Ашық сабақ Бала Мәншүк

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Бала Мәншүк

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні:

Ана тілі

Сыныбы: 4 «б»

Сабақтың тақырыбы:

Бала Мәншук

Мақсаты:


1. Мәншүк Маметованың балалық шағынан құрылған естелік әңгімемен таныстыру;
2. Оқушылардық ой өрісін, тілін, сөздік қорын дамыту;
3. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, ұлтжандылыққа, өзін - өзі бағалауға баулу.

Күтілетін нәтижеі:

1. Мәншүк Маметованың балалық шағымен танысады,
2. Сөздік қоры молаяды;
3. Өзін өзі бағалауға үйренеді, адамгершілік құндылықтарды түсінеді.

Ақпарат көздері, қолданатын материалдар:

Ресурс: алтын ереже, оқулық, маркер, стикер, постер, Power Point таныстырылымы, қалпақтар, бағалау парақтары.


Қолданылған әдіс-тәсілдер:

ББҮ кестесі, «Болжау», ментальді карта, «Алты қалпақ», «Блум таксономиясы», «Басбармақ» бағалау тәсілі.



Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Уақыты

Бағалау

Ұйымдастыру кезеңі:
а) амандасу, оқушыларды сабаққа дайындау
,сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін шеңбер болып турып ойын ойнатамын. Солдат дегенде екі адам топтасады,дивизия дегенде торт адам,батальон дегенде бес адам,бейбітшілік дегенде жеті адам топтасады. Осылай үш топка бөлінеді.

1 топ- Мәншүк

2топ- Әлия

3топ- Төлеген




Оқушылар мұгаліммен сәлемдеседі,ойынга белсенді қатысады,топтасады.

3 мин




Білу.

II. Үй тапсырмасын тексеру: Білу сатысы (тапсырмалары)
Өткен сабақта сіздер Әзиза Нұрмаханованың «Шығыс шынары» мәтінімен танысқан болатынсыздар. Сол бойынша әр топқа тапсырма берілген болатын. Олай болса соны тыңдап көрелік.
1 - топ: Әңгімені сахналау
2 - топ: Әлия Молдағұлова жайлы не білесіздер?
(«Жеке мінездеме» кластері)
3 - топ: Автор жайлы қысқаша мәлімет жинау
- Тағы қандай батырларды білесіздер?
- Осы әңгімеден өздеріңізге қандай үлгі алдыңыздар?
Топтар бірін бірі бағалайды.

Оқушылар уй тапсырмасын орындап шығады,қорғайды.

Топтар бірін-бірі шапалық арқылы бағалайды.

7 мин










4 мин




2 мин


Толық орындады-3

Мағынасыз- 2

Орындамады - 1


























Бүгінгі сабағымыз тағы да топтық жұмыс түрінде болмақ. Жаңа таұырып бойынша жұмыс жасамас бұрын бүгінгі сабаққа қатысты сіздердің мақсаттарыңызды анықтап алайық. Ол үшін ББҮ кестесін толтырып өтейік.
Білемін: - Мәншүк ержүрек, батыр қыз.
- Мәншүктің шын аты Мәнсия
- Кеңес Одағының батыры, қазақтың қаҺарман қызы
Білгім келеді: - Балалық шағын
- Соғысқа неше жасында аттанды?
- Автор жайлы
- Пулеметші болғаны рас па
?
2. Мәншүк Мәметова жайлы бейнефильм ( видео, слайд)

.

Оқушылар бейне баянды мұқият көреді,тыңдайды,топ ішінде талқыға салады.












2) Түсіну.

Мәтінді «Болжау» тәсілімен талдау.

Сұрақтар:
- Не түсіндіңіздер?
- Әңгімеде қандай қаланың аты берілген?
- Қандай балабақшаға барған?
- Тәрбиешісінің аты кім?
- Мәнсияны қалай суреттейді?
- Мәтіндегі негізгі ой не?
Сөздік жұмыс: Дерлік - түгел
Әсте қыңыр - басқаша, қызық, бір түрлі, өзгеше сөйлейді
Домбығып - ісіну, томпаю
Жаңа сөздерді оқушылар «
INSERT» әдісімен мәтінді оқи отырып, түсініксіз сөздерді анықтайды


Топпен ақылдасып тапсырманы орындайды.



5 мин



3) Қолдану

1 - топ: Мәншүк Маметова жайлы ресурстарға сүйене отырып «Картография» әдісі арқылы кестені толтыру толықтыру.
1944
ж Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
1943
ж Ерлікпен қаза тапты
1942
ж Атқыштар бригадасы Алматыдан майданға аттанды.
1941
ж 18 жасында соғысқа аттануға өтініш білдірді
1939
ж Комсомол қатарына қабылданды.
1922
Орал облысы, Орда ауданында туды.

2 - топ: «Бес жолды өлең» құрастыру.
3 - топ: Шығыстың қос шынары Әлия мен Мәншүкті «Түйнек» сызбасы түрінде суретте
.


Оқушылар топтық жұмыс ретінде орындайды,әр топ оөз жұмысын қорғап шығады.























4) Талдау.

Де Боненың «Алты қалпақ «стратегиясы бойынша. Оқушылар қалпақ түстеріне қарай топтарға бөлінеді. Мәтінді талдайды.
Ақ қалпақ: Шығарма не туралы?
Қара қалпақ: Шығармада не ұнамайды?
Сары қалпақ: Шығарманың жағымды жақтары. Несімен ұнады?
Қызыл қалпақ: Шығарманы оқығанда қандай сезімде болдың?
Жасыл: Сізде қандай жаңа ойлар пайда болды?
Көк: Шығармадан қандай үлгі алдың?
«Бас бармақ» әдісімен бағалау

Оқушылар 6 қалпак әдісі бойынша мәтінді талдайды,әр қалпақ өз позициясын қорғап шығады.



5) Жинақтау.

Жинақтау сатысы 5 мин
- Сіздердің ойларыңызша Мәнсия «моншағым» деген атқа лайықты ма?
- Мария Ивановнаның берген мінездемесімен келісесіздер ме?
- Мәншүкке кімнің тәрбиесі ықпал етті деп ойлайсыздар?

Жұптық жұмыс ретінде орындайды.


6) Бағалау.

ББҮ кестесінің «Үйрендім»бөлігін толтыру


Жетістік критерийлері:
- Топтық жұмысқа белсенді қатысамын;
- Қызықты пікірлер ұсынамын;


- Өзгелердің пікірін тыңдаймын;
- Өзімнің көзқарасымды айтамын және оны шебер дәлелдеймін;
- Сынып алдында жұмыс нәтижесін қорғаймын. Әр критерийге сәйкес болсаңыз 1 немесе 2 баллдан қойыңыз, жоқ болса 0 қою.
Өзін өзі бағалау:






Үй тапсырмасы:

Әңгімені оқу,мазмұндау. Әңгімедегі басты кейіпкер-

лерге мінездеме жазып келу.



Рефлексиялық кезең.

«Бүгінгі сабақтан алған әсерім? »

Оқушыларға кері байланыс парақшалары таратылып кері байланыс алынады.



3 мин





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.12.2018
598
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі