Ашық сабақ. Бастауыштан кейін қойылатын сызықша. 3сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ. Бастауыштан кейін қойылатын сызықша. 3сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мамандарға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: Бисенова А.Т. 14.11.2017жыл.

Пәні:

Қазақ тілі

Сыныбы:

3-сынып

Сабақтың тақырыбы:

Бастауыштан кейін қойылатын сызықша

Сабақтың мақсаты:

Бастауыш та баяндауыш та зат есімнен жасалғанда оларды ажырта білуге үйрету.

Күтілетін нәтиже

Сөйлем мүшелеріне сұрақ қоя біліп, сызықша арқылы жазылған сөйлемде бастауыш пен баяндауышты ажырата біледі.

Сабақтың түрі

Аралас жаңа сабақ

Сабақтың әдісі

Сұрақ- жауап, сыни ойлау стратегиялары, жеке, жұптық, топтық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі:

тірек сызба, постер, тақта, мазмұнды сурет, топшамалар, дидактикалық материалдар.

Сабақтың барысы:

1

Психологиялық көңіл-күй туғызу.

« Қуан, шаттан!

Қуанатын күн бүгін!

Бір-біріңе ықыласпен

Тілек айтар күн бүгін.

Олай болса бір-бірімізге жақсы сөздер арнайық

Жақсы сөздер

Қайырымды, кішіпейіл, мейірімді,салмақты,

биязы,сабырлы,ақкөңіл,қайратты, алғыр,пысық,

адал, дарынды,талантты,кеңпейілді,пысық, өнегелі,

тілтапқыш,ұқыпты,көңілді,белсенді,қабілетті,, әдепті ,талапты. Енді қолдарыңдағы суреттерді бір-біріңе табыстап топқа бөліне қойыңдар


1-топ «Зат есім»:Запт есім анықтамасы сұрағы мысал түрі

2-топ «Сын есім»:анықтамасы,түрлері мысалдар

3-топ «Сан есім»:анықтамасы,түрлері,мысалдар

4-топ «Етістік»:анықтамасы,түрлері,мысалдар

Топқа бөлінеді

2

Өткенді пысықтау

2.Өткен материалды қаншалықты меңгергенін бағалау (Бағдаршам арқылы)

Көркем жазу:

Құрманғазы-күйші.

Оқушылардың жауабы.

Бағдаршам арқылы бағалау

3

Түсіну «Миға шабуыл» әдісі

Өтілген тақырыптар бойынша анықтамаларды қайталау.

Бүгінгі сабақтағы табыс көзі:

Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса, бастауыштан кейін сызықша қойылады.

Абай Құнанбаев-ақын.

Арыстан - жыртқыш аң

Критерийлер

1

Бастауыш пен баяндауышты ажырата алады.

2

Сөйлем мүшелеріне сұрақ қоя білуге үйренеді.

3

Өздері тұжырым жасай алады.


Оқулықпен дәптермен жұмыс:

Жаттығуларыды берілген тапсырмалары бойынша оқушылар тақтада, топпен, жұппен орындап, ауызша талдалады.

Сергіту сәті:Қимылды ойын.


1-топ:

ит-адамның досы.

2-топ:

Тоқтар Әубәкіров-ұшқыш

3-топ:

Шабдалы-жапырағы түсетін ағаш.

4-топ:

Домбыра- ұлттық аспап.







Тапсырма бойынша жаттығу жұмыстарын орындайды.

4

Диктант. Тыныс белгілерін өздері қойып, бастауыш пен баяндауышты ажыратып астарын сызады.


Қазан-ас пісіретін ыдыс. Уыз-жаңа төлдеген малдың сүтінен әзірленетін тағам.

5

Қорытынды:

-Бағалау;

Үйге тапсырма:4-жаттығу-75 бет.



Рефлексия.Бүгінгі сабақ

бойынша өзіңді бағалау ағашының қай жерінде тұрмын деп ойлайсың? (қорша) Неге?











Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады.





























Бекітемін: Бисенова А.Т. 15.11.2017жыл.

Пәні:

Қазақ тілі

Сыныбы:

3-сынып

Сабақтың тақырыбы:

Бастауыштан кейін қойылатын сызықша

Сабақтың мақсаты:

Бастауыш та баяндауыш та зат есімнен жасалғанда оларды ажырта білуге үйрету.

Күтілетін нәтиже

Сөйлем мүшелеріне сұрақ қоя біліп, сызықша арқылы жазылған сөйлемде бастауыш пен баяндауышты ажырата біледі.

Сабақтың түрі

Аралас жаңа сабақ

Сабақтың әдісі

Сұрақ- жауап, сыни ойлау стратегиялары, жеке, жұптық, топтық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі:

тірек сызба, постер, тақта, мазмұнды сурет, топшамалар, дидактикалық материалдар.

Сабақтың барысы:

1

Психологиялық көңіл-күй туғызу.

« Қуан, шаттан!

Қуанатын күн бүгін!

Бір-біріңе ықыласпен

Тілек айтар күн бүгін.


Оқушылар сабақта бір-біріне сәттіліктер тілейді.

2

Өткенді пысықтау

2.Өткен материалды қаншалықты меңгергенін бағалау (Бағдаршам арқылы)

Көркем жазу:

Алматы-әсем қала.

Оқушылардың жауабы.


Сөйлемді көшіріп жазып, тұрлаулы мүшелердің астын сызады.

3

Түсіну «Миға шабуыл» әдісі

Сөйлемдерді толықтырып, жазып, баяндауыштардың астын сыз.









Оқулықпен дәптермен жұмыс:

Жаттығуларыды берілген тапсырмалары бойынша оқушылар тақтада, топпен, жұппен орындап, ауызша талдалады.

Сергіту сәті:Қимылды ойын.


1-топ:

Емен-..........

2-топ:

Жетісу-..........

3-топ:

Бішкек-.........

4-топ:

Ертіс-.............


Керекті сөздер: үлкен өзен, көркем өлке, мықты ағаш, Қырғызстанның астанасы.





Тапсырма бойынша жаттығу жұмыстарын орындайды.

4

Ой толғау:

Берілген сызба бойынша сөйлем құрап жаз.

Shape3 .

Shape6 - .

Shape9 - - - - - - .

Мына сөйлемдерді тек тұрлаулы мүшесі бар сөйлемдерге айналдырып жаз:

Арман балабақшадан үйге келді.

Сәуле терезеден қарады. Марат есік алдында ойнады.




Өздік жұмыс. Оқушылар тапсырма бойынша үлгіге қарап, берілген тапсырмаларды орындайды. Сөйлемдер құрастырып жазады.

5

Қорытынды:

-Бағалау;

Үйге тапсырма:4-жаттығу-77бет.



Рефлексия.Бүгінгі сабақ

бойынша өзіңді бағалау ағашының қай жерінде тұрмын деп ойлайсың? (қорша) Неге?











Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.08.2018
654
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі