Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ. Бастауыш сынып. Тақырыбы: "Ана тілі – асыл нәрі бабамның".

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ қазақ тілі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: « Ана тілі – асыл нәрі бабамның»

Сабақтың мақсаты:Ана сүтімен бойымызға дарыған қастерлі де қасиетті тіліміздің құдіреттілігін ,қадір-қасиетін оқушыларға таныту және қазақ тілі -Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі екеніне тоқталу.

Ана тілін құрметтеуге ,таза сөйлеуге және ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:Ұлы адамдардың нақыл сөздері, портреттері, тіл туралы мақал-мәтелдер.

Сабақтың барысы:

1.Ана тілін анамыздай сақтайық.

2.Тіл –тәрбиенің басты тірегі.

3.Тал бесіктің тыңдарманы.

4.Әдеби монтаж.

5.Мақал-мәтелдер.

6.Концерттік бағдарлама.

7.Қорытынды. Сегіз әдепке сегіз мақал.

1.- Балалар , қыркүйек айының 22-ші жұлдызынан бастап мектебімізде Тілдер апталығы өтуде.Тіл мерекесі тұсында ана тілге деген құрмет, көзқарас өзгеше болуы керек.

Тіл қай ұлтта , қай елде болса да қастерлі , құдіретті.Ол әрбір адамға ана сүтімен барып қалыптасады.Тіл байлығы әрбір елдің ұлттық мақтанышы.Ол- атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес асыл мұра.

Сондықтан да М.Мақатаев ақынымыз:

-Ең бірінші бақытым – халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін,

Ал, екінші бақытым – тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім,- деп халықтан кейінгі бай лықты тіл деп есептейді.

Халық әні Бесік жыры

Ұлттық ойын айтыс

Шешендік сөз БАЛА даналық сөз

Жаңылытпаш мақал- мәтел

Жұмбақ ертегі

2.Ана тілін анамыздай сақтайық!

115-хадис.Әуелі анаңа ,тағы да анаңа ,тағы да анаңа, содан соң Отаныңа жақсылық жаса.

386-хадис.Егер атаң мен анаң бір мезгіде үн қатып қалса, әуелі анаңа жауап бер.

Туған дәстүр Туған тілі

АНА

Туған жер Туған тарих

Мұхтар Шахановтың «Төрт ана» өлеңі.

Тағдырыңды тамырсыздың ідетімен қалқала

Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға

Әр адамда өз анасынан басқада

Ғұмырына етер мәңгі астана.

Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,

Болу керек құдіретті төрт ана.

Туған жері –түп қазығы айбыны.

Туған тілім сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр - салт-санасы тірегі,

Қадамыңа шуақ шашар үнемі.

Және туған тарих еске алуға қаншама.

Ауыр әрі қасіретті болса да.

Төрт анаға әнін жалғай алмаған,

Пенделердің басы қайда қалмаған?

Төрт ананы қорғамаған халықтың,

Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған,

Қасиетті бұл төрт ана – тағдырының тынысы,



1-оқушы:-Армысыздар, мұғалімдер ,әз жандар,

Білім іздеп , инемен құдық қазғандар!

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді, Би биленіп ,ән де бүгін шырқалар!

2-оқушы:Хош келіпсіз, ақ жаулықты аналар, Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар. Алдарыңда жауқазындай құлпырған, Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

1-жүргізуші:Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен

22 қыркүйек –Қазақстан халықтары тілдерінің күні болып жарияланды. Тіл – тәуелсіздіктің тірегі .Халық өмірінің өлшемі де – тіл.Тәрбие тілден басталады.Ұлттық өнердің барлығы да тілден басталады.Ешнәрсе тілсіз дамымайды. Республикамызда ана тіліміз – қазақ тіліне мемлекеттік тіл деген мәртебе беріліп ,Тіл туралы заң 1989 жылы , ал екінші рет 1997 жылы шілденің 1-ші жұлдызында қабылданды.

Әдеби монтаж. 3-оқушы:Туған тілім – бабам тілі –өз тілім, Туған тілім – анам тілі –өз тілім, Туған тілім- далам тілі – өз тілім! Туған тілім – адам тілі – өз тілім!

Туған тілде сыры терең жаным бар, Туған тілде әнім менен сәнім бар. Туған тілім тіл болудан қалса егер, Жүрегімді суырып-ақ алыңдар!

4-оқушы: Тілім менің- Тұтастығым ,елдігім, үйім менің Ел қорғаған ерлеріме рух берген Осы тілде толғады биім менің.

5-оқушы: Тілім менің - Ұлы Абайдай, Мұхтардай пірім менің Тұнығым, рухани жан азығым. Ол бөлінсе, менің де бөлінгенім.

6-оқушы:Тілім менің - Осы тілде шежіре , жырым менің. Жан қайғы , арманы Қорқыт күйі. Тағдырыммен тағдырлас мұңым менің.

7-оқушы:Тілім менің - Тілім үшін ,мың өліп, мың тірілді елім. Аралыммен, арыммен қатар қойып, Тілді қорғау – парызым бүгін менің.

8-оқушы:Тілім менің - Тіршілігім, тынысым ,құным менің. Бас бергенмен, Махамбет тіл берген жоқ. Тіл кесілсе,не болмақ күнім менің?!

9-оқушы:Сүйемін туған тілді- анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім. Шыр етіп жерге түскен сәтімнен –ақ. Құлағыма сіңірген таныс үнін.

Көрініс: «Бесік жыры»

10-оқушы: Ана тілін ұмытса , Анасына қарар ма? Ел дәстүрін ұмытса, Еліне жақын болар ма?

Туған тілім – тірлігімнің айғағы Тілім барда айтылар сыр ойдағы. Өссе тілім, мен де бірге өсемін, Өшсе тілім ,мен де бірге өшемін.

11-оқушы:Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем, Сен арқылы тіршілікпен тілдесем. Ел бетіне қалай тура қараймын, Ана тілім, егер сені білмесем.

12-оқушы:Ана тілім -жүрегісің анамның, Жүрек ана ,мен өзіңнен жаралдым. Сағат сайын сауығыңды тілеймін Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.

Көрініс: « Қалқам-ау , қазақпын де...»

Емханада бойжеткен дәрігер қыз әдеттегідей сырқаттарды көріп отырырады.

Дәрігер қыз: - Скажите по национальности кто вы? - дейді.

Сырқат кісі: -Мен қазақпын. Ал сіз ше? - Я казашка, -деп жауап береді дәрігер қыз.

Сырқат: - Қалқам –ау, Айналайын , қазақпын де , Сөйлесейік, кел, қане , қазақ тілде. Қазақтың қара өлеңін жатқа оқып, Айығып мен кетейін аз-ақ күнде. Кел,қалқам, сырым емес жаңсақтағы, Ағаңды өзге тілдер шаршатқаны. Өзгенің тіліменен күн кшіріп, Өз тіліңді жүрсің бе, аңсап тағы?

Дәрігер қыз -Білмеймін,қазақшаңды,- деп асығыс шығып кетеді.

Сырқат кісі - Еһ, әттең –ай, Қайдан ғана жолықтың, Жүрген кезде жүрегіме толып мұң, Ана сүті , ана тілі қаныңда, Айырбастап өзге тілге нені ұттың?

Ән. « Анамның тілі - аяулы үні». Хор.

Жүргізуші - Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өзінің атамекенін қалай сүюмен , өз ана тілін қалай білуімен өлшенбек.Ананың ақ сүтіне –уызына жарыған адам қашан да , отаншыл ұлтжанды болмақ.Әркімнің өз ұлтына,Отанына деге құрмет деп білу керек.

13-оқушы: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып, Ана тілін білмеу қандай заңдылық Өсер балаң ,байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

14-оқушы: Ақиқатты мойындайық қазақ біз,
Мәңгүрт бола жаздағанбыз бәріміз.
Тіл- мәртебе, ұлт мерейі емес пе,
Мәңгі-бақи шырқалатын әніміз

Жүргізуші:
Бес арыстың қарасақ тағдырына,
Қазағымның теңейміз таң нұрына.
Жүрегіне жастардың мәңгі орнады,
Аялаған айналып ән- жырына.
- Балалар, бұл өлеңде айтылып отырған ана тілі үшін, елі үшін құрбан болған жандар кімдер деп ойлайсыңдар?
Оқушылар:
- Ахмет Байтұрсынұлы
-көрнекті ғалым, дарынды ақын, қоғам қайраткері. Ол қазақ балаларына алғаш қазақ тілімен кітап жазған, қазақ тілін негізін жасап, қазақ мектебінің іргесін қалаған алғашқы адам.
-
Мағжан Жұмабаев- ақын, педагог, қоғам қайраткері.
-
Жүсіпбек Аймауытов – әнші, композитор, жазушы, қоғам қайраткері.
- Міржақып Дулатов - ақын, педагог,қоғам қайраткері.
- Шәкәрім Құдайбердиев- қазақ халқының аса көрнекті ақыны.
Барлығы:
- Олар «ұлтшыл» деген жалған жаламен тұтқынға алынып, жазықсыз жазаланды.
15- оқушы:
Енді қайта бізге оралды заңғарлар,
Сталиндік тозақтарда жанғандар.
Ұмытпаймыз ешқашан ұлыларды,
Бас иеміз рухына бабалардың.

Жүргізуші:
-Алаштың біртуар Абайы: «Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады» деп тегін айтпаған
- Ана тілін білу, үйренудің қажеттігі, маңызы жайлы ұлы адамдардың нақыл сөздеріне құлақ түрген.

1-оқушы:
-Өзіміздің елімізді сақтау үшін біз мәдениетке, оқуға ұмтылуымыз керек. Ол үшін алдымен әдебиет тілін өркендету керек. Өз алдына ел болуға өзінің тілі мен әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын ұмытпауымыз керек.( А. Байтұрсынов)
2- оқушы:
Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт- дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес, ондай тіл құрымақ. Ұлтының ұлт болуы үшін бірінші шарт- тілінің болуы.(М. Жұмабаев)
3-оқушы:
Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес.(Ж. Аймауытов)

4-оқушы:
Тіл қаруы- сөз, сөз қаруы- ой. Ақылды ой, алғыр сөз- Адамның ең жоғары қасиеті.(Ғ. Мұстафин)

5-оқушы:
- Тіл дегеніміз- қай халықтың болмасын кешегі, бүгінгі ғана тағдыры емес, бүрсүгүні тағдыры.(Б. Момышұлы.)

6-оқушы:

Кімде –кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса , бағаламаса,оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болммайды.
(М. Әуезов)

7-оқушы:
-Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынанда қол үзеді.
Ана тілің- арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте. (Қ. Мырзалиев)
Жүргізуші:
Ең тәтті де – тіл,
Ең ащы да-тіл,
Ең қатты да –тіл ,
Ең жұмсақ та-тіл.
-
танысайық демекші енді мақал- мәтелдермен:
1. Өнер алды- қызыл тіл.
2.Тілден асқан жүйрік жоқ,
Сөзден асқан байлық жоқ.

3. Ана сүті бой өсіреді,
ана тілі ой өсіреді.
4. Ақыл көркі – тіл,
Тілдің көркі – сөз.
5. Білімнің кілті- тіл.
6. Тіземнен сүріндірсең сүріндір,
Тілімнен сүріндірме.
7. Тіл тас жарады,
Тас жармаса , бас жарады.
8. Шешен болар баланы ,
Тіл қатқаннан танисың.
9. Сөз қадірін білмеген,
Өз қадірін білмейді.

10. Үлгілі сөз білмеген-
Надандықтың белгісі.



Концерттік бағдарлама.



Қорытынды:
Әр адам өз ана тілінде таза шұбарламай сөйлеуі міндетті. Ол үшін сөйлеу әдебін білу керек. Білген адамның қадір- қасиетті оның қалай сөйлеуінде .
Сөйлеу әдебін білмеген кісі адамгершілік қасиеттен айырылады, сөз орынды және мағыналы айтылған болса оны тыныш отырып тыңдамақ пайдалы.
Сөйлеу әдебі нешеу?(сегіз)
1. Орынсыз сөйлемеу.
2. Сыпайылықпен жұмсақ сөйлеу.
3. Ашық жарқын дидармен сөйлеп, бет аузыңды тыржитпау.
4. Тыңдаушыны жалықтырмай сөйлеу.
5. Тек пайдалы әңгіме айту.
6. Ойлап, абайлап сөйлеу.
7. Кісілер сөйлеп тұрғанда арасына сөз қыстырмау, сөзді бөлмеу.
8. Көп сөйлемеу , өйткені бұл білімдінің ісі емес.

  1. Өтірік сөз жанға қас.

  2. «Сіз» деген әдеп, «біз» деген көмек.

  3. Білегіңмен жүгірме, біліміңмен жүгір.

  4. Көп сөз көмір, аз сөз алтын.

  5. Жақсы тауып сөйлер,

Жаман қауып сөйлер.

  1. Ойламай сөйлеген ,ауырмай өледі.

  2. Шешесі тұрып қызы сөйлегеннен без.

  3. Өзіңді – өзің сыйламасаң,
    Өзгеден сый дәметпе.















































«О. Бапышев атындағы жалпы орта мектебі» КММ
2018-2019 оқу жылы.



















Тақырыбы:

«Ана тілі- асыл нәрі

бабамның»



















Дайындаған: Шертанова Алия



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
1118
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі