400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Балықтар. Жорғалаушылар. Қосмекенділер"

Материал туралы қысқаша түсінік
3 сынып мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ:

Сабақтың тақырыбы: Балықтар. Қосмекенділер. Жорғалаушылар

Мектеп: Ы. Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназия

Күні: 22.12.16ж

Мұғалімнің аты-жөні: Искакова М.

Сынып: 3 «В»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

Балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар туралы түсініктерін қалыптастыру. Тіршілік ету ортасы туралы мағлұмат беру.

Оқу мақсаттары

Барлық оқушылар:

Балықтарды, қосмекенділерді, жорғалаушыларды ажыратады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Топқа бөледі.


Кейбір оқушылар:

Балықтарды, қосмекенділерді, жорғалаушылардың түрлерін, аттарын біледі


Тілдік мақсат

Оқушылар:

Іздену, білу, ойлану арқылы тақырыппен танысады, өз ойларымен бөлісу арқылы топ болып белсенділік танытады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Амфибия, рептилия, панцирь


Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

  • Диалогке түсе отырып, өзара білім алмасу бойынша жаңа мәліметтермен танысады, сұрақ қоюды үйренеді.

Әлия бала кезінде қандай болған?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Семантикалық карта, сәйкестендіру сауалнамасы


Алдыңғы оқу

«Ой қозғау»мақсатында «Өрмекші торы» әдісі арқылы сұрақтар қою

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы (7 минут)

1-2 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық ахуалды қалыптастыру.

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Қима қағаздар




Топқа бөлу: қима қағаздар арқылы топқа бөлу

І топ: «Балықтар»

ІІ топ: «Қосмекенділер»

ІІІ топ: «Жорғалаушылар»

4-5 минут


Алдыңғы оқу

1. «Менен сұрақ, сізден жауап» орталығы

Сұрақтар:

1. Жануарлар тобын ата.

2.Омыртқалы және омыртқасыз жануарлар қозғалысында қандай айырмашылықтар бар?

3.Қандай жыртқыш жануарларды білесің?

4.Оларды неге жыртқыштар дейді?

5.Адам үшін пайдасы бар жануарларды ата?

6.Жәндіктердің қандай пайдасы бар?

7.Қазіргі дүние жүзі бойынша инеліктің қанша түрі бар?

8.Зиянкес жәндіктерді ата?

2. « Ойлан, тап» үштілдік

Жұмбақтардың шешуін тауып, үш тілде айту.

  • Гулге ұшып қонады,

Гүл бақшам гүлге толады. ( көбелек, бабочка, butterfly)

  • Екі басы жұдырықтай,

Ортасы қылдырықтай ( құмырсқа, муравей, ant)





«Ой қозғау» орталығы

«Балықтарды, қосмекенділерді, жорғалаушылар» бейне көрініс көрсетіледі.

  • Бейне көріністен не көрдіңіздер?

  • Олардың қозғалысына, қимыл-әрекеттеріне назар аударайықшы.

  • Олардың тіршілік ортасына, дене пішіндеріне көңіл білейікші.

  • Балықтарды қарайықшы, олар қандай, қалай қозғалады?

  • Балалар, аса назар аударып, мән беріп мұқият қарап алайық. Біздерге бұл көргендеріміз сабақ барысында өте қажет болады.

«Зерттеу» орталығы

  • Балалар, сіздердің алдарыңызда тұрған не? Сіздерге берілетін тапсырма:

І тапсырма: Осы жануарлардың тіршілік ортасы туралы не айта аламыз?

ІІ тапсырма: Қалай қозғалады?

Оқушылар жауабы тыңдалады

Ортасы (28минут)





15 минут


3 минут




3 минут

Оқулықпен жұмыс.

«Түсіну» орталығы.

Балалар, сендердің айтқандарың дұрыс. Енді, сендердің айтқандарыңа менің де қосарым бар. Сіздерге қосымша түсініктер берейін.

1. Балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар туралы кеңінен мағлұмат беру..

2. Тізбектей оқу. (Парақшамен жұмыс)

3.Сөздік жұмыс

Амфибия- қосмекенділердің екінші атауы.

Рептилия -жорғалаушылардың екінші атауы.

Панцырь- тасбақаның арқасындағы қосымша қатты, сүйекті сауыт.

Қосымша ақпарат:

«Жазушылар» орталығы

  • Үш топқа газет шығару тапсырмасы беріледі.

  • «Кім жылдам?» жеке оқушылармен жұмыс

  • Сәйкестендіру






оқулық






7 минут

Саралау тапсырмасы

Сурепен жұмыс

І топ: Балықтардың дене мүшелерінің атын жазу

ІІ топ: Қосмекенділердің дене мүшелерінің атын жазу

ІІІ топ: Жорғалаушылардың дене мүшелерінің атын жазу


Плакаттар, маркерлер, желім


Аяқталуы (10минут)

5 минут







3 минут

2 минут

«Сұрақтар жаңбыры» айдары. Рөлдік ойын.

  • Бұл айдарда әр топ өз атауымыз бойынша кейіпке еніп, қарсы тобымызға сұрақ беріп, ұтымды жауап алайық.

1.Біздің артқы аяқтарымыз алдыңғы аяқтарымызға қарағанда неге ұзын?

2.Біздің тіршілік ортамыз қандай?

3.Біздің торсылдақ мүшеміздң атқаратын қызметі қандай?

Кері байланыс «Бағдаршам» әдісі

Бағалау: бағалау парақшалары

Үйге тапсырма: Ең.....ең...ең........ қосымша ақпарат көздерін пайдаланып, төмендегі жануарлар туралы ақпаратты іздену.


Қосымша ақпарат Естеліктің ережесімен танысу.

Саралау – сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс




Рефлексия

Сабақ/ оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгерді ме?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында мен, сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

1

2


























Picture 11 Picture 20













Picture 9 Picture 17

Picture 14



























Picture 16



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 мамыр
662
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі