Күні:
14.11.2019
Бөлімі:
Сурет салу
Тақырыбы:
Бояулар сыры. Түстердің түс шеңберінде
орналасуы.
Мақсаты:
Білімділік:
Балаларға кемпірқосақ туралы түсінік
беру, пайда болу жолын түсіндіру, түстері
туралы айту. Түстердің қосындылары
туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық:
Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тақырыпқа деген қызығушылықтарын
арттыру, сурет салуға ынталандыру.
Топпен жұмыс жасауға дағдыландыру
Тәрбиелік:
Қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға,
достыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:
тақырыпқа сай суреттер, акварельді
бояу, ақ қағаз, сүлгілер, слайд
презентация
Сөздік
жұмыс:
Кемпірқосақ - радуга
Қолданылатын
әдіс - тәсілдер:
Көрсету, түсіндіру, сурет салу.
Барысы
Тәрбиелі
баласы
Алдыменен
үлкендерге
Амандасып
алады.(Амандасу)
Шаттық
шеңбері (балалармен бірге)
Үлкен
шеңбер құрайық
Алақанды
ұрайық
Күлімдесін
күн де
Күлімдейік
біз де.
Алақанды
ашайық
Күннің
нұрын салайық
Таза
ауаны жұтайық
Жүрекке
жылу сыйлайық!(Қайталау)
Проблемалық
жағдай орнату.
Балалардың
назарын мультимедиялық тақтаға аудару:
-Балалар,
суретке назар аударайықшы. суретте не
бейнеленген?
-Иә,
балалар. Дегенмен кемпірқосақ көңілсіз
екен. Себебі оның түстерін қатігез
сиқыршы алып кеткен екен.
-Оған
түстерін қайтаруға көмектесеміз бе?
Балаларды
проблеманы шешуге бағдарлау:
-Ендеше,
ең алдымен кемпірқосақ түстерін ажыратып
алайық.
Ой
қозғау:
-Кемпірқосақ
қандай түстерден құралған?
-қызыл,
қызғылт сары, сары, жасыл, ашық көк, көк,
күлгін
-Балалар
кемпірқосақ неден кейін шығады?
-жаңбырдан
соң шығады.
Мөлдіреп
моншақ шашылды,
Аспан
шайдай ашылды.
Көкте
қызыл, жасылды
Кемпірқосақ
асылды.
Кемпірқосақ
қайдан пайда болады деген сұраққа мына
слайд арқылы жауап іздейік.
(СЛАЙД
арқылы кемпірқосақ туралы толық мағлұмат
беру)
-Ендеше
балалар кемпірқосақ туралы түсініп
алдық, әрмен қарай жұмысымызды
жалғастырайық.
«Мақталы
таяқша » әдісі арқылы суретті бояу.
Қажетті
құралдар:мақталы таяқшалар, акварельді
бояулар, қылқаламдар, су құйылған
ыдыстар, майлықтар, кемпірқосақ үлгісі
бар қағаздар.
Барысы:
Алдымен оқушыларға 7 мақталы таяқша әр
түске беріліп акварельді бояудың
көмегімен қызыл түсті, артынша тоқ сары,
сары, жасыл, ашық көк, көк, күлгін түстерді
жағып, ақ қағаздағы кемпірқосақ үлгісінің
ішіндегі шеңберлерді мақталы таяқшамен
айналдыра бастырамыз.
Жұмысты
бастамас бұрын қауіпсіздік ережесімен
таныстыру.
1.
акварельді бояуды киімге, партаға
жақпаймыз.
2.
акварельді бояуды ауызымызға салмаймыз.
3.
бояуға арналған суды ішуге болмайды.
4.
бояумен жұмыс жасап біткен кезде міндетті
түрде қолымызды жуып, майлықпен сүрту
керек.
Тәрбиеші:
-Жарайсыңдар
балалар, ендігі кезекте жұмысымыз
кепкенше бір серігіп алайық.
Сергіту
сәті.
-Жақсы
балалар суретімізді алып мына жіпке
іліп, суреттер галереясын жасайық. (
балалар суреттерін іледі)
-Жұмыс
жасаған жерлерін жинау.
-Балаларды
бағалау. Осымен сабағымыз аяқталды.
Сау болыңыздар.
Күтілетін
нәтиже:
Білуі
керек:
Жыл мезгілдерін, күз мезгіліндегі
құбылыстарды.
Болу
керек:
Жаңбыр, кемпірқосақ туралы мағлұматы
болу керек.
Үйрену
керек:
Кемпірқосақтың суретін мақталы таяқшамен
бояп үйренулері керек