Ашық сабақ Бурабайдағы демалыс 4-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Бурабайдағы демалыс 4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қашықтықтан өткізілген сабақ ретінде қолдануға болады. Бұл сабақтың қосымша презентациясы да бар. Онлайн режимде синхронды түрде зумм платформасы арқылы 6 сыныпта өтті.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп

Көкшетау қаласы «№ 1 орта мектеп-гимназиясы» КММ

Мұғалім

Касимова Зейнегуль Кудайбергенкызы

Сынып

4

Пән

Қазақ тілі

Сабақ тақырыбы

2 сабақ. Бурабайдағы демалыс

Сабақ мақсаттары

4.2.3.1 белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс беру, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу.

4.5.1.2 көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану.

Тілдік міндеттер

аудан, орталық, алыс, еркін

Алдыңғы білім

Қазақстан қалалары

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

Уақыт

- Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Бурабайдағы демалыс». Мақсатымыз:

  • «Қайда?» сұрағының мағынасын түсіну;

  • «Қайда?» сұрағына жауап беруді үйрену.


Сабағымызды «Кел, ойнайық!» тапсырмасымен бастаймыз, бұл тапсырма алдыңғы білімді жаңа біліммен ұштастыру және білім мен түсінікті жетілдіру ретінде оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға арналған. Ұяшықта жасырылған сандарды аша отырып, сұрақтарға жауап беру.

  • Сен қайда тұрасың?

  • Сенің ата-әжең қайда тұрады?

  • «Медеу» мұзайдыны қай аймақта орналасқан?

  • Жеміс-жидек қай аймақта жақсы өседі?

  • Ақ аю қайда тіршілік етеді?

  • Жазда қайда демалдың?


10 мин

3

«Есте сақта!» айдары бойынша –да/-де, -та/-те жалғауларының дұрыс жалғану ретімен танысамыз.

Жатыс септігі зат пен қимылдың, яғни есім мен етістіктердің орнын, көлемін, мекенін және мезгілін білдіреді. Кімде? неде? қайда? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы, Арманда (кімде?) қызық кітаптар көп.  Жатыс септіктің формалық көрсеткіші -та, -те, -да, -де. 

Кестедегі ережені басшылыққа ала отырып, «Сәйкесін тап» әдісі бойынша сөздер мен жалғауларды сәйкестендіреді.



-да


-де

Қайда?

Астана

Атырау

Шымкент

Оңтүстік

Шығыс

Орал

Өскемен

Өлке



-та


-те



Мұғалім оқушыларға «Бурабайдың» суретін көрсетеді. Оқушыларға сұрақ қойылады: Бұл қай жер? Бұл жер туралы не білесіңдер? Сендер Бурабайда болдыңдар ма? Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдайды. Оқушылардың жауаптарын тыңдап болған соң, Бурабай туралы қысқаша мәлімет береді.

Қосымша мәлімет:

Бурабай – Көкшетаудағы ең әсем жер. Бурабай көлі емдік қасиетімен танымал. Суы таза, жұмсақ, тұщы. Бурабайда демалыс орындары көп. Бурабай аудан орталығынан алыс. Адамдар Бурабайға демалу үшін барады.

10 мин

0

«Жаттығайық» айдары бойынша мәтін тыңдалады. «Тыңда және жауап бер» айдарында оқушылар тыңдалған мәтіннің мазмұны негізінде сұраққа жауап береді, кестені толтырады.

Үй тапсырмасы

6-бет 2-тапсырма


Сабақ қорытындысы

Бүгінгі сабақта «қайда?» сұрағының мағынасымен танысып, «қайда?» сұрағына дұрыс жауап беруді, жатыс септігінің –да/де, -та/те жалғауларын дұрыс қолдан үйрендік. Бурабайға қысқаша шолу жасап, тапсырмалар орындадық. Келесі кездескенше сау болыңыздар!






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.12.2020
4820
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі