Материалдар / Ашық сабақ: "Бұранда салу"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: "Бұранда салу"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал тәжірибе алмасуға үлкен көмегін тигізері сөзсіз
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Мамыр 2021
666
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

р

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

КМҚК «ЭЛЕКТРОТЕХНИКА КОЛЛЕДЖІ»





Бекітемін

өндірістік оқу ісі жөніндегі

директордың

орынбысары Молдиярова А.Г.

__________________________

«30» Қазан 2018ж.




АШЫҚ САБАҚ


ТАҚЫРЫБЫ: «Бұранда салу»




Әзірлемесін дайындаған:

ө/оқу шебері – Қуанышұлы Д.




ПЦК меңгерушісімен

«келісілген»

___________________ Саньязова А.Б.

30.10.2018ж.



Семей – 2018ж.


Пән - Өндірістік оқу «Слесарлық іс» АУП-221 тобы

Өндірістік оқу шебері – Қуанышұлы Д. 30.10.2018ж.



«Мемлекеттің діңгегі - экономика,

ал экономиканың діңгегі - ғылым

және ғылымға негізделген

инновациялық индустрия».

Қ.Р. Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

Тақырып: Бұранда салу

Сабақтың тақырыбы: «Ішкі және сыртқы бұранда салу».


Сабақтың мақсаты:


  1. Білімділік мақсаты:

Студенттерге технологиялық карта бойынша ішкі және сыртқы бұранда салу жұмыстарын d 10мм болат металға сызып белгілеуді үйрену, көру.

Ішкі және сыртқы бұранда салу жұмыстарының құрал саймандарының түрлерімен танысып, қолдануы. Ішкі және сыртқы бұранда салу жұмыстарының орындалу операцияларын үйреніп, түсіну. Ішкі және сыртқы бұранда салу жұмыстарының технологиялық картасына сай барлық өлшемдерін сақтай отырып, болат металға ішкі және сыртқы бұранда салу.


  1. Тәрбиелік мақсаты:

Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережелерін бұзбауға, өндірістік және технологиялық тәрбиеге, сапалы өнім шығару жауаптылығына тәрбиелеу.

Таңдаған мамандықтарына деген қызығушылықтарын ояту. Оқушылардың өздігінен ойлау қабілетін арттыру. Сурет материалдар арқылы мысалдар келтіріп, көрсету.

  1. Өндірістік мақсаты:

Қалыңдығы 10 мм болат металға технологиялық карта бойынша, барлық өлшем бірліктерді сақтай отырып, белгілеу жұмыстарын жүргізе отырып болат металға ішкі және сыртқы бұранда салу.

  1. Дамыту мақсаты – Ішкі және сыртқы бұранда салу жұмыстары кезінде өлшем бірлігінің, бұрғылауын, кесуін, логикалық ойлау қабілетін дамыту және оқушылардың жалпы ойлау және слесарлық операцияларын жүргізу кезіндегі ойлау қабілеттерін дамыту.


Сабақтың түрі: Сабақ-практикум


Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгеру


Пәнаралық байланыс:

  1. Сызу: «Өлшем бірліктер».

  2. Еңбекті қорғау «Жұмыс орындарында еңбекті ұйымдастыру».

  3. Техника механика негіздері: «Материалдардың кедергісі».

  4. Электрлік материалдар: «Өлшеуіш аспаптарын пайдалану».

Жабдықтар:


  1. Оқу шеберханасы: Технологиялық картаны таныстыру үшін қолданылатын слесарлық құралдар жиынтығы. Слесарлық жұмыс орындары-24 дана, дайындамалар- қалыңдығы d 10-22мм болат металдар -20 дана, метчик және плашка -20 дана, болат карандаштар-20 дана, арнайы киімдер-20 дана, болат сызғыштар-20 дана, жалпақ егеу -20 дана, ЩЦ I- 20 дана, бейне тақтасы-1 дана, ноутбук-1 дана, слесарлық жұмыстар кезіндегі қауіпсіздік ережесі жайлы, ішкі және сыртқы бұранда салу технологиялық өлшемдер туралы электронды плакатпен сызбасы.

  2. Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Н.И. Макиенко «Общий курс слесарного дела».

  2. Б.С. Покровский, Н.А. Евстигнеев «Сборник дидактических материалов по общеслесарным работам».


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі (3-5мин)_Оқушыларды тұрғызу, тізім бойынша тексеру, сырт киімдерін тексеру.


ІІ. Кіріспе нұсқаулама 40 мин

(Тақырыпты хабарлау және сабақтың мақсаты. Студенттердің еңбек қауіпсіздігі нұсқауламасы ережесі бойынша білімін тексеру)

Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру:

  1. Бұрғылау станоктардың түрлері?

  2. Бұрғылау кезіндегі қауіпсіздік техникасы?

  3. Болат металға ішкі бұранда салу үшін, бұрғылауға арналған құрал?

  4. Бұрғылау кезінде станокта пайдаланылатын құралдар?

  5. Бұрғылау кезіндегі қолданылатын операцияларды атаңыз?



ІІІ. Ағымды нұсқаулама- оқушылардың өздік жұмысы 180мин

d10-22 мм болат металдың, технологиялық карта бойынша, барлық өлшем бірліктерді сақтай отырып, белгілеу жұмыстарын жүргізе отырып d 22 мм болат металдың алты қырын шығару.

1-нші шолу: оқушылардың жұмыс орнын ұйымдастыруын және жұмыстың басталуын тексеру мақсатында жұмыс орындарды шолу.

2-нші шолу: Слесарлық құрал саймандарды дұрыс қолданып, белгілеу операциясын дұрыс жүргізуін тексеру мақсатында шолу.

3-нші шолу: d10 мм болат металға сыртқы бұранда салу, d22 мм болат металдың алты қырын егеп жасағаннан кейін ішкі бұранда салу үшін бұрғылау жұмыстарын технологиялық картасына сай жүргізілуін тексеру мақсатында.

4-нші шолу: Жұмыс орындарында әр оқушымен жеке нұсқаулық жүргізу.

5-нші шолу: Аса маңызды қателерін тапқан жағдайда жұмысты тоқтатып қосымша нұсқаулық жүргізу.

6-нші шолу: Ішкі және сыртқы бұранда салу және бұрғылау станогындағы жұмыстарын жүргізудегі қауіпсіздік техникасы ережесін, өрт қауіпсіздігін сақтауын тексеру.


IV. Қорытынды нұсқаулама. 45 мин

Сабақтың қорытындысын шығару.

1. Ішкі және сыртқы бұранда салу және бұрғылау станогындағы белгілеу, кесу, егелеу,бұрғылау жұмыстарының қателіктерін көрсету және оларды болдырмау жолдарымен таныстыру.

2. Студенттердің әрқайсысының жұмыстарын бағалау.

3. Жұмыс жүргізгенде қауіпсіздік ережелерін сақтауын тексеріп бағалау.

4. Келесі сабақтың тақырыбымен таныстыру.

5. Кезекші тағайындау.

6. Слесарлық механикалық шеберханасының тазалануын қадағалау.



V. Үй тапсырмасы.

  1. Н.И. Макиенко «Общий курс слесарного дела».

  2. Б.С. Покровский, Н.А. Евстигнеев «Сборник дидактических материалов по общеслесарным работам».



ее

1

8




2

7




3

6



4

5


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!