Ашық сабақ Бұршақ тұқымдастары 6 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Бұршақ тұқымдастары 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
6 сынып оқушыларына арналған сабақ жоспары. Осы сыныпта жүргізітін мұғалімдерге арналған болып табылады. Сабақта топтық жұптық жекелей жұмыстармен қамтылған. Оқушылардың зейінін аударарлық сабақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Күні: 02.03.2017

Пәні: Биология

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы

Бұршақ тұқымдастар. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары

Сабақтың мақсаты

Бұршақ тұқымдастар, гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формаларын, жабайы өсетін, мәдени, дәрілік, маңызы халық шаруашылығының өсімдіктерінің маңызын түсіндіру, меңгерту, өмірмен ұштастыру, терең және жүйелі білім алуға жағдай жасау

Күтілетін нәтиже

Бұршақ тұқымдастар, гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формаларын, жабайы өсетін, мәдени, дәрілік, маңызы халық шаруашылығының өсімдіктерінің маңызын түсінеді, меңгереді, өмірмен ұштастыру, терең және жүйелі білім алады.

Сабақтың әдіс-тәсілдері

Психологиялық ахуал, миға шабуыл, синквейн, топтық жұмыс, жұмбақтар шешу, класттер, есептер шығару.

Көрнекіліктер:

Плакаттар, флипчарт, үлестірмелі парақшалар.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдас-тыру

Топқа бөлу

Жағымды ахуал туғызу. Амандасу шеңбері».

Оқушыларға бұршақ тұқымдастардың күлте жапырақшаларының "желкен", "ескек", "қайықша" суреттерін тарату арқылы 3 топқа бөлемін.

"Желкен" жапырағын таңдағандар - "Асбұршақ" тобы

"Ескек" жапырағын таңдағандар - "Үрмебұршақ" тобы

"Қайықша" жапырағын таңдағандар - "Мия" тобы

Оқушылар жапырақтарды таңдау арқылы топтарға бөлінеді.

Өз топтарына барып отырады.

Ой шақыру

Үй тапсырмасын тексеру


Топта жұмыс жасау дұрыс жауапты анықтау.

Тізім берілген тиісті жауапты анықтап жазу.

1. гүлінде 4 күлте жапырақшасы бар

2. Аталықтары шексіз

3. Тостағанша саны 5

4. Бір аналығы, 6 аталығы бар

5. Жемісі- сүйекті, шырынды

6.Орамжапырақтар жататын

7. Алма, алмұрт, шие,өрік

8. Меңдуана сасық меңдуана

9. жемісі –жидек және қауашақ

10. Күлте жапырақшасы 5

11. Құрамында С,К,А витаминдері бар

12. Качан

Ответы:

1-топ.Крестгүлділер тұқымдасы:

2-топ. Раушангүлділер тұқымдасы:

3-топ Алқа тұқымдасы:

4-топ. Алқа тұқымдастарының маңызы

Қандай өсімдіктерінен дәрі жасалады және қандай ауруларға қарсы қолданылады.


5-топ.Раушангүлділердің ерекшеліктері

Осы тұқымдасқа жататын өсімдіктер:

Жемісі:


Түрлерінің саны:




Үйге берілген "Алқа тұқымдастар" тақырыбы аясында 20 сөз жазып, 20 сөзден 5 сөйлем құрастырып айтып береді. "Тікелей сұрақтар" бойынша әр оқушы жеке жауап береді

Түсіну


Жаңа сабақ бойынша бейне жазба көрсетемін, түсінгендерін сұраймын

Жаңа сабақ бойынша бейне жазба тамашалайды, түсінгендерін ортаға салады.

Қолдану

Топтық тапсырма


Әр топқа жеке тапсырма беремін .

"Асбұршақ" тобы: Топтастыру

"Үрмебұршақ" тобы: Венн диаграммасы

"Мия" тобы: Кесте толтыру

Әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындап қорғайды.

Талдау

Сипаттама жазу, семантикалық кесте.


Әр топ өздеріне берілген суреттер бұршақ тұқымдастарды тауып, сипаттама жазады. Семантикалық кестені белгілейді.

Әр топ өздеріне берілген суреттер бұршақ тұқымдастарды тауып, сипаттама жазды. Семантикалық кестені белгілейді.

Жинақтау

Тест тапсырмасы


Оқушыларға тест тапсырмаларын беремін.

1.Бұршақ тұқымдастардың гүліндегі ең ірі күлте жапырақша:

А)аналық Б)желкен В)қайықша С)ескек

2. Қосжарнақтылар класына жатады

А)пияз Б)інжугүл В)бұршақ тұқымдастар С)лалагүлділер

3. Бұршақ тұқымдастардағы қайықша ішіндегі аналық саны қанша ?

А) 10 Б) 5 В) 1 С) 2

4.Бұршақ тұқымдастар қандай жолмен тозаңданады ?

А)айқас Б)су арқылы в) бунақденелілермен С)жел арқылы

5.Жер бетінде бұршақтұқымдастардың таралу саны қанша?

А)10000 Б)20000 В)2000 С) 12000

6. Бұршақ тұқымдасына жатпайды .

А)нұт Б)үрмебұршақ В)жоңышқа С) адыраспан

7.Бұршақ тұқымдастардың жемісін қалай атаймыз?

А)қауашақ Б)бұршаққын В)бұршаққап С) жидек

8. Дәрілік өсімдік қайсысы?

А)соя б) жоңышқа в)қараған д) мия

9. Сәндік өсімдікті көрсет

А)соя б) жоңышқа в)қараған д) мия

10. Улы өсімдікті көрсет

А)соя б) жоңышқа в)тентекмия д) мия

Тест тапсырмаларының жауабын тауып жазады.

Бағалау ұпайлары

9-10 - "5"

6-8 - "4"

3-5 - "3"

1-2- "2"

Кері байланыс

Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?Сабақтың мақсатына жеттік пе?Сабақ қорытындысы бойынша кімді мақтар едіңіз? Кімнен жақсы көмек алдыңыз?

Кері байланыс парақшасын тарату

Оқушылар өз ойларын кері байланыс парақшасына жазып, өз ойларын айтады.

Үйге тапсырма

Бағалау


§45. Бұршақ тұқымдастар. тақырып соңындағы деңгейлік сұрақтарға жауап беру

Оқушыларды бағалау

Күнделіктеріне жазады.

Оқушылар бағаланады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.07.2018
955
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі