Материалдар / Ашық сабақ "Чехия" 11сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Чехия" 11сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ "Чехия" мемлекеті жайлы жұмбақтар, кроссворд, тест тапсырмалары бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
1262
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Чехия
Сабақтың ақпараттық картасы:
Мақсаты:
1) Білімділік: Чехия елінің басты ерекшелігі туралы білім беру;
2) Дамытушылық: Чехия елінің экономикалық-географиялық жағдайының басты ерекшеліктері, елдің тарихи қалыптасу кезеңдері, халқының тұрмыс-салтының басты ерекшеліктері, шаруашылығын дамытудың алғышарттары туралы білік-дағдыны қалыптастыру;
3) Тәрбиелік : пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, өзіндік және өзара бақылау дағдыларын, коммуникативтік құзырлықтарын қалыптастыру.

Типі: жаңа сабақ

Сабақ түрі: ауызша журнал

Технология: Деңгейлік дифференциалдық, сыни тұрғысынан ойлау, жеке тұлғаға бағытталған және тестік бақылау технологиясының элементтері

Әдісі: ізденушілік, зерттеу, практикалық және өзіндік жұмыс

Бақылау түрі: өзіндік және өзара, мұғалім тұрғысынан бақылау

Көрнекі құрал: Интерактивті құрылғы

Түсінік хат

-11-сыныпқа арналған география сабағы (жаратылыстану-математикалық бағыт)

- Сабақ жалпы білім берітін мектеп оқушыларына арналып құрылған

Оқу материалының мазмұнын таңдау қағидасы: оқу мазмұны оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сай таңдап алынған

Сабақтың материалдық техникалық базасы:

  • компьютер

  • микрофон

  • интерактивті тақта ActivBoard

Сабақтың құрылымы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі- 3мин

  2. Жорға сұрақтар, сабақтың тақырыбы, мақсаты ,міндеттерімен таныстыру. Сабақта одан әрі жұмыс істеудегі оқушылардың белсенділіктерін арттыру -8 мин

  3. Берілетін тапсырмаларды орындауда мазмұны мен жүйенің бірізділігі-21 мин

  4. Мұғалімнің бақылауымен өзіндік жеке тапсырмаларды орындатуы- тест/ 5 мин

  5. Орындалған тапсырмаларды жалпылау және жүйелеу-3 мин

  6. Сабақты қорытындылау және үй жұмысына нұсқау беру-5 мин

  7. Резерв тапсырмалары

Сабақтың моделі / барысы

  1. Мотивация кезеңі:

Уақыт аралығы 3 мин

  • Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

  • Мотивация /бейнеклип /

(Слайд №1)

Сабағымыздың алғашқы кезеңі:

  1. Жорға сұрақтар: (мемлекеттерді анықтап, олардың туын табады) (Слайд №2 )

  • Айтыңдаршы ал енді,

Акрополь бар елді. (Греция)

  • Айтыңдаршы ал енді,

Корридасы бар елді. (Испания)

  • Полонез бен Мазурканың

Айт, қай елде жазылғанын. (Польша)

  • Әйгілі би әлемде,

«Чардаш» шықты қай елде? (Венгрия)

  • Айта қойшы ал енді,

Атақты банктер бар елді. (Швейцария)

  • Мұнараны ең алып,

Алған қайсы ел салып. (Франция)

  • Әлемнің баршасы

Ұнатқан сауна моншасын. (Финляндия)

Мұғалім: мынау артық қалған ту қай елдің туы? (Чехия)

  1. Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: « Чехия » (Слайд №3 )

  • Бүгінгі сабаққа қандай мақсат қоямыз?

Оқушылар:

- Чехия елінің экономикалық-географиялық жағдайының басты ерекшеліктерімен танысу,

- елдің тарихи қалыптасу кезеңдері танысу,

- халқының тұрмыс-салтының басты ерекшеліктерімен танысу,

- шаруашылығының дамытудың алғышарттары туралы білім алу.

 

  1. І. Бірінші бет – «Елтану» (Слайд №4 )

 Мұғалім:

  • Жерінің ауданы – 78,9 мың км2, дүние жүзінде 114 орында. (слайд № 4)

  • Халқы – 10,3 млн адам (2004 ж.), халық тығыздығы 132 адам/ км2 (слайд № 5)

  • Астанасы – Прага (слайд № 6)

  • Тәуелсіздік алған жылы – 01.01.1993 (слайд №7)

  • Мемлекеттік құрылымы – парламенттік республика (слайд № 7)

  • Мемлекет басшысы – президент, Вацлав Клаус 07.03.2003 жылдан. (слайд № 7)

  • Үкімет басшысы – премьер-министр, Ян Фишер (слайд № 7)

  • Мемлекеттік тілі-чех тілі (слайд №8)

  • Ұлттық валютасы – чех кронасы СZК (слайд № 8)

ІІ. Екінші беті – «Аумақтың құрамы және экономикалық географиялық жағдайы» (Слайд №9)

Мұғалім:

  • Чехияның экономикалық-географиялық жағдайынын ерекшеліктерін атаңдар.

Оқушыларға тапсырма: Шекаралас мемлекеттерді атаңыздар: (солтүстігіндеПольша, шығысында Словакия, оңтүстігінде Австрия, батысында Германия). №9 слайдтағы карта бойынша көрсетіп атау.

 Оқушылға тапсырма: Географиялық орнының қолайлы және қолайсыз жақтарын атау.

Қолайлы:

- Чехия Еуропаның дәл ортасында орналасқан. Пльзень қаласына таяу жерде «Еуропаның орталығы» деген жазуы бар гранитті ескерткіш орнатылған. (слайд №10)

- Чехия жері арқылы көптеген маңызды Еуропалық көлік желілері өтеді.

Қолайсыз: (слайд №11)

  • Теңізге шығатын тура жолдың болмауышаруашылықты дамытуға қолайсыздық туғызады. (карта бойынша көрсету.)

 Мұғалім: — Чехия жері ежелден-ақ үш тарихи-географиялық аймаққа жіктеледі: Чехия, Моравия, Силезия. (Слайд № 12)

 Оқушыларға тапсырма: (Слайд № 13)

  • Атластағы физикалық карта бойынша Чехияның теңізге шығуына мүмкіндік беретін өзендерін анықтаңдар. Ол өзендер сағаларында қандай ірі порттар орналасқан?

Жауабы:

  • Лаба өзені ( Эльба өзенінің саласы ) арқылы Солтүстік теңізге,

  • ал шығысындағы Морана өзені (Дунайдың саласы) Қара теңізге шығуға болады.

  • Одра өзені арқылы Балттық теңізге шығуға болады.

  • Ірі порттар: Прага, Брно, Острава, Пльзень( Слайд № 13 карта бойынша көрсетіп, атау)

 

Оқушыларға тапсырма:

Кескін картамен жұмыс: Чехияның шекарасын, астанасын, ірі қалаларын шекаралас мемлекеттерді кескін картаға түсіру. (Слайд № 14)

 

ІІІ. Үшінші беті — «Тарих».

Мұғалім: Кез келген мемлекеттің бүгінін білу үшін оның өткеніне көз жіберу шарт деп ойлаймын. Сол үшін Чехия мемлекетінің қалыптасу тарихына, геосаяси жағдайы туралы алдын ала дайындалған хабарламалары бар. Тыңдайық.

Оқушы:

Х ғасырда құрылған Прага князьдігі феодалдық Чехия мемлекетінің негізгі болып саналады. ХІІ ғасырдың екінші жартысында Чехия Әулие Рим империясы құрамындағы корольдік болып саналды. ХV ғасырдың бірінші жартысында Чехия жерінде феодалдық езгіге қарсы Ян Гус басқарған халықтық көтеріліс басталды. Бірақ қатал дін шырмауындағы халық жеңіске ұшырады. ХVІ ғасырдан бастап Чехия жері Австриялық Габсбург әулетінің қол астына өтті. 1620 жылы Габсбургтерге қарсы көтеріліс жеңіліске ұшырағаннан кейін, Чехия 1918 жылға дейін тәуелсіздігінен толық айырылды. Осы жылы Австро-Венгрия ыдырағаннан кейін, Прагадағы Ұлттық кеңес құрамы Чехия мен Словакиядан тұратын жаңа мемлекеттің құрылғанын жариялады. Тек қана 1993 жылы 1 қаңтардағы федерациялық жиын шешімі бойынша Чехия жеке егеменді ел болып, құрамындағы Словакиядан бейбіт жолмен бөлінді. Чехия 1993 жылдан БҰҰ-ның (Чехословакия 1945 жылдан мүше) мүшесі, 1990 жылдан ЕО-ға мүшелікке үміткер болып, 01.05.2004 кірді, 1999 жылдан НАТО-ның мүшесі. (слайд № 15)

 

4. Төртінші беті — «Табиғаты».

Мұғалім: Егер Чехия елінің табиғат жағдайлары және табиғат ресурстарының игеруі жайлы білгіңіз келсе, сөз кезегін Әсемге берейік. (слайд №16)

Оқушы:

Чехия жері түгелімен дерлік Орта Еуропаның аласа таулы бөліктерін алып жатыр. Олар: солтүстігінде Рудный (Крушне) және Судет таулары; шығысында Орлик және оңтүстік-шығысында Карпат таулары; оңтүстігінде Шумава және оңтүстік-батысында Чех орманы аласа таулары.Чехияның климаттық жағдайы өте қолайлы. Жаз аса ыстық емес, ауаның орташа температурасы 21 0С шамасында, күз қазан айынан басталады. Қыс жылы, көбінесе қар жамылғысы тұрақты емес. Аса қатты аязды күндері температура -15 0С-қа дейін төмендейді, бірақ мұндай құбылыс 10 жылда бір рет қайталануы мүмкін. Қысқы орташа ауа температурасы 0 0С градус шамасында. Мұндай климаттық жағдайдың қалыптасуы жан-жағынан аласа таулармен қоршалып жатуына байланысты. Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері жазық жерлерде 550 мм-ден таулы аудандарда 1400 мм-ге дейін жетеді.

(Слайд № 17)Чехия жері қойнауында минералды ыстық сулар мен емдік батпақтар кең таралған. Ол аудандарда емдеу-сауықтыру орындары көптен салынған. Олардың ішіндегі ең маңыздысы Карлова Вара гейзері, ол тәулігіне 3 млн л минералды су береді, судың температурасы 35-72 0С-қа жетеді. Бұл курортта жылына 100 мыңнан астам адам демалады.

Чехия жері орман ресурстарымен де біршама жақсы қамтамасыз етілген. Елде жалпы ауданы 9270 км (жерінің 12 %) шамасында болатын 1351 қорық бар, оның 3 ірі ұлттық саябақтар болып табылады. Оның ауданы 1111,2 км. Чехия мемлекеті – табиғат қорғау және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану шараларын ежелден-ақ басты назарда ұстап келе жатқан ел. Сондықтан да оның көпшілік жерінде тылсым табиғат қаймағы бұзылмастан сақталған және халықаралық туризмнің көпшілікке танымал ауданы болып саналады.

 

Оқушыларға тапсырма: Карта бойынша Чехияның пайдалы қазбаларын анықта. (Слайд № 18)

(Пайдалы қазбалардан, әсіресе тас көмір мен қоңыр көмір шоғырланған Солтүстік Чехия және Карвин бассейндері, каолин, графит, шыны дайындайтын жоғары сапалы кварцті құм сияқты кен орындарымен ерекшеленеді)

(картадан көрсету:

-тас көмір

 //// — қоңыр көмір

- графит

- кварцті құм

 - каолин (ақ саз)

Мұғалім: қандай қорытынды жасауға болады?

 5. Бесінші беті – «Халқы» (слайд № 19)

Оқушыларға тапсырма: кесте толтыру.

(Ескертпе: оқулықтың 82 беттегі «Халқы» алдын ала мәтінің оқып, кесте толтыру, интерактивті тақтаға жазу)

  1

Халық саны

10,3 млн адам

2

Ұлттық құрамы

Бір ұлтты, 95% чехтар

3

Табиғи өсу көрсеткіші

0,1 ‰

4

Урбанизация

77%

5

өмір жасының орташа ұзақтылығы

75 жас

6

Халық тығыздығы

1 км2 – 130 адам

 

Мұғалім: кесте бойынша қандай қорытынды жасауға болады?

 6. Алтыншы беті – «Шаруашылығы». (слайд № 20)

Мұғалім:

  • Отын-энергетика мен қара металлургия – Острава, Орталық Чехия;

  • Машина жасау (прокат стандары, ұста-пресс, кен өндіру мен энергетикаға қажетті жабдықтар): Прага, Пльзень, Брно. Автокөлік «Шкода»; (слайд № 21)

  • Жеңіл және тамақ өнеркәсібі: чех шынысы – Яблонец (слайд № 22), чех сырасы – Пльзень, қарындаш фабрикасы «Кох-и-нор» Ческе-Будеевице (слайд № 23);

  • Ауыл шаруашылығы: қара мал,бидай, арпа, қант қызылшасы, құлмақ, жүзім; (Сдайд № 24)

  • (Слайд № 25). Мемлекет қазынасын толықтыруда туризмнің үлесі күннен-күнге артуда. Чехияда туризмнің бірнеше түрі дамыған: Чехия қалалары (слайд № 26,27,28) , минералды су курорттары (слайд № 29-30-31 ), белсенді демалу (слайд № 32-33), тау шаңғы курорттары (слайд № 34), конгрестік туризм (слайд № 35).

  • Конгрестік туризм дегенді қалай түсінеміз?

(Оқушылар: Чехияның инфрақұрылымы жақсы дамыған және Чехия көптеген қонақүйлер мен конгрестік кешендерге бай. Мысалы «Прага» атты конгрестік кешенді Әлемдік банк пен Халықаралық валюттік қор өздерінің жылдағы жиынына таңдады. 2002 жылғы НАТО саммиті Прагада өтті, осы жиынға 2500 речми қонақтар мен 3000 тілшілер қатысты.

 7. жетінші беті – «Сыртқы экономикалық байланыстары». (слайд № 36)

 10 орта мектеп оқушыларына тапсырма: 9 — сызбанұстаға талдау жасау: басты сауда әріптестері, сыртқа не шығаруы мүмкін.

(Оқушылар: Елдің басты сауда әріптестері көршілес елдер, яғни Германия, Словакия, Австрия, Ресей. Сыртқа шығаратын өнімдері арасында машиналар мен жабдықтар және халық тұтынатын өнеркәсіп тауарлары басым.)

Мұғалім: Соңғы жылдары Чехия мен ҚР арасындағы экономикалық қатынастар жақсаруда. 1998 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 93 млн АҚШ долларына жетті.

8.Сегізінші соңғы бет – «Қорытынды» (Слайд № 37)

Тест орындау:

  1. Чехиямен шектесетін мемлекеттер:

А) Польша, Словения, Австрия, ГерманияВ) Германия, Польша, Словакия, АвстрияС) Австрия, Болгария, Словакия, ГерманияД) Германия, Албания, Венгрия, ПольшаЕ) Польша, Венгрия, Австрия, Германия

2. Тәуелсіздік жылы.

А) 1990 жВ) 1991 жС) 1992 жД) 1993 жЕ) 1994 ж

3. Чехия жері қандай географиялық объектте орналасқан?

А) Шығыс Еуропа жазығыВ) Батыс Сібір жазығыС) Орта Сібір таулы қыратыД) Орта Еуропа аласа тауларыЕ) Дунай бойы ойпаттары

4. Чехияның қорықтар саны:

А) 1351В) 1352С) 1353Д) 1354Е) 1355

5. Халық тығыздығы:

А) 1 км – 132 адамВ) 1 км – 142 адамС) 1 км – 152 адамД) 1 км – 162 адамЕ) 1 км – 172 адам

6. Чехия теңіз порты қай елде тіркелген:

А) ГерманияВ) АвстрияС) СловакияД) ПольшаЕ) Венгрия

7. Әйгілі «Кох- и -нор» қарындашын шығаратын қала:

А) ПрагаВ) ОстраваС) ЯблонецД) ПльзеньЕ) Ческе-Будеевице

8. Прага қай өзеннің жағасында орналасқан:

А) ЭльбаВ) ЛабаС) ВлтаваД) МоранаЕ) Карвин

9. Чехияның ең ірі сауда әріптесі:

А) ГерманияВ) АвстрияС) СловакияД) ПольшаЕ) Венгрия

10. Чех шынысының орталығы:

А) ПрагаВ) ОстраваС) ЯблонецД) ПльзеньЕ) Ческе-Будеевице

Тест қорытындысын талқылау. (Слайд № 38)

1

В

2

Д

3

Д

4

А

5

А

6

Д

7

Е

8

С

9

А

10

С

 

Сабақты қорытындылау және үй тапсырмасына нұсқау беру

 Үйге тапсырма: (Слайд № 39)

  • 18 §

  • Чехия жеріндегі маңызды туристік объектілерді анықтап, оларға қысқаша хабарлама дайындау.

Мұғалім : — Балалар, бүгінгі сабақ туралы қандай ойларың бар және келер сабақтарды құрғанда қандай тапсырмаларға көңіл бөлсек деп ойлайсыңдар

 

Сабаққа рахмет! Сау болыңыздар!

 



















«№ 3 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ







Ашық сабақ

Тақырыбы: Чехия

11 «а» класс



География пәнінің мұғалімі: Оразалинова А.К.













2013-2014 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!