400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Ботай мәдениеті"5сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
әріптестерім өздеріне керек мәліметті табаалса қуаныштымын!
Материалдың қысқаша нұсқасы


5.1А Ежелгі адамдардың өмірі Мектеп: “С.Қожанов атындағы” ЖОМ


Мұғалімнің аты-жөні :Құдиярова М

Күні: 06.04.2018ж. Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сынып:5


Сабақтың тақырыбы:


Ботай мәдениеті



Осысабақта қол

Жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

5.4.1.1 – ежелгі адамдардың кәсібін сипаттау

Сабақ мақсаты:


Барлық оқушылар: Ботай мәдениетін қалдырған ежелгі адамдардың кәсібін біледі және түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі: Ежелгі адамдардың кәсібі туралы білімін көрсетеді.

Кейбір оқушылар: Еңбек бөлінісінің пайда болуына талдау жасайды

Бағалау критерийі

Ботай мәдениеті туралы сипаттайды.

Энеолит дәуіріндегі ежелгі адамдардың кәсібін анықтайды.


Тілдік мақсаттар



Пәнге қатысты лексика мен терминология: энеолит, ботай мәдениеті, еңбек бөлінісі, жылқы, еңбек құралдары, мыс-тас ғасыры

Диалогқа /жазылымға қажетті сөз тіркестер:Ботай тұрағына қатысты суреттер, мәтін,тарихи диктант,кесте

Не себепті ботайлықтарды жылқыны алғашқы қолға үйретушілер деп атады?

Сіз неліктен… екенін айта аласыз ба?

Құндылықтарға баулу

Еңбек және шығармашылыққа,ынтымақтастыққа,өмір бойы білім алуға баулу

Пәнаралық байланыс

География,қазақ әдебиеті

Алдыңғы білім

Адамдардың шаруашылық өміріндегі өзгерістер және еңбек құралдарының жетілдірілуі жайлы біледі

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


7мин

Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу

Топтарға біріктіру .

Оқушылар таңдаған мәдениетке сай топтарға біріктіру.

1-топ:

Ботай мәдениеті

2-топ: Ботай тіршілігі

3-топ: Ботай кезеңіндегі өмір

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Суретке шолу»

М. «сіздің алдыңызда суреттер тұр. Соны алып, жауап беруіңіз қажет. Ол суреттерде мәдениет, тіршілік, баспана бейнеленген. Содан бір оқиға айтып беріңіздер.


Үй тапсырмасын бекіту:

Әр топқа семантикалық карта беріледі.

Оқушылар кестені толтырады


Кәсібі

Еңбек құралдары

қару түрлері

Ежелгі аңдар

Қолға үйретілген аңдар






















Дескриптор

Ежелгі адамдардың кәсіптерін біледі

Еңбек құралдары мен қару түрлерін кәсібіне қарай бөліп жазады

Ежелгі аңдардың түрлерін еске түсіреді

Қолға үйретілген аңдарды сипаттайды

КБ «Дұрыс жауабы-бұл» оқушылар өздері қатесін тауып түзетеді. 





суреттер

















Семантикалық карта

Сабақтың ортасы

25 минут







Жаңа сабақ

Ж.Мәтінмен жұмыс. «Жариялау» әдісі

Оқушылар жұп болып мәтінді талдап, берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек.

Зерттеу сұрағы: Не себепті ботайлықтарды жылқыны алғашқы қолға үйретушілер деп атайды?

Дескриптор:

1. Мәтінді оқи отырып, ботайлықтардың жылқыны алғаш қолға үйретушілер екенін анықтайды.

2. Мал шаруашылығының дамуына сипаттама береді;

3.Мәтіннен ботайлықтарда мал шаруашылығы дамығанын көрсететін дәйектерді атайды;

КБ «Бас бармақ» әдісі бойынша оқушылар бірін-бірі бағалайды

Т.тапсырма

І топ: Кестемен жұмыс


Тұрақ қай жерде орналасқан?

Солтүстік Қазақстанда

Неше үй зерттелді?

158 үй

Ботай тұрағының ерекшелігі неде?

133мыңдай жылқы сүйектері табылды

Тұрақты кім зерттеді?

Профессор З. Зайберт



Дескриптор: 1.Тұрақтың қай жерде орналасқанын айтады;

2.Қанша үй зерттелгенін атайды;

3.Ботай тұрағының ерекшелігіне сипаттама береді;

4.Қай ғалым зерттегенін атайды;


ІІ топ: Тарихи диктант

  1. Энеолит” сөзі…… дегенді білдіреді.

  2. Бұдан 5 мың жыл бұрын адамдар… өңдеуді үйренді.

  3. Бұл тұрақ… жерді алып жатыр.

  4. Ботай қонысынан… жылқының сүйектері табылды.

Дескриптор:

1.”Энеолит” сөзінің мағынасын табады.

2.Бұдан 5мың жыл бұрын адамдар мыс өндіргенін анықтайды .

3.Бұл тұрақ 15га аумақты алып жатқанын растайды .

4.Ботай қонысынан 133 мыңдай жылқының сүйектері табылғанын жазады.


ІІІ топ.Эссе жазу

Төмендегі сөздерді қатыстырып ,сөйлем құрастыру

Берілген сөздер: еңбек бөлінісі, жылқы, еңбек құралдары, мыс-тас ғасыры

Дескриптор:

  1. Энеолит дәуірінде еңбек бөлінісі болғанын біледі

  2. Жылқының қолға үйретілгенін анықтайды

  3. Еңбек құралдарының түрлерін сипаттайды


КБ:”Екі жұлдыз бір тілек” әдісі арқылы бағалайды.







Оқулық,

мәтіндер.












Кесте











Тарихи диктант













оқулық

Сабақтың соңы

8 мин







Қорытындылауға арналған тапсырма. Тақтада жаңа тақырып бойынша термин сөздер беріледі.Оқушылар жауап беріп,тақтадағы сөздерді өшіреді.

Берілген сөздер:энеолит,Ботай тұрағы,проф.З.Зайберт,жылқы,еңбек бөлінісі,158,15


«Shape1 Таза тақта» әдісі





КБ: «Білім ағашы»


Тақта.













«Білім ағашы»



Үйге тапсырма

Ботай мәдениеті туралы қосымша мәліметтер жинақтау.Сұрақтарға жауап беру


Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?


Бағалау - Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруде жоспарлап отырсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ барысында уақытты тиімді пайдалана отырып,барлық оқушыларға жаңа тағырыпты меңгертуге арналған тапсырмалар дайындаймын.

«Жариялау» әдісін қолдану арқылы оқушылардың өзіндік ойын еркін жеткізуге,мүмкін болған жауаптардың ішінен таңдау еркіндігін қалыптастыруды дамытамын.

Суретпен жұмыс,кестемен жұмыс,тарихи диктант, «Таза тақта» әдісімен жұмыс жасата отырып,топтық тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың жеке қабілеттерінің ілгеріленуіне ,өз бетінше ізденуңне бағыттаймын.Оқушылар топтық жұмыс барысында ЖАДА жұмыс жасауына ықпал етемін.



Бағалау критерийлеріне сәйкес жасалған дескрипторлар арқылы бағалаймын.

Кері байланыс: «Білім ағашы»



Жасыл алма: Маған сабақ ұнады.Тақырыпты меңгердім. Сары алма: Тақырыпты түсіндім, бірақ жаттығулар кезінде қиналдым. Қызыл алма: Сабақ маған түсінікті


Оқушыларға жағымды орта әзірлеу,сыныпта ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру,техникалы қауіпсіздік ережелерінің орындалуын бақылауда ұстау

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: «Таза тақта» әдісі

2: «Жариялау» әдісі

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: топтық жұмыс

2:жеке тапсырмалар

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім? Нақты жоспар, тапсырма жүйелілігі.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
27 қаңтар
2285
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі