Күні:
Пән: Сауат ашу.
Сабақтың тақырыбы: Ц дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: Болашақ ұрпаққа терең біліммен өнегелі тәрбие беру.
Сабақтың міндеті:
Білімділік: Ц дыбысы мен әрпін таныстырып дауыссыз дыбыс екенін ұғындыру. Ол арқылы берілген сөздерді оқуға, жазуға үйрету. Дамытушылық: Ц дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқыту, буындық, дыбыстық талдау жасай білуге үйрету арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын, байқампаздықтарын дамыту.
Тәрбиелік: Хайуанаттарға деген сүйіспеншілігін арттырып оларды қорғауға тәрбиелеу. Оқушыларды тез оқуға, көркем жазуға, шапшан жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Көрнекілік: Ц дыбысының баспаша, жазбаша түрлері, кеспе әріптері, сайқымазақ суреті, слайд.
Оқыту әдісі: ой қозғау, ізденушілік, сұрақ-жауап, қорытындылау.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі
Балалардың керекті құралдарын алығызып, тыныш отырғызу.
Шеңбер құрып тұру.
Сәлемдесу.
Қонақ күту салтымыз,
Оқып-біліп жатырмыз.
Келген қонақ сіздерге,
Сәлем бердік жалпымыз.
— Бүгін бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Сондықтан сендер тыныш отырып, сабаққа жақсы қатысып отыруларың керек. Соның бәрін қонақтар сырттай сендерді бақылап, қарап, қадағалап отырады. Қане, барлығымыз тыныш отырайық.
Әр сұрақ, тапсырмаларға дұрыс жауап беріп отырған балаларға әртүрлі суреттер беремін, ал сендер оны парталарыңның шетіне жинап отырасыңдар. Сабақ соныңда жинаған суреттеріне қарай баға қоямын.
Өткенді қайталау.
1-Аялдама. «Білімді тексеру» бөлімі.
Балалар кім доп ойынын ойнайды? Мен сендерге допты лақтыра отырып сұрақ қоямын, сендер жылдам және дұрыс жауап берулерін керек.
-
Дыбыс дегеніміз не, дыбысты не істейміз?
-
Дыбысты естиміз.
-
Әріптерді не істейміз?
-
Әріптерді көреміз, жазамыз?
-
Дыбыс нешеге бөлінеді?
-
Дауысты дыбыс, дауыссыз дыбыс.
-
Дауысты дыбыс қандай текшемен, дауыссыз дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
-
Дауысты-қызыл, дауыссыз-көк текшемен білгілейміз.
-
Өткен сабақта қандай дыбыс өттік? (щ, э)
-
Ол қандай дыбыс? (щ дауыссыз, э дауысты)
-
Сондықтан біз оны қандай тор көзге орналастырдық? (щ-көк, э-қызыл)
-
Щ дыбысына мысал келтіріңдерші? (щётка, борщ, ащы, тұщы т.б.)
-
Э дыбысына мысал келтіріңдерші? (элеватор, экскаватор, электор)
-
Үйге берілген сөздерді кім оқып береді? (Қол көтереді).
Үй тапсырмасына жақсы дайындалып келіпсіңдер. Осы бөлім бойынша жауап беріп отырған балаларға пішіндер беріп отыру. ó, □, ▲
Жаңа сабақ.
2-Аялдама. «Жаңа дыбыс» бөлімі.
-
Ол жерде аңдардың ойынын көруге болады. Онда сайқымазақ пен сиқыршылар өнер көрсетеді, ол қандай жер?
-
Иә, цирк.
Жұмбақ.
-
Аяғын жерге тірей қалып,
Шыңбер сызды айналып. (Циркуль)
«Цирк», «циркуль» суретпен жұмыс. Цирк, циркуль деген сөздерде таныс емес қандай дыбыс естіледі? Ц дыбысы.
Олай болса бүгінгі біздің танысатынымыз Ц дыбысы (баспа түрі). Қане хормен айтып көрейікші Ц-Ц-Ц. Біз қайттік? Көзбен көрдік, ауызбен айттық, құлақпен естідік. Дауысымызды созып айта аламыз ба? (жоқ) Олай болса Ц дыбысы қандай дыбыс екен? (дауыссыз)
Яғни, Ц – тіл алды, жуан, қатаң дауыссыз дыбысты белгілейтін әріп. Қазақ тілінің төл сөздерінің құрамында кездеспейді. Орыс тілінен енген сөздермен халықаралық терминдерге тән.
Ц дыбысы сөздің басында, ортасында келеді. Оны қандай торкөзге қоямыз? (көк)
3-Аялдама. «Жаңа дыбыс еліне мысал келтір» бөлімі.
Ц дыбысына кім көп, сөз айтар екен? (цирк, цех, т.б.)
Яғни, мынау Ц дыбысының әріп таңбасы. Бұл баспа түрі. Кітапта, газет-журналда жазылады. Ал мынау жазбаша түрі. Бұл дәптерде, тақтада жазылады.
4-Аялдама. «Кім дұрыс оқиды» бөлімі.
Ал енді, тақтада жазылған сөздерді хормен оқиық, бағандағы сөздерді оқып, түсініктеме беремін.
Цент-нер Цир-куль Цес-тер-на кон-церт
А-ви-а-ци-я Це-линдр мо-то-цикл
Це-мент Цирк Цифр Цех
Ц дыбысы бар бетті ашайық. Оқушылар орнында кітаппен іштей оқу.
Цирк – Ойын көрсететін орын, көтеріңкі көңіл күй!
Цех – қажеттерді жасап шығару орталығы. (кәмпит, нан, т.б.)
Цемент – Құрғақ, ұнтақ, тез қататын құрылыс
материалы.
Авиация – ауаға ұшақтарды ұшыру
орталығы.
Офицер – әскери адам.
Сергіту сәті: «Аяқ пенен топ-топ-топ».
5-Аялдама. «Тез құра» бөлімі.
Берілген әріптерден ц әрпін қосып буын құрап оқу.
---а, ---о, ---и, ---у, ---е, ---ы
Сурет бойынша сөйлем құрау.
Цирк, мотоцикл, концерт.
6-Аялдама. «Кім әдемі жазады» бөлімі.
Қазір дәптерлерімізге әдемілеп баспа түрінде Ц әрпін жазамыз.
«Кім тапқыр» ойыны.
Шарты: оқушылар тақтадағы сөздердегі әріптерді оқып, қай әріптің
түсіп қалғанын табады. Тапқан оқушы тақтаға шығып дереу жазады.
(маркермен)
|
|
И |
р |
к |
|
о |
Ф |
И |
|
е |
Р |
|
|
И |
ф |
р |
|
к |
О |
Н |
|
е |
Р |
т |
Ал енді Ц әрпін жазбаша әдемі жазып үйренейік. Ц әрпінің бас әрпі. Үлкен жолдың ортасынан сәл төмен қаламыңды қой. Солдан оңға қарай доға жасай отырып, тік төмен көлбеу сызық жүргіземіз де жазу жолының астыңғы сызығына жете бере оңға қарай доға жасай отырып, астыңғы сызыққа тигізе, бастапқы ілгектен оңға қарай жылжып, қаламынды қой да тік жоғары және көлбеу сызық жүргіземіз де жазу жолының астыңғы сызығына жете бере оңға қарай доға жасап, астыңғы сызыққа тигізе ілгек жасаймыз. Ілгекке жалғастыра төмен тартып бау байлаймыз. Ц дыбысының жазбаша түрімен таныстырып, дәптерге жазғызу. Көркем, әдемі жазғандар қалташаларына ó, □, ▲ белгілерін қою.
7-Аялдама. «Бәсеке, мәре» бөлімі.
Яғни, бүгін қандай дыбыспен таныстық? (Ц)
Ц дыбысы қандай дыбыс? (дауыссыз)
Қандай сөздер оқыдық? (Цирк)
Буынға бөл. Цирк, цир-куль, кон-церт.
Бағалау.
Ал енді әркім өзіне жинаған суреттерін санап, айсын. Әр баланың жинаған суретіне, жауап бергеніне қарай отырып атап өту, мадақтау.
– Осымен ашық сабағымыз аяқталды. Келген қонақтарымызға көп рахмет!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Ц дыбысы мен әрпі" даярлық топ

шағым қалдыра аласыз