Сабақ
барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi. 2
мин.
Сәлемдесу, оқушылардың
көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды
тексеру.
2.Тыныштық сәтi. 3
мин.
Нұрға бөлену.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу
ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе
үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды
өтінемін.
Елесететіп көріңіз: Күн нұры
сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің
орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу
ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр
сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің
қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға
ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе
түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз
нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді
және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр
сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге
апарады.Олар нұр мен махаббат құралына
айналды.
Одан әрі нұр сіздің
ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі
сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз
тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де
жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің
басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой
келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және
шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле
шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға,
таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген
адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр
бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық
тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр
бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен
Нұрмын"
Осындай Нұр,Махаббат және
Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....
Енді осы Нұрды жүрегіңізге
орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай
әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға
болады.Рахмет.
3.Үй тапсырмасын тексеру. 5
мин.
Оқулықтың «Оқып үйренейік»
айдарында берілген өсиет әңгімені мұғалім оқушыларға әрбір жасалған
жақсылықты, кең пейілділікті бағалау қажеттігін, не нәрсенің болса
да шегі бар екендігін түсіндіру мақсатында оқып
береді.
Мәтінді оқиғаның өрбуіне қарай жеке бөліктерге бөліп оқып
беруге болады. әрбір кідіріс жасаған жерде оқушыларға оқиғаны өз
ойларымен жалғастыруға болады. Оқушылардың жеке ойларын білгеннен
соң мұғалім мәтінді одан әрі жалғастыруына
болады.
Алма ағашы
Өсиет әңгіме
Жарық дүниеде Алма ағашы өмір
сүріпті.Ол кішкентай бір баланы жақсы көріпті.Бала күн сайын Алма
ағашқа келіп,жапырақ жинап,орман королінойнау үшін,олрдан шеңбер
өреді.Ол рның діңімен өрмелеп,оның бұтақтарында тербеледі және
алмасын жейді.Алма ағашпен тығылмақ ойнайды.Ойнап болып шаршаған
соң Алма ағаштың бұтақтарының көлеңкесінде ұйықтайды.Бал алма
ағашты өте жақсы көреді.Алма ағашы да бақытты
болады.
Уақыт өтіп жатты.Бала ер жетті.Бірде бала Алма ағашқа
келді.
-Бері кел,бала,менің діңіммен өрмеле,бұтақтарыма
тербел,алмаларымнан дәм тат,көлеңкемде ойна,сен де бақытты
боласың,-деп үн қатты Алма ағашы.
-Ағаштарда өрмелеп,бұтақтарда тербеле алмаймын.Өйткені мен
ер жеттім.Маған ақша керек.Сен маған ақша бере аласың
ба?
-Кешір,-деп жауап берді Алма ағашы,-бірақ менде ақша жоқ
қой,менде тек жапырақ пен алмалар бар.менің жапырақтарым мен
алмаларымды ал да,қалаға апарып сат.Олар үшін сен ақша аласың
да,бақытты боласың.
Бал діңмен өрмелеп,барлық жапырақтар мен алмаларды жинап
алып кетті.
Алма ағашы бақытты болды.
Бұдан кейін бала ұзақ уақыт келмеді.Алма ағаш та
мұңайды.
Бірде бала қайта келді.Алма ағаш та қуанышқа
бөленді.
-Бері кел,бала,менің діңіммен өрмеле,бұтақтарымы тербел,сен
де бақытты боласың.
-Ағаштан ағашқа өрмелейтін менің қолым бос емес,-деп жауап
берді бала.-Маған жылы үй керек,-деді.Мен шаңырақ көтеріп,отбасын
құрып,бала сүйгім келеді.Сен маған үй бере аласың
ба?
-Менде үй жоқ,менің үйім орман.Бірақ сен менің бұтақтарымды
кесіп алып,өзіңе үй салып алуыңа
болады.
Бала өзіне үй салып алу үшін Алма ағаштың бұтақтарын кесіп
алады.
Бұдан кейін бала қайтадан ұзақ уақытқа жоғалып кетеді.Ал
бала қайта оралғанда алма ағаш бақыттан әрең
сөйлейді.
-Бала,бері кел,ойна-деп сыбырлады
ол.
-Мен ойнау үшін өте кәрімін және қасіреттімін,-деп жауап
берді бала.Маған алысқа жүзіп кету үшін қайық керек.Сен маған қайық
бере аласың ба?
-Менің діңімді кесіп алып,өзіңе қайық жасапал,-деп жауап
берді Алма ағашы.
Бала Алма ағаштың діңін кесіп алып,өзіне қайық жасап алды
да,алысқа жүзіп кетті,Алма ағаш бақытты
еді,әйткенмен...
Тағы да көп уақыт өттібал Алма ағашқа қайтып
оралды.
-Кешір,бала,-деді Алма ағашы,енді саған берер ештеңем
жоқ.
-Алма жейтін тісім жоқ,-деді
бала.
-Менде бұтақтар қалған жоқ,-деді алма ағашы,сен оларда
тербеле алмайсың.
-Бұтақтармен тербелуге мен өте кәрімін,-деді
бала.
-Кешір,-деп демін ішіне алды Алма ағашы,-мен саған бір
нәрсе болсада бергім келеді...бірақ менде ештеңе қалмады.Мен енді
тек кәрі түбірмін.Кешір...
-Ал енді маған көп те керегі жоқ,-деп жауап берді
бала,-маған енді тек отырып,демалу үшін тыныш орын болса.Мен қатты
шаршадым.
Алма ағашы барынша түзуленіп:-Ендеше кәрі түбір демалу үшін
жарайды.Бері кел,бала,отырып демал.
Бала солай жасады.Алма ағаш та бақытты
болды.
Бала ағаштың кең пейілділігін бағалай білді
ма?
Кең пейілділіктің шегі бар
ма?
Бала ағаштың кең пейілділігіне сай ниет танытса,не болар
еді?
|