Ашық сабақ "Біздің мерекелер" 4 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Біздің мерекелер" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестер арасында тәжірибемен алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы




13 жалпы орта білім беретін мектеп












Ашық сабақ:

"Біздің мерекелер"













Өткізген: қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Елемисова Д.С.















Орал 2017




Сынып: 4 "а" Күні: 14.04.2017

Сабақтың тақырыбы: Біздің мерекелер!

Сабақтын мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың мемлекеттік мерекелер туралы түсініктерін кеңейтіп, мереке туралы білімдерін шыңдау, өз ойларын еркін жеткізуге үйрету.

Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілетін, байқампаздық пен білімге құштарлығын дамыту; салыстыру және қортындылау біліктерін дамыту.

Тәрбиелік: ізденімпаздыққа, ұғымталдыққа, әдептілікке, өз Отанын сүюге баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, ойын, ой шақыру, топтастыру, сұрақ-жауап, ыстық орындық.

Көрнекілігі: интер белсенді тақта, мерекелер суреті,  мазмұнды суреттер, мерекені бейнелейтін бейнетаспа, топшамалар.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Шаттық шеңбері.

Қайырлы күн балалар! 
Жұманың сәті 
Сәттілікке толсын! 
Бүгінгі алған бағаларың 
Кілең бестік болсын. Жарайма? Жақсы, орындарына отыра қойыңдар.

Оқушыларды түгендеу, пән мақсатымен таныстыру, тіл үйренуге деген қызығушылығын ояту.

"Ыстық орындық" әдісі арқылы үй жұмысын тексеру, өткен тақырыпты еске түсіру. Формативті бағалау.

Жаңа сабақ. Ой шақыру, мағынаны ашу.

Интер тақтаның көмегімен ой шақыру стратегиясын қолдана отырып, «Мереке» атты әннің минусын қоямын. Мерекелерге дайындық болып жатқан, қуанышты ел бейнесін бейнежазба арқылы көрсету. Бүгінгі сабағымыздағы әңгімеміздің жалғасы қандай болмақ деген сұрақ қоямын.
Не көрдік?
(оқушылардың әрқилы жауаптары тыңдалады).
Оқушылардың ойларын сүзіп алып , «мереке» деген сөзін негізге алып, бүгін «Біздің мерекелер» бойынша білімідерін толық көрсетіп, сарапқа салатындарын айтамын.

-Балалар, қандай мерекелерді білеміз? (оқушылар мерекелердің атауын айтады)

-Дұрыс, балалар Қазақстанда мерекелер өте көп. Атап өтетін болсақ: 1 желтоқсан - Президент күні, 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні, 22 наурыз - Наурыз мейрамы, 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні, 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр - Жеңіс күні, 6 шілде - Астана күні, 1 қаңтар - Жаңа жыл...т.б.
Жаңа тақырыптағы мерекелерді топтастыра отырып, білімдерінің салмағын көрсетулеріне мүмкіндік беріп, үш топқа топтастыру стратегиясы бойынша алдымен топқа бөлеміз. (әр оқушы өзі таңдаған жұлдызшаның түсіне қарай топқа бөлінеді.)
І топ Наурыз (жасыл)
-Наурыз айында қандай мейрамдар бар?

ІІ топ Мамыр (сары)

-Мамыр айында қандай мейрамдар бар?
ІІІ топ Желтоқсан (қызыл)

-Желтоқсан айында қандай мейрамдар бар?

Дәптермен жұмыс.

-Бүгін нешесі?

-Аптаның қай күні? Кеше қай күн болды? Ертең қай күн?

-Қазір қай жыл мезгілі?
Оқушылар дәптерлеріне күннің жадысын, сабақ тақырыбын жазады.

Жаңа сөздер

мереке-праздник

тойлау-праздновать

құттықтаймын-поздравляю

тілеймін-желаю (оқушылар хормен қайталайды).

Сөйлесім.Оқылым. Оқушылардың тілдесім әрекетін жандандыру мақсатында келесі тапсырма орындайық.

Сізді (Сені ) Наурыз мерекесімен құттықтаймын.

Сізді (Сені ) Тәуелсіз күнімен құттықтаймын.

Сізді (Сені ) Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын.

Сізді (Сені ) Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын.

Сізге ( Саған ) денсаулық тілеймін.

Сізге (Саған ) қуаныш тілеймін.

Сізге (Саған ) бақыт тілеймін.

Сізге (Саған ) ашықхат сыйлаймын

Сізге (Саған ) гүл сыйлаймын (ауызша жұмыс)

Үлгерімі төмен оқушыларға қосымша тапсырма беріледі.

Тыңдалым.Жазылым. Тақырыпты жазбаша жалғастыру. Топтық жұмыс, әр топқа бір сөзден беріледі, тойлау, мереке, мейрам сөздеріне фонетикалық талдау. Топтың ішінен бір оқушы таңдалып, талдауын оқиды. "Бас бармақ" арқылы бағалау.

Сергіту сәті. "Аудармасын тап" ойыны.

мальчик-бала

город-қала

банан-банан

заяц-қоян

лиса-түлкі

смех-күлкі

ложка-қасық

альчики-асық

лето-жаз

гусь-қаз

флаг-ту

вода-су

урок-сабақ

расческа-тарақ

Оқылым.Сөйлесім. Келесі тапсырмаға көшейік. Ой толғау.

Мереке не үшін керек?

-көңіл көтеру;

-туыстар жиналады;

-ойын ойнаау;

-қонаққа бару;

-қуаныш сыйлау...

Сабақты қорытындылау. "Сандарды сөйлет" ойыны.

Тақтада сандар ілулі тұрады. Балалар сандардың қатарына мереке атауын қою керек.

-Ал, балалар бүгін сабақта не істедік?

-Не білдік?

-Не қызықты болды?

-Сендер үшін сабақта ең бастысы не болды?

-Сендерге сабақ ұнады ма?

-Жақсы жарайсыңдар!

Енді сабақты бағалайық (үш түсті қарындаш арқылы).

- қызыл қарындаш - түсіндім, ұнады;

- сары қарындаш - шамалы, ұнады;

- жасыл қарындаш – түсінбедім.


Үйге тапсырма беру. Сөздік. 1,2-тапсырма.

Бағалау. Оқушылардың белсенділіктеріне, білімдеріне қарап бағалау. Журналға баға қойып, балаларды мадақтап айтып отыру.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.02.2018
1780
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі