Ашық сабақ "Болымды және болымсыз етістік" қазақ тілі 3 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Болымды және болымсыз етістік" қазақ тілі 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ ұстаздарға көмекші бола алады.Сабақ қысқа мерзіміді жоспар (ҚМЖ) үлгісінде жазылған.Сабақта видеоролик,интербелсенді тақтада тірек сызбаларды және аймектеп ресурстарын пайдаландым. Оқушылардың қызығушылықтары оянып сабақ мақсатына жетті.Сонымен қатар қима қағаздармен жұмыс болды. "Кім тапқыр" ойынын ойната отырып оқушылар берілген әріптерден болымсыз етістік құрады.Сабаты қорытындылау кезеңінде бес сұрақтан құрылған тест жұмысы алынды.Бұл сабақ үлгісі табысты сабақ жосапры бола алады деген ойдамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ: қазақ тілі

Мектеп: «Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі және МЖИ» КММ

Күні: 06.03.2018

Мұғалімнің есімі: Цаган С

Сынып: 3 «в»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабықтың тақырыбы:

Болымды және болымсыз етістік

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

Болымды болымсыз етістіктерді ажырата алады,сөйлем ішінен сұрақ қою арқылы таба алады.

Сабақ мақсаттары:

Етістіктің түрлерімен танысады.

Болымды болымсыз етістіктерді ажырата алады.

Алған білімдерін өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Оқушылар  өздерінің жаңа сабақтан алған білімдерін түсінгендері бойынша көрсетіп, дәлеледейді.

Ойлау дағдылары

Білу, түсіну, қолдану, жинақтау

Тілдік мақсаттар

Негізгі сөздер мен тіркестер: болымды және болымсыз етістік

Талқылауға арналған тармақтар: Қайсысы болымды,қайсысы болымсыз етістік?

Сіз неліктен бұл болымды етістік екенін айта аласыз ба?

Құндылықтарды дарыту


Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, музыка

АКТ қолдану

Видеоролик ,ай мектеп

Алдыңғы оқу

Дара және күрделі етістік

Сабақтың жоспарланған кезеңдері:

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар:

Сабақтың басы:

10мин








Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

-Иә, балалар, сендер еліміздің болашақ иесісіңдер! Болашақ ұрпақ білімді, ғылым техниканы игеру қажет. Олай болса, болашақ ғылым иелерінің жиып жатқан білімдерін тексерейік.

Жұмбақ шеше отырып, ішіндегі іс-әрекетті білдіретін сөздерді табу.

1. Қар еріп, су көбейіп, сай-салаға ағады.

Бүршік шашып, жапырақ ашып, гүл-бәйшешек жарады.

Балаларым, айтындаршы, бұл қай кезде болады

(көктем)

Көктем туралы видеоролик

Әдебиеттік оқу пәнінен оқыған «Көктем сәні» мәтінін еске түсірейік, сонда көктем сәні нелер деп аңдар айтты?
Неліктен көктем сәнінің бірі – шуақты күн деп ойлайсыңдар?
Барлықтарыңызға күндей шуақты көңіл күй тілеймін.
Сонымен Күн не істейтінін сызбаға түсірейікші

Күн

ерітеді
тірілтеді
жылытады
қарайды
төгеді 
жандандырады
Осы сөздерге сұрақ қояйықшы, нені білдіреді, ендеше қандай сөз табына жатады?

Үй тапсырмасын тексеру. 26-жаттығуды тексеру. Қандай етістіктерді жаздыңдар? Жан-жақты білімдерін тексеру .

Миға шабуыл

-Етістік дегеніміз не?

-Етістіктің қандай түрлері болады екен?

- Туынды етістік дегеніміз не? Мысал келтір.

-Негізгі етістік дегеніміз не? Мысал келтір.

Қызығушылығын ояту. 
Кестемен жұмыс. 
1 Құрамына қарай Дара 
Күрделі 
2 Тұлғасына қарай Негізгі 
Туынды 
3 Іс-әрекеттің орындалуына қарай Болымды 
Болымсыз 
Мысал келтіру. 
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Болымды және болымсыз етістік» болмақ.

















Видеоролик































аймектеп

Сабақтың ортасы:

25 мин














. Жаңа материалмен жұмыс: .Түсіндіру

Етістіктерді салыстырып оқып, олардың мағыналарын ашу 28-жаттығу

жүзбе, жазба, күлме, барма, төқпе, тақпа. Ережемен жұмыс: түсініп оқу, талдау, есте сақтау.

Ережемен жұмыс

Shape1 Етістік

Shape2



Shape4 Shape3

Болымсыз

Іс-әрекеттің болмауын жүзеге асуын білдіреді

Болымды

Іс-әрекеттің болуын жүзеге асуын білдіреді








Күн ретін жазу. Көркем жазу

Сабақты бекіту:

Сөйлемдерді көшіріп жазу, болымсыз етістіктерді табу, болымсыз етістік екенін дәлелдеу. 29-жаттығу

Білмегеніңді сұрауға арланба. Ешқашан өтірік айтпа. Бір істі бастасаң, аяқсыз тастама. Кісіге қарап күлме. Бізді қандай болуға шықырып тұр?

30-жаттығу«Сөз ойла, тез ойла» әдісі.

Мына етістіктерден болымсыз етістік жаса.

Ал, аш, жап, сөйле, шақыр, тарт, үз, үрле, кес.

Сергіту сәті

«Кім тапқыр?» ойынын ойнау. 
Берілген әріптерден басталатын болымсыз етістіктерді тап. 
Қ  О Ш   Ж  К С


Берілген мақалды түсініп оқу, мағынасын ашу, жатқа жазу.

31-жаттығуда Болымсыз етістіктердің сыз. Мақалда қандай болу керек дейді?

Жұптық жұмыс.Берілген тыйым сөздерді оқу, мағынасын ашу, есте сақтау, етістіктердің болымды немесе болымсыз екендігін айту: 32-жаттығуда

Болымды етістік

Болымсыз етістік

Құрметте, бол,бер, болсын

Кетпе, теппе, ойнама, тұрма, жұлма, төкпе, керілме, емінбе, күлме, жеме, кеспе, кірлетпе



Көп нүктенің орнына болымсыз етістіктің өзгеруін тәуелдеу: 33-жаттығу

Мен асықпадым, жонбадым, тимедім.

Сен асықпа, жонба, тиме.

Сіз асықпаңыз, жонбаңыз, тимеңіз.

Ол асықпады, жонбады, тимеді.





Тірек сызба

































Қима қағаздар

Сабақтың соңы: 10мин

.Қорыту.

Тест

1. Туынды етістікті табыңыз.
А) Аз. В) Жүр С) Көмектес Д) Бар
2. Не істеді? Не қылды? Қайтті? Сұрақтарына жауап беретін сөз табы.
А) Зат есім. В) Етістік С) Одағай Д) Үстеу
3. Болымды етістік нені білдіретін белгілеңіз.
А) Іс - әрекеттің жүзеге асуын білдіреді.

В) Заттың атын білдіреді. С) Заттың түрін білдіреді.
Д) Заттың саның білдіреді.
4. Сөйлемнен болымсыз етістікті табыңыз.
Ол жұмысын адал басқармады.
А) Ол В) Жұмысын С) Адал Д) Басқармады
5. Күрделі етістікті табыңыз.
А) Алып берді В) Кел С) Айтты Д) Жайды
Үйге тапсырма: 34-жаттығу 173 бет

Бағалау



Қима қағаздар

Кері байланыс

Білім ағашы әдісі


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Етістіктің түрлерімен танысады.

Болымды болымсыз етістіктерді ажырата алады.

Алған білімдерін өмірде қолдана алады.

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Сабақ бойынша рефлексия

Қандай екі нәрсе табысты болды?

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады?


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2019
2709
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі