Материалдар / Ашық сабақ: Бақ берекем Наурыз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: Бақ берекем Наурыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы.Наурыз көже қазақтың ұлттық ойындарымен, ұлттық сусындармен, ұлттық тағамдарымен тагыстыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2022
335
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бақ-берекем, құт-мерекем- әз Наурыз!


Фон: Күй ойналып тұрады.

Сахна сыртында оқылады:

Наурыз келді, ағайын, аты аңыз,

Би билейміз, тойлаймыз, ән айтамыз.

Үй-дастархан, даламыз-сахнамыз!

Ұлы Мейрам – Наурызға шақырамыз!

Бүгін, халқым, қуаныштың кең күні,

Күн менен түн –таразының тең күні.

Бақ пен бірлік дарасыншы еліме.

Деп тілейік әрқашан да бұл күні!


Дауылпаз үні естіліп, даңғыра қағылып ортаға аңыз кейіпкерлері Қожанасыр, Алдар Көсе және Тазша бала шығады.


Алдар: Уа, халайық! Тойға келіңдер! Тойға!


Қожанасыр: Нұрлы Наурыз тойына келіңіздер!


Алдар Көсе: Ә-ә-әй, ағайын,

Той деп жар салайын.

Наурыз тойға келіңдер,

Мен де бірге барайын!


Қожанасыр: Дастарханың жиылмайтын күн бүгін,

Сұлуларға жымыңдайтын күн бүгін.

Көптен бері көк дөнені көңілдің,

Желдей жүйіткіп құйындайтын күн бүгін!


Тазша бала: Алдар аға, бүгінгі тойға тіпті өлеңдетіп, сықиып киініп келіпсіз ғой. Жел бір жағынан кіріп, екінші жағынан шығып кететін шұрық тесік шапаныңыз қайда?


Алдар Көсе: Биыл қоян жылын үлкен табыстармен, қарсы алып жатырмыз. Айта кететін болсақ, жатқанда жыртық шапан менің теңім бе?


Қожанасыр: Тотыша тақылдаған мұның кім тағы?


Алдар Көсе: Қожеке, танымадыңыз ба,бұл Тазша бала ғой.



Қожанасыр:Тазша баламысың,ей?Келші бауырым, құшағыма қысайын.


Тазша бала: Амансың ба, Қожеке! (Екеуі құшақтасып амандасады.)


Қожанасыр: Жүріңдер Наурызға басып аяқ,

Қалыс қауым болмасын некен саяқ.

Ән шырқап, би билейік қауым болып,

Тұрмайық уақыт келді өнерді аяп.


Тазша бала: Наурыз келді жайраң қақты таң күліп,

Жап-жасыл боп кетті дүние жаңғырып.

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым,

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік.


Алдар Көсе: Ұлыстың Ұлы мерекеде

Кенелсін Қазақстан берекеге!

Наурыз мерекесі құтты болсын,

Қоян жылы елімізге бақыт қонсын!


Тазша бала: Қоян жылы болсын деп мақсат, асқар шың

Наурыз -думан мерекесі басталсын!


Өтегенова Гүлсезімнің орындауында «Наурыз-думан» ән.


Сахнаға екі бала шулап жүгіріп сахнаға шығады.

  • Сүйінші, сүйінші!

  • Алақай, алақай!

  • Дүниеге жас нәресте келді!

  • Ақ түйенің қарны жарылды!

Әжесі: Не дейді? Шынымен айтып тұрсыңдар ма? Құлыным-ай!

Атасы: Рақмет, қарақтарым! Міне, сүйіншілерің.Алыңдар, қарақтарым, ала қойыңдар.(Балаларға кәмпит,тиын береді)


Әжесі: Алыңдар,құлындарым.Қуаныш бәрімізге ортақ.

Сахнаға бір топ көрші қолаңдар шығады:

-Немерелеріңіздің бауы берік болсын!

-Қуаныштарыңыз қызықты болып, ұзағынан сүйіндірсін!

- Жақсылық жақсылыққа ұлассын!

- Жас тума шаңырақтарыңызға бақыт әкелсін.


Атасы: Қарақтарым, орта толсын.


Сәбидің іңгәлаған үні шығады.

Келіншек сәбиді сахнаға алып шығады.

Әжесі: Ой, құлыным-ай, өмір жолың ұзақ болғай!

Тіл мен көзден аман болғай! Тіфә-тіфә! Құлыным, аумаған атасы ғой: Ал атасы немереңді сен ал қолыңа.


Қонақ әже: Жо-жоқ, кезекті алдымен бізге бер. Біз атасынан көрімдік аламыз.


Әжесі: Алыңдар, алыңдар, міне атасы екеуіміздің көрімдігіміз. (Көрімдігін береді)






Атасы азан шақырып, сәбиге ат қояды.

-Сенің атың «Наурызбай, Наурызбай, Наурызбай!»


Сәбиді келіншектің қолына беріп, бата береді.


Атасы: Құлыным, үлкен жігіт бол,

Халыққа сенім үміт бол.

Ата-анаңа баршаға

Ұлы бақыт қызық бол.

Анық ойлы шешен бол.

Ел бастаушы көсем бол.

Қорғансызға қамқор бол,

Елеусізге кешен бол.

Бар қазақтың ұлы бол,

Көп қауымның дүрі бол.

Өзің берік бұтағым,

Қайда жүрсең тірі бол.

Әумин!


Ән. «Немерем» Орындайтын Қожагелдиев Батырхан.


1-жүргізуші: Армысыз Ақ әже! Қош келдіңіз!


Ақ әже: Бар бол, балам!

Амансыңдар ма, балаларым? Наурыз тойы құтты болсын!

Ақ мол болсын, қайда барсаң жол болсын!

Жүргізуші. Ақ әже, Наурыз күні біздерге қандай сый-сияпат әкелдіңіз?


Ақ әже: Дәстүрімнің,

Жақсы ырымның

Нышанысың жол етер.

Берекелі,

Көже толы

Қазанға не жетер!


Жүргізуші: Ә... бәрекелді.


Ақ әже: Адал астан бұйырған,

Дәм татсын ел жиылған.

Бидай салдым көжеге,

Мол болсын деп биыл нан.

Тары салдым көжеге,

Женті көп болсын деп.

Күріш салдым көжеге

Пайда палау болсын деп

Ауыздан ақ кетпесін,

Судан ерін кеппесін.

Келген риза, кеткен тоқ,

Құтты қонақ ет жесін.

Осы ақ дәмнен бәрің де ауыз тиіңдер қарақтарым.


Наурыз көже таратылады.


Күй.


  1. жүргізуші: Наурызым – жылдың басысың,

Қуаныш қартта жас үшін.

Көңілде шаттық тасыттың,

Елімде ырыс тасысын.


  1. жүргізуші: Наурызым- күткен көктемсің,

Көгімнен ұшып жеткенсің.

Жеріме лебің гүл болды,

Еліме бақыт жеткерсін.


  1. жүргізуші: орындауында «Наурыз» әнін тамашалаңыздар.


Ән: Наурыз.


  1. жүргізуші: Наурызым- тойлы нұрлы күн,

Мерейің асып тұр бүгін.

Жерімнің жүзін жылыттың,

Елімнің сақта бірлігін!


  1. жүргізуші: Қазақ жері ән мен күйдің мекені.

Әншіміз де, бишіміз де жетеді.

Бетіңізден самал сипап өтеді,

Желпігенде биші қыздың етегі.


  1. жүргізуші: Ендігі кезекте «Мың бұрала билеген, Аяғы жерге тимеген» деп бишілерді ортаға шақырамыз.


Би: Өзбек биі.


  1. жүргізуші: Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,

Мейірім танысын деп тасып өткен.

Наурыз сән-салтанат, ұлттық рух,

Бақытты Наурызы бар халқым неткен!

  1. жүргізуші: Сәулесіндей көріндің таңғы үміттің,

Басын қостың сан дәстүр, сан ғұрыптың.

Жаса Наурыз, жарқыра көкте күндей,

Мерекесі достықтың, мәңгіліктің!

Ән. Тырналар. Молдабек Абылай!

1-жүргізуші: Той десе, осы сөздің бір белгісі,

Шұғыла, бау-бақша, гүл, бұлбұл дерсің.

Соларша жайнап, сайрап үлкен үй тұр.

Көрсетіп салт-сананың нұр бейнесін!


2-жүргізуші: Аппақ қардай ақ тілек жауса, шіркін

Бақыт құсы әр үйге қонса, шіркін

Жана жылым құт болып есік ашып

Салт дәстүрім жалғасын тапса шіркін.


Ән: Шақырады көктем.


1-жүргізуші: Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,

Мейірім танысын деп тасып өткен.

Науырыз сән- салтанат,ұлттық рух,

Бақытты Наурызы бар халқым неткен!

Сәулесіндей көріндің таңғы үміттің,

Басын қостық сан дәстүр, сан ғұрыптың.



2- жүргізуші: Жаса, Наурыз, жарқыра көкте күндей,

Мерекесі достықтың, мәңгіліктің!

Наурыз құтты болсын!

Деніміз сау, мықты болсын.

Наурыз тойы келе берсің !

Барлық халық бақытты болсын.



Би: Қара жорға.....


Қортынды сөз !





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!