Ашық сабақ Д дыбысы мен әрпі мектепалды даярлық сыныбы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Д дыбысы мен әрпі мектепалды даярлық сыныбы

Материал туралы қысқаша түсінік
Дд» дыбысы және әріп таңбасымен таныстырып келіп, балалардың сөздік мәдениетін сақтап анық таза сөйлеуге үйрету:
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: Достық көмек.  

Д дыбысы мен әрпі

 «Ай-Іскер»мектепке дейінгі тәрбие беретін шағын орталық

  Сабақ: Сауат ашу

 Сыныбы: мектепалды даярлық

  Күні:

 Тәрбиеші:Жусупова Р.М

  ҰОҚ-ның оқытылу   мақсаттары:

0.1.1.2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын және орналасу ретін анықтау.

0.1.3.1. Сұрақтарға жауап беріп берілген сурет бойынша әңгіме құрастыру.

0.2.1.2. Берілген суреттерден мәліметті тауып, аттарын атау.

0.3.1.1. Сөз, сөйлем сызбасын құру.

0.3.3.1. Жазу  жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғары және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін жазу.

0.3.2.1. Сөйлемдердің түрін анықтайды.

  Мақсаты:

  1. «Дд» дыбысы және әріп таңбасымен таныстырып келіп, балалардың сөздік мәдениетін сақтап анық таза сөйлеуге үйрету:

  2. Сөйлем ойлап табуына назар аударып, сөздік қорын толықтыру, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

  3.   Ертегі-саяхаты арқылы балалардың оқуға деген сүйіспеншілінін арттыру

Күтілетін нәтиже

  • Барлық тәрбиеленушілер:

Сұрақтарға жауап қайтарады.

Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін ажыратады.

Д дыбысы – дауыссыз дыбыс, д дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.

Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі д дыбысының орнын ажыратады.

Д әріпінің жазбаша түрін жазады.

                      Көпшілік тәрбиеленушілер:

Сурет бойынша сұраққа жауап беріп мазмұндайды.

Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажыратып, талдау жасай алады.

Д дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы д дыбысының орнын ажыратады.

Жазу жолына әріп элементтерін жазады.

                      Кейбір тәрбиеленушілер:

Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады.

Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.

Д дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады.

Д әріпінің баспа түрін таниды, жаза алады.

Тілдік мақсат

                    Тәрбиеленушілер:

           Балалар шағын әңгіме құрастырады, берілген сұраққа толық жауап береді. Сөйлемдегі сөздердің санын анықтап, сөздерге дыбыстық талдау жасайды. Сөйлем түрін анықтайды.

 

                      Негізгі терминдермен сөз тіркестері:

           Бадминтон, домино, бассейн,

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

Суретте не болып жатыр деп ойлайсың?

Балалар қайда оқиды?

Балалар немен ойнайды?

Доптың пішіні қандай?

Бассейнде Д әрпіне ұқсап отырған бала қайсысы?          

    Өткен ҰОҚ-дан алған білім

      Сөз, сөйлем құрайды. Әріптердеің баспа түрін жаза алады. Сұрақтарға толық жауап береді.

Жоспар

    Жоспарланған уақыт

              Жоспарланған жұмыс түрлері

   Ресурстар

  1. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату

 

0 - 2 мин.

 

  1. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру

Мақсатты болжам.

 

3 - 5мин.

 

Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне тұрғызады.

Достық туралы әңгімелеп, балалардың қолына гүл шоқтарын ұсынып, бір-бірлеріне жақсы тілек айтқызады.

 

Тәрбиеші балаларға «Екі дос» ертегісін дауыстап оқып береді.

Екі досың ормандағы іс-әрекетін талқылайды.

Балаларға ертегі бойынша сұрақ  қояды.

Балалар  сұраққа жауап беріп, ертегіні мазмұндайды.

 

 

                   

 

  •  

  •  

 

  1. Тақырып бойынша жұмыс.

 

6 - 27мин

(Ұ,Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс.

 

1-тапсырма

 

Суретте не болып жатыр деп ойлайсың?

 

Сурет бойынша балалар сұраққа жауап беріп, әңгіме құрайды.

 

Балалар қайда ойнады?

 

Сызба бойынша үш сөзден тұратын сөйлем құрайды.

 

Балалар немен ойнады?

 

Әліппе-дәптер.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөйлем

сызбасы

жазылған

плакат.

 

Сызба бойынша үш сөзден тұратын сөйлем құрайды.

 

Доптың пішіні қандай?

 

Сызбаға қарап екі сөзден тұратын сөйлем құрайды.

 

Сұраққа жауап  беру кезінде Д дыбысы естілетін сөздерді ажыратды.

 

2-тапсырма. Суреттегі ойын құралдарын аттарын айтады.

 

Дартс, доп, домино.

 

Сөздік жұмысы

 

Дартс – спорттық ойын түрі, Қабырғаға дөңгелек нысана іленеді. Қандай да бір қашықтықтан нысанаға садақшаларды лақтырады.

 

Ойын құралдарының атауын түсіндіріп, ойынның қалай ойнатылатының қысқаша көрсетеді. Ойын құралдарының атауын буынға бөледі.

 

3-тапсырма. Д әрпін бейнелейміз.

 

Тәрбиеші балаларға түрлі пішіндер қимасын таратып береді.

 

Балалар түрлі пішіндерден Д әріпінің баспа түріне қарап отырып, әріпті бейнелейді.

 

Түрлі түсті моншақтарды жіпке тізіп, Д әрпін бейнелейді.

 

  • Д – ұяң дауыссыз дыбыс. Д дыбысын айтқанда тілдің ұшы төмен түседі және астыңғы тістерге барып тіреледі, дауыс

желбезектері дірілдейді.

 

Сергіту сәті.

 

4-тапсырма. Тәрбиеші тапсырмада берілген сөздерді оқып береді. Балалар қимылды білдіретін сөздерді суретпен сәйкестендіріп, бірнеше сөйлем құрастырады. Мысалы:  Сәкен жүзді.  Айнұр келді. Асан мен Досан жарысты. Айман дірілдеді. Досжан секірді.

 

«Бассейнде Д әрпіне қай бала ұқсайды?» сұрағына жауап алады. Д әрпіне отырған бала ұқсайды.

 

«Демалыс күні» өлеңін оқып береді. Дір-дір етті сөзін қимылын көрсетуге тапсырма береді.

 

Д әрпінің баспа түрін жазу жолдарына жазады.

 

Доптың  суреті, слайд.

 

Сызба.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Моншақтар,

қағаздар.

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптері

 

  1. ҰОҚ-ның қорытындысы.

  2.  

28-30 мин.

 

 Тәрбиеші балалардың белсенділігін, үлгерім деңгейін бақылып, оқу қызметін қорытындылайды.

 (Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз жұмыстарын смайликтер арқылы бағалайды.

 

 

Әліппе-дәптер



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.11.2020
855
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі