Материалдар / ашық сабақ Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер тарауын қайталау

ашық сабақ Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер тарауын қайталау

Материал туралы қысқаша түсінік
математика мұғалімдеріне
Авторы:
20 Қазан 2018
408
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер тарауын қайталау

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: сан аралықтарының түрлерін және теңсіздіктер шешімдер жиынын сан аралығында кескіндеуді және жазуды, сан аралықтарының қиылысуы мен бірігуін,бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер және олардың жүйелерін шешу тақырыптарын қайталау.

Тәрбиелілігі: оқушыларды ақыл-ой тәрбиесіне, достық қарым-қатынаста болуға,өз мүмкіндіктеріне сенуге баулу.

Дамытушылығы: бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер тақырыбына есептер шығару барысында дұрыс қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: оқушылар арасында сайыс сабақ
Сабақтың әдісі:
Сұрақ-жауап,ережелер,деңгейлік есептер
Көрнекілігі:
Безендірілген кабинет, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел, тірек-сызбалар

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
- Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздер 2 топ арасында өтетін

«Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер тарауын қайталау» тақырыбын қорытындылау мақсатында өткізілетін ашық сабағымызға қош келдіңіздер!
Сайысымыздың негізгі мақсаты тарау бойынша тапсырмаларды орындау арқылы алған білімдерін, одан әрі тереңдету. Алған білімдерін пысықтау. Сұрақтардың жауаптарын дұрыс айтуларыңыз керек. Әр дұрыс айтылған жауаптарға , бір ұпайдан қосылып отырады.

Жоспары: 1. Топтың өзін таныстыруы, ұраны

  1. Ережелерді ескерейік (әр топ мүшелеріне ережелер)

  2. Тақырыпқа тапқырлық(ашық және жабық тест түрінде)

  3. Біліктілер белесі(әр топқа есептер)

                    5. Ертедегі есептер

1. Топтың өзін таныстыруы, ұраны:

«Білім тобы» «Ғылым тобы»

Білекті бірді жығар Оқу-білім бұлағы

Білімді мыңды жығар Білім-өмір шырағы
Ұранымыз: тек Алға! Ұранымыз: Қалыспа!

2. Ережелерді ескерейік

«Білім»тобына сұрақтар:

1) Санды теңсіздіктерді қосу ережесі?
2) Санды теңсіздіктерді көбейту ережесі ?
3) Сан аралықтарының түрлерін ата?

4) Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктің шешімі дегеніміз не?

5) Мәндес теңсіздіктер дегеніміз не?

«Ғылым» тобына сұрақтар:

1) Санды теңсіздіктерді азайту ережесі ережесі?
2) Санды теңсіздіктерді бөлу ережесі ?
3) Сан аралықтарының қиылысуының,бірігуінің,шешімі болмайтынын бейнелейтін белгілерді жаз?

4) Теңсіздікті шешу дегеніміз не?

5) Қандай сан аралықтары кесінді және интервал деп аталады?

3. Тақырыпқа тапқырлық (ашық тест түрінде)


1) Берілген теңсіздік қай аралыққа тең.


х >12

А)

В )

Г )

Д)


2) Берілген қос теңсіздік қай аралыққа тең.

- 1<х<8

А)

В )

С )

Д )


3) Берілген теңсіздік қай аралыққа тең.

х≤-7

А )

У )

С )

Д )

4) Берілген қос теңсіздік қай аралыққа тең.

-108х187

А)

В )

С )

Д )


5) Берілген теңсіздік қай аралыққа тең.

2 х≥7

А)

В )

Д )

С) [3,5; +∞)


  1. Біліктілік бекеті(әр топқа есептер)

1) Ж: х≤0,4


2) Ж: х>11

  1. Ертедегі есептер елі

1) Парсы шаруасы үш ұлына 17 түйесін мұраға қалырды. Бірінші ұлына барлық түйесінің ½-ін, екінші ұлына 1/3-ін, үшінші ұлына 1/9-ін алуды тапсырды. Ағайындылар көп ойланды,ғбірақ әкесінің мұрасын ол айтқандай бөлісе алмады.Сол кезде олардың жанынан түйесімен Қожанасыр өтіп бара жатыр еді. Ол түйелерге өзінің түйесін қосып,мәселені шешуді ұсынды. Шындығында,ағайындылар түйелерді әкесі айтқандай бөліп алды. Қожанасыр да өз түйесін қайтарып алып кетті. Ойланыңдар, бұл қалай болғаны?

2) Ежелгі грек математигі Пифагордан: «Сіздің неше оқушыңыз бар?»-деп сұрағанда, ол: «Менің оқушыларымның жартысы математиканы оқып үйренеді,ширегі табиғаттануды оқып үйренеді,ал 1/7-і уақытты үнемі ойланып отырып өткізеді,қалғаны 3 қыз»,деп жауап беріпті. Пифагордың неше оқушысы болған? Ж: 28

Осымен біз ашық сабағымызды қорытындылаймыз,әділқазылар алқасы өз әділ бағаларын қойып,жеңімпаз атанған топты жариялауын сұранамыз!
















Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі