400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ «Бұрыштамалы жіктерді, тік, көлденең және төбелік жіктерді пісіру»

Материал туралы қысқаша түсінік
Білікше салуда және түйістірме жікте қандай қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау.Түйістірмелі қалың металды қалай балқытып пісіру керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Теориялық сабақ жоспары

Топ: Д-2 Курс: І курс мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: «Бұрыштамалы жіктерді, тік, көлденең және төбелік

жіктерді пісіру»

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларға бұрыштамалы жіктерді, тік, көлденең және төбелік жіктерді пісіруді өндірістік оқу сабағында қалай орындау керектігін түсіндіру және тәсілдерін меңгерту, білімдерін жетілдіру.

ә) дамытушылық: Оқу үрдісінде ақпараттық оқу құралдарын қолдану арқылы студенттердің танымдық белсенділіктерін, қызығушылығын, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту, өзін және бір-бірін өзара бақылауға және өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

б) тәрбиелік: Студенттердің өз мамандығына қызығушылығын арттыра отырып, уақыттарын тиімді де ұқыпты пайдалана білуге, адамгершілікке, сыйластыққа, жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқытуды ұйымдастыру формасы: Ұжымдық

Сабақтың өту әдісі мен тәсілдері:

Диалогтық әдіс (түсіндіру, талдау, қорытындылау) көрнекілік әдіс, интерактивті әдіс.

Пән аралық байланыс: Еңбек қорғау, сызу, материалтану.

Сабақтың материалдық-техникалық жабдықталуы: «Газ және электрмен пісіру» , плакаттар, экран, мультимедиалық подиум, жік түрлері презентациялар, бейне ролик.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі 2 мин

2. Өткен сабақты қайталау 12 мин

3. Жаңа сабақты түсіндіру 20 мин

4. Жаңа сабақты қорытындылау 5 мин

5. Жаңа сабақты бекіту 3 мин

6. Студенттердің білімін бағалау 2 мин

7. Үйге тапсырма беру 1 мин

Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру бөлімі 2 мин

А) Студенттермен сәлемдесу;

Ә) Студенттердің сабаққа қатысуын тексеру;

Б) Студенттердің сабаққа дайындығын тексеру.

2. Өткен сабақты қайталау 12 мин (Өткен тақырыпты қайталау сұрақтарына жауап беру)

Өткен тақырыпты еске түсіру, студенттерге сұрақтар қою.

«Пісіру тогы, доғаның жануы» сұрақтары:

1. Пісіру тогын қалай таңдап аламыз?

2. Пісіру тогы аз болған жағдайда не болады?

3. Пісіру тогын таңдау үшін қандай формула қолданамыз?

4. Электрод ұшын металдан алшақтатқанда, яғни доға ұзын болған жағдайда нені байқайсындар?

5. Тоқты таңдау барысында қандай қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау керек?

«Білікшелерді балқыту, түйістірме жіктерді пісіру» сұрақтары:

1. Білікше деген не, оны қалай жасаймыз?

2. Білікшені жасау барысында электродты қалай ұстаймыз?

3. Электродты баяу және жылдам жылжытқанда нені байқайсыңдар?

4. Түйістірмелі қалың металды қалай балқытып пісіру керек?

5. Білікше салуда және түйістірме жікте қандай қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау керек?

3. Жаңа сабақты түсіндіру 20 мин

А) Тақырыпты хабарлау: «Бұрыштамалы жіктерді, тік, көлденең және төбелік жіктерді пісіру» бейне ролик көрсету арқылы сабақтың мақсаты;

Ой қозғау сұрағы:

Бұрыштамалы жіктерді пісіру

Тік жіктерді пісіру

Көлденең жіктерді пісіру

Төбелік жіктерді пісіру

Осы пісіру түрлерінің бір-бірінен айырмашылығы қандай?

4. Жаңа сабақты қорытындылау 5 мин

Тік, көлденең, төбелік және бұрыштамалы жіктерді пісіру кезінде қойылатын талаптар.

Тік, көлденең, төбелік және бұрыштамалы жіктерді пісіру кезіндегі сақталатын қауіпсіздік техникасы.

Төбелік пісіру басқа пісіру түрлеріне қарағанда айырмашылығы?

5. Жаңа сабақты бекіту 3 мин

Нені білдік?

Нені білемін?

Нені үйрендім?

6.Студенттердің білімін бағалау 2мин

Топ студенттерінің сұрақтарға жауап беруі мен өздік тапсырманы орындауына қарай бағаланады.

7.Үйге тапсырма беру 1 мин



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14.12.2022
719
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі