Пән:
Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар
бөлімі:
2-бөлім
«Адамгершілік»
Мерзімі:
1-тоқсан
Сынып:
3
|
Мектеп:
Модератор: Сейтахметова
Ж.М.
Қатысқандар:
Қатыспағандар
саны:
|
Сабақ
тақырыбы
|
Біз – әрқашан
біргеміз!
|
Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына
сілтеме)
|
3.1.2.1 Сыныптың өзін-өзі
басқару ережелерін түсіндіру және өз нұсқасын
ұсыну.
3.1.2.2 Түрлі көзқарастар
жағдайында сыныпта ұжымдық шешімді қабылдау жолдарын
түсіндіру.
|
Сабақ
мақсаттары
|
Оқушылар
|
Бағалау
критерийлері
|
|
Тілдік
мақсаттар
|
Оқушылар:
- өзін-өзі басқарудың әдеп
нормаларын түсіндіреді және өз нұсқасын ұсына
алады.
Терминология:
-
Өзін-өзі
басқару
-
Ұжымдық
шешім
-
Құқық және
міндет
-
Мектеп
қауымдастығы
Талқылауға арналған
сұрақтар:
- «Өзін-өзі басқару»
сөзіне түсінік бер.
Жазуға берілетін
тапсырма:
|
Құндылықтарды
дарыту
|
Ұжымда түсіністік пен
қолдаудың, бірлесе әрекеттегі сыйластықтың
маңыздылығын
түсінеді.
Ынтымақтастық– шешім
қабылдауда бірлесе жұмыс жасай білуден
көрінеді.
|
Пәнаралық
байланыстар
|
Қазақ тілі: байланыстырып
сөйлеу дағдыларын дамыту.
Өзін-өзі тану: ұжым мүшесі
болу және көшбасшылық қасиеттері.
|
Алдыңғы меңгерілген
білім
|
Мектеп қауымдастығы, мектепте
өзін-өзі ұстау ережелері туралы негізгі білімдері бар.
2- сыныпта «Менің отбасым және
достарым» тарауында «жауапкершілік» , «құқық», «міндет» деген
ұғымдар туралы түсінік алған.
|
Сабақ
барысы
|
Сабақтың жоспарланған
кезеңдері
|
Сабақта жоспарланған
іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың
басы
0-5
6-9
10
|
-
Құмырсқалар туралы
бейнежазба (ұжымда)
Оқушыларға құмырсқалар туралы
бейнежазбаны көру ұсынылады. Көрер алдында оқушыларға бейнежазбаны
көру барысында байқаған құндылықтар/немесе сұрақтар/немесе ойлар
жазатын стикерлер таратылады.
-
«Менің пікірім» стратегиясы
(жұпта, ұжымда)
-
Бейнежазбаны көріп болғаннан
кейін, алдымен жұбымен, кейін ұжымда өз жазбаларымен
бөліседі.
-
Бейнежазбаның негізгі ойын
талқыланады. Оқушылар өз стикерлерін «кері байланыс ағашына»
жабыстырады.
Талқылауға арналған
сұрақтар:
-Ұжым деген
не?
-Біздің сыныпты ұжым деп
айтуға бола ма?
-Сыныпты кім
басқарады?
-
Сабақ мақсатын
анықтау(ұжымда)
|
Бейнежазба сабаққа арналған
бейнематериалдарда берілген
Құмырсқалар туралы мультфильм
(№2 нұсқа)
https://www.youtube.com/watch?v=83LOhs4yVuM
Әдістемелік
нұсқаулыққа
қараңыз
Кері байланыс ағашының
үлгісі
Стикерлер
Слайд
№3
|
Сабақ
ортасы
11-14
15-24
25-34
|
-
«Шыбықтар» практикалық
көрсетілім (топта)
Мұғалім 4-топқа бір қорап
шырпыдан (сіріңке) таратады. Шырпыны қолдануда қауіпсіздік
ережесімен таныстырады. Мынадай жағдаят
беріледі:
-қораптан барлық шырпының шиін
алып шығып, барлығын бірге ұстап сындырып
көр;
- шырпының бір бас шиін алып
сындырып көр;
- мұғалім «Сыпырғыш» аңызын
айтып береді.
Талқылауға арналған
сұрақтар:
- Неге шырпының бірнеше
шиін қосып сындырғаннан, бір бас шиін сындыру
оңай?
- «Бірге болу» деген нені
білдіреді?
-
Мәселелік жағдайды шешу
(топта)
-
4-топқа арналған мәселелік
жағдайлар таратылады.
-
Оқушылар топта мәселені шешіп,
ортақ бір шешімге келулері тиіс.
-
Әрбір топтың шешімі талқылауға
түседі.
Бағалау
критерийлері:
-
«Елсіз
арал» ойыны
-«Елсіз арал» ойыны арқылы әр
топқа «аралда» өзін – өзі ұстау ережесін құрастыру ұсынылады.
Ұсынылған ережелер арқылы мұғалім оқушылармен бірлесе сыныптың
ережесін құрастырады. Оқушылар артығын алып, толықтырулар енгізіп,
ұжымды түрде ортақ бір шешім қабылдайды.
-
«Өзін-өзі басқару», «ұжымдық
шешім», «ымыраға келу», «өзара құрмет» ұғымдары талданады. Оқушылар
күнделікті өмір дағдыларынан мысалдар келтіріп,
дәлелдейді.
Бағалау
критерийлері:
|
Шырпы немесе
шыбықтар
Әдістемелік
нұсқаулыққа
қараңыз
«Сыпырғыш»
аңызы
Таратпа
материал
Маркерлер, А3
плакаты
Әдістемелік
нұсқаулыққа
қараңыз
(дидактикалық материалға
қараңыз)
|
Сабақтың
соңы
35-40
|
Рефлексия
(жеке):
«Нысана»
Әр оқушыға нысана суреті бар
парақтар таратылады. Оқушылар сабақ барысындағы өзінің іс-әркетін
өзіндік бағалау арқылы нысананың әр бөлігіне белгі қоюы
керек.
|
Таратпа
парақ
дидактикалық материалға
қараңыз
|
Дифференциация – оқушыларға
көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары
оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап
отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың
материалды меңгеру деңгейін тексеру
жоспарыңыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасының сақталуы
|
Сабақ барысындағы әртүрлі
сипаттағы тапсырмалар оқушылардың әртүрлі қабілеттерін көрсете
алуына жағдай туғызады. «Достар
тобы» – достарды бірге немесе бөлек
ұстау. Осыған орай, оқушылар шешімді бірге қабылдай алулары үшін,
бірге жүретін достарды әр топқа тарату. Осылайша, топта
келіспеушіліктер мен дауласулар болуы мүмкін анағұрлым өмірлік
жағдай туындайды.
|
Бағалау және кері байланыс
беру сабақтың өн бойында жүріп
отырады.
№6 тапсырмада оқушылар бір
бірін «Бағдаршам» стратегиясы арқылы
бағалайды.
Ережелер
түсініксіз
Әлі де жақсартуға
болады
Керемет
ережелер
|
Оқушыларға сіріңкені қолдануда
қауіпсіздік ережелерін естеріне түсіру.
Оқушылар сынып бөлмесінде
қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы
сақталады.
|