Материалдар / Ашық сабақ "Бірдей сандарды азайту" 2 сынып

Ашық сабақ "Бірдей сандарды азайту" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар өздерінің ой-өрісін, есте сақтау қабілетін, дамыту; есептеу машықтарын жетілдіру, өздігімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Авторы:
21 Желтоқсан 2017
643
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Гагарин орта мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі: Чопен З.

Математика 2 «А» сынып

Сабақтың тақырыбы: Бірдей сандарды азайтуды қайталау.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік

Оқушылардың бірдей сандарды азайту тақырыбы бойынша алған білім - білік дағдыларын анықтау. Берілген тапсырмаларды дұрыс орындап әдемі жазуға дағдыландыру.

Дамытушылық

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы ойды дұрыс жеткізе білу дағдыларын, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін, дамыту; есептеу машықтарын жетілдіру, өздігімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік

Алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалана білуге, өз пікірін еркін айтуға,өзгенің пікірін тыңдауға баулу; адамгершілігін арттыру, еңбекті сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың жүргізу әдісі: Ойын, сұрақ – жауап, өзіндік және жұптық жұмыс
Пәнаралық байланыс: Музыка, өмірмен байланыс, әдебиеттік оқу, дүниетану.

Сабақтың барысы:
І . Ұйымдастыру кезең

ІІ. Психологиялық дайындығы
Кіріспе І. Амандасу
Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді ниетпен.
Сәлемдесіп алайық,
Бір жадырап қалайық.
Бүгінгі сабақ ерекше өтеді. Себебі біздің сыныпқа мұғалімдер қонаққа келіп отыр.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Бірдей сандарды азайтуды қайталау».
Сабақтың мақсатын айта кету.
Үй тапсырмасын сұрау: №6
ІІІ. Білімдерін тексеру.
Математикалық диктант жаздыру, дұрыс жауапты тақтадан көрсету.
12 алманы 4 тәрелкеге тең бөліп салды. Сонда әр тәрелкеде неше алмадан салынды?

12 -3 -3 -3 -3=0

Әжей шарадағы 4 литр қымызды 4 кесеге тең бөліп құйды. Әр кесеге неше литр қымыз құйылды?

4л -1л -1л -1л -1л=0 л.

Ой қорыту.
Әр кеседе тапсырма бар. Егерде тапсырманы тез және қатесіз орындасаң, әжейдің қымызынан ауыз тиеді.
4 кеседе 14, 15, 16, 18, деген сандар бар. Осы сандардың нәтижесінде нөлге шығатындай етіп, бірдей сандарды азайт.
Мысалы: 12 – 6 – 6 = 0
12 – 2 – 2 – 2 – 2 - 2 – 2 = 0

Сергіту сәті: Қамажай әуенімен орындалады. (Видио ролик)

Деңгейлік тапсырмалар. Оқушылардың қабілетіне қарай деңгейлік тапсырмалар бере отырып білімдерін дамыту, ой –өрісін жетілдіру.

65 -24 =41 29+71=100 222 29+

43+38 =81 50-17=33

24+ 36 =60 65-27=38

ІІ-деңгейлік. Тақтамен жұмыс.

Өнерпаз оқушы – 60

Әншілер – 20

Бишілер -6

Қалғандары -?домбырашылар

Шешуі:

60-(20+6)=34

Жауабы:34 домбырашы



Байқауға қатысқаны – 42

Жүлде алғандар – 6

Жүлде алмағаны- ?

Шешуі:

42-6=36

Жауабы:36-өнерпаз жүлде алмады

ІІІ-деңгейлік.

Логикалық тапсырма:

Қиялменен, арманды

Жалғастырып самғаймыз.

Болашақты армандап,

Үміт отын жалғаймыз.

Өнерлі балалар қанша? Жұмбақ есептерді шешу.

Теңдеуді шешу:

27+х=90 90-х=63 х-27=63

х = 90-27 х= 90-63 х= 63+27

х = 63 х= 27 х= 90

27+63=90 90-27= 63 90-27=63



Үлестірме қағазбен жұмыс

Өзіндік жұмыс: Бірліктерін қосқанда 18, ал ондықтарын қосқанда бір таңбалы сан шығатын екі таңбалы екі санның қосындысын жаз. Оның мәнін тап. Қосуды азайтумен тексер. Мысалы: 29 + 29 = 58 58 – 29 = 29

«Қай сан артық?» ойыны:
20 – 10 - 10 – 10 20-10-10=0
10 – 2 – 2 - 2 – 2 – 2 – 3 10-2-2-2-2-2=0
8 – 4 – 5 – 4 8-4-4=0
- Бұл сандар неге артық? Бірдей сандарға айналдырып, мәндерін табу.

Ауызша тапсырма:

Ойын: «Кел,ойнайық»

Аңдардың әр қайсысы неше балық аулады?

64-4=60 45+35=80 26+44=70

95-15=80 15+45=60 100-40=60

Балапанға көмектесу:

( 7 6 ) = 3

Қорытынды кезең: Сұрақтарға жауап алу;
Үйге тапсырма. №7, 175 бет
Бағалау.





Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі