Материалдар / Ашық сабақ "Бақыт құшағында " 7 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Бақыт құшағында " 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашып, бақыттың мағынасын түсіндіру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
841
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары


Мектеп Т. Рысқұлов атындағы орта мектеп Мерзiм 15.09.2015 ж.

Мұғалiм Аксатиева К.Т. Сынып – 7 «Б» Оқушылар саны- 23

8- сабақ. Тақырып Бақыт құшағында

Құндылық Сүйіспеншілік. Қасиеттер: мейірімділік, жақсы көру, ұмтылыс.


Мақсаты: сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашып, бақыттың мағынасын түсіндіру.

Міндеттері:

- оқушыларға адам өміріндегі қуанышты сәттерге риза болуға, айналасын жақсы көре білуге үйрету;

- оқушыларды әр істі жақсы оймен қабылдап, ұмтыла білуге дағдыландыру;

- оқушыларды мейірімділікке тәрбиелеу.


Ресурстар:

( плакат,

түрлі-түсті бояулар,әуен)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» сақталуы

  2. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену» (үнтаспадан баяу әуен қосылып тұрады).

Ыңғайланып отырып, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек- қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтаңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналады.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көздеріміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Осы нұрды бүкіл әлемге бағыттаңы.

Үй тапсырмасын тексеру

39-40 беттегі О. Бөкейдің «Тәңірі сұлулықтың марал деген» мәтінін оқу.

Мәтін бойынша сұрақтар:

- маралдың сұлулығы қалай сипатталған?

- сұлулық адамға ғана тән болып санала ма? Неге?

- сыртқы сұлулығы мен жан сұлулығы үйлесімді сүйікті кейіпкерлерің кім?


Ескерту

Дәйексөз

Сабақтың дәйексөзі ретінде І. Есенберлин айтқан нақыл сөзін оқушыларға ұсыну.

Бақытты болашақтың ең басты негіздерінің бірі- бұл жалпыға бірдей жақсылық тілеу.

     Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Берілген дәйексөзді оқушылар бәрі бірігіп оқиды.

Мұғалім оқушылардың жауабын тыңдаған соң қорытындылайды.



Әңгімелеу

Қиындықты жеңу

(өсиет әңгіме )

Жас қыз әкесіне келіп:

- Әке, мен ағысқа қарсы жүзуден қатты шаршадым. Дәрменім қалмады. Не істесем болады? – деп сұрайды.

Әкесі үнсіз қалып, отқа 3 бірдей кәстрөлді қояды. Біріне сәбіз, екіншісіне жұмыртқа, үшіншісіне кофе салады. Арада біраз уақыт өткен соң салған азық-түліктерді қайта алады.

Қызынан:

- Не өзгерді? – деп сұрайды.

- Картоп пен жұмыртқа пісті, ал кофе еріп кетті.

- Жоқ, қызым. Сен құбылысқа сырттай ғана баға беріп тұрсың. Қатты сәбізді ыстық суда қайнатқан едік, ол жұмсарды. Ал жұмыртқа керісінше қатты болды. Олар сырттай өзгермесе де, ішкі күйлерін өзгертті. Сол секілді адамдар да тағдырдың сан соқпағына жолығып, іштей жігерленеді. Сондай-ақ әлсіздері қажып, шағым айтуға құмар келеді.

- Ал кофе ше?

- О! Бұл – ең қызығы! Кофе дәндері толығымен еріп, хош иісті сусынға айналды. Дәл осы секілді өмірді өзгерте алатын жандар да бар. Және ол адамдар айналасына тек бақыт сыйлайды.


- қыздың әкесіне шағымдануының себебі неде ?

- әкесінің кеңесі маңызды болды ма? Несімен?

- жақсылыққа қол жеткізуге ұмтыласыңдар ма? Қалай?



Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыс. Үш топқа бөлу.

«Бақытты болу үшін көп нәрсенің керегі жоқ» мультфилімін көрсету.

І-топ: әжейдің бойындағы қасиеттеріне арнап өлең шығару.

ІІ- топ: әжейді бақытты етуге жоба құру.

ІІІ- топ: бақытты әжейдің өмірін суреттеу.



Топпен ән айту. Сөзі Т. Молдағалиев.

Әні Ш. Қалдаяқов

Көзіңнен бір ұшқын

Ұшты ма білмедім

Әйтеуір нұр құштым

Әйтеуір гүлдедім

Көктемнің бұлбұлы

Кеудеме қонады

Құшаққа қыр гүлі

Толғандай болады


Кел билейік, кетпе менің қасымнан

Қызғалдағым таң нұрымен ашылған

Сезім шіркін ақ жаңбырға ұқсайды

Алматыда жаңа жауып, жаңа жауып басылған


Әнбісің төгілген

Жырмысың армандай

Бір бақыт көрінген

Жақындап қалғандай

Жанарың ұшқыны

Жүректе жанады

Қолыңның ыстығы

Қолымда қалады


Кел билейік, кетпе менің қасымнан

Қызғалдағым таң нұрымен ашылған

Сезім шіркін ақ жаңбырға ұқсайды

Алматыда жаңа жауып, жаңа жауып басылған


Мен бүгін бұлақпын

Ілгері жүгірген

Бір нәзік шуақпын

Жаныңа үнілген

Сүйемін мен күнді

Көңілді жалынды

Сен биле еркімді

Әлдиле жанымды


Кел билейік, кетпе менің қасымнан

Қызғалдағым таң нұрымен ашылған

Сезім шіркін ақ жаңбырға ұқсайды

Алматыда жаңа жауып, жаңа жауып басылған



Үй тапсырмасы. 46-47 беттегі 8-сабақта берілген Қ. Толыбаевтың «Бақытқа барар жол» атты мәтінін оқып келу. Дәптердегі 1,2 тапсырманы орындау.



Сабақтың соңғы тыныштық сәтi. Баяу музыка қойылады.

Балалар, бүгінгі сабақтан білімімізді ойға түйіп, алған жақсы қасиеттерді жүрегімізге сақтайық. Рахмет! Сау болыңдар.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!