Материалдар / Ашық сабақ. Ауа райы және метеорологиялық элементтер. 7 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. Ауа райы және метеорологиялық элементтер. 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ауа райы ұғымы, ауа райын болжау, бақылау туралы ,Ауа райының метеорологиялық элементтері, метеорологиялық құралдар туралы мәліметтер мұғалімдерге қажет материал.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Шілде 2018
6111
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы:

Ауа райы және метеорологиялық элементтер.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Ауа райы және оның метеорологияық элементтері, метеорологиялық құралдар, ауа райын болжау және бақылау туралы саралайды.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Ауа райы және оның метеорологияық элементтері туралы біледі.

Көпшілігі: Метеорологиялық құралдар және олардың қалай қолданылатынын ажыратады.

Кейбіреулері: Ауа райы мен климаттың адам өміріне әсері, ауа райын болжау мен бақылаудың маңызы туралы түсіндіреді.

Бағалау критерийі

Ауа райы, метеорология, синоптикалық метеорология, синоптикалық карта ұғымдарын анықтау.

Метеорологиялық құралдар және олардың қалай қолданылатынын сипаттау.

Ауа райын болжау мен бақылаудың маңызын, климат пен ауа райының жағдайларының адамдардың өміріне әсерін саралау.

Тілдік мақсаттар

Ауа райы ұғымы, ауа райын болжау, бақылау туралы түсіндіре алады. Ауа райының метеорологиялық элементтері, метеорологиялық құралдар туралы ажыратып айта алады. Ауа райын болжау мен бақылаудың маңызын, климат пен ауа райының жағдайларының адамдардың өміріне әсерін анықтап түсіндіреді.

Құндылықтарға баулу

Ауа райын болжау мен бақылаудың адам өміріне маңызы туралы бағамдайды.

Пəнаралық байланыс

Жаратылыстану пәні бойынша ауаның құрамын ажырата алады, экология пәні бойынша ауаның ластануының зияны туралы түсіндіреді.

Алдыңғы білім

Атмосфера қабаты, ауаның құрамы мен ауаны ластануды қорғау туралы біледі.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Сабақтың басы

10 минут

1. Ынтымақтастық атмосфера құру мақсатында бір-біріне есімдерінің бас әрпінен басталатын тілек айтады.

2. Үй тапсырмасы бойынша атмосфераның құрылысына сәйкестендіру тестін орындайды.

1.Тропосфера

А. Шекарасы 80 км-ге дейін, биіктеген сайын температу-радағы айырмашылықтың жоғарылауымен ерекшеленеді. Жаз айларында 75-89 км биіктікте, жылтыраған күміс тәріздес бұлттар қалыптасады.

2. Стратосфера

Ә. Температура биіктеген сайын жылынады. Жоғарғы

шекарасындағы (750 км) температура +1000°С-қа жетеді. Бірнеше қабаттан тұратын, иондалған газды сфера. Бұл қабаттардың радио байланысына әсері бар. Полярлық ен-діктерде күннің әсерінен поляр шұғыласы пайда болады.

3.Мезосфера

Б. Жоғарғы шекарасы 17-18 км биіктікке дейін көтеріледі, төменгі шекарасы жер бетімен шектеседі. Қалыңдығы бірдей емес. Экватордың үстінде 18 км, поляр маңында 8-9 км, орталық белдеулерде 10-11 км.

4.Термосфера

В. Ең жоғарғы(сыртқы) сфера. Кейде шашыранды сфера деп те атайды. Бұл жердегі ең жеңіл газдар планета ара-лық кеңістікке шашырап, жердің тәжін қалыптастырады. Бұл қабат әлі толық зерттелмеген. Жорамал бойынша t 2000°С-қа жетуі мүмкін.

5.Экзосфера

Г. Шекарасы 50-55 километрге дейін жетеді. Ауасы біршама тығыз, сондықтан да оттегінің мөлшері аз, су булары жоқтың қасы, температурадағы ауытқу мардымсыз.

Тапсырманы орындап болған соң бірін-бірі бағалайды.

3. Терминдермен топтарға бөліну: тропосфера, стратосфера, мезосфера, термосфера, экзосфера.

Сабақтың ортасы

20 минут

1. Жаңа тақырып бойынша «Аялдама» әдісімен топтық жұмыс.

І-ІІ. Білу және түсіну.

1. Ауа райы, метеорология, синоптикалық метеорология, синоптикалық карта дегеніміз не?

2. Ауа райын білудің маңызы қандай?

3. Ауа райы элементтеріне кластер құрыңыз.



ІІІ. Қолдану.

1. Метеорологиялық құралдардың аттарын жазыңыз, қолданылуын түсіндіріңіз.

2. Ауа-райы элементтерін өлшеудің маңыздылығын қарапайымнан (өзіңіз үшін маңыздылығы) күрделіге (шаруашылық үшін маңыздылығы) қарай талдау жасаңыз, мысалдар мен дәлелдер қолданыңыз.

Смайликтер арқылы өздерін-өздері бағалайды.

ІV. Сараптау.

1. Климат пен ауа райының жағдайларына адамдардың қандай шаруашылығы тәуелді келеді? Мысалдар келтіріңдер.

2. Әр айдағы, апта, күндердегі ауа райының жағдайын білу не үшін қажет? Түсінік бер.

Оқушылар өздерін «Отшашу» әдісімен бағалайды.

V. Синтездеу.

1. Ауа райына алдын ала болжам жүргізудің маңызын жинақтап қорытындылаңдар. Дұрыс және нақты болжамдар не үшін қажет?

Топтар өздерін «Бағдаршам» әдісімен бағалайды.

Сергіту сәті. Қазақ халқының ауа райы туралы болжамдарынан мысал келтірулерін ұйымдастыру.

- Торғайлар топталып, қайта-қайта ұшып-қонып, бүрісіп, сілкіне берсе, күн суытады.

- Бақа кешқұрым көп бақылдаса, ертеңіне күн ашық болады.

- Қыста құрлар мен шілдер қар астына мезгілсіз тығылса, онда онда көп ұзамай боран соғады.

- Егер қойлар қыстың күні қораға еркін кірсе, ауа райы жақсы болады.

- Егер бұлт ортасынан ыдыраса, ауа райы бұзылайын дегені, ал бұлт шетінен келсе, ауа райы оңалуға бет алғаны.

- Егер жаңа туған ай шалқалап туса, ол айда ауа райы малға жайсыз, ал жаңа ай тік туса, ауа райы малға жайлы болады.

- Балықтар су бетіне шығып шоршып ойнай бастаса, көп ұзамай жауын жауады.

- Қыста тауық ерте қонақтаса, күн суытады.

- Жауын құрты жер бетіне шықса, жаңбыр жауады.

- Мысық керіліп, ұйқыға берілсе, онда ұзақ уақыт ауа райы жайлы болады.

Сабақтың соңы

10 минут


1. Сабақты бекіту кезеңінде «Тележүргізуші» әдісімен сұрақтарды талдайды.

V. Бағалау.

1. Синоптиктердің кей уақытта ауа райына беретін болжамдарының нақты

еместігіне сендер қолдау білдіресіңдер ме? Өз дәлелдемелеріңнен мысалдар келтіріңдер.

2. Мемлекеттік қызмет жасайтын Қазгидрометтің рөлін шаруашылыққа беретін пайдасын бағалаңдар.

Топтар бірін-бірі «Жапондық бағалау» әдісімен бағалайды.

2. Үйге тапсырма беру. §18. Ауа райы және метеорологиялық элементтері туралы оқып келу, сұрақтар мен жауаптар дайындап келу.

3. Бағалау. Сабақтың басынан бастап жауап берген оқушыларға жетон беріледі, сабақтың соңында жетондарының саны бойынша бағаланады.

Тапсырмалар саны – 9: 1-5 жетон – «3»; 6-7 жетон – «4»; 8-9 жетон – «5» деген баға қойылады.

4. Рефлексия «Білім вагондары» әдісі. Түсіндім, сұрақтарым бар, түсінбедім деген сұрақтарға стикерлерге жауап жазып вагондарға жапсыру.



























































Сабақтың тақырыбы

7.3.2.7.Қолайсыз атмосфералық құбылыстар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Қолайсыз атмосфералық құбылыстарды талдай отырып сақтану шараларын ұсынады.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы орындай алады: Қолайсыз атмосфералық құбылыстар жайлы айтады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Қолайсыз атмосфералық құбылыстардың болу себептерін түсіндіреді.

Кейбір оқушылар орындай алады:Қолайсыз атмосфералық құбылыстардан сақтану

шараларын сипаттай алады.

Бағалау критерийі

Барлық оқушылар орындайды: Қолайсыз атмосфералық құбылыстарды ажыратады.

Көпшілігі орындайды алады: Пайда болу жолдарын анықтайды.

Кейбір оқушылар орындайды: Сақтану шараларын ұсынады.

Тілдік мақсаттар

1.Үсік, шаңды дауыл, құрғақшылық ұғымдарын айта алады.

2.Оқушылар дерек көздерін пайдаланып аймақтарға ауызша, жазбаша сипаттама бере алады.

3.Негізгі зардаптарынан қорғану жолдарын ұсынып қорытынды жасайды.

Құндылықтарға баулу

Ауа райының қолайсыз құбылыстарының қауіпсіздік ережелері туралы мағлұмат алады.Жергілікті жерлердің экономикалық және экологиялық апат жағдайларынан болатын шығындарды қалпына келтіру жолдарын біледі.

Пəнаралық байланыс

Физика және жаратылыстану пәндерінен ауа райының құбылыстары туралы біледі.


Алдыңғы білім

Ауа райы құбылыстары туралы біледі. Ауа райының қолайсыз құбылыстарына анықтама бере алады. Ауа райы құбылыстарынан болатын апаттардың пайда болу себеп пен салдарын біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Сабақтың басы 10 мин

Психологиялық ахуал:«Екі жұлдыз бір тілек»- Менің қолымда кішкентай сиқырлы күн бар. Ол сіздерге жылу, қуаныш, табыс, бақыт, сүйіспеншілік сыйлайды. Оны сіздер бір-бірлерінізге беріп, бүгінгі сабаққа тілек айтыңыздар.

Топқа бөлу: Синоптиктер мен метеорологтар топтарына бөлінеді.

Ғажайыптар әлемі»

Африканың шөл зонасында вельвичия өсімдігі бар. Алып жапырақты гүлге ұқсайды. Ылғалды ауадан жұтып, түнгі суықтағы шықтан алады. Шөл далаға шық пен ылғал қайдан келеді? (Тропосфераның қасиеті 4 элементінде: температура, қысым, жел және жауын-шашын)

«Сұрақтары бар қорап» стратегиясы.

Үй тапсырмасын қайталау.

Сабағымыздың мақсатына жету үшін мынандай айғақтарға жауап берейік.

1.Бүгінгі күнгі ауа райының кешегі ауа райынан күрт айырмашылықтары бар. № 1 айғақ - Ауа райының күнтізбесіне назар аударыңыздар. (күнтізбелерді таратады немесе бір үлкен күнтізбені тақтаға іледі).

Жаңа сабақ. Жер шарындағы адамдарды ауа-райы қызықтырады. Американың жазушысы Марк Твен: «Егер ауа райы өзгерсе, біраз тосу керек» деп жазған. Сендер қалай ойлайсындар неге? Ендеше бұл сұраққа жауап беру үшін бүгінгі сабағымыздың тақырыбын ашайық.

Ауа райы құбылыстары және қолайсыз атмосфералық құбылыстар.

«Т-кестесі» стратегиясы. «Бейнефильм» көрсету.

Сабақтың ортасы 25 мин

Кластер құру. Оқулық мәтінмен жұмыс. «Insert» әдісі арқылы постер құрау.


Көптеген ақын-жазушылар өз жерінің ауа райы құбылыстары туралы өз еңбектерінде сипаттап жазады. Абай атамыздың “Күз” деген өлеңі:

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма, Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.


Сабақты бекіту.

Сабақтың соңы 10 мин

«Ойлан –тап» әдісі. Сәйкестіндіру кестесін құру.

Құрғақшылық, үсік, көктайғақ, бұршақ, носер жауын ұғымдарын төмендегі суреттермен сәйкестендір.

«Ақпараттар әлеміне саяхат»

Географиялық диктант

Қолайлы ауа райын бір қатарға, қолайсыз ауа райын бір қатарға цифрлармен жазу.

1.Қысқы ашық аспан; 2.Бұлттылық артты; 3.Түтін жоғары көтерілді;

4.Бұлт батыстан жақындап төмендеді; 5.Қатты жел түнде тынышталды;

6.Қысым жоғарылады, өзгермеді; 7.Түнде жылынып келеді; 8.Күн бұлтқа кіріп кетті;

9.Түнде төменде суық, төбеге қарағанда; 10.Аспан бұлтты.

Сабақты қорыту

«Допты лақтыру» әдісі арқылы сабаққа саралау жасалады.Мұғалім тақырып бойынша сұрақ қойып, оны оқушыға лақтырады. Оқушы жауап беріп, өзі сұрақ қою арқылы келесі оқушыға лақтырады. Сұрақтар жаңа тақырыпқа байланысты болуы қажет.

1.Қолайсыз атмосфера құбылыстарын қандай екі топқа бөлуге болады?

2.Құрғақшылық пен ыстықты қандай белгілер біріктіреді?

3.Нөсер жауын неліктен аса қауіпті?

4.Үсік адамдардың денсаулығына әсер етеді ме?

5.Сендердің мекендерінде қандай қолайсыз атмосфералық құбылыстары байқалмайды?

6.Шаңды дауылдар және аңызақ желдермен күресте неліктен бірдей шаралар қолданылады?

«Нысана» әдісімен сабаққа бағалау жасалады.


Қадамдарды қоршау арқылы оқушы бүгінгі сабақта қанша % түінгендігін анықтап, санды белгілейді.

Рефлексия

«КЕРІ БАЙЛАНЫС»

Бағалау:

Сабақ элементтері Балл

Үй тапсырмасы

Шығармашылық тапсырма.

Эссе

1. Өз жеріңізде жиі байқалатын қолайсыз атмосфералық құбылыстарды атаңыз.

2.Қалай пайда болатынын түсіндіріңіз.

3.Сақтану жолдарын ұсыныңыз.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!