Зинлла Меруерт
Бахытбекқызы
Қызылорда қаласы «ZERDE»
интеллектуалды мектебі
Тақырыбы: Берекелі алтын
күз
Мақсаты: табиғаттың күз мезгіліндегі
өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту; күз мезгілінің
берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту;
балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Мұғалім: Оқушылар, бүгін ашық тәрбие
сағат екенін білесіңдер!Ендеше сыныптың іші неге таза емес?
Жапырақтар неге шашылып жатыр? Қанекей жапырақтарды жинап алайық
(Оқушылар жапырақтарды теріп, жапырақтың түсіне қарай топқа бөлініп
отырады). Ал енді тәрбие сағатымызды бастайық! Ол үшін алдымен
ТВ-панельге назар аударып, видеоматериалды мұқият тыңдайық.
(Оқушылар «Жыл мезгілдері» ертегісін мұқият тыңдап шығады, сол
кезде сыныптың сыртынан жылаған дыбыс
шығады)
Балалар сендерге бір жылап
жатқан дыбыс естілді ме? Бұл Домалақ ананың қызы- Күз ханшайым емес
пе? Оған не болды екен сұрайықшы!
Оқушылар: Күз ханшайым, Сізге не болды?
Неге жылайсың?
Күз
ханшайым: Мен әпке-сіңлілеріммен
ренжісіп қалдым, соған жылап отырмын
Мұғалім: Балалар Күз ханшайымның би
билеп көңіл-күйін көтерейікші
Би
«Радуга»
Күз
ханшайым: Бәрекелді, қыздар! Барлықтарың
да өнерлі екенсіңдер! Көңіл-күйімді бір көтеріп тастадыңдар!
Сендерге рахмет!
Оқушылар: Біздің Сізге арнаған
тақпақтарымыз бар
Күз ханшайым: Тамаша, балалар!
Мен тыңдауға дайынмын
1.Жанболат
Алтын, сары, қызыл,
көк,
Алуан – алуан
жапырақ.
Күзгі бақта
күлімдеп,
Көз тартады
атырап.
2.Айсель
Күзде дала
жаурайды,
Көкте бұлттар
аунайды.
Бұтағынан
үзіліп,
Жапырақтар
саулайды.
3.Адият
Алқаптан
бидайды
Қоймаға ел
жинайды.
Тырнасы
тізілген,
Ұнатамын күзді
мен.
4.Раяна
Ән салыңдар
күліңдер
Жайнап гүлдей
жүріңдер.
Күздің тойын
тойлайық
Би билейік,
ойнайық.
5.Мансұр
Күздің қазан
айында
Алма, алмұрт
піседі.
Жапырақтар
сарғайып,
Сыбдыр - сыбдыр
етеді.
6.Бақдәулет
Қуандырып
біздерді
Кел жемісті алтын
күз,
Өлкеізге күз
келді
Кемелдеисін
халқымыз.
7.Аяна
Жомарт көңіл, жарқын
күз,
Берекесі
халқымның.
Қош келіпсің, алтын
күз,
Құт қонағы
төрімнің
8.
Кәусар
Берекесін
сыйлауға
Өлкемізге күз
келді.
Жемістерін
жинауға
Шақырады
біздерді.
9.Алихан
Ел егінді
жинайды,
Қырманға дән
сыймайды
Біздің дала – бай
дала
Алтын астық
айнала
10.Мадияр
Алма пісті
бағымда,
Пісті балдай қауын
да.
Жүзімдер тұр
мөлдіреп,
Үзер шағың келді
деп.
Алтын дәнін сары
дала
Құйып жатыр
қамбаға.
Күз еңкейе
береді,
Жер жемісін
тереді.
11.Айару
Қамба толды
астыққа
Алғыс саған алтын
күз.
Бір уыс дән шаштық
та,
Қап - қап қауын алдық
біз.
12.Айзере
Көк майсалы
көрікті
Алқаптағы көп
егін
Бұл күндері
киіпті
Сары жібек
көйлегін.
13.Сұлтанәли
Жел тынымсыз
гуілдеп,
Болып кетті тым
бұзық.
Шуылдайды тал,
терек,
Жапырағын
жұлғызып.
14.Азиза
Жетті желмен алтын
күз,
Жеміс жинау
салтымыз.
Жиып - теріп болған
соң,
Той жасайды
халқымыз.
15.Нұрислам
Көрініп
еліме
Күндері
мереке.
Келді ғой
жеріме
Күз дейтін
мереке.
16.Бақытбек
Айша
Берекесін
сыйлауға,
Өлкемізге күз
келді.
Жемістерін
жинауға,
Шақырады
біздерді
17.
Есімхан
Қарашы күз келді, күз
келді
Жапырақ жауыпты
іздерді.
Құс біткен керуен
тізеді,
Қара бұлт қабағын
түйеді.
18.Мұхтар
Айша
Сап-сары ғып
даланы,
Бояпты ғой күз
деген.
Құстар қанат
қағады,
Қоштасқандай
бізбенен.
Күз
ханшайым: Жарайсыңдар, балалар! Менің
сендерге арналған қызықты тапсырмам бар. Қанекей, соны бірлесе
отырып орындайықшы (оқушылар пазл құрастырады, күз мезгілі туралы
айтады)
Сұрақтар:
-
Қай жануарда қалта
бар?
-
Қазір қай
ай?
-
7 мысықтың неше құйрығы
бар?
-
Алтын түстес жыл
мезгілі?
-
1 жылда неше ай
бар?
-
Шыршаны қашан
сәндейді?
-
Жыл мезгілдері
нешеу?
-
Қысы, жазы бір түсте тұратын
ағаш?
-
Оны қыста қолға
киеміз
-
Аспан көз
жасы.
-
Қыста
жауады.
-
Жылататын
көкөніс
-
Көп киімді
көкөніс
Күз ханшайым: Балалар сендердің
маған көмектерің қажет болып тұр. Менің жемістерім мен көкөністерім
пісіп тұр, соны мына себетке жинау керек. Көмектесесіңдер ме?!
(оқушылар көкөністерді бөлек, жемістерді бөлек
жинайды)
(Ортаға көкөністер дауласып
шығады)
Би
«Көкөністер»
Мұғалім: Жарайсыңдар
балалар. Би биледік, тақпақ айттық, қызықты тапсырмалар орындадық.
Енді Күз ханшайымға арнап әдемі ән айтайық жарайды
ма?!
Ән «Күз
тамаша»
Күз ханшайым: Балалар Сендерге
алғысым шексіз. Өнерлеріңді көріп риза болып отырмын. Сендерге
үлкен рахмет! Өнерлеріңді көріп бар өкпе ренішімді ұмытып кеттім.
Ал енді барып, әпке-сіңлілеріммен достасайын. Келесі кездескенше
қош сау болыңдар!
Оқушылар: Сау
болыңыз!