Сабақтың
тақырыбы: Балықтың
түрлері, құрылысы. Биологиялық
ерекшеліктері
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:
Оқушылар балықтардың сыртқы және ішкі
құрылысын және олардың сулы ортада
тіршілік етуіне байланысты биологиялық
ерекшеліктерін, түрлерінің сан алуандығын
біледі.
Дамытушылық: Балықтардың
сыртқы және ішкі құрылысымен және
олардың сулы ортада тіршілік етуіне
байланысты биологиялық ерекшеліктерімен
таныстыруға және түрлерінің сан
алуандығымен таныстыру.
Тәрбиелік:
Оқушыларды
адамгершілікке, ізденімпаздыққа және
патриоттық сезімге тәрбиелеу, табиғатты
қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың
барысы:
Сабақтың
әдісі: баяндау
Сабақтың
түрі: аралас
сабақ
Сабақтың
көрнекілігі: презентация,
смайликтер, плакаттар
Ұйымдастыру
кезеңі
Оқушылармен
сәлемдесу. Сыныпта ынтымақтастық
атмосферасын қалыптастыру. Сынып
оқушылары үш топқа бөлінеді «Акула»,
«Сазан», «Бекіре»
«Миға
шабуыл» Балалар
балықтар туралы не айтуға болады?
Сипаттама беріп көрейік!
Балықтардың
тіршілік ортасы туралы не айтуға болады?
Кәсіптік
мәні дегенді қалай түсінеміз?
Балықтың
қандай пайдасы бар?
Балықтарды
қорғау не үшін қажет?
Жаңа
сабақты игеру.
Балықтар
туралы электронды оқулық арқылы мағлұмат
алады.
Сабақ
мақсатын тұжырымдау үшін сұрақтар
қойылады. «Бүгінгі сабақта қандай
мақсатпен жұмыс жасайсыңдар?», «Бүгін
біз не үйренуіміз керек?», «Нені орындай
алуымыз керек?» мұғаліммен бірлесіп
сабақ мақсатын тұжырымдау.
Бүгінгі
сабағымыздың мақсаты - Балықтардың
тіршілік ортасына бейімделуі, кәсіптік
мәні, тоған балық шаруашылығы. Балықтарды
қорғау және жерсіндіру шаралары.
Олай
болса, балықтар желілілер типіне жататын
омыртқалы жануарлар. Осы омыртқалы
жануарлардың негізгі ерекшеліктерін
еске түсірейік.
Топпен
жұмыс жасаймыз (15 минут)
1-топ:
Балықтардың тіршілік ортасына бейімделуі
мен кәсіптік мәні
2-топ:
Балықтардың халық шаруашылығындағы
маңызы мен пайдасы
3-топ:
Балық байлығын молайту және қорғау
1.
Түйінді идея – 5 ұпай
2.
Тақырыптың ашылуы – 5 ұпай
3.
Тақырыпқа мысал келтіру - 5 ұпай
12-13
ұпайдан жоғары «5» баға
8-11
ұпай «4» баға
4-7
ұпай «3» баға
3-
тен кіші ұпай «2» баға
Жаңа
сабақты бекіту
Биологиялық
жұмбақтар шешу. 5 минут
«Акула»
тобы
Шаңқ-шұңқ
еткен үні жоқ,
Сусыз
оның күні жоқ.
Жүріп
кетсе соңында,
Қалып
жатқан ізі жоқ /балық
Көздері
бар, қабағы жоқ,
Әсте
кірпік қақпайды
Ол
қай жәндік суға салсақ
Тұншықпайды,
батпайды /балық/
Пайдаланып
тұрғанда
Тастайсың
суға лақтырып
Пайдаланып
болған соң,
Арқалайсың
сорғытып /ау/
Желілер
ішінде,
Балықтан
ғана болатын
Қандай
сезім мүшесі,
Көзбен
шолып табатын /бүйір сызығы/
Қай
мүшесі балықтың,
Су
түбіне батырар
Қанат
болса егерде,
Су
бетіне шығарар /торсылдақ/
Венн
диаграммасын пайдалану
«Сазан»
тобы,
Шеміршекті
балық: денесі плакоитпен қапталған,
торсылдағы болмайды, іштей ұрықтанады.
Балықтардың
ортақ белгілері: суда тіршілік етеді,
желбезекпен тыныс алады, жүзбе қанаттары
болады.
Сүйекті
балық: денесі қабыршақпен қапталған,
торсылдағы бар, сырттай ұрықтанады.
Кім
жылдам? «Бекіре» тобы
Әріптері
адасқан сөздерден балықтардың аттарын
құрау
Хабхат............
Батан................
Азанас...............
Іебрек...............
Нартош.................
Абалғұа.................
Бекіту
сұрағы
Балықтар
жинау -5 минут
1.
Балықтарды зерттейтін ғылым саласы
/ихтиология/
2.
Аталық безден бөлінетін сұйықтық
/шоғал/
3.
Шеміршекті балықтардың миы қанша
бөліктен тұрады? /бес бөлік/
4.
Аналық жұмыртқа жасуша не деп аталады?
/уылдырық/
5.
Құйрық жүзбеқанаттардың үстіңгі қалағы
астыңғысынан да үлкен қай балық?
/шеміршекті/
6.
Балықтардың дене бөлігін ата /бас, тұлға,
құйрық/
7.
Денесін қалыпты ұстауға көмектесетін
жүзбеқанаттар /арқа, аналь/
8.
Балықтар бір-бірімен не арқылы байланысады
? /дыбыс шығару/
9.
Балықтардың тыныс алу мүшесі /желбезек/
10.
Барлық балықтарға тән ерекше мүше /бүйір
сызығы/
IY.
Рефлексия.
Кері
байланыс
1)
Мен мынаны білдім..........................
2)
Маған қызық болғаны......................
3
) Мен мына нәрсені білгім келеді
....................
Үйге
тапсырма. Балықтардың
тіршілік ортасына бейімделуі, кәсіптік
мәні, тоған балық шаруашылығы. Балықтарды
қорғау және жерсіндіру шаралары