Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Ауаның ластануы. Ауаны қорғау 4 сынып дүниетану пәні

Материал туралы қысқаша түсінік
Ауаның ластануы. Ауаны қорғау тақырыбындағы ашық сабақ дүниетану пәнінен өтілген.Бұл сабақтың тәрбиелік мәні зор. Жалпы өмірмен байланыстырылған сабақ. Әдістемелік көмек ретінде мұғалімдер өз сабақтарында пайдаланса болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

4 Бсынып

Дүниетану 12.12.14ж Дәуренова А

Сабақтың тақырыбы

Ауаның ластануы. Ауаны қорғау

Сілтеме

Дүниетану Алматы «Атамұра» 2012ж

Жалпы мақсаттар

Тақырыптың негізгі ойын ұғындыру, сыни тұрғыдан ойландыра отырып, негізгі ойды талдату,шығармашылығын дамыту.

Көрнекіліктер

Оқулық, бейнефильм,тәжірибеге арналған заттар,таратпа қағаз,маркер, ватман,таратпа суреттер,карта,слайд

Оқытудың нәтижесі

Ауаның табиғи және жасанды жолмен ластанатынын біледі, ауаны қорғау жолын үйренеді.

Оқыту әдісі

Диалогтік әдіс, топтық жұмыс,СТО

Түйінді идеялар

Ауаны тазартудың ең тиімді жолы—көгалдандыру.Таза болса ауамыз , дені сау ұрпақпыз.

Бағалау түрі

Топтық бағалау,өзін-өзі бағалау

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Кіріспе

3мин

Сәлемдесемін. Психологиялық тренингтен кейін, сыныпты таратпа суреттер арқылы үш топқа бөлемін.

1-топ Экологтар

2-топ Ғалымдар

3-топ Тілшілер

Топтық ереже құруға нұсқау жасаймын, бағалау парағын таратамын. Бағалау критерийін нақтылаймын.

Сәлемдеседі. Интерактивті тақтадан психологиялық жаттығуды өздері оқиды.

Мен сабақта отырмын,

менің көңіл күйім жақсы,

мен мұғілімді зейін қойып тыңдаймын,

мен білгенімнің барлығын есімде сақтап қаламын,

мен сабақ оқығым келеді,

мен сабаққа дайынмын.

Топбасшы сайлайды, топтық ереже құрады.

Негізгі бөлім



2мин










4мин










2мин






1мин






4мин











4 мин





12мин







2мин















8мин

«Көрінбейтін сиқыршы»

Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен әркім-ақ, күнделікті кездесіп отырады. Сен оны көрмейсің, бірақ маңайында екенін сезесің. Міне, ол есікті тарс жапты, терезені ашты. Көшемен келе жатқанда жапырақтың жұлынып түсіп, жорғалай жөнелгенін көресің, оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанын сезесің. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Мұндай сиқыршыны көрмесең де күнделікті ісі, мінез-құлқы бізге таныс. Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді. 


Өткен сабақты бекіту

1.Көрші мектептен келген хат

1-топ Шырағдан, стакан, банка

1-топ Су,қант, түтікше,қасық

3-топ Шар,доп, су


2.Ауа туралы ассосацияқұру

Жаңа сабақ. 1. Ой қозғау.

Бейнефильм көрсету.

Миға шабуыл сұрақтар қоямын.

-Бұл фильмнен не көрдік?

-Сендерде қандай ой қалыптасты?


Мағынаны тану. Жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру, мақсатын айқындау.

Топтарға тапсырмалар беремін.


1.Оқулықпен жұмыс

Топтарға мәтінді азат жолы бойынша бөліп оқуға және мазмұнын айтып беруге нұсқау жасаймын.


2.Топтық тапсырма

1-топ Экологтар

Ауаның ластану жолдарын айт

2-топ Ғалымдар

Ауаны қорғау жолдарын тап

3-топ Тілшілер

Орман ағаштары кесілгеннен кейін табиғатта қандай өзгерістер болады? Орман ағаштарының тигізетін пайдасы.

3.Сергіту сәті Дыбыстық гимнастика

А- барлық ағзаға жайлы әсер етеді;

Е- қалқанша безге әсер етеді;

И- миға, көзге, мұрынға, құлаққа әсер етеді;

О- жүрекке, өкпеге әсер етеді;

У- асқазан маңындағы ағзаларға әсер етеді;

Я- барлық ағзаның жұмыс істеуіне әсер етеді;

Х- ағзаның тазаруына көмектеседі;

ХА-көңіл-күйді көтеруге көмектеседі.

Әрқашансеніменбірге

Дем алу үшін - ауаң,

Жылыну үшін - отың,

Шөлің қану үшін- суың,

Өмір үшін –жерің ...болсын!


4.Шығармашылық тапсырма

І топ «Экологтар»

« Егер табиғатқа тіл бітсе...» ойды жалғастыру

ІІ топ «Ғалымдар»

«Таза қала» сурет салу

ІІІ топ «Тілшілер» Эссе жазу

«Ауаны тазартуға қосатын үлесіміз»


Жұмбақтың шешуін табады.Өтіліп жатқан тарау туралы нақтылап өтеді.












Көрші мектептен келген хаттан әр топ өз тапсырмасын алып, ауаның қасиетіне байланысты тәжірибе көрсетеді.Өз тәжірибесі туралы түсіндіріп береді.




Ауа туралы ассосация құрып, ауаның жалпы қасиетін қорытындылап шығады.






Жеке жұмыс

Ауа райы туралы мәліметпен таныстырады.






Бейнефильм мазмұнын талдайды,сұрақтарға жауап береді. Әр топ өз ойларын айтады.

Визуалды ақпарат алады.




Жаңа сабақтың тақырыбымен танысады, мақсатын айқындайды.



Мәтінді тізбектеп оқиды, мазмұнын сағат тілі бойынша айтып шығады.



Экологтар тобы ауаның ластану жолдарын таратпа суреттер арқылы дәлелдеп береді.

Ғалымдар тобы ауаны қорғау жолдарымен таныстырады.

Тілшілер тобы орман ағашының пайдасы мен орманның кесілгеннен кейінгі жағдайын сипаттайды.

Әр топ тапсырмасын орындауда белсенділік танытады.


Дыбыстық гимнастика жасау арқылы рух пен денесі тынығады.













Экологтар тобы табиғатты сөйлетеді.

Ғалымдар тобы таза қаланың суретін ұсынады.

Тілшілер тобы ауаны тазартудың жолы туралы эссе жазады.

Әр топ өз жұмыстарын тақтада қорғайды.


Кері байланыс

3мин

-Сабақтан алған әсерің?

- Қандай тапсырма ұнады?

-Бүгінгі сабақтан не білдің?

- Нені білгің келеді?

Көңіл-күй парақтарын «Даму» ағашына іледі.

Үйге тапсырма

Мәнерлеп оқу, әңгімелеу, ауа туралы жұмбақ құрастыру

Күнделікке жазады.

Бағалау

2мин

Оқушылар қойған сумативті бағадан формативті баға қоямын.

Топтар бір-бірін бағдаршам түстерімен бағалайды.

Топбасшы әр топ мүшесін бағалап отырады.

Қорытынды

( не сәтті,не сәтсіз?)




Психологиялық жаттығудан кейін оқушылар таратпа суреттер арқылы топқа бөлінді.Топқа бөліну кезеңінде қиындық туындаған жоқ. Өткен сабақты қорытындылау мақсатында ауаға байланысты тәжірибе көрсетіп, ауаның қасиеттерін дәлелдеп берді.Тақырыпқа байланысты бейнефильмді талдауда өз ойларын айта білді, пікірлесті.Топтық тапсырма орындау кезінде оқушылар белсенділік танытты. Оқушыларды мақтап, ынталандырып отыру олардың пәнге деген қызығушылығын арттырды. Оқушылар бір-бірін бағалауды үйренді.Топтық тапсырмалар арқылы оқушылардың бірін-бірі оқытатынына көз жеткіздім. Жалпы сабақ қарқыны жақсы болды. Шығармашылық жұмыстар арқылы оқушылардың қабілеті анықталды.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
2476
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі