Материалдар / Ашық сабақ. "Болу-болып көріну емес" 5 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. "Болу-болып көріну емес" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
өЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІНДЕ 5 СЫНЫПТАР МЕН ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕН ҚАСИЕТТЕРДІ АША ОТЫРЫП ӨТКІЗІЛЕТІН АШЫҚ САБАҚ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
569
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Су-өмір көзі

Маќсаты: «Су» ұғымының қ ұндылық ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Судың адам өміріндегі маңыздылыєын түсіндіру;

  • суға қамқоршылық жасау іскерліктерін дамыту;

  • суды қадірлеуге, үнемдеуге тәрбиелеу.

Көрнекі ќұралдар: оқулыќ, дәптер, ыдысқа ќұйылған су, бөлме өсімдіктері.

Шаттық шеңбері




Жау, жаңбыр

Жау-жау, жаңбыр, жау, жаңбыр! Ой мен қырдың шалғыны

Жау – егіннің көгі өссін. Жатқан малды жасырсын.

Сұлудай бұраң ќұрақты Табиғаттың көркіне

Айдын шалқар көл өссін.

Таң қалып жан бас ұрсын.

Әңгімелесу

Мұғалім сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелесу жүргізеді.

  • Су адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

  • Су болмаса тіршілік, өмір болуы мүмкін бе? Неліктен?

  • « Судың да сұрауы бар» дегенді қалай түсінесіңдер?

Балалардың жауаптарын мұғалім түйіндейді:

Балалар шеңбер құрып тұрады. Сөйлемді қимылын келтіріп айтады.

Теңіз болып толқимыз – бір (Оқушылар мұғаліммен бас изеп

амандасады).

Теңіз болып толқимыз – екі (Оқушылар екі-екіден бір-біріне қол беріп амандасады).

Теңіз болып толқимыз – үш (Оқушылар үшеуден тұрып бір-бірімен қол беріп амандасады).


Шығармашылық жұмыс

Оқушылардың суың адам өміріндегі маңыздылығын түїсінуі үїшін шығармашылық жұмыс ұйымдастырылады.

Үнтаспадан әр түрлі әңгімелерден теріп алынған сөйлемдер тыңдатылады. Оқушылар әрбір сөйлемнен кейін суға сипаттама береді.

Мұғалім тақтаға «Су....» деп жазып қояды да, балалардың берген жауаптарын жалғастырып жазып отырады.

  1. Бұлақ сылдыры қандай әсем!

  2. Алақай, бұлақ ән салып жатыр!

  3. Су қандай мөп-мөлдір! Тап-таза!

  4. Рақат-ай! Денемнің сергігені-ай!

  5. Ућ! Салқын судың шөлімді басқаны-ай!

Мұғалімнің сөйлемдер санын көбейтуіне болады.


Күтілетін жауаптар:

Су жанға сұлулыќ береді.

Су көңіліңді і көтереді.

Су – тазалық көзі.

Су – шынығу көзі.

Су – тағам.

М ұғалім қорытындылайды:

  • Су шөлі\ңді қандырып, денеңді тынықтырады, шынықтырады, сергітеді, жаныңды, тәніді таза және сұлу етеді, сондай-ақ табиғатқа сән, өмірге мән береді.

Мәтінмен жұмыс.

Судан өнеге алуға болатындығын тїсіндіру мақсатында әңгімелеу жүргізіледі. Мұғалім Ы.Алтынсариннің

Таза бұлақ әңгімесін оқып, әңгімелейді.


Жаңа ақпарат


Су – адамєа ең қажет тағамның бірі, су- тазалық көзі, су- жан сұлулығының нәрі, су- шыныєу кґзі. Су болмаса тіршілік те болмайды. Өйткені адам, Өсімдіктер, жан-жануарлар, аң, құстар сусыз өмір сүруі мүмкін емес.

Сергіту сәті

Бұл әдіс судың мәнін аша түсу үшін және балалардың бір сәт денесін сергіту мақсатында орындалады.

Тамшы болып тамайық, (Бір орнында секіреді.)

Арықпен бірге ағамыќқ (Екі-екіден бірігеді)

Көлшік болып жиналып, (Төрт-төрттен бірігеді)

Күнге қолды бұлғайық (Қолдарын жоғары көтереді)

Көн көзімен құрғайыќ, (Жеке-жеке тарай бастайды)

Бу боп аспан төрінде (Әркім өз қолын жоғары көтере бастайды)

Бұлттар санын құрайық. (Төрт-төрттен қайта бірігеді.)

Бұлттан жаңбыр сөгілер, (Ќайта жеке-жеке тарайды)

Жер әлемге төгілер. (Орындарында секіреді.)


Шығармашылық жұмыс

М ұғалім оќушыларға «Адам бойынан судың ќандай қасиеттерін табуға болады?» деген шығармашылық жұмыс ұсынады.



Дәйексөз

Мұғалім тақтада жазулы тұрған М.Хакімжанованың «Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат» деген өлең жолының мәнін түсіндіреді..

Өзіммен-өзім

Релаксациялық тәсіл және ол бойынша қойылған сұрақтарға жауап алу арқылы оқушылардың ойлары бекітіле түседі. Мұғалімнің сөзі:

- Балалар, ыңғайланып, отырып алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Өздеріңді көгілдір де ғажайып, мөлдір де таза, салқын бір су жағасына келдік деп елестетіңдер. Су біздің жанымызға әсем ән сыйлап, сылдырай аєады. Тап-таза айнадай мөлдірлігімен көздің жауын алып жатќан судың бізге айтары бар сияқты. Біз су жағасына жақындап, екі қолымызбен бір уыс су іліп алдық.

Су бізге қарап, жылт-жылт етеді. Тіпті осы су тамшылары да бізге әлденені айтқысы келетіндей. Біз алақандаєы су тамшыларын төгіп алмайық деп уысымызда аялай ұстап тұрмыз. Ал енді осы сезімімізбен бұрынғы қалпымызға келейік. Көзімізді ашайық.

Мұғалім балаларға сұрақтар қояды:

- Сендердің алақандарыңа аялай алған суларың сендерге не айтуы мїмкін деп ой

лайсыңдар және сол суды сендер қалай пайдаланар едіңдер?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Күтілетін жауаптар:

  • Мен қолымдағы тамшыны бөлмедегі гүлге жақсы өссін деп құямын.

  • Мен бұл суды тап-таза судай болайын деп ішер едім.

  • Мен осы сумен тәнім сұлу, таза болсын деп бетімді жуар едім және т.б.

Дәптермен жұмыс

Оқушылардың сабақтан түйген ойлары пысықтала түсу үшін тапсырма беріледі.

1-тапсырма: Зерттеу жұмысын жүргізіңдер. Бір күнде суды неше рет пайдаланатындарыңды байқаңдар. Суды қайда, не үшін пайдаланғандарыңды ойланыңдар. Судың адам өміріне аса қажеттілігін ұғыныңдар. Дәптерге өз ойларыңды түсіріңдер.

2-тапсырма: Дәптердегі ребусты шешкенде су туралы мақал-мәтелді

(«Су табиєаттың айнасы») оқуға болады.


Мұғалім сабақты оқулыќтағы қоржында берілген сөздерді пайдаланып қорытындылайды.

Жүректен -жүрекке

Оқушылар өз түсініктерін өлең жолдары арқылы білдіреді. Бәрі бірге мына өеңді қайталайды:

Жаңбыр жауды

Жаңбыр жауды, Су жүргізер тіршіліктің тамырын,

Қуанды ел, Су жоқ болса, тірлік тамам, бауырым.

Құлпыра түсті туған жер. Судың мәнін, түсіндік түп маңызын,

Егін шықты ќалың боп, Суды сақтап, ұмытпайық қадірін!

Биыл қарбыз, қауын көп!






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!