Ашық сабақ "Буын және оның түрлері. Ашық буын" 5-сынып.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Буын және оның түрлері. Ашық буын" 5-сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
Буын туралы түсіндіру, буынның түрлерімен таныстыружәне жасалу жолын үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Буын түрлері. Ашық буын

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға буын туралы түсінік беру,буынның түрлерімен таныстыру және жасалу жолдарын үйрету.

2.Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеті мен ойлау дәрежелерін дамыту.

3. Тәрбиелік :жауапкершілік пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:      Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Көрнекілігі:           Сызба,плакат,улестірмелі қағаз. Әл Фарабидің суреті,тест, стиерлер маркер, «Даналық ағашы» өлең жолдары азылған қима қағаздар.

Сабақтың әдісі:     Проблемалық әдіс,түсіндіру,оқу,сұрақ-жауап, «Поле чудес» ойыны

                 Сабақтың барысы:   1.Ұйымдастыру, түгендеу.

Әке, ана, бала туралы өлең жолдары арқылы 3 топқа бөлемін.

Жан әке, шертіп сезім домбырасын,

Кеудемді қуанышқа толтырасың.

Арманның асқарына құлаш ұрсам,

Алдымда асқар тау боп сен тұрасың.  

Мәңгі жарық күн сыйлаған маған,

Бір адам бар - ол өзіңсің, анам!

Мейірімге бір өзіңнен қанам,

Жылуды да жүрегіңнен алам.  

Айгөлек ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек! 

Айдай толған кезімде, 
Би билеймін дөңгелеп!

б)оқушылардың психологиялық тұрғыда сабаққа дайындау мақсатында тренинг өткізу. (оқушылар қол ұстасып тұрып,бір-біріне сәттілік,жақсы тілектер тілейді. Топта белсенділік танытып отырған оқушыларды жетондар арқылы бағалап отырамын. Қызыл жетон-бес, жасыл жетон-төрт, сары жетон-үш.

Сабақтың оқушыларға тақырыбы мен мақсат-міндеттерін айту.Бүгін сабақта мына кезеңдер бойынша жұмыс жүргіземіз.  

1. Қайталау –  оқу анасы.

2. Кітап-  досың , ақылшың.

3. «Кім тапқыр?»  ойыны.

4. Біліміңді байқап көр.

I.        Қайталау  - оқу  анасы.

А)(оқушылардың бұрыннан білетін білімдерін еске түсіру үшін сикерлерде жазылған ережелердің аяқталмаған бөлімін алып әрі қарай аяқтайды.)

1. Дауысты дыбыс дегеніміз.....

2.Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай.....

3.Жуан дауысты дыбыстырға....

4.Дауыссыз дыбыс дегеніміз.....

5.1940 жылы қазақ алфавиті.....

6. Қазақтың төл дыбыстары.....

ә) Үйге берілген жаттығу жұмысын қалай орындағанын оқыту арқылы тексеремін.

б)«Поле чудес» ойыны арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашамыз.

Б У Ы Н. 1. Алфавиттегі 3 -әріп қандай әріп?

  1. Алфавиттегі 26- әріпті айт.

  2. Алфавиттегі 37- әріп қандай?

  3. Әліпбидегі 18 -әріпті айт.

             . Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.

Буын жеке дауыстыдан және дауысты мен дауыссыз дыбыстардың тіркесінен жасалатын болғандықтан ,оның құрамы үнемі бір қалыпты болмайды.Қазақ тілінде буынның үш түрі бар.

                         Буын

1. Ашық буын.       2.Тұйық буын.        3.Бітеу буын.

Қа-ла, да-ла,           ұл,ұн, ант.                 дос-тық, жаз,

Ата, ша-ға-ла.                                           күз-дік, мал.

Сөздік қорды құрайтын түбір сөздердің көбі тұйық және бітеу буынды болып келеді.

II.        Кітап – досың, ақылшың.

а) 302- жаттығу.( жазбаша.)

Ашық,тұйық,бітеу буындарға бөліп жазу.

Мына сөздерді: ел,жер,көл,құс,жоқ,ер,бала,дана,ата, мал.

ә) Сергіту сәті. Топқа бөлген қима қағаздағы өлең шумақтарын айту арқылы сергіту сәтін жасатамын.

б)  303- жаттығу.(ауызша) Оқушыларға оқытамын.

Күй құдіреті.

Топтастыру.

Әл Фараби жайлы суретін көрсетіп әңгімелеу


III. Кім тапқыр?

1.ата.                  1.Тұйық буынды сөз.(өрт,ұл,ат.)

2.ат.                    2.Ашық буынды сөз.

3.бала.                     (ата,бала, қала.)

4.тал.                   3.Бітеу буынды сөз.

5.қант.                     (тал, қант.)

6.өрт.

7.ұл.

8.қала.

VI. Біліміңді байқап көр.

а) Сөздердің орнын тап.

Стикерге жазылған сөздерді қайсысы ашық, тұйық, бітеу буын екенін тауып тиісті жерге іледі.

Ашық буын.

Тұйық буын.

Бітеу буын.

 

 

 

ә) Тест.

Тестік тапсырмалар (оқушылар тестті келесі топқа беру арқылы бір- бірінің қателіктерін табады, бағалайды.)

1.Ашық буынды сөзді тап.

а) аз.            ә) қаз.         б) боса.

2.Бітеу буынды сөзді тап.

а)оқушы.     ә) дауысты.   б) мектеп.

3.        Бірыңғай ашық буынды сөзді тап.

а) тамаша.     ә) еркіндік    б) басылым.

4.Тұйық буынды сөзді тап.

а) анар.   ә)ант.  б) қант.

5.Буынның неше түрі бар.

а) екі   ә)  төрт.   б) үш

6. Буын түрін көрсет.

А)  қысаң.    ә)бітеу   б)езулік. 

. Сабақты қорыту кезеңі. Стикерге жазып « Даналық ағашына» іледі.

Не өттік?

Не білдік?

 

 

1Ү. Үйге тапсырма  304- жаттығу.

Ү. Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды жинаған жетондарына қарай бағаланады.

 





































«Мақтажан» жалпы орта мектебі













Тақырыбы:

Буын. Ашық буын











Сынып: 5а

22.02.17 ж

Пән мұғалімі: Серикбаева П

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
3765
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі