Ашық сабақ "Буын" 1 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Буын" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал әрбір бастауыш сынып ұстаздарына қажетті. Пайдасы зор. Бұл материал 1-сынып ұстаздарына қажетті деп білемін . Буын дегеніміз не? Сөздерді дұрыс буынға бөлу, буын санын анықтау. Олардың дауысты дыбысқа байланыстылығын білу керектігін үйретеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ: № 9

Тақырыбы: «Буын»

Пәні: Сауат ашу

Мектеп: Т.Амандосов атындағы орта мектебі.

Күні: 10.04.19ж.

Мұғалімнің аты: Назирова Э.Р.

Ортақ тақырып:

Біздің кафеде

Сынып: 1 «В»

Қатысқандар: 19

Қатыспағандар:0



Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.1.1.1 тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну

1.1.2.1 мұғалімнің көмегімен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау

1.1.6.1 сөйлеу барысында сипаттау/салыстыру сөздерін, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті қолдану)

1.1.5.1 түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдана білу

1.1.7.1 тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды)

1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту

1.1.9.3 сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау

1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке

дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау

Бағалау критерийлері

1. Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

2. Сөздердің мағынасын ажыратады, хормен, тізбектей, жекелей оқиды.

3. Жуан және жіңішке дауыстыларды анықтайды, ажыратады.

4. Бас әріптер мен кіші әріптерді бір – бірімен дұрыс байланыстырады және оларды гигиеналық талаптарға сай жазады.

5. Әріпті дыбыспен сәйкестендіріп оқиды.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Жаңа білімді меңгереді.

Оқушылардың басым бөлігі:

Тыңдау арқылы мәтінді баяндайды. Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбір оқушылар:

Алған білімді өмірде қолдана алады.

Тілдік мақсат


2.1 Оқу түрлерін қолдану

3.8 Каллиграфиялық нормаларды сақтау

1.4 Оқиғаны болжау

1.2 өлеңнің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау

Алдыңғы оқу:

Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар. Біздің кафеде. Буын.



Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері (төмендегі жазбаларды сіз жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз)

ресурстар

Басы





















Ортасы








































































Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Ұйымдастыру

Бір,екі,үш

Сынып іші тып-тыныш

Жалқаулықты тастаймыз

Сабақты біз бастаймыз.


Сабағымыз сәтті өтсін деп, жылылықпен бір –бірімізге күліп, көңілді кейіп көрсетейік. Бар зейініміз сабақта болсын.


  1. Өткенге шолу:

  • Дыбыстар мен әріптердің бір-бірнен айырмашылығы неде?

  • Дыбыстарды іштей нешеге бөлеміз?

  • Дауысты дыбыстарды нешеге бөлеміз?

  • Жуан дауыстыларды атаймыз.

  • Жіңішке дауыстыларды атаймыз.

ҚБ Мадақтау, смайликтермен бағалау.

Кері байланыс: «Бас бармақ»

  • Жаңа сабақ: 23- 25 бет, Біздің кафеде. «Буын»



  • Қызығушылықты ояту:

  • Тақтаға ілінген суреттегі сөздерді айтып отырып, басқы әріптерін теріп алып, сабағымыздың негізгі тақырыбын анықтайды.

Балапан уық ыдыс нан

БУЫН (кеспе әріптерден құрап тақтаға жазады)



Буын дегеніміз не?

Буын мен сөздің айырмашылығы неде?

Сонда сөздегі буын саны қандай дыбыстарға байланысты екен?

Мадақтау, бағалау

  1. Балалар, кафеге балалар кімдермен бару керек деп ойлайсыздар?

  2. Балалар, сіздер өз кафелеріңіздің болғанын қалайсыздар ма?

  3. Олай болса, бүгінгі сабағымызда буын тақырыбына байланысты көптеген тапсырмалар орындау арқылы біздің кафемізді жасаймыз.

Олай болса, балалар, кафемізді жабдықтауға еңбектеніп кірісейік.

Оқулықпен жұмыс:

  • 2-жаттығу. Әңгімені түсініп оқы.

  • Оқушыларға оқытамын.

  • Сұрақтарға жауап аламын.

  • Бұл әңгімеде қандай жануарлар мен хайуанаттар бар?

  • Олар нені мақтады?

  • Ортақ келісім болды ма, әлде таласып қалды ма?

  • Сіздер қалай ойлайсыздар, олар неге келісе алмай тарасып кетті? Себебі.............

  • Ал сіздер үшін не дәмді? (әр оқушы өздерінің дәмді тамақтарын атап айтады)

  • Міне байқадыңыздар ма, балалар, сіздердің де әрқайсысыңыз өздеріңе ұнайтын тағамдарыңызды атап жатырсыздар. Олардың да өздері сүйіп жейтін тағамдары бар екен.

  • Ой қорыту:

Демек, балалар,





Дескриптор: Білім алушы:

1. Мәтінді түсініп, тұтас не буындап оқиды.

2. Берілген сұрақтарға жауап береді.

3. Өз ойларын жинақтап айтады.


Кері байланыс «Бас бармақ»


Осы жерде кафенің шамшырақтарын жабыстырамыз.


Мадақтау, бағалау.


Жазылым: (келесі тапсырма) Топпен жұмыс

1Shape1 -топ : тауық

2-топ: сүйек сөздерін буынға бөліп жазады

3-топ: мысық дауысты дыбыстарды ажыратып

сызады.


Дескриптор: Білім алушы:

-сөздерді буынға бөліп жазады.

- дауысты дыбыс түрлерін анықтап, тиісті сызықтармен сызып белгілейді.


  • «Үш шапалақ» әдісі арқылы ҚБ

Мадақтау. Бағалау.


ҚБ 3-топқа парақша таратып беремін.

Әңгіменің желісі бойынша жануарлар мен хайуанаттардың әрқайсысының жақсы көретін тағамдарымен сәйкестендіріп сызады.


  • Орындап болған топ шапалақтайды.

-осы жерде кафенің орындықтарыменен столын жабыстырып шығамыз.


  • 3-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөйлемдегі сөздердің буын санын анықта.

  • Оқушыларға оқытып, тақтаға, дәптерлеріне жаздыртамын. Буын санын анықтауда сөздің жоғары жағына цифрмен белгілетемін.

( осы кезде жұптық және жеке жұмыс таратып беремін)


  1. Жеке оқушы суреттегі сөзді буынға бөліп айтады. Буын ережесін айтып қорытындылайды.

  2. Жұптық жұмысқа семантикалық картамен жұмыс ұсынамын.

Дескриптор: білім алушы

  • Жаттығудың берілгенін түсініп оқиды.

  • Сауатты әрі көркем етіп жазады.

  • Сөйлемдегі сөздердің буын санын анықтайды.

Кері байланыс: « Үш шапалақ» әдісі



Мадақтау, бағалау.


( бұл тапсырмалар орындалып болғаннан кейін, кафенің кариналары менен сағатын және гүлдерін орналастырады)


Сергіту сәті.


«Массаж жасау» әдісін қолданамын.


«Кім жылдам?» ойыны.

Шарты:

  • тақтаға ілінген суреттердің атауларын анықтап, буынға бөліп, буын санын анықтап, сандар жазылған тиісті магниттерді тұсына жабыстырады.



Үй жұмысына: ереже жаттау және 24-бет, Не дәмді әңгімесін оқып, рөлге бөліп айтуға дайындалу.

25-бет, № 4-жаттығуды дәптерге орындап келу.


Кері байланыс:

Бекіту сұрақтарын қоямын: «Бес саусақ» әдісі

  1. Бас бармақ- бүгінгі сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

  2. Балалы үйрек- бірлесу. Мен топта немесе жұптық жұмыста қалай жұмыс жасадым? Кімге көмектестім? Кімге риза болдым?

  3. Ортан терек- ойлау. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

  4. Шылдыр шүмек- шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

  5. Кішкентай бөбек- көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім?

Алдарына қойылған салфеткаларын алып, қасында отырған көрші балалар бір-біріне жақсы тілек жазады да, бір-біріне оқып ұсынады.

Кері байланыс: «Бағдаршам»

Түйін.

Әрқашанда жүздерің жұлдыздай жарқырап, көктемнің шуақты күніндей күлімдеп ,алға бастаған қадамдарың жылқыдай жүйрік болып,жолымыз ашық болсын!



Ең соңында дайын болған біздің сынып кафесін тақтаға ілеміз.

















Өткен сабақ бойынша қайталау жұмыстары жүргізіледі.





Әріптерді орны-орнына қойып сөз құрайды. Білтіндерін айтады.







Жұмбақты шешеді




Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқиды




Өлең желісі бойынша топтастырады

Қосымша мәліметтер





Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы

қалай түрлендіресіз?

Жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды ажыратады. Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасайды. Буынға дұрыс бөліп айтады, жазады. Буын санын ажыратады.

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

«Бес саусақ» әдісі

«Бағдаршам» әдісі

«Үш шапалақ» әдісі

«Тізбектелген оқу» әдісі

Жатқа жазады. Берілген дауысты жуан, жіңішкелігіне қарай анықтап тауып астын сызады. Сөздердің дыбыстық сызбасын сызады.

Пәнаралық байланыс – дүниетану,қазақ тілі.Денсаулық және қауіпсіздік. Оқушылардың топтық жұмыстары кезінде өзара әлеуметтік әрекеттестік орнату






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.11.2020
3266
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі