Қауымдастық
Жаңа
ЖИ көмекші
Жаңа
Хабарламалар
Менің курстарым
Менің олимпиадаларым
Менің ҚМЖ-ларым
Менің материалдарым
Менің іс-шараларым
Менің байқауларым
Менің турнирлерлерім
Журнал
Курс Олимпиада Дайын ҚМЖ ЖИ көмекші Материалдар
Аттестация
Іс-шаралар
Байқау
Турнир
Орталық туралы
Материалдар
Журнал
Көпшілік талқылауына арналған
білім беру бағдарламаларының белсенді жобалары
Орталық туралы
ЖИ көмекші
Қауымдастық
0 / 1
Барлық 400 000 материалдарды тегін жүктеу үшін
Ұнаған тарифті таңдаңыз
Айлық
Жылдық
1 - күндік
Танысу
690 ₸ / 1 күнге
Таңдау
UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б.
  • 10 материал жасау
  • Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін
  • 30 материал жүктеу
  • Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз
  • шексіз
  • Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу
  • 5 файлды тегін жүктеу
  • Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
    1 - айлық
    Стандарт
    2990 ₸ / айына
    UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б. жасау
  • 30 материал жасау
  • Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін
  • 900 материал жүктеу
  • Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз
  • шексіз
  • Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу
  • 150 файлды тегін жүктеу
  • Жинақталған ҚМЖ бөлімінде - 50% жеңілдікпен жүктеу
    Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
    Іс-шаралар (мини-курстар, семинарлар, конференциялар)
  • тегін қатысу
  • 1 - айлық
    Шебер
    7990 ₸ / айына
    Таңдау
    UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б. жасау
  • 150 материал жасау
  • Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін
  • 900 материал жүктеу
  • Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз
  • шексіз
  • Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу
  • 300 файлды тегін жүктеу
  • Жинақталған ҚМЖ бөлімінде
  • 50 файлды тегін жүктеу
  • Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
    Іс-шаралар (мини-курстар, семинарлар, конференциялар)
  • тегін қатысу
  • Назар аударыңыз!
    Сіз барлық мүмкіндікті қолдандыңыз.
    Қалған материалдарды ертең жүктей аласыз.
    Ок
    Материалдың қысқаша нұсқасы

    Күні: 04.01.2024 ж. ТМ 9-212 тобы



    Сабақтың тақырыбы: «Бағдаршам сигналдарының мәні және осы

    сигналдарға сәйкес жүргізушілердің іс-әрекеті»

    Сабақтың мақсаты:

    1. Білімділік: Оқушыларды жолда жүру ережесіне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру.Оқушыларға бағдаршамның түрлерімен, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның атқаратын қызметі қандай екенін үйрету.

    2. Дамытушылық: Оқушылардың жол ережесі туралы білімін кеңейту, бағдаршамның түрлерін ажырата білуге үйрету. Жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыра отырып, жол ережесіне байланысты ұғымдар мен терминдерді білу адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру; есту, көру арқылы өз бетінше  логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, есте сақтау қабілетін дамыту.

    3. Тәрбиелік: Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға, әдептілікке, өзара достыққа тәрбиелеу.

    Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ

    Сабақтың әдісі: бағдарлап оқыту технологиясы

    Пән аралық байланыс: «Жолаушылар тасымалдаудың ұйымдастырылуы мен технологиясы», «Жүк тасымалдаудың ұйымдастырылуы мен технологиясы»

    Сабаққа қажетті материалдар: оқулық,  мультимедиялық проектор, тақырыпқа байланысты слайдтар, үлестірмелі кеспелер, тесттер.

    Сабақтың барысы:

    1. Ұйымдастыру кезеңі:

    • оқушылармен сәлемдесу;

    • сыныптың тазалығын қадағалап, оқушыларды түгелдеу;

    • оқушылардың сабаққа дайындығын және оқу құралдарын тексеру;

    • оқушылардың ықылас-зейінін сабаққа аудару және үй тапсырмасын сұрау.

    1. Өткен сабақты қайталау:

    1. Жол белгілерінің қанша түрі бар?

    2. Жолаушының міндеті

    3. Мәжбүрлі аялдау дегеніміз не?

    4. Аялдаманың тұрақтан айырмашылығы неде?

    5. Басымдылық белгілері туралы жалпы түсінік.

    6. ҚР-да жолда жүру ережелерінің жаңа нұсқасы қай жылы қабылданады?

    7. Тұрғын аймақтарда ескерту белгілері қанша арақашықтықта орнатылады?

    8. А-әрпі нені белгілейді?

    9. Тұрақ дегеніміз не?

    10. Жүргізушіге қандай жағдайда көлікті басқаруға тыйым салынады?

    11. Басып озу дегеніміз не?

    12. Жол таңбалардың түрлері қандай?

    13. Тігінен тұрған таңбалар қай жерлерде қолданылады?

    14. Қызмет көрсету белгілердің түрлерін атаңыз.

    15. Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары

    16. Көлденең таңбалар қай жерлерде кездеседі?


    1. Жаңа сабақ

    Б ірінші бағдаршам 1868ж 10 желтоқсанында Лондонда Британ парламенті ғимаратының алдына орнатылды. Ол құрылғыны өнертапқыш Дж.П.Найт теміржол семафорын жасаудың шебері болатын. Ол кезде бағдаршам қолмен басқарылды. Екі семафорлық қанаты бар болатын: Қанатының көлбеу көтерілгені тоқта дегенді, 45 градусқа салбырап тұрса, абайлап жүр дегенді білдіретін. Қараңғы түскен кезінде айналмалы газды шам пайдаланылды. Шамдағы қызыл, жасыл түстер көмегімен жолдар реттелді. Жаяу жүргіншілердің көшеден өтуін жеңілдету үшін жасалды. Оның белгілері көлік құралдарына арналған. Жаяу жүргіншілер жолдан өтіп болғанша, көліктер тоқтап тұруы тиіс болатын. 1869ж 2 қаңтарда газбен жанатын шам жарылып, бағдаршамды б асқаратын полицей жараланды. Көліктер де сол кезден ақ тұрып қалатын ұзыннан ұзақ.
    Автоматты түрде бірінші бағдаршам жүйесін 1910ж чикаголық өнертапқыш Эрнст Сирин жасап шығарды. Оған патент алды. Оның бағдаршамында Stop және Proceed жеген жазулар болды.
    Алғаш электрлі бағдаршамды тапқан өнертапқыш деп АҚШ-тың, Юта штатынан Лестер В айр тұрғыны еді.
    Ол 1912ж электрмен жанатын, қызыл мен жасыл түсті 2 дөңгелек шамы бар бағдаршам ойлап шығарды. Бірақ оны патенттеген жоқ. 1914ж 5 тамызында Америкалық бағдаршам компаниясы 105 көшенің қиылысқан жеріне Джеймс Хога жасап, төрт электрлі бағдаршамын орнатты. Қызыл жасыл түстерін ауысатын кезде дыбыс шығаратын. Әйнек үйшіктерде полицейлер басқаратын. 1920ж Нью Иоркте орнатылды. Ойлап тапқан өнертапқыш Уильям Поттс пен Джон Харрис.
    КСРОда 1 бағдаршам 1930ж 15 қаңтарда Ленинградта 25қазан мен Володор көшелерінде орнатылды. Сол жылы Мәскеуде 30 желтоқсанда көше қиылысытарында қойылды. Өнертапқыш Гарретта Морганның есімі жиі аталады. Ол бағдаршамның атасы дейді. 1922ж бағдаршам нұсқасын құрап, патентеді. Есімі тарихта жасағаны үшін емес, қолданылу үшін қалған. Бағдаршамның техникалық құрылғыларынан бөлек, автокөлік иесінің дәрежесіне емес, жолдағы қозғалысын реттеуге арналған деп айтып кеткен. 
    Алматыдағы алғашқы бағдаршам 1938ж Қызыл әскер Панфилов және Гоголь көшелерінде орнатылды. Бұрынырақ Алматыда 2 автомобиль болған. Бағдаршам пайда болғаннан бастап, жолда тәртіп сақтала бастайды. 1938ж көшелерде 11 бағдаршам қойылып, жолдар реттелді. Қазыр қалада мыңнан асады. Электронды бағдаршамдар пайда болды. Алғашқысы Байтұрсынов пен Тимирязев көшелерінде және Райымбек көшелерінде қойылды.

    БАҒДАРШАМ — бұл көше жолы жүйесінің нақты бөлігімен жол қозғалысына қатысушыларды кезекпен жіберуге, сондай-ақ жолдың қауіпті бөліктерін белгілеуге, темір жолдағы қозғалысты реттеуге арналған құрылғы. Ол белгі беру тәсілдеріне қарай: түрлі түсті Бағдаршам (жарығы жасыл, сары және қызыл түсті, ал темір жолда бұларға қосымша көгілдір және ақ жарық), позициялық Бағдаршам (бір түсті жарық) және құрама бағдаршам болып ажыратылады.

    Бағдаршам сигналдары.

    Сигналдары тігінен орналасқан бағдаршамдарда қызыл түс жоғарыда орналасады, ал жасыл-төменде; сигналдар көлденеңінен орналасқанда-қызыл сол жақта, жасыл-оң жақта орналасады. Бағдаршам сигналдары белгілі мақсатына байланысты дөңгелек, бағыттаушы түрінде жаяу жүргінші немесе велосипед кескінінде және Х-үлгісінде болуы мүмкін. Дөңгелек сигналды бағдаршамдардың бір немесе екі, дөңгелек жасыл сигналдың деңгейінде орналасқан жасыл бағыттаушы (көрсеткіш) түріндегі сигналдары бар қосымша секциялары болуы мүмкін. Бағдаршамның дөңгелек сигналдарының мынадай мәні бар: жасыл сигнал қозғалысқа рұқсат етеді; жасыл жыпылықтаған сигнал қозғалысқа рұқсат етеді және оның қолданылу уақыты өтіп барады және тыйым салатын сигнал іске қосылатындығын хабарлайды (жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жасыл сигналдың жануына дейін уақыт туралы секундпен хабар беретін сандық табло қолданылуы мүмкін). Сары сигнал Ереженің 5.6.-тармағында кез-келген басқа жағдайларда қозғалысқа тыйым салады және сигналдардың ауысқалы тұрғанын ескертеді; сары жыпылықтаған сигнал бағдаршаммен реттелетін көше қиылысын немесе жаяу жүргінші өтпесін білдіреді, қауіптен сақтандырады. Қызыл сигнал оның ішінде жыпылықтайтыны қозғалысқа тыйым салады. Қызыл және сары сигналдардың қосыла жануы қозғалысқа тыйым салады және жасыл сигнал жанғалы тұрғанынан хабар береді.

    Жол қозғалысына байланысты бағдаршамдар нақты бір бағытқа қатысты немесе сол бағыттың әр жолағы бойынша қозғалысты реттеуге қолданылады:

    • көліктер арасындағы және көліктер мен жаяу жүргіншілер ағымдары арасындағы дау-дамай туған жерлерде (қиылыстар, жаяу жүргінші өтпелерінде);

    • жүру бағыты қарама-қарсы бағытқа ауысуы мүмкін жол жолақтарында;

    • теміржол өтпелерінде, айырылатын көпірлерде, жағалауда, паромдарда, өтпелерде;

    • арнайы қызмет көліктері қарқынды қозғалысты жолға шыққан жағдайда;

    • жалпы қолданыстағы көлік құралдарының қозғалысын басқаруға.

    Бағдаршам жұмыс істеу бағытына қарай:

    1. Көлік

    2. жаяу жүргінші бағдаршамы болып екіге бөлінеді.

    Қазіргі кезде 7 типтік көліктік бағдаршам және 2 типтік жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршам бар.


    Бағдаршамның типтері.

    1-типтік көліктік бағдаршам – қосымша сексиясы жоқ бағдаршам. Ол барлық жол қозғалымы қиылыстарында пайдаланылады.

    300 мм – елді мекен ішінде

    200 мм – кәсіпорын ішінде

    700 мм – үлкен қалааралық автоарнада.

    Егер бағдаршамның қосымша сексиясы болса, онда негізгі сексияның линзасы жасыл стрелка бойымен жанып, басқа жері қара болуы мүмкін.

    2-типті бағдаршамда стрелкалар қозғалыс бағытын барлық линзаларда көрсетеді. 1200-1400-5000-нан артық көлік санына қарай бағдаршам қосымша секция орнатылса, 9 қауіпті нүкте болады.Бұл жерде қызыл және сары сигналдарға қарағанда, бұл типтің бағдаршамдарының жасыл сигналының жасыл бағыттауышы қара фонда болады.

    3-типті бағдаршамға негізгі бірінші типтік бағдаршам линзасының диаметрі 100 мм болған бағдаршам жатады. Ол қайталану бағдаршамы деп аталады.

    Қайталану бағдаршам негізгі бағдаршам алдында 1,5-2 м биіктікте орнатылады, негізгі бағдаршам көрінбеген жағдайда, тоқтау линиясы алдында қосымша 3-типті бағдаршам орналасады, оның көмегімен жаяу жүргіншіге жағдай жасалады. Мұндай типті бағдаршамдар автокөлік жолы велосипед жолымен қиылысқан жерлерде велосипед қозғалысын реттеуге де қолданады. Бұл уақытта бағдаршамның астынан велосипедтің бейнесі көрсетілген ақ түсті тақтайша бекітіледі.

    4-типті бағдаршам – реверсивті қозғалысты реттеу үшін қолданылатын бағдаршам. Олар көлденең орналасқан сигналдармен жабдықталған: Сол жағында Х үлгісіндегі белгі, оң жақта ұшымен төмен қараған жасыл бағыттауыш бейнесі. Екі сигнал да төрт бұрышты пішіндегі, қара фонда орналасады.


    5- типті бағдаршамның 4-сигналы ақ түспен белгіленген, диаметрі – 100 мм. Негізінен бағдаршам трамвай, троллейбус, автобус бағдарларын жарық арқылы реттеп отырады.


    6-типті бағдаршамдары кезекпен жыпылықтап тұратын, көлденеңінен орналасқан, диаметрі 200 және 300 мм дөңгелек пішінді екі қызыл (кейде бір) сигналмен жабдықталады. Қозғалысқа рұқсат еткенде сигналдар сөнеді. Бұл типті бағдаршамдарды темір жол өтпелерінің, айырылатын көпір, жағалаудың, арнайы көлік түрлерінің жолға шығатын орындарының алдында орналастырады.

    7-типті бағдаршам реттелген қиылыстарда және жаяу жүргіншілер жолында орнатылатын, тек қана сары сигналмен жабдықталған бағдаршам, ол әрқашан да (мигающий) жанып-өшіп тұрады.

    2.Жаяу жүргінші типті бағдаршамдары дөңгелегінің диаметрі немесе төрт бұрышының қабырғалары 200 немесе 300 мм тігінен орналасқан, екі дөңгелек пішіндегі немесе төрт бұрышты сигналдармен жабдықталған.

    1. Сабақты қорытындылау

    Біздің елімізде соңғы жылдары жол-көлік оқиғаларының түрлі себептермен күрт өсуі, мемлекетті алаңдатуда. Осы мәселенің оңтайлы шешімін табу үшін мемлекет тарапынан келесі өзгерістер қабылдануда, яғни ережені бұзғаны үшін төленетін айыппұлдар жоғарылады, жүргізуші бірнеше рет ішіп ұсталса абақтыға қамалады.

    Бұдан қорытындылай келетін болсақ, жалпы жол қозғалысындағы бағдаршамдар жылдан-жылға жаңаланып келеді. Атап айтсақ қазіргі кезде электр қуатын үнемдейтін жарық диодты жаңа бағдаршамдар. Жаңа үлгідегі құрылғылар электр қуатын 5 есеге дейін үнемдейді. Әрі 100 мың сағатқа есептелген. Алыстан жарқырап көрінеді.

    Сондықтан жүргізуші, жолаушы мен жаяу жүргінші жолдың жалпы ережелерін, жол белгілері мен жол таңбаларын, сонымен қатар бағдаршамды әр жақ өзінің міндеті мен тыйым салынатын нәрселерін біле отырып, өмір қауіпсіздігін сақтаса жол апаттарының санын азаюына өз үлестерін әрбір азамат қосар еді.


    1. Сабақты бекіту

    1. Қай автокөлікке тіке қозғалуға рұқсат?

    А) Ортадағы жүк автокөлігіне

    Б) Автобусқа

    В) Барлығына

    Г) Жеңіл автокөлікке

    Д) Ешқайсысына

    2. Көше қиылысынан өту кезек