Ашық сабақ "Барыс септігі" 4 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Барыс септігі" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
4 сыныптың қазақ тілі пәніне арналған ашық сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы: Шығыс септік

Мақсаты:

  1. Оқушыларға шығыс септік атау тұлғадағы сөзге мен, бен септік жалғаулары арқылы жасалатынын түсіндіру.

  2. Ойлау қабілеттерін дамыту, сол арқылы сөз байлығын арттыру;

  3. Өз тілін сүюге, құрметтеуге, сауатты болуға тәрбиелеу.


Көрнекілігі: үлестірмелер, сөздер жазылған плакат, семантикалық карта, тапсырмалар.


Әдісі: ой қозғау, сынақ, оқулықпен жұмыс, «сиқырлы қарындаш», топтық жұмыс.


Сабақ барысы.

1.Ұйымдастыру.

2.Психологиялық тренинг.

Сабақты «қазақ тілі» әнімен бастау.

Ана сүтімен бойымызға сіңген қасиетті тілімізді қадірлеу сүю біздің міндетіміз. Сондықтан да осы қасиеттерді бойымызға сіңіре отырып сабағымызды бастайық.

3.Үй тапсырмасын сұрау.

60-жаттығуды оқыту, талдау. Жатыс септікте тұрған сөзді тауып, дәлелдеу.

«Сынақ» әдісі арқылы септіктердің сұрақтарын қаншалықты білетіндерін анықтау.

«Ой қозғау» стратегиясы арқылы өткен сабақтарға шолу жасалып сабақты бекіту.

Сұрақтар:

1.Зат есім деген не?

2.Сөз топтарын ата.

3.Қазақ тілінде неше септік бар.

4.Атау септігі бастауыш болатынын дәлелде.

5.Сын есімдер туралы не білесің?

6.Ілік септігінің сұрақтары қандай?

7.Тіл туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

8. Сан есім дегеніміз не? Олар нешеге бөлінеді?

9. Етістік дегеніміз не?

10. Мәтін дегеніміз не?

Жақсы, балалар, біраз өткен тақырыптарды еске түсірдік, пысықтадық.


Жаңа сабақ.

Балалар, сабақты бастамас бұрын мына сұраққа жауап беріп көрейікші.

-Қандай тыйым сөздерді білесіңдер?

-Иә. Қазақ халқы өзінің ұрпағын әрқашан ұлттық салт-дәстүрмен тәрбиелеп отырған. Тыйым сөздер арқылы болатын жаман әдеттерден сақтандырып отырған.


Мына бір тыйым сөзге назар аударайық.

1.Көргенді жас бала

Дастарқаннан аттама.


2.Жоқ әдетті шығарма,

Түнде көлден су алма.


Мағынасын түсіндіру. Қарамен жазылған сөзге назар аударту. Сұрақ қою. Бұл сөз шығыс септігіндегі сөз, себебі оған неден, қайдан су алма деген сұрақ қойылып тұр. Ол сөйлемде тұрлаусыз мүше қызметін атқарып тұр. Шығыс септігі ережесін іліп түсіндіру.

Оқулықпен жұмыс.

62-жаттығу. Өлеңді көшіріп жазу.

Шығыс септігіндегі сөзді тауып, дәлелдеу.

63-жаттығу.

Шығыс септіктегі үш сөзді тауып жазу. Өздерің қандай ұлттық тағам түрлерін білесіңдер?


Сергіту сәті.

1-ден 10-ға дейінгі сандарды мойынмен жазу.


«Сиқырлы қарындаш» ойыны.

(үлгерімі төмен және қабілетті оқушылармен жұмыс)


Үлгерімі төмен оқушыларға:

1.Зат есім дегеніміз не?

Сабырқұл Бота

2.Атау септіктің сұрақтарын айт.

Шұлғаубай Қайрат

3.Кімнің, ненің қай септіктің сұрақтары екенін айт.

Әбләшім Ерасыл


Қабілетті оқушыларға:

1.Түбір сөз дегеніміз не?

Серік Аяулым

2. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша не деп аталады?

Несіпбек Аяулым

3.Табыс септігінің жалғауы

Қайролла Ақжол


Тақтамен жұмыс.

67-жаттығу.

Бүгін сабаққа Арайлымнан бұрын келдім. Малдар өрістен келді. Алып киттерді теңізден көруге болады. Кітаптан көп білім аламыз.

(Шығыс септіктегі сөздерді дәлелдеу)


Топтық жұмыс.

«Аққала» суретін салу.

Шығыс септікке мәтін құрастыру.

(Шығармашылық тапсырма)


Өзіндік жұмыс.

68-жаттығу. Сызбаға қарай отырып, жалғаулар сай келетін зат есімдерді табу.

Мысалы: Аспан + нан

Әкем + нен

Бақыт + тан

Тары + дан

Сай + дан

Жер + ден

Көк + тен

Аяз + дан

Көл + ден


Сабақты қорыту.

«Не үйреніп, не білдік?»

Семантикалық карта


Сонымен шығыс септіктегі сөздерге қандай сұрақтар қойылады екен?


Бағалау.


Үйге тапсырма.

69 – жаттығу.

Ереже жаттау.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.05.2018
1280
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі