Жаңа
сабақ
Оқытушы
түсіндіреді
1. Балада мінездің
дамуы
Адамның бойындағы мінез
бітістерінің өзі үшін де, айналасындағы адамдар үшін де орасан зор
маңызы бар. Егер біреу туралы: “Оның мінезі қандай жаман” десе,
онда әдетте мұндай адамнан қашқалақтайды, ұжымда оның достары
болмайды, отбасында онымен бірге өмір сүру көбінесе мүмкін
болмайды. Кейбіреулер мінезді жақсарту мүмкін емес деп санайды. Бұл
дұрыс емес. Өз мінезін өзгерту ,оның теріс жақтарынан арылу және өз
бойында мінездің оңды жақтарын баулу – күрделі міндет. Бұл үшін, ең
алдымен, өз мінез-құлқымен жұмыс жасау, оны тәрбиелеу және қайта
тәрбиелеу мақсатын мықтап қолға алып, батыл алға қою керек; тым
дандайсудан арылу, өзіне сын көзімен қарауға тырысу, өзінің
кемшіліктерін айқын көру үшін, мінез-құлқына қаталдау қарау
қажет.
Баланың мінезін
қалыптастыруда оның теріс істері мен қылықтарын кезінде көре біліп,
ретіне қарай оған түрлі жаза қолданып отырған дұрыс. Жазалаудағы
негізгі мақсат-теріс жолға түскен баланы қайта жақсы қасиеттерге
тәрбиелеу, жазалауды да мадақтау сияқты ептілікпен, ерекше
байсалдылықпен қолдану қажет. Оқушының мінез бітістерінің
қалыптасуында дене шынықтыру жаттығулары мен тұрақты күнделік
тәртіптің де тигізетін пайдасы мол. Адам мінез бітістерінің түрлері
қаншама көп болса, бұларды тәрбиелеудің жолдары мен әдістері де сан
алуан. Балалардың мінез-құлқын
тәрбиелеуде отбасы мен мектептің алатын орны ерекше. Мектеп-бала
мінезінің жақсы жақтарын жүйелі түрде дамытып отыратын негізгі
орын. Балалардың мінезін тәрбиелеуде оларды мектептен тыс
өткізілетін жұмыстарға және әр түрлі ғылыми үйірмелерге қатыстыру
айтарлықтай жәрдем береді және де балалардың мінез бітістерін
тәрбиелеуде еңбектің алатын орны ерекше. Еңбек үстінде адам өзіне
қажетті материалдық игіліктерді өндірумен бірге өзінің
психологиялық қасиеттерін де дамытып отырады. Балаларға талап қоя
білу, оның нәтижесін қадағалау – баланың мінезін тірбиелеудегі
басты әдістердің бірі.
Студенттердің жеке
жұмыс:
1-
Тапсырма: «Менің атым Қожа»
фильмі бейнетаспа көріп сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар:
1.Қожаның
мінез-құлығының қасиеттері?
2.Қожаның өзін-өзі
тәрбиелеу?
3.Қожаның өмірдегі
кездескен қиыншылықтары?
4.Қожаның мінезінің
өзгеруіне не әсер етті?
5.Қожаның өзгеруіне
дос әсер етті ме?
6.Қожаның сабағының
төмендеуіне не әсер етті?
2-
Тапсырма: Пікір талас
тудыру
1. Баланың мінезінің
дамуы отбасылық тәрбиенің әсері
3-
Тапсырма: Тест жұмысы: «Ал, сіз
ше? Тез ашуланасыз ба?. Бұл сұрақтың жауабын білмесеңіз, төмендегі
тестінің көмегіне жүгініңіз
1.Жарыста жеңіске
жеттіңіз. Қуанышыңызды қалай көрсетесіз?
а) Дастархан жайып,
барлық танысымды шақырамын;
ә) Іштей масаттанып
қаламын;
б) Алақайлап секіруге
дейін барамын.
2. Сүйіктіңіз сабағы
немесе жұмысына бола сізге назар аудармайды. Оның бұл қылығын қалай
қабылдайсыз?
а) Ұрыс
шығарамын;
ә) Оған үндемеймін,
бірақ ренішімді көрсетемін;
б) Өзіме назар аудартуға
тырысамын.
3. Көлік жууда көлігіңіздің сырты
сырылып қалды. Мұндайда не істейсіз?
а) Ешнәрсе;
ә) Сыртын боятуға ақша талап
етемін;
б) Өз ақшама боятамын.
4. Кішкентай кезіңізде үй тапсырмасын
қалай орындайтын едіңіз?
а) Көбінесе аулада ойнап
жүретінмін;
ә) Берген тапсырманы мұқият
орындаймын;
б) Көңіл-күйіме байланысты
орындаймын.
5. Супермаркет кассасында бір адам
кезектен тыс өтіп бара жатқанын көрдіңіз. Не
істейсіз?
а) Егер қолындағы заты аз болса,
үндемеймін;
ә) Кезекке тұруы керек екенін
айтамын;
б) Басқа кассаға өтемін.
6. Серуендеп жүрген кезіңізде жаңбыр
жауып кетті. Сіз не істейсіз?
а) Ары қарай серуендей беремін;
ә) Қалқаға тығыламын;
б) Үйге қайтып ораламын.
7. Қандай жануармен бірге тұра алар
едіңіз?
а) Мысықпен;
ә) Сенбернармен (ит);
б) Тотықұспен.
Әр «а» жауабына –
1 ұпай, «ә» жауабына – 2 ұпай, «б» жауабына – 3 ұпай
беріңіз.
Тест
жауабы:
7-11
ұпай. Кейде болмашы дүниелерге бола ашуланатын
кездеріңіз болады. Артынша бұл әрекетіңізге бола ұяласыз. Кеңес:
ашуланбас бұрын барлығын таразылап алыңыз.
12-16
ұпай. Ашуыңызға тисе, дауыс көтеруге дайынсыз.
Алайда жағдайды дұрыс бағалайсыз. Ашуландыратын адамдарға да ақырын
сөйлеуге дайынсыз.
17-21
ұпай. Сізді ашуландыру қиын. Үнемі кешірім
сұрап жүресіз. Біреу ренжітсе, үнсіз қаласыз. Ішіңіздегіні сыртқа
шығармайсыз. Кеңес: кейде ашулануыңызға болады.
4- Тапсырма:
Студенттерге «Шеге» видео көрсетіп талдату
жасатамыз.
Әр топқа видеоны
талдату.
1-топ: Баланың
мінезінің өзгеруіне не әсер етті?
2-топ: Баланың жақсы
жаққа өзгеруіне әкенің рөлі қандай болды?
3-топ: Әр
шеге қаққанда бала қандай сезімде болды? (басында, ортасында,
аяғында)
|