Материалдар / Ашық сабақ "Азот қышқылы және оның тұздары" 9 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Азот қышқылы және оның тұздары" 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал жаңа технологиялық әдіс-тәсілдермен жасалған.Ұстаздарға пайдасы тиеді деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
4472
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Азот қышқылы және оның тұздары

Сабақтың мақсаты: 1) оқушыларға азот қышқылының алынуы, физикалық қасиетін, химиялық қасиеттерін, қолданылуын, нитраттардың ерекше қасиеттерін түсіндіру, ұғындыру, меңгерту.

2) Азоттың қосылыстары туралы білімдерін кеңейту,тереңдету, шығармашылық міндетін дамыту.

3) Оқушылардың дүниетанымдылығын кеңейту. Білім алуға саналы көзқарастарын дамытуға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақ әдісі: интерактивті, дәріс, диалог.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Өткен материал бойынша жұмыс.

  1. Сұрақ

    Жауап

    1

    Азоттың сутекті қосылысы

    а) N2

    2

    Азоттың (IV) оксиді қандай газ.

    ә)NO

    3

    Азоттың тұз түзбейтін оксиді қандай газ

    б)N2O,NO,N2O3,NO2,N2O5

    4

    Ауада таралуы 78%

    в)NH4OH

    5

    Атмосферада найзағай ойнағанда түзілетін оксид

    г)Mg3N

    6

    Ауада тотығатын оксид.

    д)HNO3

    7

    Магний азотпен әрекеттесіп түзіледі

    е)қоңыр улы газ

    8

    Азот оксиді сумен әрекеттесіп, не түзеді.

    ж)түссіз газ

    9

    Азоттың бірнеше оксидтері бар

    з)азот(II) оксиді

    10

    Әлсіз негіздік қасиет көрсетеді

    и)NH3

    Сәйкестендіру тест.

Жауабы: 1и, 2e, 3ж, 4а, 5з, 6ә, 7г, 8д, 9б, 10в.

  1. Азот, Аммиак, азот(IV) оксиді сөзіне сиквейн құру.

Не?

Қандай?

Не істейді?

Не үшін?

Синоним

  1. Оқулықпен жұмыс: 1) Сандық есеп.

«Мектеп» 82 бет 7 — жаттығу. «Атамұра» 86 бет 4 — жаттығу

  1. Жаңа материалды меңгерту.

  1. Молекулалық, құрылымдық, электрондық кұрылысы. Тотығу дәрежесі HN+5O3

  2. Алынуы зертханада: NaNO3+H2SO4→NaHSO4+HNO3.

Өнеркәсіпте: NH3→ NO→NO2→HNO3

  1. Физикалық қасиеті: өткір иісті, түссіз сұйықтық, ылғал тартқыш. Жарық пен жылу әсерінен ыдырайды. 4HNO3→4NO2+2H2O+O2

  2. Химиялық қасиеті: HNO3 – күшті тотықтырғыш

a) Басқа қышқылдармен ортақ қасиеттері

CuO+2HNO3→Cu(NO3)2+H2O

Cu(OH)2+2HNO3→Cu(NO3)2+H2O

NaOH+HNO3 → NaNO3+H2O

ә) Өзіне тән қасиеттері

Cu+4HNO3(конц.) →Cu(NO3)2+2NO2↑+2H2O

3Cu+8HNO3(сұй.) →3Cu(NO3)2+2NO2↑+4H2O

Zn+4HNO3(конц.) → Zn(NO3)2+2NO2↑+2H2O

4Zn+10HNO3(сұй.) →4 Zn(NO3)2+NH 4NO3↑+3H2O

4Mg+10HNO3(сұй.) →4 Mg(NO3)2+N 2O+5H2O

Au+3HCl+HNO3→AuCl3+NO+2H2O

Pt, Pd, Ir, Au әрекеттеспейді Al – пассивтенеді

S+2HNO3(сұй.)→H2SO4+2NO

S+6HNO3(конц.)→H2SO4+6NO2+2H2O

3P+5HNO3+H2O→3H3PO4+5NO

  1. Қолданылуы

Бояулар; дәрі-дәрмектер, қопарылғыш заттар, металдарды өндіру, нитраттар талшықтар, пластмассалар

  1. Азот қышқылының тұздары – нитраттар NaNO3, KNO3, Ca(NO3) 2, NH4NO3 – селитралар.

Азот қышқылының тұздары қыздырғанда ыдырайды

Li – Mg Al – Pb Cu –Au

Me(NO2)x+O2 Me xOy +NO2+O2 Me+NO2+O2

Мысалы: 2KNO3→2KNO2+O2↑

2Pb(NO3)2→2PbO+4NO2↑+3O2↑

2AgNO3→2Ag+2NO2↑+O2

  1. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Сендер мына тұжырыммен келісесіндер ме?

  1. Азот күшті тотықтырғыш.

  2. Азот қыщқылы тек еритін негіздермен әрекеттеседі.

  3. Азот қышқылы жарықта ыдырайды.

  4. Азот қышкылы тұздары нитриттер деп аталады.

  5. Азот қышкылы металдардың активтілік қатарындағы металдармен әрекеттеседі.

  6. Азот қышкылы алюминиді пассивтейді.

  7. Азот қышкылын өндірісте аммиактан алады.

  8. Азот қышкылы металдармен әрекеттескенде сутегі бөлінбейді.

Жауабы: 1-иә, 2-жоқ, 3-иә, 4-жоқ, 5-жоқ, 6-иә, 7-иә, 8-иә.

  1. Деңгейлік тапсырмалар.

1 деңгей: Азот қышқылындағы азоттың тотығу дәрежесі.

2 деңгей: Мына тізбекті жүзеге асыр.

N2→NH3→NO→NO2→HNO3→Cu(NO3)2

3 деңгей: 12,6 г азот қышқылын бейтараптауға неше грамм калий гидроксиді жұмсалады? (11,2 г)

  1. «Лабиринттік ойын». Реакция теңдеуін жазыңыз.

Жауабы:

CuO+2HNO3→Cu(NO3)2+H2O HNO3+NaOH→NaNO3+H2O

  1. Үйге тапсырма: «Мектеп» §19. 2- жаттығу

«Атамұра» §19. А-2, В-1,3. С-1,4

«Нитраттардың ағзаға әсері» реферат.























































Сабақтың тақырыбы: Азот қышқылы, қасиеттері, тұздары.

Мақсаты:1.Концентрациялы және сұйытылған азот қышқылының, нитраттардың қасиеттері жөніндегі білімдерін жүйелеп, бекіту.2.Оқушылардың практикалық біліктерін дамыту үшін сапалық реакция көмегімен нитрат-ионды анықтау дағдыларын дамыту. Адам өмірінде  осы заттардың маңызы жөнінде оқып,білу. Өз бетімен ізденіп жұмыс жасай білу біліктерін дамыту.  3. Шығармашылықпен жұмыс жасай білуге, жоба дайындау, оны қорғай білуге, өз ойын еркін айтуға,өзіндік ой қорытуға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа тақырыпты меңгерте отырып, бекіту.

Қолданылатын әдістер:   жоба қорғау, диктант, эксперимент,есептер шығару).

Көрнекіліктері мен құрал–жабдығы:1.Компьютер.2.Слайдтар.3.Бағалау парақтары.4.Кесте «Азот қышқылының металдармен әрекеттесуі».5.Реактивтер: азот қышқылы, мыс сым.6.Сынауықтар, штатив.7. Коллекция « Нитраттар».

 Сабақтың қанатты сөзі: «Білімменен өлшенер ертеңгі сенің өмірің».

 

Сабақ барысы

І.Үй тапсырмасын тексеру.

 

1

Азот оксидтерінің формулалары жазылған.

1)NO;  2) N2O;  3) N2O3;   4) NO2;   5) N2O.

Барлық оксидтерді атап, азоттың тотығу дәрежелерін табыңдар.

 

2

Азот (ІІ) оксиді,алынуы, оның қасиеттері.

3

Азот (ІҮ) оксиді, қасиеттері.

Әр қатардан 1 оқушы шығып жауап береді.

 

ІІ.Жаңа тақырыпты оқыту.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

  1. Презентация қорғау.

«Теоретиктер» тобы.

Слайд 1.

Тақырыбы: Азот қышқылының құрылысы, алынуы, физикалық  қасиеттері.

Мақсаты: азот қышқылының құрылымдық және молекулалық   формулаларын жазу, қышқыл құрамындағы азоттың тотығу дәрежесін анықтау, алыну жолдарымен танысып, реакция теңдеулерін жазу.

 

 

Слайд 2.

* Азот қышқылы:

А) молекулалық формуласы – HNO3;         O

Ә) құрылымдық формуласы— H –O –N+5

O

* Бірнегізді, күшті, тотықтырғыш, тұрақсыз қышқыл. Күн сәулесі әсерінен оңай ыдырайды. Сондықтан қышқылды қоңыр құтыларда сақтайды.

 

*Күшті электролит, суда ерігенде толығымен диссоциацияланады;

HNO3      H+ + NO3-

*Азоттың ең маңызды қосылысы.

 

 

 

 

 

 

Слайд 3.

Азот қышқылының алынуы.

                                       А з о т   қ ы ш қ ы л ы

 

 

 

 

 

Лабораторияда                                                                өндірісте

 

 

2NaNO3 + H2SO4 =Na2SO4 +2HNO3                 Аммиакты тотықтыру

 

 

 

Слайд 4.

 Физикалық қасиеттері.

Өткір иісті, түссіз сұйықтық. Тығыздығы – 1,52 г/ мл. -420С-та кристалға айналады. 860С-та қайнайды. Өте ылғал тартқыш. Ауада «түтіндейді», себебі буы ауадағы ылғалмен әрекеттеседі де, ұсақ тамшылар түзіледі. Концентрациялы азот қышқылы көбінесе сары түсті болады. Себебі азот қышқылы жартылай ыдырағанда азот (ІҮ) оксиді түзіледі. Оның түсі қоңыр.

Азот қышқылымен жұмыс істегенде өте сақ болу керек! Теріге, киімге тигізбеу керек!

Қорытынды.

 

«Экспериментаторлар» тобы.

Тақырыбы: Азот қышқылының химиялық қасиеттері.

Мақсаты: азот қышқылының өзіне тән химиялық қасиеттерін зерттеп, реакция теңдеулерін жазу.Металдармен әрекеттесу ерекшеліктеріне тоқталу.

Слайд 5.

Өте күшті тотықтырғыш. Барлық металдармен реакцияға түседі. Тек алтын және платинамен түспейді. Сутек бөлінбейді. Азот оксидтері, азот,аммиак түзіледі. Металдың белсенділігіне байланысты әртүрлі әрекеттеседі.

 


        әрекеттесуі

                реакция теңдеуі

 конц.

Fe, Cu , AI, Au

 

азот қыш-да ерімейтін оксидтік қабат болады.(металдың енжарлануы).

Сондықтан азот қышқылын алюминий және болат цистерналарда тасымалдайды.

алтын мен платина тек «патша арағында» ғана ериді. «Патша арағы» бір көлем азот және 3 көлем концентрлі тұз қышқылынан тұрады.

Au +3HCI +HNO3=AuCI3+NO+2H2O

 

Li, K, Na, Ba, Ca, Sr

 

N2O

 10HNO3 +8Li= 8LiNO3+N2O+5H2O

2N+5+8ē—2N+1     1 т/ғыш;

Li0 -1ē—Li+1        8 т/сызд.

 

Ауыр металдармен

 

NO2

2HNO3+Ag—AgNO3 +NO2 +H2O

N+5 +1ē—N+4    1 т/ғыш

Ag0-1ē—Ag+1     1 т/сызд.

сұйыт.

Сілт.металдар, сілтілік жер металдар, Zn,Fe

 

NH3

9HNO3+8K – 8KNO3+NH3 +3H2O

N+5 +8ē—N-3    1т/ғыш

K0 -1ē—K+1       8 т/сызд.

Ауыр металдар

 

NO

4HNO3 + 3Ag –3AgNO3 +NO +2H2O

N+5 +3ē—N+2     1 т/ғыш;

Ag0-1ē—Ag+1    3 т/сызд.

 

Слайд 6

Тәжірибе 17. Азот қышқылының мыспен әрекеттесуі.

Сынауыққа мыс сымды салып, үстіне 0,5 мл конц. Азот қышқылын құйыңдар. Газ өткізгіш түтігі бар тығынмен бекітіңдер.түтік ұшын ауызы төмен қараған құрғақ сынауыққа салыңдар. Не байқалды? Сынауық азот (ІҮ) оксидімен толған соң ауызын картон қағазбен жабыңдар. Неге? Реакция теңдеуін жазыңдар.


Распродажа обуви

Нажмите, чтобы заказать...

lamoda.kz



Тимберленды

Практичней и удобней обуви не найти! Заказывайте на laModa

lamoda.kz

от 7 150 тенге



Более 3000 моделей

Кроссовки и кеды. Для спорта и прогулок в любую погоду!

lamoda.kz


Cu + 4HNO3 – Cu(NO3)2 + 2NO2 +2H2O

Cu0-2ē—Cu+2    1 т/сызд.

N+5+ē—N+4        2 т/ғыш

Слайд 7.

Азот қышқылының қолданылуы

  • Азот тыңайтқыштарын алу;

  • Реактивтік отын;

  • Асыл металдарды өңдеу;

  • Қопарылғыш заттар алу;

  • Бояулар, дәрі-дәрмектер;

  • Талшықтар,пластмасса;

  • Фотопленка.

 

«Экологтар» тобы

 

Тақырыбы: Нитраттар.

Мақсаты:азот қышқылының тұздары-нитраттар, олардың алынуы, қасиеттері жөнінде оқып, білу. Нитрат-ионды анықтай білу. Реакция теңдеулерін жаза білу. Экологиялық сауаттылыққа үйрену.

 

Слайд 8

Азот қышқылының тұздары – нитраттар деп аталады.

Алынуы:металдарға, оксидтеріне, гидроксидтеріне қышқылмен әсер еткенде алынады.

2 NaOH +2NO2 = NaNO2 + NaNO3 +H2O

Суда жақсы еритін нитраттар – селитралар деп аталады. NaNO3, KNO3, NH4NO3, Ca(NO3)2.

Химиялық қасиеттері:

Қыздырғанда ыдырайды. Нәтижесінде әртүрлі өнімдер түзіледі. Металдардың активтік қатарына байланысты.

 

Me      Mg                       MeNO2 +O2

 

MeNO3           Me       Mg—Cu               MeO +NO2 +O2

 

                             Me      Cu                      Me +NO2+O2

 

Нитрат-ионды анықтау нитратқа мыс сымды саламыз. Қоңыр түсті газдың бөлінгеніне қарап білеміз.(реакция теңдеуін жазу).

Слайд 9

Қолданылуы:

  • Тыңайтқыштар;

  • Қара оқ-дәрі- KNO3;

  • Қопарылғыш заттар;

 

Қоршаған ортаға әсері қандай?

Көбіне тыңайтқыштар ретінде қолданылады. Қоршаған ортаны көп ластайды. Басқа тыңайтқыштарға қарағанда суда жақсы еріп, топырақта жақсы қозғалады. Нитрат жеміс, көкөністе жинақталып, адам ағзасына түседі. Ас қорыту жолында нитраттар нитритке айналып, ағзаны улайды. Нитрит

гемоглобинмен реакцияға түсіп, оттектің тасымалдануына кедергі келтіреді.     Тыныс мүшелерінің қызметі бұзылады. Капуста, аскөк,қызылша, асқабақ нитрат-  жинағыш болып саналады. Ағзаны уланудан сақтау үшін не істеу керек?

Нитраттар суда жақсы еритін болғандықтан, әсіресе жылы, сумен мұқият жуған дұрыс.көкөністерді қайнату нитрат мөлшерін 50-80%-ға азаяды. Тұздау, ашыту, маринадтау да азайтады.

Керісінше кептіру, шырын, пюре нитрат мөлшерін көбейтеді.

Ендеше нитраттар дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нұсқауы бойынша тәулігіне 5 мг-нан аспау керек. Дене салмағының 1 кг-на шаққанда.

Мұғалім:

Қосымша: «Патша арағы» дегенге түсінік бере кетейік. Себебі металдардың патшасы саналатын алтын ериді.

Сонымен азот қышқылы, оның түздары ең маңызды қосылыстары екенін оқып,білдіңдер. Енді әр қатар оқушылары өз жобалары бойынша 2 қатардағы оқушыларға  1 сұрақтан береді.

  1. Есептер шығару.(тақтаға).

1.

Азот қышқылының 500 мл 0,2 М ерітіндісін даярлау үшін тығыздығы 1,25 г/мл тең 40% ерітіндісінен қанша көлем керек?

2.

Көлемі 200 мл 36%-дық, тығыздығы 1,225 г/мл азот қышқылы көлемі 33,6 мл аммиак әрекеттескенде қанша аммоний нитраты түзілді?

3.

Массасы 176,7 г ас тұзы мен аммоний хлоридінің қоспасын қыздырғанда

50 л(қ.ж.)  газ бөлінген. Қоспаның құрамын есептеңдер.

ІІІ.Бекіту.

12 сұрақтан тұратын химиялық диктант. Соңынан жауаптарын жұппен тексеріп, бағалайды.

           11-12 – «5»;     9-10 – «4»;    7-8—«3»;

+1. Азот қышқылының формуласы – HNO3

+2.Күн сәулесі әсерінен ыдырайтын болғандықтан қоңыр құтыда сақтайды.

-3.Әлсіз электролит.

+4.Ылғал тартады, «түтінденеді».

+5. Өте күшті тотықтырғыш.

6.Барлық металдармен әрекеттеседі.

+7.Металдармен әрекеттескенде сутек бөлінбейді.

+8. «Патша арағы» 1 көлем азот,3 көлем тұз қышқылынан тұрады.

+9.Нитрат-ионды бөлінген қоңыр түсті газ арқылы анықтауға болады.

+10. Азот қышқылының тұздары – нитраттар деп аталады.

+11. Калий,натрий, кальций, аммоний нитраттары- селитра деп аталады.

+12. Ағзаны уландыратын азот қосылыстары-нитридтер.

ІҮ.Үйге тапсырма:§8.12. 1-жаттығу.

Ү.Қорытынды.

Рефлексия. Келесі тұжырымдармен келіссеңдер параққа + белгісін қойыңдар.

1.Мен өзімді жайлы сезіндім.

2.Мен тақырыпты жақсы түсіндім.

3.Мен сабақтың барлық кезеңдерінде белсенді болдым.

   ҮІ.Бағалау.

Өзіндік бағалау.

 

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!