Ашық сабақ "Бағдаршам" тақырыбында

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Бағдаршам" тақырыбында

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ "Бағдаршам" тақырыбында
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары: Қазақ тілі 4-сынып

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: «Бағдаршам».

Грамматика: Септік жалғау
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: оқушыларға бағдаршам, көше ережелері жайында түсінік беру, мәтінмен жұмыс жасауға, сұрақ қоя білуге, жауап бере алуға, септік жалғауларын дұрыс жалғай алуға үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың ой – өрісін, сөздік қорын, шығармашылық, ізденімпаздық қабілеттерін дамыту. 
Тәрбиелік: жол жүру ережелерімен таныстыра отырып, балалардың өз қауіпсіздіктеріне мән берулеріне тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: жаңа сабақ. 
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап, диалог, монолог.
Көрнекіліктер: суреттер, оқулық, тірек сызба.
Сабақтың барысы: 
I. Ұйымдастыру кезеңі. 

Сәлемдесу. Гимн айту. Балалардың көңіл- күйлерін сұрау.

Міндеттері:

Сабақта жұмыс жүргізу үшін қалыпты сыртқы жағдайды қамтамасыз ету;

Оқушыларды қарым-қатынасқа психологиялық дайындау;

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырыптарды қайталау.

III. Жаңа сабақ
1. Сөздікпен жұмыс: 
а) берілген сөздердің оқылуымен, аудармасымен, қолданылу аясымен таныстыру 
ә) сөздерді хормен, жекелеп оқытып шығу 
б) сол сөздерді қатыстыра отырып, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрату 
бағдаршам – светофор,

көше – улица,



2. Мәтінмен жұмыс: 
-оқушыларға мәтінді жекелеп, кезекпе-кезек оқытып шығу, 
-мәтінді аударту 

-мәтін бойынша сұрақ-жауап ұйымдастыру.


Бағдаршамда үш түс бар. Олар: қызыл, сары және жасыл түстер. Бағдаршамның қызыл түсі жанғанда – жолдан өтуге болмайды дегенді білдіреді. Сары түсі жанғанда - жолдан өтуге дайындаламыз. Ал бағдаршамның жасыл түсі жанғанда – жолдан өтуге болады дегенді білдіреді. Жолдан өтер кезде, өте мұқият болу керек.

Жазылым әрекеті: Мәтіннен зат есімдерді теріп жазу.

Сергіту сәті: «Көңілді күн»

- Сәлеметсің бе, Гүлжан!

- Сәлеметсің бе, Жандос!

- Бағдаршамда неше түс бар?

- Бағдаршамда үш түс бар.

- Олар қандай түстер?

- Олар: қызыл, сары және жасыл түстер.

- Қызыл түс нені білдіреді?

- Қызыл түс жолдан өтуге болмайды дегенді білдіреді.

-Сары түс нені білдіреді?

- Сары түс жанғанда - жолдан өтуге дайындаламыз.

- Жасыл түс нені білдіреді?

- Жасыл түс - жолдан өтуге болады дегенді білдіреді.

- Жарайды, жолың болсын!

- Рақмет, сау бол!

ІҮ.Сабақты бекіту: 
«Бағдаршам» сөзін септеу, «Бағдаршам» сөзіне фонетикалық талдау жасау.

Ү.Қорытынды:

Сұрақ – жауап:

Бағдаршам не үшін қажет?

Бағдаршамның түстері нені білдіреді?

YІ. Үйге тапсырма: деңгейлік тапсырмалар:

«Бағдаршам» тақырыбында диалог құрау немесе әңгімелеу.

YIІ. Бағалау: үй тапсырмасы бойынша және сабаққа белсенді қатысқаны бойынша. 
YIІI. Рефлексия. 

Сабағымыз аяқталды, сау болыңдар!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.00.2018
757
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі