400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: "Биквадрат"

Материал туралы қысқаша түсінік
математикадан
Материалдың қысқаша нұсқасы













Ашық сабақ:


8 сынып







Өткізген: Cеитова Г.К










































Сабақтың тақырыбы: Биквадрат теңдеулер. Теңдеулерді жаңа айнымалылар енгізу арқылы шешу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Биквадрат теңдеулерді формулар бойынша шешуді есептер шығаруда қолдана алуға үйрету. Теңдеулерді шешудің тиімді жолдарын таңдай білу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамыту, ойлау қабілетін арттыру.

Тәрбиелік: Алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, негізгі мақсатқа табандылықпен жетуге өз мүмкіндігіне сүйенуге және үлкен жетістікке жетуге ұмтылуға үйрету.


Сабақтың түрі: деңгейлеп оқытуға негізделген саяхат сабақ


Сабақтың көрнекіліктері: мультипроектор, үлестірмелі карточкалар, сызба плакаттар т.б.


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Оқушыларды Жезқазған – Астана поездына отырғызу.

Ұйымдастыру кезеңінен кейін сабақтың жүру тәртібімен және сабақтың

мақсатымен таныстырамын. Астана қаласына саяхатқа бару үшін оқушыларды ортақ вагонға үшінші қатарға тізіп отырғызамын. Оқушыларға билет есебінде сұрақтары бар карточкалар таратамын.

  1. «Қайталау» станциясы

а) Биквадрат теңдеу дегеніміз не?

ә) Алгебралық өрнектер дегеніміз не?

б) М.М.Ж. дегеніміз не?

в) Теңдеудің түбірі дегеніміз не?

г) Мәндес теңдеулер дегеніміз не?

д) Теңдеудің салдары дегеніміз не?

е) Рационал теңдеу дегеніміз не?


  1. «Үй жұмысы» станциясы

А) № 850 (5; 6) В) № 853 (2) С) № 856 (1)

  1. «Пысықтау» станциясы

А) № 851 (1) В) № 852 (1) С) № 857 (1)

  1. «Ауызша есептеу» станциясы

Ауызша жаттығуларды деңгейлік тапсырмалар бойынша шығартамын.

А. Анаграмманы шешіңдер.

Ң У Т Д Е Е, Р А В Д А Т Б К И

В. Мына биквадрат теңдеулерді а коэффициенттерінің кему ретімен орналастырыңдар. Сонда француз математигінің кім екенін білесіңдер.

4 – 5х2 – 2 = 0 И

х4 + 3х2 – 10 = 0 Т

4 – 7х2 + 4 = 0 Е

4 – х2 – 1 = 0 В

С. Шахмат ойыны: Мына суретте шахмат тақтасының бір бөлігі көрсетілген. Шахмат атының жүру тәртібі бойынша оқығанда қазақ математигінің қанатты сөздері шығады.

да

математика

қамқоршысы

бастаушысы

жанашыры

де

сан

жаңалықтары

ғылымның

іргетасы

химия

физика

Жауабы: Орынбек Ахметұлы Жәутіков физика – математика ғылымының қазақ арасынан шыққан тұңғыш докторы. 220-дай еңбегі жарияланған. «Сан математика ғылымының іргетасы»



  1. «Қортындылау» станциясы.

Тест. А деңгейі

Теңдеуді шешіңдер

4 – 4х2 + 5 = 0

А) 1; 4 В) түбірі жоқ С) 5; 2 Д) 3; 2

В деңгейі

х4 – 7х2 + 12 = 0

А) ± 3; ± 2 В) ø С) ; Д) ± 4; ± 3

С деңгейі

2 + 3х + 1) (х2 + 3х + 3) + 1 = 0

А) -2; -1 В) ± 1; ± 3 С) 0; ± 1 Д) ; ± 1



II - нұсқа

А деңгейі

Теңдеуді шешіңдер

4 – 5х2 – 21 = 0

А) ± 3; ± 7 В) 4; 5

С) Д) ø



В деңгейі

4 – 12х2 + 4 = 0

А) ± 2; ± 3 В) 3; 2

С) ± 2; ± 5 Д)

С деңгейі

(х + 1) (х2 + 2х) = 12

А) -3; -1 В) ± 1; ± 2 С) ± 2; Д) 6; ± 2


Тесттің кілті

I – нұсқа II - нұсқа

1

2

3

С

Д

А


1

2

3

В

С

А


  1. «Үйге тапсырма беру» станциясы

А) № 851 (2; 3) В) № 854 С) № 850 (8)

8. «Сергіту сәті» станциясы

Математикалық терминдерді айтқанда қолымызды көтереміз. Басқа сөздер айтқанда көтермейміз. 1) Дискриминант

2) Сынып

3) Безу теоремасы

4) Рационал сандар

5) Мектеп

9. «Бағалау» станциясы

«Қайталау» станциясына келіп тоқтаймыз. Одан кейін «Үй жұмысы» станциясына келіп тоқтаймыз. «Сабақты пысықтау» станциясы. А. № 850, В. №854, С. №856. Деңгейлеп тапсырмаларды орындап оны тексергеннен кейін оқушыларды сәйкес плацкарт купе вагондарына ауыстырып отырғызамын. «Қорытынды» станциясы Астана қаласына жетіп, оның әсем ғимараттарын мультипроектор арқылы көрсетемін. Өз еңбектерінің нәтижесінде елордасы Астанаға келіп қалдық. Елордасы Астана еліміздің ертеңгі болашағы. Бәйтеректей болып өсейік. Жарайсыңдар, балалар! Енді елге оралуды ойлайық. Ертеңгі сабағымызда осындай деңгейлік тапсырмалар орындау арқылы Астана – Жезқазған бағытындағы поездға отырып, Сәтпаев қаласына ораламыз.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
447
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі