ашық сабақ "Бензол" 9-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ашық сабақ "Бензол" 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдаланып жасалған.Ұстаздарға пайдасы тиеді деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ реті:57 9-сынып күні:

Сабақтың тақырыбы: Ароматты көмірсутектер. Бензол
Сабақтың мақсаты:
 А) білімділік: Ароматтық байланыс туралы ұғым беру, бензолдың алыну жолы мен қолданылуы жайлы түсінік беру.
Б) дамытушылық байқампаздық, есте сақтау, салыстыра білу, жаңашыл информациялық құралдармен жұмыс  істей білу дағдысын қалыптастыру, түсінікті дұрыс ұғынып, қорытынды шығара білу дағдысын қалыптастыру.

    В) тәрбиелік: ароматты көмірсутектер жайлы  ұғым негізінде баланың бойында материалистік- диалектикалық  көзқарасты қалыптастыру,  оқулық пен дәптермен жұмыс  жасай  білу  дағдысын тәрбиелеу.
Құрал–жабдықтар:атом модельдері
 Сабақтың типі: Аралас сабақ
 Сабақтың түрі: дәстүрлі
 Сабақтың барысы
 І Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ Үй тапсырмасын сұрау:
1. Қаныққан және қанықпаған көмірсутектердің айырмашылығы?
2. Көмірсутек молекулаларының модельдерін дайындау (этан, этилен, ацетилен)

 Көмірсутектегі көміртек пен сутектің массалық үлестері сәйкесінше 75% және 25%. Көмірсутектің оттек бойынша салыстырмалы тығыздығы 0,5. Заттың молекулалық формуласын анықтаңдар.
 Өткен сабақпен байланыс:
Өткен тақырыптарда көмірсутектердің бірнеше түрге бөлдік. Олар қаныққан, қанықпаған және ароматты. Қаныққан және қанықпаған көмірсутектер түрімен танысып өттік. Енді бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз көмірсутектердің тағы бір түрі –
 ароматты көмірсутектер.
 
Жаңа сабақ
 
Ароматикалық көмірсутектер – құрамында бір немесе бірнеше бензол сақиналары бар заттар жатады. Жалпы формуласы СnН2n-6.
Физикалық қасиеті
Бензол және оның  гомологтары – түссіз сұйықтық. Олар суда еримейді, бірақ органикалық еріткіштерде ериді.
Ароматты көмірсутектердің басты өкілі-бензол.Оны 1825 ж. М.Фарадей жарық газын зерттей отырып, соның құрамынан тапқан, ал Э.Митчерлих 1834 ж. бензой қышқылын құрғақ айдау арқылы алған.
Кекуле 1865 ж.бензолдың циклді формуласын ұсынды. Кекуле бойынша бензол молекуласы қосарланған үш байланысы бар циклогексатриенді тұйық жүйе:
Алынуы
1.           Өндірісте: бензол және оның гомологтарын мұнайдан, кокс газынан, тас көмір шайырынан алады.
2.  Лабораторияда:
1.    Бензой қышқылын  декарбоксилисациялау:
 

2. Ацетиленді синтездеп алу:
 

3. Дюма реакциясы:

 Экологиялық аспектілері
Бұл ароматты көмірсутектер қоршаған ортаға  мұнай ингредиенттері және таза зат ретінде түседі. Қала атмосферасының ұшқыш ароматты көмірсутектермен  ластануы ең алдымен  транспорт құралдарымен байланысты және бұл қала ауасының  ластануының  50% құрайды. Қоршаған ортаның ароматты  көмірсутектермен ластануы  орман өрттері арқылы болады.
Бензол ағаш немесе басқа органикалық қалдықтарды жаққанда түзіледі. Мысалы, 1 т бақтағы қоқысты өртегенде  шамамен 1,4 кг бензол бөлінеді.
Су бензолмен ластанған жағдайда  омыртқасыздар, балдырлар да зардап шегеді. Судағы концентрациясының 20 мг/л – ден асуы балықтардың қырылуына әкеледі.
Жоғары дәрежеде уланғанда  адамдардың  артериялық қан қысымы төмендейді, дененің дірілдеуі  пайда болады. Негізінен  адам ағзасына бензол тыныс алу  жолдары, ауыз су,  азық – түлік арқылы енеді. Ағзада бензол  сүйек майында , май ұлпаларында  концентрленеді, ал тотығуы бауыр мен сүйек майында өтеді.
 
Химиялық қасиеті:
1. Қосылу реакциясы 

циклогексан

2. Хлорлау:

хлорбензол
3. Фридель – Крафтс реакциясы:

этилбензол

Қолданылуы:
Бензол өсімдіктерді зиянкестерден қорғайтын препараттар, бояғыш заттар, дәрі – дәрмектер, қопарылғыш заттар, синтетикалық талшықтар алу үшін және органикалық заттардың еріткіші ретінде кеңінен қолданылады.

Бекіту сұрақтары
1. Нәтижесінде көмірқышқыл газы мен су түзілетінін ескеріп, бензолдың жану реакциясының теңдеуін жазыңдар.

2. Мына айналуларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін реакция теңдеулдерін жазыңдар және алынған заттарды атаңдар. С2Н6 →С2Н4→С2Н2→С6Н6→СО2

3. Бензол (С6Н6) мен циклогексанның (С6Н12) толық жану реакцияларының теңдеулерін жазып, бөлінетін көмірқышқыл газының көлемдерін салыстырыңдар.

СИНКВЕЙН
1 жол – зат есім  (синквейн тақырыбы)
2 жол – екі сын есім
(синквейн тақырыбын ашатын)
3 жол – үш үстеу      (қозғалысты сипаттайды)
4 жол – сөйлем н\е фраза
(тақырыпқа байланысты айтылған)
5 жол – синоним (резюме-сөз)

1 жол – бензол
2 жол – хош иісті, түссіз сұйықтық
3 жол – жанады, ерімейді, қосылады
4 жол – Ароматты көмірсутектердің ең қарапайым өкілі
5 жол – арен

Үй тапсырмасы: §52,  1-5 жаттығулар
 
Бағалау



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2017
1300
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі