Ашық сабақ "Булану және конденсация" 8 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Булану және конденсация" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал физикадан сабақ беретін ұстаздарға қажет. Сабаққа қажетті қосымша мәліметтер, суреттер бар. Сабақ кез келген мұғалімге ұнайды деп ойлаймын. Проблемалық сұрақтар және сабақта көрсетілетін эксперименттер бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: Сыныбы: 8 Пәні: физика

Сабақтың тақырыбы:

§15 Булану және конденсация

Сабақтың мақсаты:

Булану мен конденсация құбылысын молекула кинетикалық теория тұрғысында түсіндіру;Сұйықтың булану жылдамдығы неге байланысты екенін анықтау; Булану және конденсациялануда энергия қалай өзгеретініне көз жетізу; Өзара ынтамақтастық, достық қарым –қатынаста болуға баулу.

Күтілетін нәтиже:

Булану және конденсация процестерін молекула кинетикалық теория негізінде түсіндіре алады.

Оқушыларда физика сабағы арқылы қоршаған ортаны танып білуге және пәнге деген қызығушылық оянады.

Оқушылар өзбетінше ойлау үшін өзінің өмірден алған тәжірибесін сабақта алған білімімен ұштастыруды қалыптастыру мүмкіндігіне ие болады.

Қажетті құрал жабдықтар

Жабдық: Интербелсенді тақта ,Әр топқа ноутбук

Лабораториялық құрал- жабдықтар:  Термометр, спиртшам, шыны, сүзгі қағаз, қағаз, желпеуіш, стакандар, сұйықтар (спирт,су, май,әтір). 

Сабақ типі

Жаңа білімді меңгеру



Негізгі идеялар


Сұйықтың буға айналу құбылысы булану деп аталады.

Сұйықтың бетінде жүретін булану кебу деп аталады.

Будың сұйыққа айналу құбылысы конденсация деп аталады.

Булану жылуды жұтумен қатар жүреді.Конденсация жылуды

бөлумен қатар жүреді.

DrawObject1 DrawObject2 Булану жылдамдығы желге

DrawObject3 DrawObject4

Сұйықтың тегіне сұйық бетінің ауданына сұйықтың

температурасына

Тапсырмалар

Топтық жұмыс

Жеке жұмыс

Кері байланыс

(не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.)

Үйге тапсырма

  1. §15 Булану және конденсация оқу, сұрақтарға жауап беру

  2. Эссе жазу «Адамзат үшін тұщы су қорының маңызы»


Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

    1. Сәлемдесу

    2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

    3. Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (жаңбыр, тамшы ,жел,Күн деген сөздер арқылы 4 топқа бөлінеді)

ІІ. Проблемалық сұрақтар (5 минут)

Ыстық күндері азық түлік бұзылып кетпес үшін оларды кейде неге ылғал орамалмен жауып қояды?

Неліктен жаздың ыстық күнінде судан шыққанда салқынды сеземіз?

Проблемалық эксперимент:

Таразының екі табақшасында массалары бірдей ыстық және салқын су тұр.

Мұғалім:Уақыт өтуімен таразы тепе-теңдік күйін сақтай ма?

Оқушы: Ыстық су массасы суық су массасынан азаяды да таразы тепе- теңдігі бұзылады.

Мұғалім: Неге бұлай?

Оқушы : ыстық су буланады

Фронтальды эксперимент

Мұғалім: Алдарыңда тұрған шыныға үрлеңдер.

Не байқадыңдар?

Калай және неге шыны беті өзгерді?

Бұл құбылыс қалай аталады ?

Сонымен балалар бүгін қандай тақырып өтеміз?

Оқушылар: Булану және конденсация

Мұғалім: Табиғатта осы құбылыстарды бақыладыңдар ма?Қайда?

Шындығында ылғал киім кебеді, жаңбырдан кейінгі шалшық та кебеді.Демек,табиғатта, тұрмыста бұл құбылыстарды біз бақылап жүрміз.

Бірақ, процесс қалай жүреді?

Ал, сендер қалай ойлайсыңдар сабақ соңында қандай нәтижеге жетеміз?

Жауап: Біз булану және конденсация тақырыбын оқи отырып, сабақ соңында осы сұрақтардың жауабын тауып, мағынасын түсінеміз. 

ІІІ.Жаңа сабақты түсінуге дайындық:

Мына төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер:

1. Молекулалар барлығы бірдей жылдамдықпен қозғала ма?

2. Дене температурасы мен молекулалардың қозғалыс жылдамдығы арасында қандай байланыс бар?

3. Молекулалардың қозғалыс жылдамдығы мен кинетикалық энергия арасында қандай байланыс бар?

ІҮ.Жаңа сабақ: Топтық жұмыс

Сіздің тобыңызда : 2 оқушы лидер-теоретик, 2 оқушы экспериментатор, 1оқушы уақыт сақшысы және бақылаушы. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайсыңдар. Теоретиктер негізгі мағынаны ашады, экспериментаторлар тәжірибе жүзінде дәлелдейді және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді. Бақылаушының бағалау парағы

Бағалау өлшемдері

теоретик

Экспериментатор

Уақыт сақшысы

1

Тақырыптың ашылуына үлес қосу




2

Міндетін атқару




3

Топтық жұмысқа атсалысуы




Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау, барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру

Тапсырма: Сұйықтың кебу жылдамдығының неге тәуелді екенін бақылау. Тақырыпшаларды бөліп,қажетті құрал жабдық беремін.

1 топ: Сұйықтың кебу жылдамдығы сұйықтың тегіне тәуелді ме?

Судан басқа да сұйықтарды буға айналдыр.

Тәжірибе 1 Экспериментаторлар

Құрал- жабдықтар:қағаз,бояғыш, спирт,су, май. 

Жұмыс жоспарын, мақсатын құрыңдар. Және өз жұмыстарыңның нәтижесін айтыңдар.

Экспериментаторлар тәжірибесінің нәтижесін баяндайды: Бірінші спирт буланды,сосын су,ең соңында май өте баяу булануда.

Теоретиктер:  (Булану моделін пайдалана отырып, тәжірибенің нәтижесін түсіндіреді.)

Теоретиктер жұмысының нәтижесі:Әртүрлі сұйықтың булану жылдамдығы әртүрлі. Спирт молекулалары арасындағы тартылыс күші былайғы сұйықтарға қарағанда әлсіз, сондықтан ол тез буланады. 

2 топ Сұйықтың кебу жылдамдығы сұйықтың еркін бетінің ауданына қалай тәуелді? Булану сұйықтың бетінің ауданына тәуелді ме, тәжірибеде тексер.

Тәжірибе №2 Экспериментаторлар

Құралдар: тамызғыш,арнайы шыны, сүзгіш қағаз, спирт. 

Жұмыс жоспарын, мақсатын құрыңдар.Және өз жұмыстарыңның нәтижесін айтыңдар.

Экспериментаторлар тәжірибе жасап, нәтижесін баяндайды:Спирт арнайы шыныға қарағанда сүзгіш қағаздан тез буланады.

Теоретиктер:  (Булану моделін пайдалана отырып, тәжірибенің нәтижесін түсіндіреді.) Теоретиктер жұмысының нәтижесі: Сүзгіш қағаздан тез буланады,себебі онда көбірек жайылып орналасады.Буланатын беттің ауданы қанша артса, буланатын молекулалар саны сонша артады. Сұйықтың еркін бетінің ауданы артқан сайын,сұйық бетінде жылдам қозғалатын молекулалар саны артады.



3 топ

Сұйықтың кебу жылдамдығы мен температураның байланысы бар ма?

Суды қыздыру арқылы тез буланудың әдісін тексер.

Тәжірибе №3 Экспериментаторлар

Құралдар: спиртшам, сіріңке, қысқыш,тамызғыш,екі шыны,су.

Жұмыс жоспарын құрыңдар және жоспар бойынша орындаңдар

Экспериментаторлар тәжірибе жасап, нәтижесін баяндайды: Спиртшаммен қыздырылған шыныда су тез буланады.

Теоретиктер:  (Булану моделін пайдалана отырып ,тәжірибе нәтижесін талдаңдар, түсіндіріңдер)

Теоретиктер жұмысының нәтижесі:Температура артқан сайын сұйықтың булану жылдамдығы артады.Себебі температура артқан сайын молекулалардың қозғалыс жылдамдығы артады да, сұйықтан бөлініп шығады.Суық шыныдағы суда да буланады. Бірақ молекулалар баяу қозғалғандықтан булану баяу жүреді.

4 топ

Сұйықтың кебу жылдамдығына желдің қатысы бар ма?

Булану жылдамдығы сұйықтың бетіндегі желге тәуелді ме тәжірибеде тексер. Тәжірибе №4 Экспериментаторлар Құралдар: екі парақ қағаз,су,желпуіш. Жұмыс жоспарын құрыңдар және жоспар бойынша орындаңдар

Экспериментаторлар тәжірибе жасап, нәтижесін баяндайды:Желпуішпен желдеткен қағаз тез кебеді.

Теоретиктер: (Булану моделін пайдалана отырып ,тәжірибе нәтижесін талдаңдар, түсіндіріңдер)

Теоретиктер жұмысының нәтижесі:Жел сұйық бетін үрлей отырып, оның беткі қабатында пайда болған бу молекулаларын ілестіріп әкетеді.Жел пайда болуымен қатар сұйықтың еркін бетінде булану жылдамдығы артады. Тәжірибе №5 

Мұғалім орындап нәтижесін кезкеген топ түсіндіреді.

Құралдар: термометр, желпуіш,мақта, спирт.

Нәтиже: Булану кезінде температура төмендеді.Булану энергия жұтумен қатар жүреді.

Тәжірибелерден кейін қорытынды дәптерге жазады.

Слайдтағы сұрақтарға жеке жауап береді.

V. Жеке жұмыс Сұрақтарға жауап беру.(Слайд)

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.)

ҮІІ.Үйге тапсырма:

  1. §15 Булану және конденсация оқу, сұрақтарға жауап беру

  2. Эссе жазу «Адамзат үшін тұщы су қорының маңызы»





















5



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
17.12.2017
779
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі