Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Бөлінгіштіктің негізгі қасиеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге әдістемелік құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ

Мектеп : №110 З.Хусанов ЖОМ

Мұғалімнің аты-жөні: Абдураимова Ш

Мерзімі :

24.09.2018

Сыныбы:

Барлығы:

Қатыспағаны:

5.1В Натурал сандардың бөлінгіштігі

Сабақ тақырыбы

Бөлінгіштіктің негізгі қасиеттері


Осы сабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтеме)

5.1.2.10. Көбейтіндінің берілген натурал санға бөлінгіштігін талдау;

5.1.2.11. Қосындының және айырымның берілген натурал санға бөлінгіштігін талдау

Сабақмақсаттары

Қосындының және айырымның берілген натурал санға бөлінгіштігін талдау;

Сабақтың түрі

Жаңа сабақты түсіндіру

Бағалау критерийлері

Оқушы:

Қосылғыштарды жеке-жеке берілген санға бөлуді білсе;

Шыққан бөлінділерді қосуды білсе;

Азайғыш пен азайтқышты жеке-жеке берілген санға бөлуді білсе;

Шыққан бөлінділерді азайтуды білсе;

Қосындының және айырымның берілген санға бөлінгіштігін білсе.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- есептеулерде натурал сандарға арифметикалық амалдар қасиеттерін қолдануды тұжырымдай алады;

- бөлінгіштік белгілерін тұжырымдайды;

Құндылықтар

дыдарыту

Топтық және жұппен жұмыс жасата отырып оқушыларда өзарасыйластық, сенімділік,қарым-қатынастықалыптастыру

Пәнаралықбайланыстар

Қосындының санға бөлінгіштігі география пәнімен және өмірмен байланысты.

Бастапқы білім

Натурал сандарды бөлу ережесі және амалдар қолдану.

Қосу мен азайтуға қатысты көбейтудің үлестірімділік қасиеті



Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



«Миға шабуыл»

1 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Сабақ басында:

1) оқушылардың зейінін шоғырландыру, түгелдеу

2) оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алу 3) сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтау


Қайталау

3 минут







Жаңа сабақ

«Мағынаны тану»

5 минут




















10 минут






























10 минут





























5 минут























9 минут




Көбейтіндінің берілген натурал санға бөлінгіштігін еске түсіру.

  • ;

Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

1.Көбейтінді берілген санға бөліне ме?

2. Көбейткіштер берілген санға бөліне ме?

Көбейтіндінің берілген санға бөлінгіштігі туралы қорытынды жасауға оқушыларды жетелейміз.

Қосындының және айырманың натурал санға бөлінгіштігін анықтау үшін оқулықпен жұмыс ұйымдастыру. Қосынды мен айырманың еселік болатынын дәлелдеу үшін қосу мен азайтуға қатысты көбейтудің үлестірімділік қасиеті қалай қолданылуы мүмкін екенін оқушыларды өздігінен түсінуге бағыттау.

Қосындының берілген санға бөлінгіштігін анықтау үшін, қосылғыштардың әрқайсысының сол санға жеке-жеке бөлінгішігін қарастырамыз.

1-жағдай. Қосылғыштардың әрқайсысы берілген санға қалдықсыз бөлінеді.

Қосын ды

Бөлгіш

Қосылғыштардың бөлінгіштігі

Қосындының бөлінгіштігі

12+6

3

12:3=4 6:3=2

18:3=6

28+42

14

28:14=2 42:14=3

70:14= 5

75+100

25

75:25=3 100:25=4

175:25꞊7

Кестедегі мысалдардан қосындының берілген санға бөлінгіштігі қасиеті тұжырымдалады.

Егер қосылғыштардың әрқайсысы жеке-жеке берілген санға бөлінсе, онда қосынды сол санға бөлінеді.

2-жағдай. Қосылғыштар берілген санға қалдықпен бөлінеді.

Қосын

ды

Бөл

гіш

Қосылғыштар

дың қалдықпен бөлінуі

Қалдық

тар қосындысы

Қосындының бөлінгіштігі

15+21


22+38


33+36

9


15


23

15 9 1 (қалдық 6)

21 9 2 (қалдық 3)

22:15=1 (қалдық 7)

38:15=2 (қалдық 8)

33:23=1 (қалдық10)

36:23=1 (қалдық13)

9


15


23

36:9=4


60:15=4


69:23=3

Қосындының берілген натурал санға бөлінгіштігін қалай білеміз?

185 Ауызша есептеңдер:

1) (32 ):4 (66 ):6 (20 ):5

(15 ):3 (21 ):7 (24 ):8

Ауызша бағалау түрлі-түсті стикер арқылы орындалады.

188. Қосындыны санға бөлуді орындаңдар:

  1. (84+28):14; 3) (192+72):24; 5) (183+305):61;

  2. (133+76):19; 4) (220+88):44; 6) (300+150):75.

Үлгі: (70+42):14=70:14+42:14=5+3=8

Оқушылар есепті тақтаға жеке-жеке шығарады.

Оқушылардың жұмысын интерактивті тақтада көрсетілген бағалау критерийлері арқылы бағалаймыз.

Бағалау критерийлері:

Қосылғыштарды жеке-жеке берілген санға бөлуді білсе; Шыққан бөлінділерді қосуды білсе;Азайғыш пен азайтқышты жеке-жеке берілген санға бөлуді білсе;

Шыққан бөлінділерді азайтуды білсе;

Қосындының және айырымның берілген санға бөлінгіштігін білсе.

Есепті өрнек құрып шығарыңыз:

191. Жеңіл машина мен автобус 450 км қашықтықты бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы жүріп, 3 сағаттан соң кездесті. Кездескенге дейін автобус 150 км жол жүрді. Жеңіл машинаның жылдамдығы қандай?

А. 100 км/сағ; В. 90 км/сағ; С. 105 км/сағ; D. 85 км/сағ.

2.Оқушыларға сұрақ қойылады:

Қандай жағдайда қосынды берілген натурал санға бөлінеді?

Берілген санға еселік санды әрқайсысы берілген санға қалдықсыз бөлінетін қосылғыштардың қосындысы түрінде көрсету үнемі мүмкін бола бере ме?

Түрлі-түсті стикер арқылы оқушылар жауабын бағалау жүзеге асады.

205. Амалдардыорындаңдар:

  1. (145х+58у-116х):29 2) (288у+195х + 144у):48

  1. (245z+147у-98z):49 4) (130a+195b-65a):13

3.Оқушылармен бірігіп есептің шығарылу жолының алгоритімін құрамыз:

  1. Қосылғыштарды жеке-жеке берілген санға бөлеміз;

  2. Шыққан бөлінділерді қосамыз;

  3. Жауабын жазамыз.

Осы дескриптор бойынша оқушылар өзара бағалау жұмысын орындайды.

Топтық жұмыс:Топ оқушылары тапсырманы тақтада орындап болған соң, келесі топ оқушылары дескриптор бойынша жәнестикерге тілек жазу арқылы олардың жұмысын бағалайды.

1-топ

196. 543+84 қосындысы 5,4,3 сандарының қайсысына бөлінеді?

202 21 95+21·253 қосындысы 21 санынан өзге тағы да қандай сандарға бөлінеді?

210. Өрнекті ықшамдаңдар:

(160х-92х):23+17х

2-топ

196 72+132 қосындысы 9,8,12 сандарының қайсысына бөлінеді?

202 187·35- 35·24 айырмасы 35 санынан өзге тағы да қандай сандарға бөлінеді?

210. Өрнекті ықшамдаңдар:

65у:5+(171у-95у):19

Оқушылармен бірігіп айырымды берілген санға бөлу есебінің шығарылу жолының алгоритімін құрамыз:

  1. Азайғыш пен азайтқышты жеке-жеке берілген санға бөлеміз;

  2. Шыққан бөлінділерді азайтамыз;

  3. Жауабын жазамыз.

Жұптық жұмыс:

203. Амалдардыорындаңдар:

  1. (404·16-6072):56; 2) (6464:32-2408:43):73;

  1. 2000:(50·8) - 850:(25·17); 4) 3636:(12·3)-6060:(15·4)

Жұптағы оқушылар бірін-бірі дескриптор (айырымды берілген санға бөлу есебінің шығарылу жолының алгоритімі)бойынша бағалайды.

Жеке жұмыс:(Шығармашылық тапсырма)

198. Қарағандыдан шыққан пойыз осы уақытта Екібастұздан шыққан пойызбен 3 сағаттан соң кездеседі (суретте). Қарағандыдан шыққан пойыз 285 км жол жүрсе, Екібастұздан шыққан пойыз 207 км жол жүреді. Екі пойыз 1 сағатта бір-біріне неше километр жақындайды?

Есептер шығару.

207. Семейден Павлодарға дейінгі автомобиль жолының ұзындығы 328 км. Сағат 13-те Семей қаласынан Павлодарға қарай 70 км/сағ жылдамдықпен автомобиль шықты. Ол 1 сағ жүрген соң, оған қарсы Павлодардан 59 км/сағ жылдамдықпен автобус шықты. Автомобиль мен автобус сағат нешеде кездеседі?

Бұл қолданбалы есепті бағалау мұғалімнің басшылығымен жүзеге асады.

Сабақты қорытындылау:

  1. Бүгінгі оқу мақсаты қандай болды?

  2. Бағалау критерийі қандай?

  3. Қосындының және айырымның берілген натурал санға бөлінгіштігін қалай талдау керек?

209. Қай тұжырымдама дұрыс?

  1. Егер қосылғыштардың әрқайсысы жеке-жеке берілген санға бөлінбесе, онда қосынды да сол санға бөлінбейді.

  2. Егер азайғыш берілген санға бөлінбесе, онда айырмада сол санға бөлінбейді.

  3. Егер қосылғыштардың біреуі берілген санға бөлінсе, онда қосынды да сол санға бөлінеді.

Бұл ребусты шешкенде осы тақырыптағы ең негізгі сөз шығады.



«Ой қорыту» 2 минут

Рефлексия: «Екі жұлдыз, бір тілек!»

Оқушылар стикерге сабақтан алған әсерін және тілегін жазады.

Үйге тапсырма:

192.Бірінші аптада машинамен 200т бидай тасылды. Екінші аптада 165 т бидай тасылды, себебі екінші аптада бірінші аптаға қарағанда 7 машина бидай аз тасылған. Әр ретте машинамен неше тонна бидай тасылған?

210. Өрнекті ықшамдаңдар:

1) 42х:7+(65х+39х):13; 2) (581у·5):83-18у.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
1068
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12