Ашық сабақ "Біздің сынып" 2 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Біздің сынып" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: әдебиеттік оқу

Мектеп: №7 мектеп-гимназиясы

Бөлімі: Менің мектебім

Мұғалімнің аты-жөні: Магрупбекова М.К

Күні:

Қатысқандар саны:

Сынып:2

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

2.6. Кейіпкердің іс- әрекетін бағалау.

Біздің сынып

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

2.2.6.1 - кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау

2.1.5.1 - өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мәтінді түсініп оқиды, кейіпкерлерді сипаттауда тірек сөздерді қолданады;

Көптеген оқушылар: тақырыпты болжайды, кейіпкерлердің іс-әрекетіне қатысты ойын айтады және түсіндіреді;

Кейбір оқушылар:кейіпкерлердің іс- әрекетіне, мінезіне шығармадан дәлел келтіре отырып баға береді және тірек сөздер арқылы өз ойын еркін жеткізе алады;

Бағалау критерийлері

  • Мәтіндегі кейіпкерлердің іс- әрекеті туралы көзқарасын білдіреді;

  • Өз ойын айту үшін тірек сөздерді қолданады;

Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік; ашықтық;


Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Бастапқы білім

Мәтінді теріп оқи алады, өзін- өзі бақылауды және жоспар құруды біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут


Ширату тапсырмасы:

(Ұ) «Он сұрақ» стратегиясы

Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.

«Парта» сөзі шығады. Көмек қажет жағдайда мұғалім өзі жетелеуші сұрақтар қояды.

  • Парта не үшін қажет?

  • Сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттарымен таныстыру.

Оқушылармен бірлесе бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.


Сабақтың ортасы

25-30 минут



















































Мағынаны ажырату

Ой қозғау

1-тапсырма

Жұмбақтарды шешу:

1.Білім мен тәлім

Парақтап ашқанда,

Беттерінен мәлім.(күнделік)

2. Ілулі тұр кең алаң,

Керегемді мен одан

Жазып алам көшіріп,

Сүртем смосын өшіріп.(тақта)

3. Жұқа тақтай бөлшегі-

Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш)


Тақырыпты болжау

Бұл заттардан басқа айналамыздан не көріп тұрмыз? Олар қайда орналасқан? (бөлмеде, сыныпта). Бұлардың бәрі бәрімізге ортақ. Олай болса бұл...? (біздің сынып).

Мақсатқа сәйкес оқушылармен бірлесе отырып, жетістік критерийін анықтау.


Оқылым.

2- тапсырма Оқиық

А. Сопыбековтың «Сапар мен парта»мысалын бөліп, мәнерлеп оқыту. Автор туралы әңгімеле., сызбаны пайдалан.

Мысал туралы қайталап түсінік бере кету.

Мысал дегеніміз- шағын көлемді, оқиғалы, адамға сабақ боларлық тәрбиелік, тағылымдық мәні бар шығарма.

Саралау: Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың əрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу керек. Мұғалім тапсырма береді, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты жəне əлсіз тұстарына қарай жауап береді.

Бағалау: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау


Жұптық жұмыс. Сұра және жауап бер

«Сұраққа жетіп ал әдісі» Өз бетінше ойлап, ақпаратты меңгере алады. Шығармаға байланысты сұрақ қояды.

Бұл неге мысалға жатады?

Өлеңнің мысалға жататынын неден аңғаруға болады?

Парта Сапарға неге ренжіді?

Қалай ойлайсың, Сапар өз кінәсін мойындады ма? Оны өлеңнің қай шумағынан аңғаруға болады?

Мысалдан партаның ішкі сезімін білдіру үшін өздігінен сөйлеп кеткен жерін тауып оқы. Сенің өзіңмен-өзің сөйлескен кезің болды ма?

Бағалау:Оқушылар қолдарындағы смайликтерді жақсы жауап қайырған жұпқа береді.

Топтық жұмыс.

Тапсырма: Сынып ережесін құру.

-сыныптағы затарды күтіп ұстау;

-партаға жазбау;

-орындықта түзу отыру;

-есікті қатты жаппау;

Бағалау: Бір – біріне карусель әдісі арқылы бағалайды.

Ой толғаныс.

Жазылым

Жеке жұмыс (Ө) (ҚБ) 4- тапсырма.

Тапсырма: Мысалдан кейіпкерлерді табу. Кейіпкерлердің сыртқы келбетін,іс-әрекетін салыстыра отырып кестені толтыр.

Кейіпкерлер

Іс-әрекеті

Не істеді?

Мінез –құлқы

(қандай?)







Бағалау:бас бармақ көрсету арқылы бағалайды. Екінші немесе үшінші суреттегідей көрсетсе, себебін түсіндіреді.

Саралау: Қабілеті төмен оқушылар кейіпкердің мінез-құлқын анықтауда қарапайым бір- екі мысал жазады. Ал, қабілетті оқушылар іс- әрекеттеріне баға беріп, кейіпкердің мәнез- құлқын сипаттайды.

(ҚБ) дескриптор:

  • Кейіпкерлердің іс- әрекеттері арқылы салыстырады;

  • Кейіпкерлерге мінездеме береді;



Жұмбақтардың жауабының суреті













































Жазушының суреті





























































Түрлі түсті қарындаштар, маркерлер, А-4 парағы.



Әр оқушыға бір смайликтен





Жеке жұмысқа арналған кесте





















Сабақтың соңы

5-минут

Үйге тапсырма:Біздің сыныпта қандай заттар бар?Оларды қалай күтіп жүрсің? Шағын эссе жазу

Кері байланыс: ауызша оқушыларға кері байланыс беру.

Рефлексия: оқушыларды шеңберге шақырып, доп лақтыру арқылы бүгінгі сабақ жайлы ойларын айтқызу.













Кішірек доп

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы



2,3,4 тапсырма – «Тапсырма бойынша саралау» негізінде «Оқиық»«Сұра және жауап бер»,«Құрастырайық» айдарындағы тапсырмалар орындалады. Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.


Жетістік критерийлері арқылы

Құндылықтарды дарыту: Ынтымақтастық, құрмет, ұқыптылық.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, көркем еңбек.

АКТ-ны қолдану дағдылары: осы сабақ барысында оқушыларға тақырыпқа қатысты көрнекі құралдар интербелсенді тақта арқылы көрсетіледі. Тәрбиелік мәні: әр нәрсенің қадірін білуге, төзімділіке, сабырлыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.12.2019
4106
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі