400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ «Бейматалар. Трикотаж жаймалары. Жылулық материалдар. Астар мен қатырма материалдары»

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімгерлердің ой - өрісін кеңейту, білімін практикада ұштай білу, дағдысын қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

«АКАДЕМИК С.А.ДЖИЕНКУЛОВ АТЫНДАҒЫ БАЙҚОҢЫР КОЛЛЕДЖІ»

БІЛІМ МЕКЕМЕСІ










«Бейматалар. Трикотаж жаймалары. Жылулық материалдар. Астар мен қатырма материалдары»

(АШЫҚ САБАҚ)





















Сабақтың тақырыбы: «Бейматалар. Трикотаж жаймалары. Жылулық материалдар. Астар мен қатырма материалдары»

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Бейматалар өндірісінің дамуы, олардың пайдалануы, қасиеттері мен өңделу тәртіптері; Мақта, ватин, синтепон, көлемді жылытатын жаймалар,қасиеті мен қолданылуы; Трикотаж түрлері және ілмектің құрылысы; Астар маталарға қойылатын талаптар; Қатырма маталар мен материалдардың қасиеттері және оларды өңдеу ережелері;

2. Дамытушылық: Білімгерлердің ой - өрісін кеңейту, білімін практикада ұштай білу, дағдысын қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: Білімгерлердің өз бетімен жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, болашақта білікті, саналы маман иесі болуға, ұқыптылыққа, өз ойларын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдісі: Модульдік оқыту әдісі, сұрақ-жауап, кері байланыс, топтық сайыс.
Сабақтың типі: Білім мен дағдыны есте сақтау
Сабақтың көрнекілігі:
Слайд, тірек конспект, беймата маталары, синтепон, трикотаж жаймасы, астар және дублерин ; интерактивті тақта;
Ұйымдастыру кезеңі:
1. Топтың, тақтаның әзірлігін қадағалау, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
2. Білімгерлердің зейінін сабаққа аудару
3. Сабақтың мақсатын айту
ІІ - өткен сабақты қайталау

III-Бөлім Маталардың құрамы, құрылысы және қасиеті

Матаның қасиеті

  1. Маталардың механикалық қасиеті

  2. Физикалық қасиеті

  3. Оптикалық қасиеті

  4. Қыртыстану

  5. Суға төзімдік, су сіңіргіштік

  6. Электрлену

  7. Қатқылдық

ІІІ. Жаңа сабақ
Білімгерлерге Трикотаж түрлері және ілмектің құрылысы; бейматалар өндірісінің дамуы, олардың пайдалануы, қасиеттері мен өңделу тәртіптері; Мақта, ватин, синтепон, көлемді жылытатын жаймалар,қасиеті мен қолданылуы; Астар маталарға қойылатын талаптар; Қатырма маталар мен материалдардың қасиеттері және оларды өңдеу ережелері;жаңа сабақты қысқаша түсіндіремін. Әрі қарай модульдік технология бойынша білімгерлер өздері қорғайды.

Сабақ жоспары

Трикотаж дегеніміз не?

Трикотаж өримдері неше өрімдерге бөлінеді?

Негізгі трикотаждық өрімдерге қандай өрімдер жатады?

Суретті өрімдер класының ерекшеліктері қандай? Суретті аралас өрімдері атаңдар?

Бейматалар олардың пайдалануы?

Жылулық материалар?

Қатырма маталар?

Астар мата және қойылатын талаптар?





  1. Трикотаж жаймалары

«Трикотаж» деп ілмектерден тұратын, бір немесе бірнеше жіптерден өзара

бойлай және көлденең бағытта іліп тоқылған тоқыма бұйымды немесе жайманы атайды.

Трикотаждың негізгі элементі ілмек- қисық сызық, оның ұзындығы мен формасы трикотаждағы бір қатар маңызды қасиеттерді белгілейді.

Ілмек (6.1 сур.) екі шектес ілмектердің негізін біріктіретін қаңкадан (2-3-4жоғарғы доға жэне 1-2 мен 4-5 таяқшалардан) жэне созылмалардан (0-1 мен5-6) тұрады. 2-3-4 жоғарғы доғаны инелі, ал 5-6-7 созылманы платиналыдоға деп атайды.

Трикотажда тігінен бір-біріне тізілген ілмектерді ілмекті бағанша, алгоризонталь бойынша бір қатардағы ілмектерді - ілмекті қатарлар депатайды.

Екі шектес ілмекті бағаншалар орталықтарының аралығыщ ілмекті қадам

деп атайды және А әрпімен белгілейді, ал екі ілмекті қатарларорталықтарының аралығын ілмекті қатар биіктігі деп атап, В әрпімен

белгілейді,

Іліп тоқу әдісі бойынша трикотаж иілмелі (көлденең тоқылған) жәнежеліжіптік (бойлай тоқылған) түрлерге бөлінеді.

6.1 сур. Ілмектің құрылысы

Иілмелі трикотаж (6.1 сур.) бір, екі немесе одан артық бірге алынғанжіптерден құрылады, олар бір жіпжүргізгішке сабақталып, бірден инеге салынъш, ілмектер тоқиды. Ілмектер қатарлары жіптің бірізді иілу жолымен алынады, бір катар құрылғаннан кейін жіп екіншіге ауысады, сонан соң үшіншіге және т. б.

Иілмелі трикотаж ілмекті қатарлар бойынша (горизонталь бағытпен)жеңіл тарқатылады, ал жіп үзілгенде ілмекті бағанша бойынша (вертикальбағытпен) тез сөгіледі.

Желіжіптік трикотаж бір-біріне параллель орналасқан жіптердіңжүйесінен (желіжіп) құралады.

Ілмекті қатарды алу үшін бірмезгілде жіптердің жүйесі иіліп, әр жіп өз инесіне салынады. Сондыктан ілмекті қатарда әр жіп бір (екіден көп емес) ілмек құрайды, сонан кейін келесі қатардың көршілес бағаншасына ауысады.

Мұны орыңдау үшін бір жіп кезегімен (6.2 сур.) екі шектес инеге салынады: II қатардағы 2 инеге салынған жіп, III қатарда 3 инеге салынады,ал IV қатарда қайтадан 2 инеге және т. б.

Сонымен желіжіптік трикотаждың әр ілмекті бағаншасы көршілесбағанамен созылма арқылы бірігеді.Желіжіптік трикотаж ілмекті қатар бойынша таркатылмайды және ілмектібағанша бойымен тым аз тарқатылады. Желіжіптік трикотажда ілмектің құрылысы, иірмеліге қарағанда біршама ерекшеленеді. Желіжіптік трикотаждың (6.3 сур.) ілмегі таяқшалардан {а-б), ілмек басы (б~в~г) және бір ілмекті екінші ілмекпен біріктіретінсозылмалардан {д-е мен д'-е1) түрады. Тік а-б мен г-д бөліктерден тұратын

6.2 сур. Желіжіптік трикотаждың (оң 6.3 сур. Желіжіптік трикотаждың

жағы) ашық (ПІ-IV катар) және теріс ілмек құрылысының сұлбасы

ілмектері (II- қатар)

Трикотаж өрімдері

Трикотаж өрімдері деп трикотаждағы ілмектердің қосылуы мен белгіліорналасу тәртібін атайды. Қайталанған трикотажды өрімнің бөлігін раппортдеп атайды. Трикотажды өрімнің түрі әсіресе сырткы сипатына, оныңқалыңдығына, салмағына, созылымдылығына және баска қасиеттеріне әсеретеді.

Бүкіл трикотажды өрімдердің түрлерін тоқу тәсілі бойынша екі класқабөледі: иірмелі (көлденең тоқылған) және желіжіптік (бойлай тоқылған).Сонымен қатар өрімдер жалаң және қосарлы, құрылымы бойынша тегіс жәнесуретті болуы мүмкін.

Басты топка ілмектердің мөлшері мен формасы бірдей өрімдер жатады.

Басты өрімдерге мынадай түрлері жатады: иірмелі біртегіс, тізбекше, трико,атлас.

Туынды өрімдер түрлері бірдей екі не одан артық басты өрімдердіңүйлесуінен құрылады.

Туындыға мына өрімдер жатады: біртегіс туындысы, трико туындысы,атлас туындысы жэне т.б. Басты өрімдерге қарағанда туынды трикотажнеғұрлым тығыз болады және аз сөгіледі.

Cypemmi өрімдербасты және туынды өрімдердің құрылымын өзгертужәне сырттай эффектілерді алу үшін қосымша жіптерді қолдану арқылы қолданады. Осы өрімдер жаймалардың түріне әсемдік береді, сөгілуі менсозылуын төмендетеді және түрлі-түсті, бедерлі өрнектерді кұрайды.

Көлденең тоқылған трикотаждың өрімдері

Басты иілдіру өрімдері.

Бұл топқа біртегіс, ластик, екі терістемелі өрімдер жатады.Біртегіс - біржакты иілмелі жалаң өрім, оң және теріс жағы өзгешеболады Оң жағында тек ілмек таяқшалары көрініп, тегіс және жылтыр олады. Терістемеде тек ілмек доғалары көрінеді, сондықтан өрімнің бұлжағы күнгірттеу, бұдырлы болады (6.4-сурет). .

Біртегіс өрімі төмендегідей қасиеттермен сипатталады.

Созылымдылық. Созылымдылығы жоғары, әсіресе ілмек қатары (жаймағакөлденең) бойымен катты созылады. Біртегістің бұл қасиеті оң қасиетініңбірі болып саналады.

Созылымдылық созу кезіндегі деформация мөлшері және үзілу кезіндегіұзару мөлшерімен сипатталады. Өрімнің түрі және иірімжіптің қасиетінебайланысты деформация серпімді жене серпімсіз болу мүмкін. Серпімдідеформация (немесе серпімді ұзару) трикотаждың қолдануын анықтайтынмаңызды қасиеті болады. Серпімді ұзару қасиеті бар бұйым кию кезінде өте қолайлы, денеконымдылығы жақсы қимылдарды қыспайды және жүктемені алыптастағаннан кейін алғашқы қалпын жоғалтпайды. Трикотаждың серпінсіз немесе қалдық ұзару қасиеті оның кемшілігіболып саналады, себебі бұйымды кейген кезде жағымсыз деформацияқалады.

Біртегіс өріммен тоқылған жаймалар мен бұйымдардың форматұрақтылығын арттыру үшін үйкеліс коэффициенті мен ілінісуі жоғары әртүрлі иірімжіптерді пайдаланады. Сонымен катар трикотаж жаймаларынақатаңдылық беру және созылымдылығын азайту мақсатымен олардыаппреттейді.

6.4 сурет: Бір тегістің кұрылысы. 1-өңі, 2-терістемесі

Біртегістін, созылымдылық дәрежесі ілмектегі жіптің ұзындығына тұражәне жіптің қалыңдығына қарсы пропорциональді, яғни ілмектегі жіптің ұзындыгы неғүрлым артық және жіптің қалындығы неғүрлым жіңішкеболса, соғүрлым созылымдылық жоғары болады. Демек біртегістіісозылымдылығьш азайту үшін трикотаждың тығыздығын көбейту немесеқалың жіпті қолдану жеткілікті.Біртегістің созылымдылығын оң қасиет деп бағалап, оны шұлық, қолғап және іш киім бұйымдарын өндіру кезінде кең қолданылады.Тарқатылушылық. Біртегістің тарқатылушылығы өте жоғары, ілмек

катары және бағанша бойымен жеңіл тарқатылады, яғни екі бағытта: томбағыты және тоқу бағытына қарсы, Бұл жай оның кемшіліг і болады, себебі бұйымдардың беріктігіне теріс әсер етеді.

Егер біртегіс өріммен өндірген трикотаж кездемесінен жолакты кесіпоның жоғарғы немесе төменгі ілмек қатарларындағы жіптің ұшын тартса,онда ілмектер біртіндеп тарқатылады.

Егер біртегіс үлгісі жиегі бар жолақ түрінде өндірілсе, онда ол текжоғарыдан төмен тарқатылады, яғни тоқу бағытына қарсы. Мұндай үлгінітөменнен жоғары қарай тарқатуға болмайды, себебі жиектегі жіп тартады. Егер созылған біртегістің ілмектерінің бірі үзілсе, онда бүкіл ілмек бағаншасы тарқатылуы мүмкін. Өрімнің осы қасиеті негізгі кемістігі болып саналады, себебі бұйымның беріктігі төмендейді. Сонымен жасалган зерттеулер мынаны көрсетеді:

-ені бойынша біртегісті созғанда, ұзына бойына қарағанда жеңіл таркатылады, бұл ілмектердің доғалары кеңейуінен және бір-бірінен жеңіл

сырғытуынан болады;

- ілмектің ұзындығы кішірейгенде біртегістің тарқатылуы азаяды;

- ілмектердің ұзындығы бірдей кезінде біртегістің тарқатылуы жіптердің үйкеліс коэффициентіне қарсы пропорциональді болады.

Мысалы, капрон жіптерінен тоқылған біртегістің үйкеліс коэффициент жоғары мақта иірімжібіне қарағанда жеңіл тарқатылады.

Оралымдылық. Біртегістің оралымдылығы деп оның шетінен оралуын атайды. Біртегіс оң жағынан терісіне ілмек бағаншасы, ал теріс жағынан оң жаққа - ілмек қатары бойымен оралады (бұралады). Біртегістің шетіндегі оралымдылығы ілмектегі иілген жіптердіңсерпімділігінен болады, себебі олар әрқашанда түзелуге ұмтылады. Біртегістің оралымдылық дәрежесі трикотаждың тығыздығы мен жіптердің серпімділігіне байланысты. Сондай-ақ жіптердің ширатылуы әсер етеді: ширатылу неғурлым жоғары болса, соғурлым трикотаж қатты бұралады. Оралымдылық біртегістің теріс қасиеті болады, әсіресе өрімнің шетіндегі орамдылығы жоғары, сондықтан пішу және тігу операцияларын қиындатады. Сол себептен трикотажды пішу алдында ылғалды-жылумен өңдейді, оның мақсаты ілмектерді тұрақтандыру және жіптердің серпімділігін азайту. Дегенмен біртегістің бұл қасиетін суретті трикотажда оң деп қолданылады, себебі әр түрлі бедерлі өрнектерді алуға пайдаланады. Біртегіс өрімді МТ, мальезді; көпқұлыпты, шеңберлі шұлық, фангілі, биялай, котонн және т.б. машиналарда өндіреді.

Ластик - оң және теріс жағы бірдей қосарлы өрім. Ластикте оң жәңе терістеме ілмек бағаншалары кезегімен құралады (6.5сур). Созылмаған жайманың бетінде тек ілмек таяқшалары көрінеді. Ластик деп қосарлы екі бетті өрмелі ерімді атайды, оның екі жағындағы ілмек бағаншалары зандылы кезекпен алмасады. Қайталанған осында|

кезектің бөлігін рашюрт деп атайды. Оң және терістеме ілмек бағаншалардың кезектесу тәртібіне байланысты раппортта ластиктың 1+1 2+2, жэне т. б. болады, мұнда бірінші сан оң ілмек бағаншаларының санын,: ал екінші сан - терістеме санын көрсетеді. Ілмек бағаншалардың кезегі әр түрлі болғанда жайманың оң және теріс жағының айырмашылығы болады.

6.5 сурет: Ластик кұрылысы (1) және оның графикалык жазбасы (2)

Ластик мынадай қасиеттерімен сипатталады

Созылымдылық. Ластик өрімнің көлденең бағытта созылымдылығы және серпімділігі жоғары, біртегіспен салыстырғанда қалыңдығы мен массасы артығырақ. Ластик 1+1 ені бойынша 3,5 есе ұзына бойьша қарағанда артық созылады. Ластикті өрім ені бойынша созылғаннан кейін қысқартылады да, алғашкы қалпы мен мөлшерін тез қабылдайды. Ластиктің осы қасиетін, яғни ені бойынша жақсы созылып денеге максималді жақсы қонуын трикотаж бұйымдары мен бөлшектерді алу үшін кең пайдаланады. Мұндай бұйымдарға мысалы, спорттык және сырт киім, сонымен қатар мынадай бөлшектер - шұлык-кайықтардың ластигі (кемері), свитерлердің каттамасы не жағасы және т. б. жатады. Ластиктің ені бойынша созылуы біртегіске қарағанда екі есе артық, алұзына бойынша біртегіспен бірдей. Тарқатылушылық. Біртегіске қарағанда ластик 1+1 оң қасиеті таркатылуы тек тоқу бағытына қарсы орындалады, сондыктан ластик 1+1 беріктеу, оның төменгі жиегі бекітілмеді деп қауіптенбей кесуге болады. Ластиктің оң және терістеме ілмек баганшаларыныц басқа үйлесуінде олар екі бағытта тарқатылуы мүмкін, сондықтан ластиктің төменгі жиегін әрқашанда бекіту қажет. Оралымдылық. Раппортта оң және терістеме ілмек бағаншаларының кезегі бірдей болғанда мысалы, ластик 1+1, 2+2, біртегіске қарағанда шетінен оралмайды (бұралмайды). Мұның себебі оң ілмек бағаншаларының серпімділік күшінің әсері теріс ілмек бағаншаларының серпімділік күшімен теңестіруінен болады.Егер катар орналасқан теріс ілмек бағаншаларының саны көп болса, онда ластик біртегіске ұқсас артық оң ілмек бағаншаларының жағына қарай

оралады. Ластиктегі ілмек бағаншаларының серпімділік күшінің әсері оның еніне әсер етеді, себебі осы күштердің әсерінен теріс ілмек бағаншалары оң бағаншаларына кіреді. Ластик 1+1 бір жактағы оңілмек бағаншалары басқа оң ілмек бағаншаларының жартысына кіреді. Сондықтан ластиктің енін ілмектердің кіруін ескеріп немесе ескермей аныктайды.

Сабақталу шарты бірдей кезінде ластик 1+1 еркін жайындағы ені біртегістің енінен екі есе кіші. Ластикті машинадан түсіргеннен кейін оның отыру проценті едәуір , яғни оның еркін жайындағы ені оның машинадағы сабақталу енінен біраз аз болады. Осыны сабақтауды есептеу кезінде ескеру қажет. Ластик өрімін ластикті, фангілі және котонды машинада өндіреді.

2. Беймата жаймаларының сапасын бағалау

Беймата жаймаларының сапасы олардың типіне және қолданылуына байланысты бағаланады. Беймата жаймаларын екі түрге бөледі: маталық (жайғақты тігілген, жіпті тігілген, мата тігілген, инетесімді, желімденген және киыстырылған) және күспелі (жайғакты тігілген, инетесімді). Стандарт бойынша оларды тұрмыстық, ыспалык, аяқ-

киімдік, аралық, сүзгілік, жиһаздык және күспелік болып бөледі. Беймата жаймаларын оларды өндіру технологиясына байланысты физика - механикалық, физика - химиялық көрсеткіштер және сыртқы түр ақаулары бойынша бағалап, оларды 1 және 2 сорттарға

жатқызады. Тоқылып - тігілген және желімденген жаймалардың норма бойынша физика - механикалық көрсеткіштеріне ені, беттік тығыздығы,үзу жүктемесі, үзілу ұзаруы, үйкеліске тұрақтылығы, қаттылығы, пиллинг түзуге тұрақтылығы, қыртыстанбауы, жуудан кейін сызықтыкөлшемдердің өзгеруі, сіңдіруі, сонымен катар химиялық тазалауданкейін физика – механикалықкөрсеткіштердің өзгеруі жатады. Сондай- ақ, тоқылып - тігілген жаймалар үшін ұзындығы бойынша тігутығыздығы мөлшерленеді.Екінші сортты жаймаларда бірінші сорттың минимальды нормаларынан қалыптасқан ауытқулары жатқызылады. Егер ауытқу өлшемі қажеттіден жоғары болса, онда жаймаларды сортсыздықгарға ауыстырады.

Жайманың нақты белгіленуіне байланысты сыртқы түр ақауларыбойынша сорттылык бағаланады.Маталардағы сияқты ақаулар таралған және жергілікті болуымүмкін. Бірінші сортты жаймаларда келесі таралған ақаулар болмауықажет: қыртыстар, кажетті аймактарда тук пен үйпаның жеткіліксіздігі,жайманың немесе суреттің киғаштануының 3% жоғары болуы, енініңбіркелкісіздігі, бойлай және көлдеңінен жолақтылығы, кірленуі,қылпықтылық, түстіреңктілік.Екінші сортты жаймаларда таралған ақаудың тек біреуі ғана болуықажет. Сонымен қатар, мынандай жергілікті ақаулар болуы тиіс:тесіктер, мата үзындығы бойынша 10 см көп жамаудың болуы, 2 смжоғары майлы дақтар, тігу жіптерінің бесреттік қалыңдауы, матаныңұзындығы бойынша 10 см жоғары тігу жібінің үзілуі, аймактарда түктіілмектердің жоктығы. Бірінші сортты жайманың 35м2шартты ауданда сыртқы түрдің жергілікті акаулардың саны 12 аспауы керек, ал екінші сортты жаймада - 24 аспау кажет.


  1. Астарлық материалдар

Киімде астар өте маңызды роль атқарады: ол киімнің эксплуатациялық жэне эстетикалық касиеттерін жақсартып, тозудан және кірлеуден сақтайды. Астар маталар салмағы бойынша жеңіл, жууға төзімді, үйкелуге, терге және химиялык тазалауға бояуы берік, негіз бойынша аз отыратын болуы керек. Астар маталарды көбінесе саржалы, сәтенді және атластыайкаспамен, сирек жаккардты, тегіс боялған, сирек жолақ түрінде баспасуретті жэне ала маталы болады, ені 80-150см, сызықтық тығыздығы105-180г/м2, матаның отыруы негіз бойынша- 3,5-5%, арқау бойынша- 1,5-2%.Сыртқы бетінің тегістігінің арқасында бұл маталар үйкеліске төзімді, бірақ сырғанақ болып келеді, сондықтан астарды пішкенде төсем кезінде қабат санын азайтып, арнайы қысқыштарды колданады.Астар маталар тозуға төзімділігі, салмағы және сыртқы түріне байланысты киімде колданылатын сырт матаға сәйкес болуы керек.Астарға арналған маталар негізінен химиялық жіптерден ол: негіз және арқау бойынша сызықтық тығыздығы 11-16,6 текс вискозды, негіз және арқау бойынша сызықтық тығыздығы 6,7 текс капронды, негіз бойынша сызықтык тығыздығы 13,3 текс вискозды және арқау бойынша сызықтық тығыздығы 6,7 текс капронды, негіз бойыншасызықты тығыздығы 13,3-16,6 текс вискозды және арқау бойыншасызықты тығыздығы 18,5-25 текс мақта иірімінен, негізі бойыншасызықтык тығыздығы 16,6 текс вискозды жэне аркау бойынша сызыктытығыздығы 25 текс вискозды иірім, негіз бойынша сызықтық тығыздық13,3 текс вискозды және арқау бойынша сызықтық тығыздық 16,6 тексацетатты болады. Астар маталардың ассортименты кеңейтудің перспективалы бағыты- олардың беттік тығыздықтарын азайту жэне сызықтык тығыздығы 13,3 текс аспайтын вискозды жіптерді қолдану керек.Ацетатты жіпті қүрамдас маталар тозуға төзімділігі аз және ұзақкиюге арналмаған киімдер үшін қолданылады.Негіз бойынша сызыктык тығыздығы 15,4 текс және арқау бойынша11,8 текс иірімнен жасалған мақталы-лавсанды маталы (макталы33% және лавсанды 67%) талшыктар кұрамынан дайындалатын саржалыайқаспалы Уъ астар кұрылымы өңделеді. Беттік тығыздығы -135г/м2.

Тәжірибелі эксплуатациялау кезінде ол үйкеліске төзімді: киім мерзімі-1500 күн болады.


4. Іштік маталар

Іштік маталар сырт киімдерде өңірге, алдыңғы бойға, жағаларға,жеңдерге және басқа киім бөлшектерін бұйымның (пальто, пиджак,жакет) пішінін жақсы сақтау үшін колданылады. Іштік маталардынегізгі мата мен астар арасына салады. Бүл материалдар ылғалды жылумен өңдеуге жақсы пластикалы және форма бергенде тұракты болуы керек, сондықтан олар берік, аз созылатын, катты және сырт матаныңотыруымен сәйкес болады. Классикалық іштік матаға коленкор, мактаматасы, зығыр және жартылай зығыр катырғылар, желімді және аралас әдіспен дайындалған беймата материал: - флизелин, прокламелин,фильц, жартылай жүнді аркаулы немесе синтетикалык талшықтарқосылған қатырғы маталар, жағалык маталар түкті табиғи жэне жасанды маталар. Көбінесе іштік маталар ақ, қара, сүр және кою сары болады,түсті түрлері көбінесе сирек кездеседі.

Іштік маталар желімді және желімсіз болып келеді. Желімді түрінде бір жағы арнайы жабынды жағылады, ол үтік әсерінен балкиды және матаны іштікке бекітеді. Желімсіз іштікті машина немесе кол тігісімен тігеді. Іштікті матаның қасиеттеріне қарай таңдайды. Үтікпен ыстык өңдеуге келмейтін маталарды тек қана желімсіз іштікпен бекітеді.

Трикотаждық іштік - трикотажды , матаны бекіту үшін колданады. Іштік арқасында мата калыңдайды және аз мыжылады, бірақ жұмсакболып келеді. Трикотажды іштікті бүтін бөлшекке және олардың кейбіркерек тұсына желімдеуге болады.

Арқау жібі қалың іштіктер - көлденең бағытта ғана созыла- ды, серпімділігі жоғары болады жэне өзінің бастапқы қалпына қайта келеді. Мүндай іштікке бекітілген мата шынайы күлтеленеді. Матаны тұрактандыру үшін іштікті негіз бойымен, жұмсақ, еркін қынамалық үшін - көлденең бағытта пішіледі. Аркау жібі калың іштіктерді жіңішке және орташа тығыздыкты маталарда колдану керек.

Мөлдір беймата іштік - ең жіңішке, нәзік, жіңішке маталар үшінарналған. Мүндай іштіктер түрлі-түсті, сонымен катар дене түстес болып келеді, бүл іштікті оң бетінен білінбейтін болады.

Маталы іштік - жай маталар сиякты негіз жэне көлденеңжіптерден түратындыктан, оларды сырт матамен бірдей бағыттапішеді. Егер іштікті қиғаш пішсе, мата жүмсақ күлтеленеді.

Жайғақ- орташа тығызды жэне тығыз маталар үшін маталы желімді іштік-пиджак және пальтоға арналған стандартты материалболады. Жайғак катты, дөңес форманы жаксы сактайды. Созылмалы беймата іштіктер кез келген бағытта пішіледі.

Олар түрлі тығыздыкты, жұмсак жэне катты қырлы болады. Көлденең бағытта катты созылатын желімді беймата іштіктер кездеседі. Созылып кететін қасиетті олар жабыстырылғаннан кейін сақтайды. Мұндайіштіктер арнайы трикотаж үшін арналған.




5. Жылулық материалдар

Үлбір

Үлбір, теріні - киім ретінде қолдану алғашқы материал болып есептелінеді. Өзінің жылусақтағыш қасиеттері, жоғары тозуғатөзімділігі жэне сыртқы келбетінің эдемілігіне қарап, табиғи үлбірқазіргі кезде түрлі эрлеулерге, өңдеуге жэне тігін бұйымдарын сәндеуүшін кең қолданылады. Қазакстан Республикасының әлемде ең бай мамық-үлбірлі базасы бар: елде 100 астам үлбірлі өндірісте өңделетін түбітті аңдар менжануарлардың түрлері кездеседі. Аң өсірушілік, қаракөл шаруашылығы,коян өсіру, бағалы түбітті аңдарды жерсіндіру жэне коныстандыруғаүлкен көңіл бөлінеді.

Табиғи үлбір ерте кездерден ең жаксы жылусақтағыш материал болып есептеледі, бірак жылусақтағыш іштікретінде сирек қолданылады.Көптеген табиғи үлбірлер түрлері жоғары жылу сақтағыш қасиетіменкоса әдемі түр келбетімен де ерекшеленеді. Сондықтан, киімдекөбінесе сырт мата ретінде колданылады. Тек, табиғи үлбірдің кейбіртүрлері, мысалы, қоян, үй қоянының терісі, күзеннің және кейбір баскажануарлардың терісін жылуды өткізбейтін іштік немесе астарды дайындауда пайдаланылады.

Мақта

Тағайындалуына байланысты макта матасы төрт түрге бөлінеді ол:киімдік, жиһаздық, медициналық және техникалық. Киімдік мақтанытөменгі сүрыптарынан жэне (IV-VI сұрып), мақта мамығынан, мақтаиіру және тоқымашылықтан шықкан калдықтардан өңдейді.Мактаның жоғары сұрыптары (люкс, прима) қыскд талшықтымактаның мамық қалдықтардың кішкене мөлшерінің қоспасынан дайындалады. «Тігін» мақтасы негізінен мамықтан, қалдыктардан, ескіталшықтардан және төменгі сүрып мақтаның кішкене мөлшеріненөңделеді. Түсі бойынша мақта маталы мақта ак (люкс), дөрекі (прима)және меланжды (тігін) болып өңделеді. Жылу шығармайтын іштікті жоғары серпімді жэне талшықтардыңжақсы ілінуімен ерекшеленетін кысқа талшықты «түкті»мақтадан жасайды. «Түкті» маталар бұйымдарының жылу шығармайтын жақсы қасиеттеріболады.

Ватилин

Бұл бір жағын немесе екі жағын желімді эмульсиямен өңделген белгілі бір қалыңдықты киімдік мақтаның қабаты. Ватилин өндірісіне шикізат ретінде мактаның төменгі сұрыптары, ал желімді жапсырма мақтаны жылжып кетуден сақтайды. 1м2 шығарылатын ватилинсалмағы 200-225г, 400-440г жэне 700-750г болады. Желімдік заттардыңсаны қалың ватилин салмағынан 1,5 %, жіңішке ватилин 3%-тен аспауы қажет. Ватилин көбінесе қыстық бас киімдерді дайындауда қолданылады.


Поролон

Пенополиуретан - жеңіл, жұмсақ, қатты кеуек, серпімді материал, жылу сақтау қасиеті жоғары. Киімге салу үшін поролон ұзындығы 15-17м, ені 100 см, қалыңдығы 3-4 мм болып шығарылады. Керекті өлшем қажет болғанда бірнеше кабаттап бүктейді. Жылу сақтау қасиеті жағынан поролон мақта мен күспеден кем болмайды. Ол мақта мен күспеге карағанда ауа өткізгіштігі, гигроскопиялық көрсеткіші төмен болады. Бірак, кеуек болғандықтан ылғалды тез сіңіреді, жеңіл сығылады, тез кебеді. Поролон төсемнің серпімділігінің аркасында киімнің пішіні жақсы сақталады, мыжылған киім қалпына тез келеді. Поролон қолданып тігілетін бұйымдарға деген ұсыныстарды ЦНИИШП жасайды. Поролон бөліктерді бір-бірімен жай тігін машинасында тігіп дайындайды. Поролон үйкеліске мықты, көп қайтара бүктегенде, қысымға, суыққа шыдамды, кигенде үгілмейді. Поролон 150°С да жұмсарады, ал, 180°С-да балқиды. Қыздырғанда, әсіресе балқығанда, улы заттар бөледі, сондықтан қауіпсіздік сақтау жэне арнайы еңбек корғау ережелерін қатаң сақтау қажет. Поролонның кемшілігі- ескіргенде серпімділігін жоғалтады, құрғақтай химиялық тазарту жүргізуге жарамайды. Трихлорэтилен, перхлорэтилен және уайт- спиртпен өңдегенде поролон бүлінеді. Сондықтан, поролон қасиеті бойынша мақта және күспеден артық, ал киімде жылу шығармайтын аралық ретінде кең қолданылады. Түрлікиімдерге қолданылатын поролонмен негізделген беймата материалдар, трикотаж маталар шығарады.





IV. Ойын түрі: Серпілген сауал әдісі
Допты көршілеріне лақтыра отырып жаңа тақырып бойынша сұрақтар қояды.


V.Білімгерлерді бағалау.


V. Үйге тапсырма.Жаңа тақырыпты толық меңгеру, Қосымша мәлеметтер жинау.


Пайдалынылған әдебиеттер

1.Савостицкий Н.А. «Материаловедение швейного производства». М.: «Академия», 2001 г.

2.Устинова С.А. Общие сведения о швейных материалах: теоретические основы профессиональной деятельности-М.: Академкнига, 2005г.

3. Журавлева И.Д.Ткани.-М.: Изд-во Эксмо,2005г.

4.Устинова С.А.Ассортимент швейных материалов.М., Академкнига; 2005 г.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
2398
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі