400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Автоматты ажратқыштар

Материал туралы қысқаша түсінік
Автоматты ажыратқыш дегеніміз электр тізбегіндегі электр аппараттарын қысқа түйықталудан немесе күші белгіленген шамадан асып кеткен жағдайда асқын ток күшінен қорғайтын ажыратқыш аппарат. Автоматты ажыратқышты кейде «автоматты қорғағыш» деп те атайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін

Кәсіптік оқудағы

көпсалалы колледжі

директорының оқу өндіріс

ісі жөніндегі орынбасары

_______ У. Намуратов

1__________

2__________


Пән: Ауылшаруашылық агрегаттары мен дәстүрлі емес электр энергиясы көздерін электр қондырғыларымен жабдықтау және автоматтандыру


Сабақтың жоспары

Өту мерзімі: __________________жыл сабақтың № 01 тобы №5-20


Сабақтың тақырыбы: Автоматты ажратқыштар.

Сабақтың мақсаты:

А) білімділік: Автоматты ажратқыштар тұралы үйрену.

Ә) дамытушылық:Ойлау қабілеттерін дамыту

Б) тәрбиелік: Кәсіптік этика , эстетика

Сабақтың түрі: аралас


Қолданылатын көрнекі құралдар мен құжаттар:

стенд, плакат, әдебиеттер

Пәнаралық байланыс:

Физика, Электротехника

Сабақтың уақыты: 90 м

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Студенттермен амандасу

2.Оқушыларды журнал бойынша тексеру.

2.Оқушылардың сабаққа дайындығын байқау.

ІІ.Өткен сабақты сұрау және пысықтау.

А) Өткен сабақты сұрау

Б) Жаңа сабаққа дайындықты бастау


ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Автоматты ажыратқыш дегеніміз электр тізбегіндегі электр аппараттарын қысқа түйықталудан немесе күші белгіленген шамадан асып кеткен жағдайда асқын ток күшінен қорғайтын ажыратқыш аппарат. Автоматты ажыратқышты кейде «автоматты қорғағыш» деп те атайды.

Автоматты ажыратқыштың жұмысы жылулық және электромагнитті принцип бойынша іске асады. Қазіргі уақытта барлық ажыратқыштардың жұмыс істеу проинципі жылулық және электромагнитті принцип бойынша ажыратылады.

Автоматты ажыратқыштың жұмыс істеу принципі келесідей түсіндіріледі. Егер электр тізбегіндегі апатты жағдай орын алғанда, соның ішінде асқын кернеу немесе қысқа тұйықталу т.б. пайда болған жағдайда электр қондырғыларын қорғау үшін электр тізбегін ток көзінен ажыратады.

Автоматты ажыратқыштың жұмыс істеу принципі келесідей түсіндіріледі.

Автоматты ажыратқыштың А нүктесінен В нүктесіне өтетін ток А » В, электромагнитті катушка –L және бейметалл пластина – 2 арқылы өтеді. Егер ток күші рұқсат етілген шекті шамадан артып кеткен жағдайда, бейметалл пластина қызып жылулық принцип бойынша деформацияға (формасы өзгеріп майысады) туседі. Нәтижесінде ағытқышты (расцеплитель) –S қозғалысқа келтіру арқылы электр тізбегін ажыратады.

Электромагнитті ағытқыш (расцеплитель) электромагнитті катушка –L арқылы өтетін ток күші едәуір жоғарыболған жағдайда, өзекшені -1 қозғалысқа келтіріп S- контакттиге әрекет ету нәтижесінде іске қосылып электр тізбегін ажыратады. Бұл процесс өте жылдам іске асады.

Автоматты ажыратқыштар сақтандырғышқа қарағанда көбірек қолданылатын коммутациялық аппарат және қорғаныс құрылғылар болып табылады. Олар 1000 В қа дейінгі электр желілерінде электр қондырғыларын қорғау үшін кең қолданылады.

Автоматтыажыратқыш таңдау

Автоматты ажыратқышты таңдамас бұрын оның оның басты техникалық сипаттамасымен танысу қажет. Олар төменде көрсетілген.

Егер ажыратқышқа мән беріп қарасақ оның сырқы корпустарынан бірнеше таңбаларды (маркировка) көреміз.

  1. Сауда белгісі немесе өндіруші компания, астында сериялық номері. Серияылық номер ажыратқыштың техникалық сипаттамаларын, соның ішінде жұмыстық цикл мөлшерін, қорғау классын, жүктеме мен дірілге тұрақтылығын және т.б. арнайы анықтамалық ақпараттарда көрсетед.

  2. Жоғарыда бейнеленген әріптік цифрлық индекс номинальды ток күші, Іп-50 Ампер және типі классы

  • В (Іс =3*In-5* In) – индексі жазылған ажыратқыштар өте ұзын күштік желілерде қысқа тұйықталу тогынан қорғау үшін қолданылады.

  • С (Іс =5*In-10* In) – индексі ең көп тараған ажыратқыштар типі болып табылады. Бұл типтегі ажыратқыштар тұрмыстық электр желілері мен төмен индуктивті жүктемесі бар тұтынушыларды қамтамасыз етуге арналған.

  • D (Іс =10*In-20* In) – индексі жазылған ажыратқыштар өте қуатты электр қозғалтқыштар мен қосылу тогы жоғары болатын қондырғыларды (индуктивті жүктемесі жоғары) қорғау үшін қолданылады.

Әріптік және цифрлық индекс астында жұмыстық кернеудің мәні мен оның типі бейнеленген. Айнымалы ( ) немесе тұрақты(-).

3. Автоматты ажыратқыштың 3- сүретінде көрсетілген маркировка немесе белгілер а- электромагнитті және В- жылулық ағытқыштар. Бұл ажыратқыш жоғарыда айтып кеткендей жылулық және электромагнитті принцип бойынша ажыратады.

4. Номиналды жұмыстық кернеуі 400 В, қысқұа тұйықталу кезіндегі номиналды өшіру тогы 4500 А және ток шектегіш класс дәрежесі -3.

Автоматты ажыратқыш таңдау шарты:

Автоматты ажыратқышы таңдаудың басты шарттары келесідей:

  • Полюстар саны;

  • Номиналды кернеу;

  • Максималды жұмыстық ток;

  • Қысқа тұйықталуға қарсы ажырату ток күші

1. Полюстар саны. Ажыратқыштың полюстар саны желідегі фазалапр саны мен сәйкес анықталады. Бір фазалы желі үшін 1 полюсты немесе 2 полюсты ажыратқыштар, 3 фазалы желі үшін 3 полюсты немесе 4 полюсты ажыратқыштар таңдалады. Тұрмыстық секторда әдетте 1 немесе 2 полюсты автоматты ажыратқыштар қолданылады.

2. Номинальды кернеу. Ажыратқыштың номинальды кернеуі –Uаж желідегі номинальды кернеуден – артық немесе тең болуы шарт.

3. Максимальды жұмыстық ток. Автоматты ажыратқышты максимальды жұмыстық ток шарты бойынша таңдау үшін ажыратқыштың номинальды ток күші Іав.ном есептелген максимальдық жұмыс ток күшінен Ітах артық немесе тең болуы шарт:


https://youtu.be/yYGVL29ONAc


Бақылау сурағы:

  1. Автоматты ажыратқыш дегеніміз не?

  2. Автоматты ажыратқыштың қандай түрлері бар?

ІV.Өтілген сабақты пысықтау, қорытындылау:

Тақырып бойынша оқушылардын сурақтарына жауап беру

ә) Оқушылардың білімін бағалау: оқушыларды біліміне, сабаққа қатысқандығы және ынтасына қарай бағалау

б) Үйге тапсырма беру: конспект бойынша оқып үйреніп келу


Пән оқытушысы: Усаров Б

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
15.02.2022
962
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі