Ашық сабақ "Бейбіт Оралұлы және оның шығармалары"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Бейбіт Оралұлы және оның шығармалары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақта композитор Бейбіт Оралұлы туралы түсінік және оның шығармалары туралы айтылады. Жем бойында әнімен танысып, орындалады
Материалдың қысқаша нұсқасы

С/тақырыбы: Бейбіт Оралұлы және оның шығармалары

С/мақсаты: Жерлес композитордың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру,

оқушыларға белгілі композитор туралы мәлімет беру,

әндерін орындау арқылы оқушы бойына патриоттық сезім ұялату.

Музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру, ізденімпаздыққа баулу.

С/түрі: ашық

С/көрнекілігі: үнтаспа,видеролик,плакаттар,суреттер,шарлар,т.б.

С/барысы:

Балалар,музыкада неше нота бар? (7) Ендеше бүгінгі сабағымыз 7 бөлімнен тұрады.

До нотасында Ұйымдастыру бөлімі (көңіл-күй анықтау)

Ре нотасында Топқа бөлу (тәтті арқылы бөлу)

Ми нотасында Миға шабуыл (сұрақтар)

1. Музыка дегеніміз не?

2. Туған жер,туған өлке дегенді қалай түсінеміз?

Ән: "Жем бойында"

Балалар, бұл "Жем бойында" деген ән.Бұл әнді неге тыңдадық? Бүгінгі сабағымыздың тақырыбына арқау боп отырған осы керемет ән, өзіміздің туған өлкеміз туралы әннің авторы яғни композиторы Бірімғазы Бейбіт Оралұлы.

Фа нотасында Жаңа сабақ.

Бірімғазы Бейбіт Оралұлы - сазгер, 1955 жылы маусымның 2жұлдызында,  Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембіқаласында дүниеге келген.Ленинградтағы мәдениет институтын бітірген (1987). Алматы қаласында "Жас дәурен" өнерпаздар тобын ұйымдастырды.Сазгерлікпен шығармашылық жолын бастап, 200-ден астам ән жазды. "Нұр бейнең", "Ауылға", "Түркістан", "Боз жорға", "Аяулым", "Алғашқы көктем", "Сол бір кездер", "Сүйеді екем" т.б. әндері кеңінен тараған.

Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі.1997 ж. ҚР Президенті сыйлығына ие болды. 1999 жылы Халықаралық "Азия дауысы" конкурсында ең үздік композиторы атағына ие болды. Халықаралық "Азия дауысы"-Қазақстан әндері фестивалінің 7 дүркін жеңімпазы. 2004, 2005, 2006,2 011-2014 жылдары "Елім менің", "Тәуелсіздік толғауы" конкурстарының жеңімпазы. әндерін, инсрументальды шығармаларын Р.Рымбаева, Н. Есқалиева, М. Жүнісова, М.Мұхаметқызы, Б. Тайлақбаев, Ж. Дұғалова, А Жорабаева, Г.Қаспақова, М.Арынбаев, Ж. Орынбасарова, Г.Оразымбетова, Ж.Жексенұлы, т.б.әншілер орындайды. Жұртшылық әншілік өнерін кеңінен таниды. 1999 ж. бір әнін Египетке алып барды.

"Боз жорға" (1999 ж), "Сол бір кездер", "Мен сені баладым", "Жан анашым" жинақтары баспадан шығарылған.

2015 жылдың Ақпан айында Ақтөбе қаласында кастинг жасап өз продюсерлік орталығына талантты 15 жас өнерпаздарды таңдаудан өткізді. 2015 жылдың мамыр айынаң бастап Тамсан тобының және де Арман Берікұлының, Ернар Алтын мен Акімжан Шәкіровтың продюсері.Халықаралық конкурстардың лауреаты, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі.Құрмет орденінің иегері, Мұғалжар ауданы, Ақтөбе облысының құрметті азаматы.

Видеролик

Ресейлік "На-на" тобының орындауымен кеңінен таралған "Боз жорға" әні бар.

Ән: "Боз жорға" Сражадинов Ж.

Соль нотасында Ойын "Шатасқан әндер" әндерді теріс оқу

1. Ұрпақ,бойтұмары,Астана,қазағымның,иман жиған,Жүрегіне,күні-түн,

Жұпар ,гүлдене,аңқыған,шалқыған, бер,шаттық . (Т.Төреғали Астана)

2. Ойнап жүр-ау,өзгелермен,ойлап жүр-ау,сенімен де, (Қ.Нұртас Байқа)

3. Ұялып жүрсің,соншама кімсің,Мен көрмедім,тербелмедің,сендей сұлу (Н.Абдуллин Сен қорқақсың)

4. Қонғанда сәл бақ басыма,менің мақталғанда атым,таңдарда ақ арайланған (Т.Төреғали Бол жанымда)

5. мен,тек,бір сөйлеп еркекпін,туатын ғасырда мен туатын еркекпін. (Ғ.Шекербеков Еркекпін мен)

Балалар,көп рахмет,бір сергіп қалған сияқтымыз.

Ля нотасында Хор: "Ауылға" Б.Оралұлы

Си нотасында Қорыту. Хронологиялық кесте

Көңіл-күй стратегиясы.

С/бекіту. Жерлес композитор Бейбіт Оралұлы туралы мәліметтер мен оның әндерін үнемі есімізде сақтап жүрейік.

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.00.2021
497
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі