Материалдар / Ашық сабақ "Бәрінен де жақсы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Бәрінен де жақсы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға Ыбырай Алтынсариннің «Бәрінен де жақсы» атты мәтінін мәнерлеп , түсініп оқи отырып, шығармадағы негізгі ойды өз сөздік қорларында қолдана білуге үйрету.Мәтін туралы түсініктерін қалыптастыру және анаға деген сүйіспеншілікті сезіне білуге жағдай жасау. қорларында қолдана білуге үйрету.Мәтін туралы түсініктерін қалыптастыру және анаға деген сүйіспеншілікті сезіне білуге жағдай жасау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1051
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы қаласы

Жетісу ауданы

148 мектеп-гимназия

бастауыш сынып мұғалімі

Есенбаева Дамегүл Жамбылқызы

1-ші сынып.Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: : Ыбырай Алтынсарин. Бәрінен де жақсы.

Сабақ мақсаты:

Білімділігі: оқушыларға Ыбырай Алтынсариннің «Бәрінен де жақсы» атты мәтінін

мәнерлеп , түсініп оқи отырып, шығармадағы негізгі ойды өз сөздік

қорларында қолдана білуге үйрету.Мәтін туралы түсініктерін қалыптастыру

және анаға деген сүйіспеншілікті сезіне білуге жағдай жасау.

Дамытушылығы: оқушылардың ой-өрісін, тіл байлықтарын, сөйлеу мәдениетін

дамыту,шығармашылықпен жұмыс істеуге ынталандыру.

Тәрбиелігі: ананы сыйлауға , ана еңбегін бағалай білуді дәріптеуге ,ізеттілікке,

адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: бастапқы жаңа білімді меңгерту сабағы.

Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану,дүниетану,қазақ тілі,өмірмен байланыс

Әдісі: ой қозғау, түртіп алу жүйесі, оқыту, ассосация құру, болжау стратегиясы.

Көрнекілігі: Ы. Алтынсарин портреті ,кесте,күн.слайд шоу,электрондық оқу


САБАҚТЫҢ ӨТІЛУ БАРЫСЫ:

І.Бағдарлау- мотивациялық кезең.

психологиялық дайындық.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем беріп құрметпен,

Бас иеміз біз.

-Балалар,бізде кәзір қай сабақ?

-Ендеше бүгінгі сабақта сендерді күлімдеген күннің нұрымен бағалаймын. Көп жинаған сайын,бағамызда өте жақсы деп бағаланады

-Жақсы,үйге қандай тапсырма берілді?

«Сәлем берем үлкенге» өлеңін мәнерлеп оқу.

Бекіту сұрақтары:

-Оқушылар өлеңді оқиды.

-Өлең не жайында айтылады?

-Жақсы,сендер өзара достарыңмен амандасасың ба?

-Мектептегі ұстаздармен қалай амандасу керек?

-«Ассалаумағалейкум» деп кіммен амандасасыңдар?

-Суретте не көріп тұрсыңдар?

(Сурет шығады –ата-әже)

-Ал,ендеше көшеде үлкен кісі,ата келе жатса қалай амандасасың?

-Кәнекей.сахналап жіберейікші (ата,әже)

-Енді әжеймен қалай амандасар едіңдер?

-Балалар ұл балалар ер кісілермен қалай амандасады?

-Ал қыз балалар ше?

-Кеше сабағымызда тағы да басқа халықтардың қалай амандасатынымен таныстық,кім айтады?

-Жапон

-Америка

-Қытай

-Француз

Ананың суреті(баласының маңдайын сүйіп тұрған)

-Балалар сендер айтқандай француздар бір-бірінің маңдайынан сүйіп амандасады деп

-Суретте нені аңғардыңдар?

-Ал бізді күнделікті маңдайымыздан иіскеп,алақанымен аялайтын кім?

Ой қозғау

-Ана сөзінде неше әріп бар?

-Әріп денегіміз не?

-Сөз дегеніміз не?

-Ана сөзіне сөйлем құрап жіберейікші

Мен анамды жақсы көрем.Анама ыдыс жууға көмектесемін.Біз дүкенге бірге барамыз.

-Біз не құрдық?

-Сөйлем

-Сөйлем дегеніміз не?

-Осы сөйлемдер бір-бірімен байланысып тұрма?

-Біз құрған сөлемдер өзара бір-бірімен не істеп тұр?

-Яғни бұл құралған сөйлемдерді біз мәтін дейміз.

Кестемен жұмыс

Мәтін адамның белгілі бір ойын білдіреді. Онда үш немесе одан да көп сөйлемдер болады және сөйлемдер бас әріппен басталып жазылып, соңына нүкте қойылады.

Мәтіннің тақырыбы болады.Мәтінде не туралы айтылғанын білу үшін Біз құраған мәтінге қандай ат қояр едіңдер?

-Ана

-Бүгін біз Ыбырай Алтынсариннің «Бәрінен де жақсы» мәтінімен танысамыз.

Электрондық оқулықпен жұмыс

Ыбырай Алтынсарин туралы



Shape1

Оқулықпен жұмыс

Мағынаны таныту

1.Мұғалімнің мәтінді оқуы.

2.Оқушылардың тізбектей оқуы.

3.Мәтін мазмұнын шамасына сай баяндау.

4.Сұрақтар қою

-Мәтінде кім туралы айтылған?

-Өз анаң туралы әңгімеле,ол қандай?

-Ана туралы қандай тақпақ білесіңдер?

-Мәтіндегі ең қымбат адам кім?

-Мәтіндегі адасқан кім?

-Анасы қандай?

Тақтамен жұмыс:

Осы мәтіннің ішінен тасымалданбайтын сөздерді табу; тақтаға жазу,дыбыстық талдау жасау.

Сергіту сәті

-Балалар қар қай мезгілде жауады?

-Қардан біз не жасаймыз?

-Балалар,біздің аққаламыз билейді екен,кәнекей,бәріміз бірге сергіп алайық

Дәптермен жұмыс

-Балалар,біраз серігіп алдыңдар,енді жұмыс дәптеріміздегі тапсырмаларды орындайық.

-Тақтада не берілген?

1.Мәтін

Біз мәтіндегі сөйлемдерді реті бойынша көрсетіп шығумыз қажет.

2.Көркем жазу

Дәптерімізді жауып,оқулықтағы 120-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу

1.Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.

-Өлең не туралы айтып тұр?

Жүректен-жүрекке

-Ана

-олай болса анамызға жылы тілектерімізді жүрекшелерге жазып,күннің шуағына апарып іліп жіберейікші

ІІІ.Рефлексиялық бағалау кезеңі.

Ребусты шешу.

Мысық ,,,, әтеш,, ,, тиін Шешуі: мәтін

Шешуі болып тұрған сөз туралы не білесіңдер?

Мәтін неден құралады?

Бүгін қандай мәтінмен таныстық?

Болжау стратегиясы.

Егер сен анаңнан адасып қалсаң не істер едің?

Ассосация құру.


IV.Үйге тапсырма беру кезеңі

Әрі қарай білімізді шыңдау үшін үйге «Бәрінен де жақсы» мәтінін оқып,мазмұндау

121- жаттығуды дәптерге көшіріп жазу

V. Оқушылардың білімдерін бағалау кезеңі

Енді балалар күнімізді санап бағаларымызды білейік.

Бүгінгі сабақта өте жақсы қатысқан оқушыларды мадақтап,бағалау







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!