жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Бразилия"
Сабақтың тақырыбы: Бразилия
Сабақтың
мақсаты:
1.
Білімділік: Әлемнің дамушы елдерінің көш
басында келе жатқан Бразилия елі туралы білімдерін кеңейту. Елдің
экономикалық даму ерекшеліктерімен таныстыру.
Елдің сыртқы экономикалық байланыстары жайлы түсіндіру. Алған
білім, білік дағдыларын іс – жүзінде шығармашылықпен қолдана білуге
дағдыландыру.
2.
Дамытушылық: Сұрақтарға жауап алып, әртүрлі
тапсырмалардың көмегін пайдалана отырып, оқушылардың танымдық
қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту, оқушылардың ойлау
қабілетін арттыру. Қосымша мәліметтермен жұмыс істеуге
баулу.
3.
Тәрбиелік: оқушыларды өз бетімен жұмыс
істей білуге, ұлттық дәстүрлер мен халықтар арасындағы достықты
сыйлай білуге, елдер арасындағы қарым – қатынасы дәріптеуге
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі:Аралас
сабақ
Оқыту
әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру,
топтық сайыс, ББҮ әдісі, «Сандар сыры»
ойыны.
Сабақтың
типі: Білім мен дағдыны есте
сақтау
Сабақтың
көрнекілігі:
Дүние жүзінің саяси
картасы, интерактивті тақта,
сөзжұмбақ.
Пәнаралық
байланыс:
1.
Тарих
2.
Биология.
Ұйымдастыру
кезеңі:
1. Топтың, тақтаның әзірлігін қадағалау,
оқушылардың сабаққа қатысуын
тексеру.
2. Білімгерлердің зейінін сабаққа
аудару
3. Сабақтың мақсатын
айту
ІІ - өткен сабақты
қайталау
1. Латын Америкасының саяси
картасының қалыптасуы
2. Латын Америкасының мемлекеттік құрылымы,топтары
3. Латын Америкасының өнеркәсібі
4. Латын Америка елдерінің халқы
Географиялық диктант
№1.
Қазіргі кезде аймақта.......... мемлекет орналасқан. Латын
Америкасы аумағында.......(Мексика таулы қыраты),.....(Юкатан
түбегі) және......(Анд тауы ауданы) аса күшті дамыған өркениеттері
болды. Американы отарлау....... басталды.
№2.
Латын Америкасында орналасқан елдердің басым көпшілігі...
республикалар, ал.... мемлекеттік құрылымы жөнінен... республикалар
болып табылады. Бұл елдердің халықтары... тілдерінде сөйлейді.
Халықтың.... пайызы..... дінін ұстайды.
№3.
Аймақтың.... елінде какао өсіріледі. Бананды экспорттаудан......
дүние жүзінде..... орын, ал Коста - Рика..... орын алады. Жылқы
шаруашылығынан.... дүние жүзінде.... орын алса,......... орын
алады.
Сөз жұмбақ «Латын Америка»
ІІІ. Жаңа сабақты талдау. Жоспарын
жаздырту
1) Географиялық
орны
2) Мемлекеттің қалыптасу тарихы
3) Табиғаты және табиғат ресурстары
4) Халқы
5) Өнеркәсібі
6) Ауыл шаруашылығы
7) Көлігі
8) Сыртқы экономикалық байланыстары

1. Бейне таспа көрсетіледі.
2.Ой қозғау сәті. Оқушылар Бразилия елі жайлы не білеміз?
Бразилия дамушы елдердің көшін
бастап келе жатқан елдердің бірі. Латын Америкасы елдерінің ішінде
де өзінің ерекше орны бар мемлекет. Сонымен бірге осы аймақтағы ең
ірі ел, жерінің ауданы және халқының саны жөнінен дүние жүзінде 5 -
орын алады. Аумағы мен ресурстық мүмкіншіліктеріне, экономикасының
ауқымына байланысты Бразилияны әдетте «тропик алабы» деп
атайды.Бразилия жеріне 1500 жылы келіп жеткен португал экспедициясы
бұл өңірді Португалия иелігі деп жариялады. Алтын мен асыл тастар
іздеп таппаған португалдықтар өздері пау - бразил деп атаған ағашты
осы жердің басты байлығы деп есептеді. Бұл ағаштан қызыл түсті бояу
алынатын, кейіннен елдің өзі осы ағаштың құрметіне Бразилия деп
атала бастады.Португалдықтар Атлант мұхиты жағасында елдің алғашқы
қаласы және астанасы - Салвадордың іргетасын қалады. Ұзақ уақыт
бойы Португалияның отары болған Бразилия еуропалық елдер үшін
шикізат көзіне айналды. 1808 жылы Наполеон армиясы Португалияға
қарсы басқыншылық әрекетін бастағанда король мен оның отбасын жедел
түрде Рио - де - Жанейроға көшіру туралы шешім қабылданды.Бұл
шешімді жүзеге асыруға белсене көмектескен Ұлыбритания ендігі жерде
Бразилия жеріндегі ықпалын күшейтті. Рио - де - Жанейрода 14 жыл
болған король Португалиядағы саяси жағдайдың ушығуына байланысты
1821 жылы Лиссабонға оралуға мәжбүр болды.
Бразилияны басқару ісін вице - корольге тапсырды.
1822 жылы вице - король Бразилияны тәуелсіз империя деп жариялады.
1888 жылы 13 мамырда құлдықты жою жөніндегі «Алтын заңға» қол
қойылды.1889 жылы Бразилия республика болып жарияланды. Жаңа
мемлекет федерациялық жүйені қабылдады да байырғы провинциялар
штаттарға айналды. ХХ ғасырдың 60 - жылдары ел астанасы Рио - де -
Жанейродан Бразилиа қаласына көшірілді. Елде 10 - нан астам саяси
партия, кәсіподақ ұйымдары жұмыс істейді. Заң шығару билігіне ие
Ұлттық Конгресс федералдық сенат пен депутаттар палатасынан тұрады.
Бразилия 1945 жылдан БҰҰ- на және көптеген халықаралық, аймақтық
деңгейдегі ұйымдарға мүше.
Латын Америкасы аймағының
елдері сияқты Бразилияның мемлекет болып қалыптасуына еуропалық
елдердің үлесі де, ықпалы да болғанын байқадық. Оның әрине екі ұдай
жақтарының бар екенін білеміз. Кез келген елдің экономикасының
дамуы үшін табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстарының маңызы зор.
Әсіресе табиғат ресурстары елдің экономикасының іргетасының негізі
екені айқын.
Аумағының 93%- ы оңтүстік жарты шарда жатқан Бразилия жерінің
табиғаты алуан түрлі. Ел аумағында Гвиана және Бразилия таулы
үстірттері мен Амазонка ойпаты орналасқан. Халық тығыздығы 1 шаршы
- шақырымға 20 адам). Парагвай өзенінің жоғарғы ағысын Пантанал
ойпаты (португал тілінен аударғанда «батпақты жер») алып жатыр.
Бразилия пайдалы қазбаларға бай. Ел темір кенінің қоры (45млрд. т)
жөнінен дүние жүзінде 1 - орын алады, мұнда аса ірі Каражас кен
орны (қоры 18 млрд. т) орналасқан.ХХ ғасырдың соңына қарай дүние
жүзінде өндірілген темір кенінің 19%- ы Бразилияға тиесілі болды.
Елде марганец пен алмастың, бокситтің, алтынның және
полиметалдардың дүниежүзілік маңызы бар кен орындары барланған.
Бразилия асыл тастармен, бағалы металдарымен де әйгілі.
Амазониядағы алтын кен орындарының игерілуі нәтижесінде соңғы
онжылдықта алтын өндіру көлемі екі есеге өсіп, 80т-ға жетті. Атлант
мұхиты жағалауында мұнай қоры барланған.
Бразилия жері негізінен экваторлық және субэкваторлық белдеулерде
орналасқан, тек оңтүстігі тропиктік белдеуге енеді. Экваторлық және
субэкваторлық белдеулерді ылғалды экваторлық ормандар алып жатыр,
бразилиялықтар оны сельва деп атайды. Бразилия жерінің 60%-ын алып
жатқан сельвада ағаштардың 4000 - нан астам түрі таралған, оларды
көпшілігі шаруашылық мақсатта пайдаланылады. Биіктігі 45м-ге
жететін сейба ағашынан мақтаға ұқсас талшық - капок алынады,
қазіргі кезде бұл пайдалы ағаш басқа елдерде де өсірілуде. Гевея
ағашынан табиғи каучук алынса, махагонидің өте бағалы қызыл сүрегі
жиһаз жасауға керек.
Сельвада тағамдық өсімдіктер (Бразилия жаңғағы, ваниль, ананас)
мол. Бразилия таулы үстіртінде саванналар мен сирек ормандар -
кампос өседі. Елдің оңтүстік - шығысында аса құнарлы қызыл
топырақтар - терра роса таралған. Ылғалды экваторлық ормандар
алқабын дүние жүзіндегі ең мол сулы өзен - Амазонка кесіп өтеді.
Өзендер су энергиясына бай.
Бразилия ормандары бағалы ағаштар қоры жөнінен дүние жүзінде 1 -
орын алады. Жаңа өздерің айтып кеткен каучук ағашы, бразил жаңғағы,
сейбамен бірге бұл ормандарда бабасу пальмасы, парагвай шәйі(йерба
- мате деп те атайды), атақты бразил қарағайы - араукария да өседі.
Махагони ағашынан кәдімгі шаш бояуларын алады. Оқушылар сендер
Амазонка атауының қайдан шыққанын білесіңдер ме? Испан саяхатшысы
Орельян Оңтүстік Америкаға алғаш келгенде оның ормандарынан
жауынгер - әйелдер амазонкаларды көріп, сол ормандарды Амазония
ормандары деп атады.
Бразилияда 182 млн адам тұрады. Халық тығыздығы 1 шаршы - шақырымға
20 адам болғанымен ел аумағына халық әркелкі қоныстанған. Оңтүстік
- шығыста ол көп 70 адамды құраса, елдің ішкі аудандарында 2 - 3
адамды құрайды. Қала халқының үлесі 78 пайызға жетті. Аса ірі
қалалары - Сан - Паулу, Рио - де - Жанейро, Белу - Оризонти,
Ресифи, Порт - Алегри. Жас құрамында жастардың үлесі жоғары. Ал
нәсілдік және этностық құрамы өте күрделі. Бразилия халқының
қалыптасуына барлық дерлік нәсілдердің өкілдері негіз болды. 1500
жылы Бразилияда 6млн-дай үндістер тұрған, ал қазір бар болғаны 300
мың ғана. Бір кездегі 1000 тайпадан 180 тілде сөйлейтін 200 ғана
тайпа қалды. Олардың ең ірілері - тикун мен яном тайпалары. ХХ
ғасырда бұл елге жапондар, арабтар келе бастады. Мемлекеттік тіл -
португал тілі, діні - католик, протестанттар мен жергілікті
діндерді ұстаушылар да бар.Бразилия халқы негізінен аралас нәсіл
өкілдері, байырғы халықты - тупи - гуапари тайпалары да құрайды.
Бүгінгі таңда Бразилияның 56 пайызы ақ нәсіл, 33 пайызы аралас
нәсіл, 9, 6 пайызы қара, 0, 7 пайызы сары нәсіл,, 0, 1 пайызы
үндістер. Елдегі кейбір иммигранттар немістер, испандар, итальян
мен жапондар өз тілдерін сақтап қалуға тырысуда. Сонымен бірге
халықтың төрттен бірі ғана ауылдық жерде тұрады. Елдің астанасы
Бразилиа қаласы сәулетшілер Л. Кост пен Нимейлердің ойлап табуы
бойынша ұшақтың кескініде салынған. «Фюзеляжда» (негізгі
корпусында)- әкімшілік және қоғамдық басқару ғимараттары,
«қанаттарында»- тұрғын үйлер, ал «ұшқыштар кабинасында» - президент
сарайы, Ұлттық Конгресс және сот орналасқан. Бір қызығы Бразилиа
қаласы «Адамзаттың әлемдік мұрасына» енгізілген өркениеттің қәзіргі
кезеңінің бірден - бір нысаны.
Бразилия дамушы елдердің көшбасшысы. Жиынтық ішкі өнімнің көлемі
жөнінен бұл ел дүние жүзіндегі алғашқы ондыққа кіреді. Ел
экономикасының негізінде төрт саланың - болат балқыту, автомобиль
жасау, қызмет көрсету және мұнай химиясының ролі зор. Энергия
балансында мұнай мен газ басым орын алады. Отынның басқа түрлері
арасында қант қамысынан өндірілетін этил спиртінің маңызы артып
келеді, қәзіргі кезде елдегі автокөліктің 90%- дан астамы осы
отынмен жұмыс істейді. Электр энергиясының 96%- ы су электр
станцияларында өндіріледі. Бразилия алюминий өндіруден дүние
жүзінде 4 орынға шықты. Елде өнеркәсіп өнімінің 30%- дан астамын
машина жасау өнеркәсібі береді. Қәзіргі кезде Бразилияда жылына 2 -
3 млн автомобиль шығарады, жүк машиналары мен автобус жасаудан
дүние жүзінде 5 - орынға шықты. «Фольксваген - ду - Бразил», «Дженерал Моторс»,
«Форд - Виллис», «Крайслер - ду - Бразил» компаниялары жетекші
орында. ХХ ғасырдың 80 - жылдарынан бастап елде танктер, су асты
қайықтары, ұшақтар, реактивті қондырғылар, электрондық және есептеу
құралдарын шығару жолға қойылған. Олар көпшілігі ірі мегаполистерде
орналасқан.
Бразилияда ауыл шаруашылығы маңызды сала. Ел
экспортқа шығарылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі бойынша
дүние жүзінде 3 - орында. Басты ауыл шаруашылығы дақылдары - кофе,
күріш, қант қамысы, жүгері, қытайбұршақ, бидай, какао, мақта. Мал
шаруашылығында ірі қараның үлесі жоғары, оның саны( 177млн) жөнінен
Бразилия дүние жүзінде тек Үндістанды ғана алға салады. Жыл сайын
Амазония ормандарынан 50 мың т - ға дейін табиғи каучук өнімдері
(латекс), балауыз, жаңғақ жиналады. Оңтүстік аудандарда парагвай
шайы мен араукария сүрегін дайындау жүргізіледі.
Көлік қатынасы жағалық аудандарда жақсы
дамыған. Ішкі аудандардың табиғат ресурстарын игеру мақсатында
салынған Трансамазония тас жолының басым бөлігінде қатты төсеніш
қабаты жоқ. Тас жолдардың ұзындығы 2 млн км, темір жол 22 мың км -
ге созылып жатыр. Сыртқы қатынастары теңіз және әуе көліктері
арқылы іске асырылады. Басты порттары - Витория, Сантус, Риу -
Гранди, Рио - де - Жанейро.
Ел экспортқа темір
кенін, машина жасау өнеркәсібінің өнімдерін, бұршақ пен ұн
өнімдерін, кофе, какао, қант, жеміс шырындарын, апельсин, боксит
шығарады. Ал мұнай, құрал - жабдықтар, көмірді шеттен сатып алады.
Жалпы алғанда импорт көлемі экспорттан басым болғандықтан сыртқы
саудаға кері сальдо тән. Басты сауда әріптестері - ЕО елдері және
АҚШ (оларға тауар айналымының ¼ бөлігі тиесілі), Латын Америкасы
елдері және Азия елдері.
Міне оқушылар бүгін біз әлемнің тағы бір тамаша елі Бразилиямен таныстық. Бұл ел тек экономикалық, саяси ерекшеліктерімен қатар этнографиялық ерекшелігі бар бірден - бір мемелекет екенімен таныстық.
Енді осы Бразилия жайлы кім қандай «Қызықты деректер» жинап келді?
Оқушыларды 3 топқа бөлемін.
«Бәйге» ойыны. 1-тур. Кім бірінші жауап береді?
1-топ
1. Аумағы мен ресурстық мүмкіншіліктеріне, экономикасының ауқымына байланысты Бразилияны қалай деп атайды?
2. Жерінің ауданы және халқының саны жөнінен дүние жүзінде Бразилия нешінші орын алады?
3.Қай жылы вице - король Бразилияны тәуелсіз империя деп жариялады?
4.Қай жылы құлдықты жою жөніндегі «Алтын заңға» қол қойылды?
5.Қай жылы Бразилия республика болып жарияланды?
2-топ
1.Жаңа мемлекет федерациялық жүйені қабылдады да байырғы провинциялар штаттарға айналды. ХХ ғасырдың 60 - жылдары ел астанасы қай қаладан Бразилиа қаласына көшірілді?
2. Бразилия қай жылдан бастап БҰҰ- на және көптеген халықаралық, аймақтық деңгейдегі ұйымдарға мүше?
3. Бразилия қай кенінің қоры (45млрд. т) жөнінен дүние жүзінде 1 - орын алады?
4. ХХ ғасырдың соңына қарай дүние жүзінде өндірілген темір кенінің қанша пайызы Бразилияға тиесілі?
5.Қай мұхит жағалауында мұнай қоры барланған?
3-топ
1. Биіктігі неше метрге жететін сейба ағашынан мақтаға ұқсас талшық - капок алынады?
2. Гевея ағашынан табиғи каучук алынса, махагонидің өте бағалы қызыл сүрегі нені жасауға пайдаланады?
3.1500 жылы Бразилияда қанша млн-дай үндістер тұрған?
4. Бразилияның мемлекеттік тілін ата?
5.Бразилия халқының қанша пайызы ақ нәсіл?
2-тур.
«Тапқыр болсаң,тауып көр».
Жұмбақ шешу және үш тілге
аудару
1-топ
Аяғы жоқ жүреді,
Жоғарыдан төмендеп.
(Су – вода - water)
Зу - зу етеді,
Түртіп кетеді.
(Жел – ветер - wind)
Тас тәрізді түрі бар,
Жақсаң – үйің жылынар.
(Көмір – уголь - coal )
2-топ
Аппақ қудай басы бар,
Сан ғасырлық жасы бар.
(Тау – гора - mountain)
Суды шашып бұрқақша,
Мұхиттарда жүреді.
(Кит – кит - whale)
Еркелеп жатамын,
Қаңтарда қатамын.
(Көл – озеро - lake)
3-топ
Үйге кірдің қара жер,
Назарыңды сала көр.
Шыр үйіріп, үңіліп,
Іздегеніңді таба бер.
(Глобус – глобус - globe)
Бір ғажап әлемде жоқ
аймақ көрдім
Алты ай түн, алты ай
күндіз жайлап келдім.
(Арктика – арктика - arctica)
Сылдыраған суы бар,
Бұрқыраған буы бар.
(Бұлт – облако - cloud )
3-тур. Карта құрастыра білесіңбе? Бразилияның экономикалық аудандарын құрастырып үйренейік.
IV. Жаңа сабақты
пысықтау
Ол үшін ББҮ кестесін толтырамыз.
|
Білемін |
Білгім келеді |
Үйрендім |
|
|
|
|
VІ. Жаңа сабақты қортындылау. Жаңа сабақты қорытындылау үшін «Сандар сөйлейді» ойынын пайдалану. Ойын шарты бойынша тақтадағы сандарға байланысты қойылған сұрақтарға жауап береді.
1. Отынның басқа түрлері арасында қант қамысынан өндірілетін этил спиртінің маңызы артып келеді, қәзіргі кезде елдегі автокөліктің қанша пайыздан астамы осы отынмен жұмыс істейді?
2. Электр энергиясының қанша пайызы су электр станцияларында өндіріледі?
3. Елде өнеркәсіп өнімінің қанша пайыздан астамын машина жасау өнеркәсібі береді?
4. Қазіргі кезде Бразилияда жылына қанша млн автомобиль шығарады?
5. Бразилия жүк машиналары мен
автобус жасаудан дүние жүзінде нешінші орынға
шықты?
6. Жыл сайын Амазония ормандарынан қанша мың т - ға дейін табиғи
каучук өнімдері (латекс), балауыз, жаңғақ
жиналады?
7. Тас жолдардың ұзындығы қанша млн км?
8.Бразилия темір жол ұзындығы қанша мың км?
VІІ. Үйге тапсырма
беру.
1. Бразилия.
2. Кескін картамен жұмыс
VІІІ.
Бағалау.
Әдебиеттер:
-
В.П.Максаковский География Алматы «Рауан» - 1997ж.
-
В.П.Максаковский География Алматы «Рауан» - 1993ж.
-
В.П.Максаковский География Москва «Просвещение» - 1990г.
-
География материктер мен мұхиттар Алматы «Атамұра» - 2012ж.
-
Н.Н.Петрова География Алматы «Кітап баспасы» - 2006ж.
-
География энциклопедия Москва «Аванта» - 2004г.
-
В.А.Коринская, В.А.Щенков, И.В.Душина «Экономическая и социальная география» Москва 1990г.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген