Материалдар / Ашық сабақ Автокөліктердің электр жабдықтары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Автокөліктердің электр жабдықтары

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ Автокөліктердің электр жабдықтары Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Ақпан 2024
284
3 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Ашық сабақ


Тақырыбы: Автокөліктердің электр жабдықтары



























Пән/модуль атауы

Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу

Тобы


Күні


Оқытушы


Дәрісхана

Оқу-өндірістік шеберханасы

Дәрістің тақырыбы

Автокөліктердің электр жабдықтары

Дәрістің түрі

Өндірістік оқыту

Оқыту әдіс-тәсілдері

Автокөліктік кәсіпорындарында автомобильдерге диагностика жұмыстарын жүргізу

Дәрістің мақсаты

бүгінгі тақырыпты қалыптастыру, басқа пәндермен байланысты екенін түсіндіру, іс-тәжірибе кезінде алған білімді қолдануды үйрену, идеялармен көпшілікті өзіне қарата алуды үйрету, өзіндік қабілиетіне сенім ояту, топ мүшелерімен жұмыс істей алуды үйрету.

Бағалау критерийі

  1. Автокөліктердің электр жабдықтары жайлы ақпарат алу

Тілдік мақсат

Осы тақырыпқа байланысты терминдерді үш тілде меңгерту. Қазақ, орыс, ағылшын тілінде. Ол үшін мынандай сөздіктерді қолданамын.

Қазақша

Орысша

English

Жабдық

Оборудование

Equipment

отын беруді бақылау;

қозғалтқыш температурасы;

жарықтандыру құрылғыларының жұмыс режимдері;

батарея заряды;

борттық компьютер;

навигация және дыбыс жүйесі.

  • контроль подачи топлива;

  • температуру двигателя;

  • режимы работы осветительных приборов;

  • заряд аккумуляторной батареи;

  • бортовой компьютер;

  • навигационную и акустическую систему.


fuel supply control;


engine temperature;


operating modes of lighting devices;


battery charge;


on-board computer;

navigation and sound system.


Құндылықтарға баулaу

  • Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау, іздену қабілеттерін арттыру

  • Ынтымақтастыққа, бірін-бірі сыйлауға, сыни тұрғыдан ойлауға қалыптастыру

Пәнаралық байланыс

Автомобил қурылымы

Алдыңғы білім

Автокөліктердің электр жабдықтары

Дәріс барысы

Дәріс жоспарланған кезеңдері, уақыты

Оқытушы әрекеті

Білім алушының

әрекеті

Оқыту ресурстары мен материал-дары

Дәрістің басы

Ұйымдас-тыру кезеңі

5 мин






Оқушыларды мына тақырып бойынша тексеру

35 мин

Сәлемдесу, студенттерді түгендеу, дәрісхана ішіндегі тазалық пен топтағы оқушылардың сабаққа қатысымын қадағалау.


Сергіту сәті: Мен бұл әдісті студенттер бір-бірімен практика барысында тығыз қарым-қатынаста болу мақсатында пайдаланамын

Сұрақтар:

1. Электрмен жабдықтау жүйесінің негізгі аспаптарын атап беріңіз. 

2. аккумулятор батареяларының түрлері
3. Автомобильдің қаңқасы электр жүйеде не қызмет атқарады?
4. Қосымша электр жабдықтарын атап беріңіз. 

5. Аккумуляторлар құрылысы бойынша жіктелуі

Оқытушымен сәлемдесу, сабаққа зейін аудару








Пікірталас ұйымдастырып сұрақтарға жауап беру












Дәрістің ортасы

180 мин

Сабақты өткізуді ұйымдасты ру

Тақырыпты айқын ашып, оқушыларға түсіндіру

Студенттердің өзіндік жұмысы:


Дигностика технологиясы мақсаты

Диагностикалаудын қызметтері

Берілген тапсырманы орындау. Жазылған

жоспарды көшіріп, оқытушыға назар аудару. Зейін қойып

тыңдап, түсініксіз болған сұрақтарына жауап алу.

Ключтер жиынтығы


Дәрістің соңы 45 мин






Сабақты қорытындылау және бағалау:

1.Тапсырмалардың орындалу барысын қадағалау

2. Орындалған жұмысты тапсыру кезеңі

3. Орындалған жұмысты қорғау

Кері байланыс орнату

Білемін


Білгім келеді


Білдім


Тағы да не білгім келеді


Сабақты қорытындылау, оқушыны бағалау. Түсінбеген сұрақтарына жауап беру.







Берілген тапсырмаларды тексертіп, бағалану.


Үй тапсырмасы туралы ақпараттан-дыру кезеңі:

5мин

Тежеуіш жүйесінің жұмыс істеу принципін үйреніп келу.

Үй тапсырмасын жазып алу.


1. Электр жабдықтар туралы жалпы мәліметтер


Автомобильдерде электр құрал жабдықтары қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға, жұмыс үдерістерін автоматтандыру мен жүргізуші еңбегіне қолайлы жағдай жасауға арналған. 

Автомобильдерде электр энергиясы іштен жанатын қозғалтқышты іске қосуға (стартермен), жанғыш қоспаны тұтатуға, дыбыс және жарық дабылдарына, қозғалыс жолдары мен кабинаны жарықтандыруға, электронды басқару жүйесіне, бақылау-өлшеу жабдықтары мен қосымша жабдықтарды қоректендіруге қолданылады.

Электр энергиясын өндіретін приборлар электр тоғының көздері, ал оны тұтынатындар тұтынушы деп аталады.

Генератор мен аккумулятор батареясы ток көздері, ал тұтынушылар – электронды басқару блогы, электрқозғалтқыштар, стартер, дабылдар мен жарықтандыру және бақылап-өлшеу жабдықтары т.с.с.

 

1 – сурет автомобильінің электр жабдық сызбасы

 

Электр тоғының көздері механикалың және химиялық энергияны электр энергиясына айналдырады (аккумулятор және генератор).

Тұтынушылар электр тоғы энергиясын - энергияның басқа түріне (механикалык, жарық, дыбыс, жылу) айналдыруға қызмет етеді.

Автомобильдің қаңқасы (метал бөліктері) электр жүйеде «масса» қызметін атқарады, ал жүйе өткізгішін оң полюске жалғастырады. Электр жүйесінің кернеуі әр көліктің сұранысына байланысты 12 В және 24 В.

Автомобильдердің электр жабдықтау жүйесінде микропроцессор мен микроЭВМ-ді қолдану оның түбегейлі күрделенуіне алып келіп соқтырды. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, автомобильді пайдалану кезіндегі пайда болған ақаулардың 15-40%-ы электр жабдықтардың үлесіне тиеді.

2. Электр жабдықтау жүйесінің құрамы мен жіктелуі

Автомобильдің электр құралдары өзара байланысты электрлік және электрондық құрылғылардың қиын кешені болып табылады.

Келесі жүйелер мен аспаптар автомобильдің жұмыс істеу үдерісін құрайды:

  • электрмен жабдықтау;

  • қозғалтқышты электр стартермен іске қосу;

  • оталдыру;

  • жарықтандыру, жарық және дыбыс белгілерін беру;

  • автомобильдің, оның агрегаттарының техникалық жағдайын бақылау және ақпарат беру;

  • автомобильдің агрегаттарын электронды түрде басқару

Автомобильдегі электр құрал-жабдықтарының ток тұтынушыларын қамтамасыз ету үшін электрмен жабдықтау жүйесі құрастырылған. Ол тоқ көздері – аккумулятор батареясы мен генератор қондырғысынан тұрады. Олар бір-бірімен және ток тұтынушыларымен паралель жалғанған. 

 

3. Аккумулятор батареялары

 Аккумулятор батареясы қозғалтқыш жұмыс істемей, болмаса иінді біліктің кіші жиіліктегі айналысында жұмыс істеп тұғанда тоқты тұтынатын орындарды қоректендіру үшін қызмет етеді.

Автомобильде қолданылатын аккумулятор батареяларының түрлері:

- қышқылды;

- сілтілі.

Аккумуляторлар құрылысы бойынша:

- ашық;

- жабық.

Ашық батареялардан электролиттің құрамын (тығыздығын) тексеріп, реттеп отыру үшін арнайы қызмет көрсетіліп отырады.

Жабық аккумулятор батареяларында мұндай қызмет көрсетілмейді, сондықтан олар жабық болады.

Аккумулятордың қызметі электр энергиясын химиялың энергияға (зарядтау) және керісінше, химиялық энергияны электр энергиясына (разрядтау) жүйелі түрде айналдыруға негізделген.

 Автомобильдерде қорғасынды-қышқылды аккумулятор батареясы орнатылған, өйткені олар қозғалтқышты стартермен іске қосқан кезде жоғары күшті разрядты (200-600 А) тоққа шыдайды (сондықтан оларды стартерлік деп те атайды).

4. Автомобиль генераторлары

 Автомобильдің электрмен жабдықтау жүйесінде ток көзінің негізі болып келеді. Барлық ток тұтынушыларды қоректендіріп және аккумулятор батареясын қуаттандыруға арналған.

Автомобильдерде бастапқы кернеуі 12 немесе 24 В айнымалы токты генератор қолданылады.

5. Іске қосу жүйесі

 Қозғалтқыштың іске қосылуын жеңілдетеді. Іске қосу жүйесін аккумулятор батареясы, электр стартер, басқару релесі мен электротехникалық қондырғылар құрайды. Қозғалтқышты іске қосу кезінде қозғалтқыш иінді білігін айналдыру үшін, тұрақты токты электр қозғалтқыш – стартер қолданылады. Ол аккумулятор батареясынан қоректенеді.

6. От алу жүйесі

  Бензинді моторлардың цилиндрлерінде сығылған жұмыс қоспасы от алу свечасынан шығатын ұшқыннан тұтанады. Төмен кернеулі тоқты жоғары кернеулі токқа айналдыруға және оны мотордың цилиндрлеріне бөлу қызметін атқарады. Батареядан от алу құрылғысының схемасы келесі суретте көрсетілген.

Төмен кернеулі ток тізбегі аккумулятор батареясынан немесе генератордан ңоректенеді. Оған тізбекті түрде от алдыру қосқышы (3), қосымша резисторы бар от алу катушкасының алғашқы орамы (4), үзгіш (8) пен «масса» қосылған.

2 – Сурет – Батареядан от алу құрылғысы.

 1—аккумулятор батареясы, 2—стартерді қосқыш, 3—от алдыру қосқыш, 4—алгашкы орама, 5—екінші орама, 6—от алу катушкасы, 7—таратқыш, 8—үзгіш, 9—конденсатор, 10—от алдыру шамы (свеча).

 Жоғары кернеу тоғының тізбегі от алу катушкасының екінші орамынан (5), таратқыштан (7), жоғары кернеу өткізгіштерінен, оталу свечасы (10) мен «массадан» тұрады. Жоғары кернеу тоғының пайда болуы өзара индукциялану принципіне негізделген. От алу бекіткіші қосылған және үзгіш контактілері түйықталған жағдайда электр тоғы от алу катушкасының (6) алғашқы орамы айналасында өрісін туғыза отырып, аккумулятор батареясынан немесе генератордан сол орамға түседі.

От алдыру шамы (свечасы) электр жарқылынан ұшқын саңылауын жасайды. Свеча корпустан (5), оқшаулағышы бар орталық электродтан (2) және шамның корпусына дәнекерлеп бекітілген бүйір электродынан тұрады. Шамда кесілген бөлік орналасқан, ол цилиндрлер қалпақшасының тесігіне бұрап кигізіледі. Шамның (свеча) жоғары бөлігінде кілтке арналған қырлары бар.

Шам корпусының цилиндрлі бөлігіне маркасы жазылған, ол шартты түрде кесілген бөліктің диаметрін, оқшаулағыштың төменгі бөлігінің ұзындығын және оның материалын көрсетеді. Кесілген бөліктің диаметрі М немесе А әрпімен белгіленеді, мұнда М әрпі корпустағы 018x1,65 бұрандасына сәйкес келеді. Цифрлар оқшаулағыштың жылу конусының ұзындығын миллиметр өлшемімен көрсетеді. Цифрлардан кейінгі келесі әріп оқшаулағыштың материалын көрсетеді, мысалы: У - уралит, Б - боркорунд. Соңғы әріп орталық электрод бойынша герметизациялау әдісін көрсетеді, мысалы: С - шыны герметика.

От алдыру шамының жұмыс істеуі үшін орталық және бүйір тұстағы саңылаудың өлшемі — 0,7-0,9 мм. Оны бүйір электродты ептеп қайыра отырып, ретке келтіреді. Ішкі жағынан ластанған жағдайда оны бензинмен жуу қажет.

 7. Жарықтандыру мен дабылдау приборлары

Тәуліктің қараңғы уақытында автомобильдің жолын жарықтандыруға, басқа жүргізушілерге автомобильдің маневр жасауы туралы ақпарат беруге, сонымен қатар автомобиль шанағы мен кабинасының ішін жарықтандыруға арналған. Жарықтандыру аспаптарына: Фарлар, алдыңғы, артқы, және бүйір шырақтары, сонымен қатар нөмір белгісін жарықтандыруға арналған аспаптар жатады.

8. Қосымша электр жабдықтар

Автомобиль терезесін тазартқыштар, дыбыстық белгілер, коммутациялық аспаптар(сақтандырғыш,ажыратқыш,сымдар), шанақ пен кабинаны жылыту мен желдету жүйесінің электр аспаптары.

Сөздікпен жұмыс

мотор приводится в действие электричеством

қозғалтқыш электр қуатымен қозғалысқа келеді

the motor is powered by electricity

кислотный аккумулятор

қышқылды аккумулятор

acid battery

свинцовый аккумулятор

қорғасынды аккумулятор

lead-acid battery

щелочной аккумулятор

сілтілі аккумулятор

alkaline battery

генератор переменного тока

айнымалы тоқ генераторы

alternator

генератор постоянного тока

тұрақты тоқ генераторы

direct current generator

предохронитель

сақтандырғыш

fuse




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!