400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: "Биосфера"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ: "Биосфера"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Биосфера –жердің тіршілік қабаты

 Сабақтың  мақсаты: 1.Білімділік:Оқушыларға тіршілік қабығы биосфера туралы,оның шекаралары туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық:Оқушылардың  сөйлеу, ойлау ,есте сақтау шеберліктерін қалып тастырып пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелілік:Оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға,ұтымды пайдалануға , отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Көрнекілігі: Интерактивті тақта ,үлестірмелі қағаздар,суреттер.

Пәнаралық байланыс:  Биология


Сабақтың барысы :  

I.   Ұйымдастыру

II.  Үй тапсырмасын сұрау

III. Жаңа сабақ

IV. Бекіту

V   Қорытынды


I. Ұйымдастыру

1.Амандасу

2.Түгендеу,белгілеу

3.Оқушылар назарын сабаққа аудару.


II.Үй тапсырмасын сұрау.

I.   деңгейлік тапсырма.Ауызша сабақ сұрау

II.  деңгейлік  тапсырма.Семантикалық карта      

III. деңгейлік тапсырма. Топтастыру стратегиясын қолдану.


III.Жаңа сабақ

Жоспар

Биосфера дегеніміз не?  Биосфераның шекаралары.

Ағзалардың өзара байланысы? Биоценоз.

Биосфера

Биосфера – грекше биос - өмір және тіршілік, «Sphaira» (сфера) шар, қоршаған орта деген сөздерінен алынған, яғни жер шарындағы адамзаттың жан-жануарлардың, өсімдіктердің және басқа тірі организмдердің тіршілік ететін ортасы деген мағына береді.

Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Австрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернадский болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан – 50 % -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады.

Биосфера — Жер бетіндегі тіршілік кабаты болып саналады. Ол гидросфера қабатын түгелімен, атмосфераның төменгі бөлігін және жер қыртысыньң жоғарғы бөліктерін қамтиды.

Атмосфера жер шарын түгелден орап тұрады. Ол гректің «atmos» - бу, «sphairi» (сфера) сөзінен шыққан. Оның қалыңдығы 100 км-ге дейін жетеді. Атмосфераның негізгі құрамында оттегі (20,95 %), яғни 1,5 * 1015 тонна аргон (1,28 %), азот (75,50 %), яғни 3,8 * 1012 тонна және басқадай газдар кездеседі. Тропосфера – грекше «tropos» (тропос) – бұрылысы, «sphaira» (сфера) – шар. Өзгермелі қабат деген мағына береді. Жер бетіне тікелей жайласқан төменгі тығыз қабаты. 
Стротосфера – латынша «stratum» - төсем, тағы сондай сияқты теңіз деңгейінен 9-11 км жоғары жататын атмосфера қабаты. Гидросфера – табиғи су қоймаларынан (мұхиттардан, теңіздерден, көлдерден, өзендерден) құралады. Бұл құрлықтың 70 % алып жатырЛитосфера – жердің қатты қабатыЖоғарыда айтылғандай минералды қабаттардан басқа, жерді ерекше тағы бір қабат – биосфера қоршап тұрады. Ол тірі органимдер тараған аймақтардың бәрін қамтиды. Биосфераның пайда болуымен бірге, жер бетінде тірі организмдер өсіп-өніп, сыртқы қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес Бактериялар атмосфералардың азон қабатында да өсіп-өнеді. Биосферада мол кездесетін микроорганизмдер жер бетінен 50-70 метрге дейінгі биіктікке ғана тарайды

Биоценоз – тірі организмдердің жануарлардың, өсімдіктердің, саңырауқұлақтардың, микроорганизмдердің,бір жерде бір-бірімен өзара байланыста тіршілік ету жағдайын айтамыз.

Биоценоз деген атауды немістің ғалымы Карл Мебиус 1877 жылы Солтүстік теңіз устрицларын зеріттегенде ең бірінші болып ғылымға енгізген еді.

IV.Бекіту

Ой толғау (шығармашылық жұмыс)

1. Биосфера қабығының маңызы

Сәйкестікті табу

V.Қорытынды. Сонымен қоршаған ортаны қорғау әрбірімізге парыз.

Табиғатқа, 
Тартпай қоймас - Адамдар, 
Суда балық, 
Көк жүзінде қыран бар. 
Жеңе алмайды, тірліктегі - бірлікті 
Ашылса да алты алауыз - арандар! 

VI.Үйге тапсырма:  Биосфераның қабаттарына толық мағлұмат жинау

VII.Бағалау





























Қызылорда облыстық білім басқармасы

Қазалы гуманитарлық-техникалық колледжі




«Бекітемін»

Директордың оқу өндірістік

жөніндегі орынбасары

________ Ә Тілеубайұлы

«_____» ____________2017ж






Shape1



Мамандығы: «Экология және табиғатты қорғау қызметі»

Оқу тобы:Э-15о

Курс: 3

Оқытушы: Жалдыбай С.Ж

















Әйтеке би кенті

2017-2018 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
302
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі