

-Күн суық болады, қар жауады.

-Жарайсыңдар балалар!

-Балалар бүгін біз тобымызға немен келдік?

-Автобуспен.

-Дұрыс айтасыңдар балалар!

-Балалар бүгінгі өтетін оқу қызметіміз құрастыру. Балалар қазір автобус құрастыратын боламыз.

-Балалар автобустың түрлері көп екен. Барлығымыз теледидарға мұқият назар аударайық. Автобустың түрлерімен таныс болайық.



-Балалар барлығымыз тақтаға назар аударайық. Қараңдаршы суреттен нені байқап тұрсыңдар?

-Көліктер.

-Балалар – көліктерді түрлеріне қарай нешеге бөлеміз?

-Үшке

Дұрыс, әуеде, суда, жерде жүретін болып үшке бөлінеді.

-Әуе көліктеріне қандай көліктер жатады? (ұшақ, зымыран т.б.)

-Ал су көліктеріне қандай көліктер жатады? (кеме, қайық)

-Ал жер көліктеріне қандай көліктер жатады? (жеңіл машина, автобус, жүк көлігі, пойыз т.с.с.)



Автобустың бөліктерімен таныстыру.

  1. Қаңқасы

  2. Есігі

  3. Терезесі

  4. Төрт дөңгелегі



Балалар бүгін сендерге түрлі ойындар алып келдім. Осы ойындарды топ-топқа бөлініп орындайтын боламыз. Ойындарды орындамас бұрын топтарға бөлініп алайық. Ол үшін мына қорапшадағы түрлі-түсті көліктерді алайық және сол көліктің түстеріне қарай өз орнымызға жайғасатын боламыз.



  1. Автобусты фетрмен құрастыру.

  2. Түрлі-түсті қағазбен жұмыс.

  3. Автобусты дьениш блок арқылы орналастыру.

  4. «Лего» ойыншығы арқылы автобус құрастыру.



Сергіту сәті:

Бала, бала, балақан,

Қане қайсы алақан?

Саусақтары әйбат,

Былай-былай ойнат.



Ойын:

«Өз орнын тап»

Мақсаты: Балаларға суреттің айырмашылығын таба білуге, өз орнына қоя білуге және өз ойын айта білуге үйрету. Ақыл-ойларын дамыту.



Қорытынды:

Балалар біз қандай көлік құрастырдық?

-Автобус.

Автобустың құрылысы қандай екен?

Қаңқасы-кузов

Есігі-двер

Терезесі-окна

Дөңгелегі-колесо

Жарайсыңдар балалар, сендер бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар, сол үшін мен сендерге мынандай бағалай күлкілерін сыйға беремін .Ол жай сыйлық емес артында ата-аналарыңмен бірге жаттап алатын автобус өлеңі бар. Рақмет сендерге. Барлығымыз келген қонақтармен қоштасайық.

-Сау болыңыздар!



Күтілетін нәтиже:

Біледі: көлік түрлерін ажыратады;

Түсінеді: жұмысты ұқыпты, реттілікпен жасауды, автобустың басқа көліктерден айырмашылығын;

Қолданады: түрлі-түсті қағазды пайдалана отырып, бөлшектерді жапсырып құрастыруды..

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.04.2022
419
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі