Ашық сабақ "Біз қалай тамақтанамыз" 1 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Біз қалай тамақтанамыз" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тамақ және сусынмен, оларды қазіргі уақытта және өткен уақытта сатып алу және дайындаумен байланысты жаңа сөздер мен сөз тіркестерін біле алады. базарға бару; сатып алатын заттар тізімі; тамақ үшін қажет өнімдер сатып алу; тамақ дайындау, рецептер, ингредиенттер дайындау туралы ой жүгірту; тамақ дайындау; дастарқан жаю (үстел жасау). Талқылауға арналған сұрақтар: Ежелгі және қазіргі заман адамдарының тамақтану ерекшеліктері неде? Тамақтанудың маңызы? Алғашқы адамдар қалай тіршілік еткен? Алғашқы адамдар уақыт өте келе тамақ пісіру үшін нені үйренді? Дұрыс тағам дегенді қалай түсінесің? Тамақтану режимі дегенді қалай түсінесің?
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Дүниетану Мектеп: Б. Исадилов атындағы ЖОББМ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тағам және сусын

Мұғалімнің аты-жөні: Жаксыбаева А. Ж.

Күні: Қатысқандар саны:

Сынып: 1 Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Біз қалай тамақтанамыз?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме):

1.1.4.2. Тамақтану режимін сақтау қажеттілігін түсіндіру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Ежелгі және қазіргі заманғы адамдардың тамақтану ерекшелігі туралы біледі. Тамақтану режимін сақтау қажеттілігін түсінеді. Тағам және сусын түрлерін ажыратады.

Көптеген оқушылар: Дереккөздерге сүйене отырып, тамақтану, тамақтану режимі туралы сұрақтар қоя алады.

Кейбір оқушылар: Бұрынғы мен қазіргі кезеңдегі тамақтану ерекешелігі туралы түсіндіреді, салыстырады, сипаттайды. Тамақтану ережесін құрады.

Тілдік мақсаттар

Тамақ және сусынмен, оларды қазіргі уақытта және өткен уақытта сатып алу және дайындаумен байланысты жаңа сөздер мен сөз тіркестерін біле алады.

  • базарға бару;

  • сатып алатын заттар тізімі;

  • тамақ үшін қажет өнімдер сатып алу;

  • тамақ дайындау, рецептер, ингредиенттер дайындау туралы ой жүгірту;

  • тамақ дайындау;

  • дастарқан жаю (үстел жасау).

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Ежелгі және қазіргі заман адамдарының тамақтану ерекшеліктері неде?

  • Тамақтанудың маңызы?

  • Алғашқы адамдар қалай тіршілік еткен?

  • Алғашқы адамдар уақыт өте келе тамақ пісіру үшін нені үйренді?

  • Дұрыс тағам дегенді қалай түсінесің?

  • Тамақтану режимі дегенді қалай түсінесің?

Құндылықтарды дарыту

Салауатты өмір салтын оқушылардың бойына дарыту.

Пәнаралық байланыстар

Математика: жаңа тақырыты түсіндіруде уақыт өлшем бірліктерін пайдаланамын.

Көркем еңбек: Тамақтану режимі туралы суреттер салдырамын.

Бастапқы білім

Тамақтану, тамақтану режимі туралы айтады, сипаттайды.

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин




3 мин

Жағымды психологиялық ахуал

«Арқаға массаж жасау»

Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Мұғалімнің айтуы бойынша оңға бұрылып, ілгері қарай жүреді. Әр оқушы алдында тұрған жолдасының арқасына массаж жасауы керек.

Ширату

«Артығын алып таста» жаттығуы

Оқушыларға тамақтануға қатысты суреттер жинағын көрсетемін. Олар қай сурет қалғандарына қатысты емес екенін анықтауы керек. Жауаптарын дəлелдеп отырады.

«Артығын алып таста» жаттығуы арқылы жаңа тақырыпты табу, сабақтың мақсаты анықталады.

  • Балалар, ендеше біз сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

  • Иә, балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы «Біз қалай тамақтанамыз?» деп аталады.

  • Бүгінгі сабақта біз сендермен ежелгі және қазіргі заманғы адамдардың тамақтану ерекшелігі туралы білеміз, тамақтану режимін сақтау қажеттілігін түсінеміз, тағам және сусын түрлерін ажырататын боламыз.




Көңілді әуен





Суреттер


Сабақтың ортасы

10 мин




















1 мин









1 мин


5 мин

5 мин





























1 мин










7 мин
























































3 мин

(МК)Тамақтану туралы бейнежазба көрсету. Ежелгі адамдар мен қазіргі заман адамдарының тамақтануы туралы мағлұмат беру.

  • Балалар, бейнежазбаны көре отырып, сыныптасыңа 1 сұрақтан ойланып отыр.

  • «Серпілген сауал» ойыны. Оқушылар бейнежазба бойынша бірі -біріне сұрақтар қояды.

Оқушылардың қоятын сұрақтары:(егер қоя алмай жатса қойылатын сұрақтар)

  • Балалар, ежелгі және қазіргі заман адамдарының тамақтану ерекшеліктері туралы не білесіңдер?

  • Тамақтану ережесін сақтаудың маңызын қалай түсінесіңдер?

  • Алғашқы адамдар қалай тіршілік еткен?

  • Ежелгі адам мен қазіргі заман адамының тамақтануында қандай айырмашылықтар бар?

  • Алғашқы адамдар уақыт өте келе тамақ пісіру үшін нені үйренді?

  • Дұрыс тағам дегенді қалай түсінесің?

  • Тамақтану режимі дегенді қалай түсінесің?

  • Сенің тамақтану режимін қандай?


  • Жарайсыңдар! Балалар, сендер өздеріңнің отырған парталарыңның астын қарайықшы.

Топтастыру:

Оқушылардың парталарының астына «Тамақ, ас үй, дастарқан» атты жазулар жабыстырылып тұрады. Оқушылар осы жазулар арқылы топтасады.

І топ: Ас үй

ІІ топ: Дастарқан

ІІІ топ: Тамақ

Топ ережесімен таныстыру (Бейнежазба көрсету)


(МК) Тағам және сусын туралы бейнежазба көрсету.

(Т) 1 -тапсырма

І топ: «ПОПС» формуласы

Тамақтану режимі

Бірінші сөйлем: «Менің ойымша ...»

Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін ...»

Үшінші сөйлем: «Мен оны мын фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын ...»

Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ...»

ІІ топ: «Ментальды карта»

3 түрткі сұрақтар қойылады. Сол сұрақтарға оқушылар топ болып жауап береді.

1 сұрақ: Дұрыс тамақтану дегенді қалай түсінесің?

2 сұрақ: Ежелгі адам мен қазіргі заман адамының тамақтануында қандай айырмашылықтар бар?

3 сұрақ: Тамақтанғанда қандай дәрумендері бар тағамдар білесің?

ІІІ топ: Тапсырма: Денсаулыққа пайдалы, зияны бар сусындар тізімін жаса. Ойыңды дәлелде.

ҚБ: «ТӨДК»

Сыныптастардың пікірін тыңдай отырып, оқушылар берілген пікірді ТОЛЫҚТЫРЫП, ӨЗГЕРТІП, ДАМЫТЫП немесе КҮРДЕЛЕНДІРЕ отырады. Барлық оқушылар қалай жауап беретіндерін шешеді, ал мұғалім олар таңдаған мəнерде жауап беру үшін бір оқушыны таңдайды.


Сергіту сәті

  • Жарайсыңдар, балалар! Енді біз орнымыздан тұрып, сәл серігіп алайық!



  • Балалар, сәл серігіп алдық. Енді келесі тапсырмаға көшейік. Келесі тапсырма өздік жұмысы. Яғни, сендер алдарыңдағы дәптердегі тапсырманы орындаңдар!


(Ө) 2 -тапсырма

Өзіңіздің тамақтану режиміңіз туралы айтыңыз. Бос орындарға өзіңізге ұнайтын тағамдардың суретін салыңыз. Олардың атауын жазыңыз.

Бағалау критерийі:

Білім алушы

Тамақтану режимі туралы айтады.

Пайдалы тағамдарды анықтайды.

Тамақтану режимін сақтаудың маңыздылығы туралы әңгімелейді.

Денсаулыққа пайдалы емес тағамдардың суретін белгілеңіз.

Тамақтану режимін сақтау туралы әңгімелеңіз.

Дескриптор: Білім алушы

- тамақтану режимі туралы әңгімеледі;

- өзіне ұнайтын тағамдардың суретін салды және атауларын жазды;

- пайдалы емес тағамдарды анықтады;

- тамақтану режимін сақтаудың маңызы туралы әңгімеледі.

Кейбір оқушылармен жұмыс:

(Ө)Тапсырма

Суреттерге мұқият қараңыз. Қазіргі және ежелгі адамдардың тамақтануында қандай айырмашылықтар бар? Сурет бойынша елестетіп әңгімелеңіз.

Бағалау критерийі:

Білім алушы

Ежелгі адамдардың өмірі бейнеленген көрнекі материалдарды зерттейді.

Суреттерге сүйеніп, ежелгі адамдардың өмірі

туралы әңгімелейді.

Дескриптор:

Білім алушы

- ежелгі адамдардың тамақтануы туралы әңгімеледі;

- қазіргі кездегі тамақтану туралы әңгімеледі;

- тамақтанудағы ерекшеліктерді ажыратты.

ҚБ: «Графикалық бағалау»

Көпбұрыш пішіні – тапсырманы сәтті орындағанда;

Үшбұрыш пішіні - 1-2 қате жібергенде;

Дөңгелек пішіні – тапсырманы орташа орындағанда бағалаймын.


(Ж) 3- тапсырма

«Өнерлі саусақтар» ойыны

Тамақтану режимі туралы сурет салу

Кейбір оқушылармен жұмыс:

Тамақтану ережесін құрастыр (кластер)

ҚБ: «Смайлик»

Бейнежазба «Дұрыс тамақтану»

https//youtu.be\gkkd1wGSeY






















Бейнежазба «Топ ережелері»

www.toklekova.jimdo.com





флипчарт, маркер, стикер

























Бейнежазба «Әлқисса» https//youtu.be\TZdDf1hXnak

































































Правильный пятиугольник 1

Равнобедренный треугольник 1

Овал 1

Сабақтың соңы


7 мин



«Ыстық орындық» арқылы сабақты қорытындылау.

  • Бүгінгі сабақта қойған мақсатымыз қандай еді?

  • Сабақта не туралы айттық?

  • Балалар, ежелгі және қазіргі заман адамдарының тамақтану ерекшеліктері неде?

  • Тамақтанудың маңызын қалай түсінесіңдер?

  • Алғашқы адамдар қалай тіршілік еткен?

  • Алғашқы адамдар уақыт өте келе тамақ пісіру үшін нені үйренді?

  • Дұрыс тағам дегенді қалай түсінесің?

  • Тамақтану режимі дегенді қалай түсінесің?

  • Сендердің тамақтану режимін қандай?

Кері байланыс «Блоб» ағашы.

  • Егерде сабақты толықтай түсінген жағдайда өзіңді жоғарғы жағына белгілейсің.

  • Егерде сұрақтарың болса өзіңді ортаңғы бөлігіндегілердің біреуін белгілейсің.

  • Егерде сабақты түсінбесең өзіңді ағаштың төменгі жағындағылардың біреуін белгілейсің.

Сұрақтары бар оқушыларды тыңдап, жауап беріледі.














Саралау – оқушыларға қалай

көбірек қолдау көрсетуді

жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары

оқушыларға қандай міндет қоюды

жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың

Материалды меңгеру деңгейін

Қалай тексеруді жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Көбірек қолдау көрсетуді қажет ететін оқушыларға өздік жұмыста түсіндіру жүргізіледі, қолдау көрсетіледі.

Қабілетті оқушыларға бұрынғы мен қазіргі кезеңдегі тамақтану ерекешелігі туралы түсіндіреді, салыстырады, сипаттайды. Тамақтану ережесін құрады

Топтық жұмыста сыныптастардың пікірін тыңдай отырып, оқушылар берілген пікірді «Толықтырып, өзгертіп, дамытып немесе күрделендіре» арқылы бағалаймын.


Өздік жұмыс бойынша барлық оқушылар мен кейбір оқушыларды «Графикалық бағалау» арқылы бағалаймын.


«Өнерлі саусақтар» ойынында оқушылардың «Тамақтану режимі» туралы сурет салуы бойынша, кейбір оқушылар «Тамақтану ережелерін» құрастырғаны үшін «Смайлик» арқылы бағалаймын.


Сабақ бойынша рефлексия



Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені

білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1047
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі